Қылмыс, нашақорлық - қауіпті дерт
Оценка 4.9

Қылмыс, нашақорлық - қауіпті дерт

Оценка 4.9
Работа с родителями
doc
родителям
7 кл
10.04.2018
Қылмыс, нашақорлық - қауіпті дерт
Қоғамда орын алып жатқан қылмыстың түбі бала кезден бастап қалыптасатыны белгілі. Және осы қылмыстың алдын алу шараларын да жүргізу керек. Қоғамда орын алып жатқан қылмыс нашақорлықтан , ұрлық-қарлықтан басталады. Осы қылмыс тақырыбына байланысты тәрбие сағаты жүргізілді. Оның мақсаты: Оқушыларға қылмыс жасаудың қауіпті екенін, темекі, арақ деген заттардың зияны туралы түсінік беру. Зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру.Оқушыларға қылмыс жасаудың қауіпті екенін, темекі, арақ деген заттардың зияны туралы түсінік беру. Зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру.
Қылмыс нашақорлық.doc
Бекітемін:                                          30.01.2018 ж. Тақырыбы:  Қылмыс, нашақорлық   ­  қауіпті  дерт.  Мақсаты:  Оқушыларға   қылмыс  жасаудың  қауіпті екенін,  темекі, арақ  деген заттардың  зияны туралы  түсінік  беру. Зиянды   заттардан барынша  аулақ   болуға   шақыру.  Көрнекілігі:  тақырып, плакаттар.  Сыныптан тыс жұмыстың  жоспары І. Кіріспе  1. Мұғалім сөзі 2. Оқушыларды топқа бөлу  ІІ. Негізгі бөлім 1. Қылмыс пен жаза  туралы  түсінік беру (топтық жұмыс) 2. Қылмыс туралы мақал­мәтелді жалғастыр  ойыны 3. Қылмыс,  Нашақорлық   туралы (атап  айтқанда  темекі, арақ, наша)   көрініс   4. Психологиялық   тренинг  ІІІ.  Қорытынды  1. «Ұрлық түбі  ­ қорлық» тақырыбында эссе 2. Қылмыс, нашақорлық – қауіпті дерт.    Сыныптан тыс жұмыстың   барысы      Мұғалім  сөзі: Армысыздар, құрметті қонақтар және  оқушылар. Бүгін  сіздерге  мектебіміздегі  6 сыныпоқушыларымен өткізгелі отырған «Қылмыс,  нашақорлық – қауіпті дерт» атты  сыныптан тыс сағатымызды ұсынып  отырмыз.     Елбасымыздың «Қазақстан ­2050» жолдауында көрсетілген өзекті  мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.  Салауатты  өмір салты дегеніміз не?  Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты  тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде  етек алған заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық.        Сыныптан тыс  сағатымыздың мақсаты ­ жат қылықтардан аулақ болуға  тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау.      Ендеше  бүгінгі  сабағымызды  жақсы  тілктермен  сәттілік  видиоролигі   арқылы  көңіл күйімізді   көтеріп  бастайық.(видео ролик   сәттілік) Мен саған ... тілеймін.  «Жүректен – жүрекке» әдісімен  тілегімізді   жазып  қолымыздағы  гүлді  мұғалімдерге  сыйлайық..  «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз.  «Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда» Өмірге адам бір ақ рет келеді, Жастық шағың өміріңнің кемелі. Күте білсең саулығыңды өрелі, Табиғаттың бергеннен көп берері. Осы конференцияға шақырылған қонақтармен таныстырып өтейін:  1. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары –Төлеубаева  Гүлнұр апай  2. Мектебіміздің психологы ­  Серикова  Гульназ 3. Жасөспірімдер ісі жөніндегі ішкі істер бөлімінің қызметкері  Шүкіров  Самат  ағай.    Осы отырыста өз ойларыңызды, сіздерді толғандырып жүрген мәселелерді  толық шешуге, қиналған сұрақтарыңызға қатысып отырған қонақтарымыздан  жауап алуға болады.    Ең алдымен сынып  сағатымыздың  тақырыбы «Қылмыс, нашақорлық –  қауіпті дерт»  болғандықтан, қылмыс пен  жаза  сөзіне  анықтама  беріп   алайық.  Жаза Демек,  қылмыс дегеніміз – заң қылмыс деп танитын әрекет немесе  әрекетсіздік.    Қылмыстың қоғамда жасалу себептері : • Кедейшілік • Жұмыссыздық  • Мәдениеттің төмендігі • Адамгершіліктен азғындау • Отбасылық тәрбиенің дәрменсіздігі  • Маскүнемдіктің етек алуы • Нашақорлық • Құқық қорғау органдары қызметінің қанағатсыздығы     т.б. факторларды  атауға  болады.   Ал, жаза сол  қылмысты жасаған  адамға  беріледі.  Жаза  түрлері өте  көп.  Бұл туралы мектеп инспекторы қысқаша айтып береді.   Сынып  сағатымыздың  келесі  кезеңі  мақал­мәтелді жалғастыр  деп аталады. 1. Бір қазаға екі ………….. жоқ (жаза) 2. Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі ……… табар (куә) 3. Би екеу болса, ………. төртеу (дауа) 4. Әр елдің  ………… басқа , иттер қара қасқа (заңы) 5. Елшіге ………. өлім жоқ (өлім) 6. Тақыр жерге су төксең жеруге тайғақ болар, Жаманға сырыңды айтсаң …………… , болар (айғақ) 7. Ата – ананың қадірін балалы болғанда білерсің,           Анық достың қадірін, ………….. болғанда білерсің (жалалы) 8. ……………. істің – арты игі (әділ) 9. Жолға шықсаң сайлан, бес ……………. байлан (қару) 10.У ішкен бір өлім, ……………….. ішкен мың өледі (ант) Сіздер  осы  мақал­мәтел  арқылы  құқық туралы  білімдеріңізді   көрсеттіңіздер. Енді  оқушыларымыз  көрініс  дайындап  келген   екен.   Оқушыларымыздың   көрінісіне  назар  аударайық.  Келесі   кезекте мектеп  психологі   Серикова   Гульназ  апайға  берейік.  (психологиялық   тренинг)     Сынып  сағатымызды  қорытындылау  үшін  сіздерге  «Ұрлық  түбі –  қорлық»  тақырыбында 3 минуттық  эссе жазу  арқылы  қорытындылайық.  Мінеки, балалар, бүгінгі   сынып  сағатымызда   қылмыстың  артында  жаза    тұрғанын,  зиянды  заттардың  зардабы  туралы көрініс  арқылы   көз  жеткіздіңдер   деп  ойлаймын. Осымен  бүгінгі  сынып  сағатымызды    аяқтаймыз. С.Есқараев  атындағы  №  27   орта   мектебі (Сыныптан  тыс  жұмыс)   Сынып  жетекшісі:   Файзуллаева  А.Х. 2017­2018 оқу жылы

Қылмыс, нашақорлық - қауіпті дерт

Қылмыс, нашақорлық - қауіпті дерт

Қылмыс, нашақорлық - қауіпті дерт

Қылмыс, нашақорлық - қауіпті дерт

Қылмыс, нашақорлық - қауіпті дерт

Қылмыс, нашақорлық - қауіпті дерт

Қылмыс, нашақорлық - қауіпті дерт

Қылмыс, нашақорлық - қауіпті дерт

Қылмыс, нашақорлық - қауіпті дерт

Қылмыс, нашақорлық - қауіпті дерт
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.04.2018