Рәміздер күніне арналған тәрбие сағаты: «Рәміздер күні»
Мақсаты: Балаларға Қазақстан туралы әңгімелей отырып, отансүйгіштікке,
сыйластыққа, достыққа баулу.
Тәрбиеші: Балалар бүгін біздер рәміздер күнін атап өтпекпіз, бүгінгі тәрбие сағатына апайлар ,
қонақтар қатысып отыр екен.
Әнұран: «Менің Қазақстаным»
Балалар рәміздерге нелер жатады екен кәнеки атайықшы: Ту, Елтаңба, Әнұран .
Ендеше тақпақтарымызды айтайық.
Рахман: Көңілдің мөлдіріндей биік аспан
Елімнің елтаңбасы нұрын шашақан
Тәуелсіз елім менің Қазақстан
Мәңгі сені әнмен желіп өтемін
Жаннұр: Сүйем сені қасиетті мекенім
Мәңгі сені әнмен желіп өтемін
Сенде ғана көтерілсем биікке
Сенде ғана арманыма жетемін
Нұрасыл :
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Ән : «Отаным»
Дияр: Арымыздай тап – таза
Жанымыздай шуақты
Көтерілді биікке
Қазақстан байрағы
Мерует : Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Би «Қара жорға»
Ән «Біз бақытты баламыз»
Жүргізуші : Тәуелсіздікті барлық ел аңсайды.
Балалар туған жеріміз , Отанымыз туралы қандай
мақал- мәтелдер білесіңдер?
Санжар : Отан- оттан да ыстық
Айзере: Елдің көркі елімен
Отан көркі жерімен
Рахман : Күте білсең – жер жомарт
Мәулен : Елдің көркі – елімен.
Отан көркі – жерімен.
Ән : «Әр қашан күн сөнбесін»
Жүргізуші: Қазақстан , туды алтын дәуірің
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын
Туған күнің құтты болсын айбыным
Армандарды жақындатып тым алыс
О, халайық – құтты болсын қуаныш –деп
бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
«Ақбота» бөбекжайы
Тәрбие сағаты
«Рәміздер күні»
«Жемістер» аралас тобы
Өткізген :Гусман.З
2018жыл.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.