14.09. 7Т2. Электив
Туған қалам, Семейім!
Туған қалам Семейім бұл көрікті,
Барша адамдар сұлулығын көріпті.
Семейімнің сұлулығын жырлайды,
Табиғаттың әсем үнін тыңдайды.
Айналаға көз жүгіртіп қарайын,
Осынау бір әдемі өлең арнайын.
Ұлы ақын Абай атам туған жер,
Ертісімнің сұлулығы тұнған жер.
Сұлулығы қаламыздың ерекше
Ақындары көркем әнін жолдаған.
Семейімнің барлық әсем жеріне
Көз жүгіртіп тамсанбаған жан бар ма?
Жұлдыздар аспанынан алшақ күліп
Қарсы алар, түнде барсаң, самсап тұрып.
Семейім, сен арусың, сондықтан да
Мойныма тағам жырды моншақ қылып.
Семей қаласы, Балтабеков Ерасыл.
1-тапсырма. Өлеңді түсініп оқу.
2-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.
Көрікті-әдемі, сұлу
Барша-барлық, бәрі
Жырлайды-өлең шығарады, әнге қосып айтады
Үнін-даусын
Айналаға-жан-жағыма
Кө жүгірту-көз салып қараймын
Ұлы-атақты, кемеңгер, данышпан
Тамсанбаған-қызықпаған
Арусың-сұлусың, әдемісің.
3-тапсырма. Өлеңнің мазмұнын өмірмен байланыстырып әңгімелеу.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.