Учебная презентация "Обычаи казахского народа ", 5 класс
Оценка 4.7

Учебная презентация "Обычаи казахского народа ", 5 класс

Оценка 4.7
Презентации учебные
pptx
окружающий мир
5 кл
10.04.2018
Учебная презентация "Обычаи казахского народа ", 5 класс
Эта учебная презентация предназначена для использования на уроках казахского языка в5 классе. Цель данной презентации - расширить знания о традициях казахского народа, привитие уважения и любви к традициям и обычаям родного народа. Учебная презентация состоит из текстов и ярких иллюстраций.
САлт - дәстүр.pptx

Учебная презентация "Обычаи казахского народа ", 5 класс

Учебная презентация "Обычаи казахского народа ", 5 класс
Қазақ халқының салт­дәстүрі

Учебная презентация "Обычаи казахского народа ", 5 класс

Учебная презентация "Обычаи казахского народа ", 5 класс
Қырқынан шығару  Бесікке салу  Атқа мінгізу Қазақ халқының салт­дәстүрі Тұсау кесу

Учебная презентация "Обычаи казахского народа ", 5 класс

Учебная презентация "Обычаи казахского народа ", 5 класс
Бесікке салу Бесікке салу  Шілдехана өткеннен кейін баланың  әке­шешесі бесік тойын жасайды.  Ағаштан жасалған бесікті баланың  нағашылары немесе жасы үлкен  қадірлі аналардың бірі әкеліп, сыйға  береді. Ең алдымен бесікке салушы  әйел бесіктің өзін жын­ шайтандарды қуу үшін, түрлі  иістерден арылту үшін отпен  аластап шығады. Содан кейін  көрпешелер мен жастықшаларды  баптап салады. Баланы жатқызып,  бөлейді. Қолбау, белбеу және  аяқбаумен тартып байлап қояды.  Әйел тілектерін айта отырып  бесіктің үстіне алдымен көрпе  жабады. Бала халықшыл болсын  деп тон, шапан жабады,ат жалын  тартып мінсін деп қамшы іледі,көз  тимесін деп тұмар тағады,  қырандай көреген болсын деп  бүркіттің тұяғын байлайды.

Учебная презентация "Обычаи казахского народа ", 5 класс

Учебная презентация "Обычаи казахского народа ", 5 класс
Бесікке салған адамға «бесікке салар» яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш  үстінде «Бесік жыры» айтылады: Айыр   қалпақ  киісіп, Ақырып  жауға  тиісіп, Батыр  болар  ма екенсің? Бармақтарың  майысып, Түрлі  ою  ойысып, Шебер  болар  ма  екенсің? Таңдайларың  тақылдап, Сөзіңді  жұрт  мақұлдап, Шешен  болар  ма  екенсің?

Учебная презентация "Обычаи казахского народа ", 5 класс

Учебная презентация "Обычаи казахского народа ", 5 класс
Қырқынан шығару Қырқынан шығару               Туғанына қырық күн  толғанда баланы қырқынан  шығарады. Қырқынан шығаруға  жиналған әйелдер баланы теңге,  сақиналар салынған тегешке  шомылдырады. Әйелдердің үлкені  «Отыз омыртқаң жылдам бекісін,  қырық қабырғаң жылдам қатсын»  деп, баланың үстіне қырық қасық су  құяды. Сақиналарды баланы  шомылдыруға қатысқан әйелдер  бөліседі. Келесі кезекте баланың  шашын, тырнағын алады. Шашын  шүберекке түйіп, киімінің иығына  қадайды. Тырнағын адам баспайтын  жерге көмеді. Бала қырқынан  шыққанға дейін киген ит жейдесіне  тәттілерді түйіп, иттің мойнына  байлап қоя береді. Балалар итті  қуып жетіп, тәттілерді бөліседі.

Учебная презентация "Обычаи казахского народа ", 5 класс

Учебная презентация "Обычаи казахского народа ", 5 класс
Атқа мінгізу Атқа мінгізу  Бала тәрбиесіне  байланысты салт­дәстүрдің  бірі – 3­4 жасқа келген ұл  баланы атқа мінгізу.  Алдымен ағаштан ашамай­ ер жасалған. Осыны жуас  құнанға ерттеп, баланы  мінгізіп байлап қойған.  Тізгінді балаға ұстатып, бір  адам құнанды жетектеп,  ауылды айналдыра  жүргізіп, жиналып тұрған  үлкендерге сәлем  бергізетін. Әйелдер  баланың атқа міну  құрметіне шашу шашқан.  Ересек балалар таймен  жарысып, бірімен­бірі  күресіп, түрлі ойындар  ойнаған.

Учебная презентация "Обычаи казахского народа ", 5 класс

Учебная презентация "Обычаи казахского народа ", 5 класс
Тұсау кесу Тұсау кесу  Тұсау кесу – сәби қаз  тұрғаннан кейін тез,  жығылмай, сүрінбей  жүріп кетсін, болашағы  жарқын болсын деген  тілекпен жасалатын  дәстүр. Арнайы  дайындалған ала жіппен  баланың аяғын тұсап  байлайды. Жіпті қадірлі,  ісі алға басып тұрған, әрі  жылдам, сүрінбей  жүретін адам кеседі.  Бұл – бала осы адамға  тартсын деген тілектен  туған рәсім.

Учебная презентация "Обычаи казахского народа ", 5 класс

Учебная презентация "Обычаи казахского народа ", 5 класс
Тұсау кесер  тойына арналған  көпке мәлім әннің бірі мынау: Тәй, тәй, тәй, тәй! Қаз, қаз, балам, қаз балам, Қадам бассаң мәз болам! Желбіресін тұлымың, Елгезек бол, ерінбе, Ілгері бас, шегінбе! Күрмеуіңді шешейін, Тұсауыңды кесейін! Жүгіре қойшы, құлыным,

Учебная презентация "Обычаи казахского народа ", 5 класс

Учебная презентация "Обычаи казахского народа ", 5 класс
Қазақтың ҚАРА ЖОРҒА ұлттық  биі туралы Бұл биді отандастарымыз әр той  мен салтанатта билеп жүр. Ал 2009 жылы Қытайдағы  қандастарымыз "Қара жорға" биін  Гиннестің рекордтар кітабына  енгізгені туралы көптеген  басылымдар жазған. Осыдан соң "Қара жорғаның"  танымалдығы тіпті арта түскен еді. Осы би жастардың патриоттық  сезімін саяси насихаттан жақсы  оятатыны анық.  "Қара жорға" тәуелсіз Қазақстан  мәдениетінде қайтадан жаңғырған  және халықтың көкейінен шыққан  би болып қалыптасып келеді, деп  жазады кейбір басылымдар. Кейбір мамандар "Қара жорғаны" –  жай қара жорға емес, қазақтың  және ұлт тарихының бейнесі деп  тануда. Бірақ кейінгі уақытта көптеген  тарихшылар мен  мәдениеттанушылар "Қара  Жорғаны" қазақтардың ұлттық биі  емес, қазақ елінде ондай би  ешқашан болған да жоқ, деп  мәлімдеп жүр. Кейбір азаматтар  оны қытайлардың қазақ санасын  құлдану үшін ойлап шығарған қаруы  деп зобалаң салуда.

Учебная презентация "Обычаи казахского народа ", 5 класс

Учебная презентация "Обычаи казахского народа ", 5 класс
Бәріңізге           РАҚМЕТ!!!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.04.2018