1991 жыл-нарықтық экономикаға көшкен жыл.
1992 жыл-қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров ғарышқа ұшты.
1993 жыл-Ұлттық теңгеге көшу жылы.
1994 жыл-Еуразия одағын құру туралы конференция болды.
1995 жыл-Қ.Р.конституциясы қабылданды.
1996 жыл-Мемілекеттің жаңа әнұраны.елтаңбасы,туы қабылданды.
1997 жыл-жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.
1998 жыл-халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.
1999 жыл-ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы.
2000 жыл.мәдениетті қолдау жылы.
2001 жыл-тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл.
2003 жыл-Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы жарияланды.
2005 жыл-«Қазақстан экономикалық,әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдау жарық көрді.
Өнерлі өрге жүзер талаптанып готовый.doc
ҚЫЗЫЛОРДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ
Тәрбие сағаты
ТАҚЫРЫБЫ: Өнерлі өрге жүзер
Мамандығы: 130600 – «Радиоэлектроника және байланыс»
Топ: №217
Өндірістік оқыту шебері: М.Касымова
Қызылорда, 2017 ж. «Бекітемін»
Қызылорда қызмет көрсету және
сервис колледжінің тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
____________П. Қалдыбекова
«21» желтоқсан 2017ж.
«Өнерлі өрге жүзер» атты сайыстық тәрбие сағаты
Мақсаты: жас ұрпақты өнерге баулу, шығармашылық шабыттарын ояту,
сахнада өздерін ұстай білуге үйрету, сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын
кеңейту. Ойөрістерін, санасезімдерін ояту. Жанжақты білімділікке, тапқырлыққа,
жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, суреттер, тест сұрақтары, даналық сөздер.
Барысы:
1. Ұйымдастыру.
–
Армысыздар студенттер, ұстаздар, әріптестер! Бүгінгі ашық тәрбие
сағатымызға қош келдіңіздер! Біз – Тәуелсіз Қазақ елінің жас ұрпақтарымыз! Биыл
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 26 жыл толып отыр. Бұл
тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ, біз өз тарихымызды ешқашан ұмытпауымыз керек.
Бүгінгі «Өнерлі өрге жүзер» атты ашық тәрбие сағатымызды бастамас бұрын
Қазақстан Республикасының 26 жылда басынан өткізген тарихи оқиғаларға кезек
берсек.
Бақдаулет:
1991 жылнарықтық экономикаға көшкен жыл.
1992 жылқазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров ғарышқа ұшты.
1993 жылҰлттық теңгеге көшу жылы.
1994 жылЕуразия одағын құру туралы конференция болды.
1995 жылҚ.Р.конституциясы қабылданды.
1996 жылМемілекеттің жаңа әнұраны.елтаңбасы,туы қабылданды.
1997 жылжалпы ұлттық татулық пен саяси қуғынсүргін құрбандарын
еске алу жылы.
1998 жылхалық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.
1999 жылұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы.
2000 жыл.мәдениетті қолдау жылы.
2001 жылтәуелсіз Қазақстанға 10 жыл. 2030» стратегиялық
2003 жылН.Назарбаевтың «Қазақстан
бағдарламасы жарияланды.
2005 жыл«Қазақстан экономикалық,әлеуметтік және саяси жедел
жаңару жолында» атты жолдау жарық көрді.
200809 жылҚазақстанда берілетін жәрдем ақы,айлық табыс,пенсия
көлемі жоғарылап халықтың әлауқаты артты.
2010 жылЕлбасы Назарбаевтың «жаңа он жылдықжаңа экономикалық
өрлеуҚазақстан жаңа мүмкіндіктері» жолдауы жарияланып,ел
экономикасы жоғарғы қарқында дами бастады.
Бүгінгі тәрбие сағатымызды сайыс түрінде өткіземіз. Топты екі командаға
бөліп, сайысатын боламыз:
1 – Қыран тобы
2 – Сұңқар тобы
Сайыстың турларымен таныстырып өтсем:
1. «Ән– көңілдің ажары» деп аталады, яғни ән айтудан сайысатын
боласыздар.
«Өнер әлемімәңгі жастық әлемі» би өнері.
2.
3. «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты өлең сайысы, яғни
студенттер өз шығармашылығынан және орысағылшын тілдерінде өлең
оқитын болады.
4. Өнер, білім туралы мақалмәтелдер сайысы.
5. Сурет сайысы
6. Білімділер сайысы (тест сұрақтары арқылы студенттердің білімін
анықтау).
Сайысты бағалайтын әділқазы алқасымен таныс болыңыздыр:
1.
2.
3.
Біздің халық өнерге мол, бай тегі,
Әнші деп те, биші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді.
Арайланып әрбір таңымыз,
Арайланып әнмен сәніміз.
Туған жердің төсінде тұрып, Шырқатайық кәне бәріміз деп бүгінгі сайысты алғашқы болып ашатын,
Қыран тобының мүшесі ____________________________________ әнімен
қабыл алыңыздар!
Екінші болып өнер көрсететін Сұңқар тобының мүшесі
____________________________________ әнімен қарсы алыңыздар!
Мың бұралу аз екен бұл өнерде,
Балқу керек жандүниеңмен әуенге.
Бар сезімді көрерменге жеткізу,
Мақсат екен орындалған әр биде.
Биім сондай әдемі,
Тілшігім бар тербелген.
Нәзік сазды әуенмен,
Мың бұралып билеймін– дей келе, биімен ортаға Қыран
тобының қатысушысы ___________________________шақырамыз! Құрметті
өнер сүйер қауым биші жас қызымыздың өнерін тамашалайық.
Келесі болып өнер көрсететін Сұңқар тобының қатысушысы
_______________________________биімен қарсы алайық.
Өнермен терең жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаның.
Ал мен ақын боламын,
Сусылдаған қаламым.
Адамдардың жүрегін
Жырмен жаулап аламын – деп ортаға өз шығармашылығымен және орыс
ағылшын тілдерінде өлең оқу үшін
Қыран тобының қатысушыларын
шақырамыз.
Келесі болып өнер көрсететін Сұңқар тобының қатысушылары.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ, Ел дәстүрін сақтамақ,
Топ намысын қорғамақ,
Сайыскерлеріміз шықсын ортаға,
Бүгін мақалшы атанбақ – дей келе мақалмәтел сайысына Қыран тобынан
_________________________және Сұңқар тобынан______________________
ортаға шақырайық.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
15.
Күш білімде, білім кітапта.
Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
Қына тасқа бітеді
Білім басқа бітеді
Асыл –тастан, білім жастан.
Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
Білектк бірді жығады, білімді мыңды жығады.
Ақыл азбайтын тон, білім – таусылмайтые кен.
Білімді өлсе қағазда аты қалар.
Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
Бақша гүлімен, адам біліммен көрікті.
Білім іздеген өсер, бүлік іздеген өшер.
Мектеп білім ордасы, Ұстаз мектеп тұлғасы.
Өнер ағып жатқан бұлақ, білім жанып жатқан шырақ.
Білім дүниенің кілті
Оқу білімнің кілті.
Білім кілті – кітапта.
Өнер десе өртеніп жанып тұрар,
Сусындап сол өнерден қанып тұрар.
Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,
Кез келді өзінөзі таныстырар – дей келе Қыран және Сұңқар топтарының
суретшілерін ортаға шақырамыз.
Қыран тобының қатысушысы ____________________________
Сұңқар тобының қатысушысы ____________________________
Білім сенің азығың,
Таусылмайтын кең болар.
Қайсарлықтың қазағын,
Қадағандар ер болар.
Білім шаңын бағындар,
Сонда тіккен жалауың.
Өзгелерді табыңдар,
Өнер болсын қалауың.
Мен намысшыл адаммын Тек үлгілі боламын.
Білім іздеп жалықпай
Кең дүниені шаламын – деп ақындарымыз жырлағандай келесі соңғы
сайысымыз білімділер сайысы.
Екі командаға тест сұрақтары беріледі.
Қатысушылар тест сұрақтарын белгілеп боламыз дегенше қалған
қатысушыларға жұмбақ жасырсақ, шешуін тапқан адам соны үш тілде айтып
береді.
1. Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үйірген шырын бал. /Алма яблоко аррlе/
2. Мұртымен туады,
Мұртымен өледі./ мысық – кошка саt/
3. Қыста жерді басады,
Жазда сайға қашады. / қар – снег snow/
4. Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады. /қоңырау звонок –bell/
5. Бірде орақпын,
Бірде доппын,
Бірде бармын, бірде жоқпын. (ай/луна/moon)
6. Бұдан кір қорқады
7. Ашылып, жабылады,
Судан бұл қорқады. (сабын – мыло – soap)
Әр үйден табылады. (есік – дверь – door)
Тест сұрақтарына жауап беріп болсақ әділқазы алқаларына тапсырайық,
әділқазы алқалары өз шешімдерін жариялаймын дегенше ортаға Камал
Нұрдаулетті әсем әнмен қарсы алайық!
Ендігі кезекте сөз кезегін әділқазы алқаларына берейік.
Өнерлі өрге жүзер талаптанып,
Қыран биік самғайды қанат қағып.
Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу
Жүрген соң адам деген атақты алып.
Орындаушылық шеберлігімен, талғампаздығымен үлкен – үлкен
табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз дей келе бүгінгі ашық тәрбие
сағатымызды аяқтай отырып, «өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат
алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп
тамашалағандарыңызға көп рахмет! Қыран тобы
Сұңқар тобы
1тур
2тур
3тур
4тур
5тур
6тур
Бағалау парағы Тест сұрақтары
1. Қазақтың «Бұлбұл әншісі» деп кімді айтады?
А) Мақпал Жүнісова В) Роза Рымбаева С) Бибігүл Төлегенова
2. Қазақстанның демалыс орнын «Екінші Швецария» деп атайды.
А) Бурабай курорты В) Манкент шипажайы С) Сарыағаш курорты
3. Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы қолдана бастады?
А) 1993жыл қараша В) 1993жыл қаңтар С) 1991жыл ақпан
4. Ахмет Иассауи кесенесін қай хан салдырған?
А) Ақсақ темір В) Қасым хан С) Жәңгір хан
5. Әбілхан Қастеев кім?
А) суретші В) ғарышкер С) айтыскер
6. Абай Құнанбаевтың анасы?
А) Тоғжан В) Айғаным С) Ұлжан
7. Алматы қаласындағы Республика алаңында орнатылған монумент
А) Алтын адам В) Тәуелсіздік монументі С) Қазақстан барсы
8. Тұңғыш ғарышқа ұшқан қазақ баласы?
А) Юрий Гагарин В) Тоқтар Әубәкіров С) Талғат Мұсабаев 9.
«Менің атым Қожа» повестінің авторы кім?
А) Бердібек Соқпақбаев В) Мұхтар Әуезов С) Абай Құнанбаев
10.Семей ядролық полигоны қай жылы, қай күні жабылды?
А) 1991ж.,16желтоқсан В) 1991 ж, 29тамызда С) 1991ж., 1желтоқсан
1. Қазақтың «Бұлбұл әншісі» деп кімді айтады? (Бибігүл
Төлегенқызы)
2. Қазақстанның демалыс орнын «Екінші Швецария» деп атайды.
(Бурабай курорты)
3. Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы қолдана
бастады? (қараша,1993ж.)
4. Ахмет Иассауи кесенесін қай хан салдырған? (Ақсақ темір)
5. Әбілхан Қастеев кім? (суретші)
6. Абай Құнанбаевтың анасы? ( Ұлжан )
7. Алматы қаласындағы Республика алаңында орнатылған монумент
(алтын адам)
8. Тұңғыш ғарышқа ұшқан қазақ баласы? Жауабы: Тоқтар Әубәкіров
9.
«Менің атым Қожа» повестінің авторы кім? Жауабы: Бердібек
Соқпақбаев
10. Семей ядролық полигоны қай жылы, қай күні жабылды? Жауабы:
1991 ж, 29тамызда
Цифровой Казахстан
Цифровой Казахстан
Цифровой Казахстан
Цифровой Казахстан
Цифровой Казахстан
Цифровой Казахстан
Цифровой Казахстан
Цифровой Казахстан
Цифровой Казахстан
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.