Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылдығы
Оценка 4.7
Мероприятия
doc
классное руководство
9 кл
19.01.2017
Мақсаты :
1. Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.
2.Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Оқушы бойында саналы тәртіп,сапалы білім алуға дұрыс көзқарас қалыптастыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту.
3. Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Әдісі: интерактивті әдіс
Көрнекіліктер: интерактивті тақта,слайд, газет-журналдар, т.б.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру. Кіріспе сөз.
ІІ. Қазақстан қандай мемлекет? (топтастыру)
ІІІ. “Ой додасы” (пікірлерін айту,жобаларын қорғату)
Қазақстан кеше,бүгін,ертең ...
• Кеше (өткен тарихқа шолу)
• Бүгін
1. Біз кімбіз ? (таңбалау)
2. “Елдің жастарға жасауы”
• Ертең
Болашақ біздің көзімізбен (ой толғау, сурет, өлең, шығарма т.б.)
ІҮ.Даналар деген екен... Тәуелсіз ел туралы афоризмдер, даналық сөздер, мақал-мәтелдер
ІV. Түйін.
І.Кіріспе сөз
Мұғалім сөзі: Ұлы ағартушы, педагог Ы.Алтынсарин алғаш рет қазақ мектебін ашып, балаларды білім алуға, өнер үйренуге шақырды.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей –ақ табылар,-деген еді.
Білім кемесін мініп ілім іздеп, алға қарай ұмтылу әр азаматтың борышы. Сондықтан осынау киелі қара шаңырақ – мектеп ордасына қош келдіңіздер.
Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің ғасырлар бойы армандаған мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.
Бұл қазақ ұлтының тарихы үшін үлкен орын алатын мереке.
ІІ.Топтастыру (интерактивті тақтада орындау)
Сұрақ: Қазақстан қандай мемлекет?
демократиялы зайырлы
құқықты көпұлтты
әлеуметтік біртұтас
ІІІ. Ой додасы (ой пікірлерін тыңдау, жобаларын қорғату)
Қазақстан кеше,бүгін,ертең ...
• Кеше (өткен тарихқа шолу)
Оқушы: Құс ұясыз болмайды адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным-сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр, қайғыға толы кезеңдерімен есте қалады. 1916 жылғы көтеріліс 1928-1932 жылдардағы аштық, Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы жерді дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де біз оны ешқашан ұмытпаймыз, айтпаймыз. Себебі бұл – тарих.
Оқушылар Қазақстанның кешегі күніне, яғни тарихқа шолу жасайды
1.Жоңғар шапқыншылығы
2.Ашаршылық
3.Репрессия
4.Ұлы Отан соғысы
5.Желтоқсан оқиғасы
Қазақстан кеше,бүгін,ертең ...
• Бүгін (бүгінгі күннің тарихына шолу)
Оқушы : Біздің туып - өскен жеріміз, еліміз – Қазақстан. Еліміз мұнайға пайдалы қазбаларға өте бай. Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Олар: орыс, татар, өзбек, неміс, түрік т.б. көп ұлттар тұрады. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілікті нығайту жолында көп жұмыстар атқарып келеді. Еліміз ЕД, ТМД, БҰҰ ұйымдарына мүше. Қазір еліміз алдыңғы қатарлы дамыған 50 елдер қатарына қосылуға талпынып жұмыстар атқаруда. Мемлекетіміз заман талабына сай заманауи техникалар мен машиналар, өнеркәсіптер қарыштап дамып келеді. Мен осы тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма мақтанамын.
. Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында енген мемлекет. Еліміз, тәуелсіз, дербес ел атанды. Ел өз қалауымен президентті сайлап Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіл-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету ұрпақтың, қазақ ұландарының қолында деп есептеймін.
1. Біз кімбіз ? (таңбалау)
• Тәуелсіз елдің жастары
• Ел қорғаушы
• Өз Отанымыздың патриоты
• Заңдарын қорғайтын ұландар
• Өз жолын анықтай алатын азамат
• Адамның қадір – қасиетін құрметтеушіміз
• Әлемдік өркениетттердің тоғысқан жерінде өмір сүрген әулеттердің ұрпақтарымыз
• Ертеңгі күні ел үшін әр салада еңбек ететін еңбекқор жастармыз
• Біз бақытты, Интернет жүйесіне қол жеткізген білімге құштар жастармыз
2. “Елдің жастарға жасауы”
Тәуелсіз елдің жастарына жасалып жатқан шараларды топтастыру
Бала құқығын қорғау конвенция
Үштұғырлылық – заман талабы
Оқу кабинеттері жасақталуда
Мектептер,балалбақшалар саны көбеюде
Интерактивтік жүйе енгізілуде
Халықаралық “Болашақ” степендиясы тағайындалды
Жоғарғы оқу орындарын ашу
Жастар саясаты қолдау алды
Қазақстан кеше,бүгін,ертең ...
• Ертең (ертеңгі күнге болжау жасау )
Тәуелсіз елім менің, Қазақстан,
Өткен жолың жалғанда ұлы дастан.
Болашағыңа қарасам көз жіберіп,
Аумайсың атылмақшы жас барыстан.
Болашақ біздің көзімізбен (ой толғау, сурет, өлең, шығарма т.б.)
ІҮ.Даналар деген екен...
Тәуелсіз ел туралы афоризмдер, даналық сөздер, мақал-мәтелдер
1. Тәубеңнің басы тәуелсіздік болсын!
2. Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі тәуелсіздік. Тәуелді ұлт бұл байлықтың бәрінен айрылып, бейшара болады.
3. Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіз елдің ұлы-өжет, қызы-қайратты, халқы -қаhарман.
4. Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле, құдайдай құрметте!
5. Тәуелсіздікті қорғау – ұлттың ұйтқысын сақтау, еліңнің жеріне жау жуытпау, халқыңның азбай-тозбай мәңгі өмір сүруіне өз үлесіңді қосу.
6. Ханның да, қараның да рухани өзегі - тәуелсіздік. Өзегінен айырылған ел өледі.
7. Тәуелсіздік үшін тәніңді де, қаныңды да, жаныңды да аяма. Ең қасиетті күрес – тәуелсіздік күрес екенін ұмытпа!
8. Тәуелді елдің сұлтаны болғанша, тәуелсіз елдің ұлтаны бол!
9. Тәуелсіздік – тарих тұлпарының қос тізгіні. Тәңір қолыңа ұстатқан ол қасиеттің тізгінінен айрылма! Айрылсаң – ит пен құсқа жем болып, айдалада қаласың, осыны ойыңда ұста!
10. Тәуелсіздің тынысы тарылмайды, тәуелдінің тұншықпасы айрылмайды. Тәуелсіздер тойын қуанышпен тойлайды, тәуелділер қалай азаттықты алуды ойлайды. Тәуелсіздік тойын тойла, тойлай жүріп оны өркендетуді ойла. Оған өзіңнің қосар үлесіңді пайымда!
(Ә. Нұршайықов)
Қазақстан-кеше...
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Жұртым менің не қиындық көрмеді!?
Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
Қазақстан-бүгін...
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..
Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!..
Қазақстан-ертең...
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
ІV. Түйін
Тәуелсіз еліміз дамыған өркениетті 50 елдің арасынан орын алуымыз сіздердің ұлттық тәрбие мен тиянақты білімдеріңізге байланысты. Ертеңгі сіздер ұлтымыздың ізгі қасиеттерін, рухани құндылықтарын бойларыңа сіңіріп өз Жері мен Елін қорғай алатын ұлтжанды, мәдениетті болып өсулерің керек.
Қазір Қазақстан білім мазмұнын жаһандандыру мен ақпараттық өркениеттің талаптарына лайықтап әлемдік деңгейге көтеру үшін жұмыстануда. Мемлекет пен ата-аналарың сендердің сапалы білім алуларың үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатыр. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғамымыздағы бар жаманат атаулыдан жиреніп, олармен келіспейтін болыңыздар. Жалған әдеттен безіңіздер. Ел болашағы мына сіздердің қолдарыңызда.
Тәуелсіз Қазақстан.doc
Омарова Гульшат Амангельдиновна
№18 жалпы білім беретін орта мектеп
Тарих пәні мұғалімі
Қарағанды қаласы
Сынып сағатының тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және
жасампаздықтың 20 жылдығы
Мақсаты :
1. Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің
даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.
2.Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Оқушы
бойында саналы тәртіп,сапалы білім алуға дұрыс көзқарас қалыптастыру. Қоғамның бір
мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік
сезімдерін ояту.
3. Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа
деген қызығушылығын ояту.
Әдісі: интерактивті әдіс
Көрнекіліктер: интерактивті тақта,слайд, газетжурналдар, т.б.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру. Кіріспе сөз.
ІІ. Қазақстан қандай мемлекет? (топтастыру)
ІІІ. “Ой додасы” (пікірлерін айту,жобаларын қорғату)
Қазақстан кеше,бүгін,ертең ...
•
•
Кеше (өткен тарихқа шолу)
Бүгін
1. Біз кімбіз ? (таңбалау)
2. “Елдің жастарға жасауы”
•
Ертең
Болашақ біздің көзімізбен (ой толғау, сурет, өлең, шығарма т.б.)
ІҮ.Даналар деген екен... Тәуелсіз ел туралы афоризмдер, даналық сөздер, мақалмәтелдер
ІV. Түйін.
І.Кіріспе сөз
Мұғалім сөзі: Ұлы ағартушы, педагог Ы.Алтынсарин алғаш рет қазақ мектебін ашып, балаларды
білім алуға, өнер үйренуге шақырды.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей –ақ табылар,деген еді.
Білім кемесін мініп ілім іздеп, алға қарай ұмтылу әр азаматтың борышы. Сондықтан осынау киелі
қара шаңырақ – мектеп ордасына қош келдіңіздер.
Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің ғасырлар бойы
армандаған мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.
Бұл қазақ ұлтының тарихы үшін үлкен орын алатын мереке.
ІІ.Топтастыру (интерактивті тақтада орындау)
Сұрақ: Қазақстан қандай мемлекет?
демократиялы зайырлы
Қазақста
н қандай
мемлекет
? құқықты көпұлтты
әлеуметтік біртұтас
ІІІ. Ой додасы (ой пікірлерін тыңдау, жобаларын қорғату)
Қазақстан кеше,бүгін,ертең ...
•
Кеше (өткен тарихқа шолу)
Оқушы: Құс ұясыз болмайды адам Отансыз болмайды. Ал менің Отанымсонау Каспийден
Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол
тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм
соғыс та өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр, қайғыға толы кезеңдерімен есте қалады.
1916 жылғы көтеріліс 19281932 жылдардағы аштық, Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы жерді
дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша
қиыншылық келсе де біз оны ешқашан ұмытпаймыз, айтпаймыз. Себебі бұл – тарих.
Оқушылар Қазақстанның кешегі күніне, яғни тарихқа шолу жасайды
1.Жоңғар шапқыншылығы
2.Ашаршылық
3.Репрессия
4.Ұлы Отан соғысы
5.Желтоқсан оқиғасы
Қазақстан кеше,бүгін,ертең ...
•
Бүгін (бүгінгі күннің тарихына шолу)
Оқушы : Біздің туып өскен жеріміз, еліміз – Қазақстан. Еліміз мұнайға пайдалы қазбаларға өте
бай. Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Олар: орыс, татар, өзбек, неміс,
түрік т.б. көп ұлттар тұрады. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс
орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
бейбітшілікті нығайту жолында көп жұмыстар атқарып келеді. Еліміз ЕД, ТМД, БҰҰ ұйымдарына
мүше. Қазір еліміз алдыңғы қатарлы дамыған 50 елдер қатарына қосылуға талпынып жұмыстар
атқаруда. Мемлекетіміз заман талабына сай заманауи техникалар мен машиналар, өнеркәсіптер
қарыштап дамып келеді. Мен осы тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма
мақтанамын.
. Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында енген мемлекет. Еліміз, тәуелсіз,
дербес ел атанды. Ел өз қалауымен президентті сайлап Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді
қабылдадық. Ана тілқазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы –
Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде. Осы мемлекетті одан да
биіктен көрсету ұрпақтың, қазақ ұландарының қолында деп есептеймін.
1. Біз кімбіз ? (таңбалау)
• Тәуелсіз елдің жастары
• Ел қорғаушы
• Өз Отанымыздың патриоты
• Заңдарын қорғайтын ұландар
• Өз жолын анықтай алатын азамат
• Адамның қадір – қасиетін құрметтеушіміз
• Әлемдік өркениетттердің тоғысқан жерінде өмір сүрген әулеттердің ұрпақтарымыз
• Ертеңгі күні ел үшін әр салада еңбек ететін еңбекқор жастармыз
• Біз бақытты, Интернет жүйесіне қол жеткізген білімге құштар жастармыз
2. “Елдің жастарға жасауы” Тәуелсіз елдің жастарына жасалып жатқан шараларды топтастыру
Бала құқығын қорғау конвенция
Үштұғырлылық – заман талабы
Оқу кабинеттері жасақталуда
Мектептер,балалбақшалар саны көбеюде
Интерактивтік жүйе енгізілуде
Халықаралық “Болашақ” степендиясы тағайындалды
Жоғарғы оқу орындарын ашу
Жастар саясаты қолдау алды
Қазақстан кеше,бүгін,ертең ...
•
Ертең (ертеңгі күнге болжау жасау )
Тәуелсіз елім менің, Қазақстан,
Өткен жолың жалғанда ұлы дастан.
Болашағыңа қарасам көз жіберіп,
Аумайсың атылмақшы жас барыстан.
Болашақ біздің көзімізбен (ой толғау, сурет, өлең, шығарма т.б.)
ІҮ
. Даналар деген екен
...
Тәуелсіз ел туралы афоризмдер, даналық сөздер, мақалмәтелдер
1. Тәубеңнің басы тәуелсіздік болсын!
2. Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салтсананың мызғымас тірегі тәуелсіздік. Тәуелді ұлт бұл
байлықтың бәрінен айрылып, бейшара болады.
3. Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіз елдің ұлы
өжет, қызықайратты, халқы қаhарман.
4. Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле, құдайдай құрметте!
5. Тәуелсіздікті қорғау – ұлттың ұйтқысын сақтау, еліңнің жеріне жау жуытпау, халқыңның
азбайтозбай мәңгі өмір сүруіне өз үлесіңді қосу.
6. Ханның да, қараның да рухани өзегі тәуелсіздік. Өзегінен айырылған ел өледі.
7. Тәуелсіздік үшін тәніңді де, қаныңды да, жаныңды да аяма. Ең қасиетті күрес – тәуелсіздік күрес
екенін ұмытпа!
8. Тәуелді елдің сұлтаны болғанша, тәуелсіз елдің ұлтаны бол!
9. Тәуелсіздік – тарих тұлпарының қос тізгіні. Тәңір қолыңа ұстатқан ол қасиеттің тізгінінен
айрылма! Айрылсаң – ит пен құсқа жем болып, айдалада қаласың, осыны ойыңда ұста!
10. Тәуелсіздің тынысы тарылмайды, тәуелдінің тұншықпасы айрылмайды. Тәуелсіздер тойын
қуанышпен тойлайды, тәуелділер қалай азаттықты алуды ойлайды. Тәуелсіздік тойын тойла, тойлай
жүріп оны өркендетуді ойла. Оған өзіңнің қосар үлесіңді пайымда!
(Ә. Нұршайықов)
Қазақстанкеше...
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Жұртым менің не қиындық көрмеді!?
Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
Қазақстанбүгін...
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..
Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!..
Қазақстанертең...
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепетең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауықұт, жерідархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам. ІV.
Түйін
Тәуелсіз еліміз дамыған өркениетті 50 елдің арасынан орын алуымыз сіздердің ұлттық тәрбие
мен тиянақты білімдеріңізге байланысты. Ертеңгі сіздер ұлтымыздың ізгі қасиеттерін, рухани
құндылықтарын бойларыңа сіңіріп өз Жері мен Елін қорғай алатын ұлтжанды, мәдениетті болып
өсулерің керек.
Қазір Қазақстан білім мазмұнын жаһандандыру мен ақпараттық өркениеттің талаптарына
лайықтап әлемдік деңгейге көтеру үшін жұмыстануда. Мемлекет пен атааналарың сендердің
сапалы білім алуларың үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатыр. Сондықтан ел алдындағы, аға
ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғамымыздағы бар жаманат атаулыдан
жиреніп, олармен келіспейтін болыңыздар. Жалған әдеттен безіңіздер. Ел болашағы мына
сіздердің қолдарыңызда.
Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылдығы
Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылдығы
Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылдығы
Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылдығы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.