МАҚСАТЫ: Оқушыларды Отанымызды сүйе білуге деген және туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тарихын, тілін құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру.
Білімділігі: Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. Елімізде алғаш рет екі күштін: жаңа басталып, буыны катпаған демократияның және ол кезде әлі күшінде тұрған әкімшіл — әміршіл жүйенің қақтығысын түсіндіру.
Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.
Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналады. 1991 ж. 16 желтоқсанда Тәуелсіздік Декларациясы қабылданып, Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады. «Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған» атты тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі Қазақстанның жетістіктеріне арналады. Тәрбие сағатымызды төмендегі жоспар бойынша жүргіземіз:
1. Кіріспе.
Тәуелсіз ел- Қазақстан.
2. Тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар.
3.Тарихи оқиғалар тізбесі.
4.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктер.
5. Қорытынды.
Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойндайсың.Жүгі нарда , қазаны теңде болып, көшіп -қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.
1-жүргізуші:
Армысыздар, Отандастар!
2-жүргізуші:
Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Еліміздің тәуелсіздік алуы - халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол-баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
2-жүргізуші:
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. Биыл тәуелсіздік алғанымызға 31 жыл толды. Осы 31 жыл ішінде еліміз талай белестерді артта қалдырды, тарихымызда ХХ ғасырдың маңызы зор. Біздің еліміз бай, әрі қуатты ел. Барлық халық, ұлт өкілдері еркін өмір сүреді. Әркім еңбек етуге, білім алуға, демалуға ерікті. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанды өз Отаны деп есептейтін барлық азаматтарды ұлтына, нәсіліне, тұрған жеріне, қызметіне, байлығына, жынысын, діни нанымдарына қарамастан, заң алдында тең субъект ретінде қарастырады және тең дәрежеде қорғайды, азаматтың құқықтарына нұқсан келтірмейді. Қазақстанның тәуелсіздік алуы ел өмірінде тарихи өзгерістердің жүзеге асыруына негіз болды. Тәуелсіздіктің әр күні, әр айы тарихи өзгерістерге толы болды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар.
Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі
Конституциялық заңмен белгіленеді.
1991 жылы 16 желтоқсанда «ҚР – ның Мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы» заң қабылданды.
1992 жылы 4 маусым ҚР – ның Жоғарғы Кеңесі
Мемлекеттік рәміздерді қабылданды.
1993 жылы 15 қараша- ұлттық валюта,
төл теңге дүниеге келді.
1998 жылы 6 шілде ҚР – ның астанасы – Нұр-Сұлтан
қаласы болып бекітілді.
16 желтоқсан құрбандарымен танысу
1-оқушы: Болмасам да сол кезде мен
сеземін
Жүректе намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
: Тәуелсіздік мақтанашым,
Бізге бақыт сыйлаған
Бейбіт күнде мен тынышпын,
Әрбір таңым нұр маған.
: Тәуелсіздік таңы атты,
Барлық әлем жаңарып.
Осы тұрған халқыма
Бейбітшілік орнады.
: Отан деген берекелі отбасы,
Сүйер оны адамзаттың баршасы.
Мен бақытты бүлдіршінмін бүгінде,
Жоқ қой оған ешкімнің де таласы.
Бұның бәрі татулықтың арқасы,
Тәуелсіздік—елдігімнің бастауы.
Тәуелсіздік—бақыты ғой елімнің,
Тәуелсіздік шаттығы ғой жерімнің.
Арманына жету үшін күрескені,
Тарихта шежіре боп қалған екен.
Қазақстан менің Отаным,
Атыңды әнге қосамын.
Шарықтап өсіп,дами бер,
Біліміммен үлес қосамын.
Жадырап жарқын жүзіміз,
Жарқырап әрбір күніміз.
Ертеңінен елімнің ,
Үміт күткеннің біріміз.
: Қарттарым мұңаймасын деп,
Сәбилер жыламасын деп.
Кешегі өткен тарландар,
Желтоқсанда ұрандап.
: Намысты бермей қолынан,
Күрескен соның жолында.
Елім деп кеткен ерлерім,
Еркіндіті сендер әперген.
Еңсесі биік Елорда,
Мәңгілік ел бол қашанда.
Көктегі туым желбіреп,
Көк аспанда қыран құс
Самғай бер әлі биікте
Тыныштық бейбіт заман бол,
Тәуелсіз елім аман бол.
1. ҚР — сы қандай мемлекет?
2. Қандай рәміздері бар?
3. Елтаңбада не бейнеленген?
4. Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазды?
5. Ұлттық теңгеміз қашан шықты?
6. Қазақстанның ірі қалаларына ата?
7. Конституция күні
8. Білім күні
9. Тәуелсіздік күні
10. Ақшамыз қалай аталады
11. ҚР — ң тұңғыш ұшқышы кім
12. Мемлекеттік тіл
13. ҚР қазіргі Президенті кім?
14. 16 желтоқсан құрбандарын ата.
15. 15. Н. Назарбаев қашан Президент болып сайланды?
І жүргізуші:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,
Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
Тәуелсіздік.
Тәуелсізбін мен бүгін,
Келді, міне азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен ендігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!
Өзіңдікі -Елің де,
Өзіңдікі – Жерің де
Өзіңдікі өзің еккен Бақ- Тәуелсіздік төріңде!
Армысыздар
Қадірлі қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
Биыл 2021 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 30 жыл болады.
Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 25 жыл толған мерейлі тойына арналған «Тәуелсіздік — қазақтың сан ғасырлық арманы» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Шарықта, шарла көкті көк байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным
Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.
«Әнұран»
1. Оқушы:
Мен қазақпын, бір биік белеспін мен,
Еуропада, Азияда емеспін мен.
Аралықпын жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тең өстім мен.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген…
Ж.Молдағалиевтің осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей:
І жүргізуші:
Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді,
қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы бір зер салайық.
2. Оқушы:
Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.
3. Оқушы:
І ж:1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.
ІІ ж:1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.
І ж: 1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
ІІ ж:1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
І ж: 1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.
ІІ ж: 1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.
І ж:1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.
ІІ ж:1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.
1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар
шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды ексе алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз. 1 мин үнсіздік
ән Мейіржан
ІІ жүргізуші:
Желтоқсан оқиғасы- біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн.
Т-білдіреді теңдікті,
Ә-әдептілік, әлдікті,
У-уайымсыз уақытты,
Е-егемендік елдікті,
Л-дейді лағып лепірме
С-сенімділік секілді ең
І-ілтипат қой
З-зиялылық тілек қой
Д-шақырады достыққа
І-ізет қой
К-дейді күн боп көктегі
І жүргізуші:
Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта өңіміз түгіл түсімізге
енбеген оқиғалар болды, сол жетістіктерді атап өтейікші
4-оқушы
1990 жылды 25-қазанда Егемендік туралы декларацияға қол қойылды.
1991 жылы 16-желтоқсан – ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн 1991 жылы 1- желтоқсанда еліміздің түңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1991 жылы 2-қазанда Алаштың ақберені Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1991 жылы 29- тамызда Семей полигоны жабылды.
1992 жылы 2- наурызда ҚР дүниежүзіндегі ең ықпалды және беделді Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
5 Оқушы1992 жылы 8- мамырда кең байтақ елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.
1992 жылы 4- маусымда ҚР-ң Жоғарғы Кеңесінің сессиясында еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды.
1993 жылы 15- қарашада мемлекетіміздің ұлттық валютасы теңге айналымға енді.
6 Оқушы :1993 жылы 2- қарашада ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Ұлы Абайдың 150 жылдығы тойланды.
1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.
1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел
Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынығ
жарыққа шығуы.
7 Оқушы: 1997 жылы Қуғын-сүргін
құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды. Бұл жыл біз
үшін ардақты да қымбат. Себебі: Білім заңы
қабылданды.
6.1998ж. Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы.
8 Оқушы:1998 жылы 20-мамырда Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып бекітілді. Ал 10-маусымда жаңа астана ретінде Астананың тұсау кесері болды.
7.1999ж. Ұлттық тұрғындар санағы.
8.2000ж. Мәдениет жылы.
9.2002ж. Денсаулық жылы.
10.2003ж. Ауылды дамыту жылы.
11.2004ж. Парламент мәжілісінің кезекті сайлауы.
12.2005ж. 4-желтоқсанда Бүкіл халықтық Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы.
13.2006ж. «Қазақ елі» монументінің ашылуы.
Ән Диас
9 Оқушы: 14.2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі туралы шешім қабылданды.
15. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.
16. 2009ж. 25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.
17. 2011ж. Қаңтар –ақпан айларында ҚР. Халықаралық Азияда ойындары өтті. 30 қаңтар 2011 жылы Қазақстанда VІІ Қысқы Азия ойындары болып өтті. 27 мемлекеттен спортшылар мен делегация қатысты. Қазақстан 70 медаль иеленді. 32 алтын, 17 қола, 21 күміс.
10 оқушы: 2011 жылы Қазақстан ІТВ Берлинде өтетін экотуристік көрменің қорытындысы бойынша Азия, Австарлия, Тынық мұхиты арасында I орынға ие болды
2012ж. 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.
2012 жылы 15 қаңтар күні өткен кезектен тыс Парламент сайлауы нәтижесінде еліміздің заң шығарушы органы көп партиялы атанды.
2012 жыл Қазақстан үшін спорт саласында үлкен жетістіктерге толы болды. Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды. Осылайша Қазақстан өз рекордын жаңартты. Аталмыш жыл елімізге тағы бір жеңіс әкелді. Бұл – Қазақстан астанасының EXPO-2017 көрмесін өткізуге байланысты конкурсты жеңіп алуы. Алғаш рет қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті. Жылдың ең маңызды саяси оқиғасы – «Қазақстан 2050» стратегиясы. 14 желтоқсан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын жариялады. Еліміздің межелі уақытқа қоятын мақсаты мен стратегиясы – әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену.
11 оқушы: 2013 жылы «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығы бойынша барлық зейнетақы қорлары бірігіп, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын» құрды. Қазан айында «Нұр Отан» партиясының маңызды саяси оқиға деп бағалауға болатын жаңа саяси доктринасы қабылданды. Доктрина «Нұр Отан» партиясының 21 ғасырдағы миссиясы мен «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асырудағы рөлін анықтауға бағытталған. Аталмыш шешуші реформалармен де есте қалды. Солардың бірі мемлекеттік қызмет саласындағы «А» корпусының құрылуы. «А» корпусы басқарушы лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлерді даярлауға, жетілдіруге бағытталды.
12 оқушы: 2014 жылы Астана күні қарсаңында Елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды. Тамыз айында Елбасы Ұлытау жерінде сұхбат беріп, еліміздегі негізгі мәселелерге байланысты көзқарастарын білдірді. Оның ішінде, қазақ ұлтының тарихы, діні, тілі, сондай-ақ еліміз үшін аса маңызды саналатын Еуразиялық экономикалық одақ жайлы тақырыптар қамтылды.2014 жылдың ең негізгі саяси оқиғасы атанған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында Президент әлем дағдарыс салдарынан жаһандық сынақ уақыты болатынын атап өтіп, осындай қиын кезеңнен тиімді шығудың тетіктерін жариялады. Нақтырақ айтқанда, тәуелсіз тарихымызда екінші рет Ұлттық қор қаражаты ел мүддесі үшін жаратылатын болып шешілді.
13 оқушы: 2015 жылы Қазақстанда үлкен шаралардың тізбегі өтуде. Мемлекет басшысы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтетіндігімізді жариялады. 2015 жыл мерейтойларға бай. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы кең көлемде аталынып өтілді. 2015 жылы қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы, суретші Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығы. 2015 жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 170 жылдығы. 2015 жылы тағы бір аталып өтілген шаралардың ең үлкені – Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығы. Осыған байланысты Елбасы 2015 жылды – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялады. 2015 жылы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын бастады. Құрамына Қазақстан, Ресей, Белорусь, Қырғызстан мен Армения елдері кіреді. Аталған елдер арасында экономикалық және кедендік шектеулер алынып тасталады. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезі 2015 жылғы 10-11 маусымда Астанада болды. Алдағы форумның басты тақырыбы ретінде «Бейбітшілік және даму жолындағы діни және саяси қайраткерлердің үнқатысуы» болып белгіленді.
Қорытындылау. Міне, бүгін балалар, өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктеріңді, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер.Белгілі ақын: Жұбан Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі.-деген екен. Олай болса, халқымыздың бүгінге дейінгі жеткен жетістігі өздеріңе аманат. Қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімдімін. Тәуелсізідк мерекесі құтты болсын! Иә төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде «Тәуелсіздік таңы» атты. Ендеше Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, деп тілейік.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.