6.2.1.1. мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру6.3.3.1. ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру
Оқу мақсаты
- мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтайды, түсіндіреді- ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтап, графиктік мәтін (кесте) түрінде құрастырады
Бағалау критерийлері
«EXPO» – ірі халықаралық көрме, онда жаңашыл ғылыми-техникалық жетістіктер, даму перспективалары, сонымен қатар бүкіл әлем елдерінің тарихы, дәстүрлері мен мәдениеті көрсетіледі. Дүниежүзілік көрмелерді өткізу нәтижесі халықаралық, экономикалық, саяси, мәдени және ғылыми байланыстарды кеңейту болып табылады. Дүниежүзілік көрмелер бес жылда бір рет өтеді. Алғаш рет Дүниежүзілік көрме 1851 жылы Ұлыбританияда өтті. Бірнеше ай ішінде мұнда ең түрлі экспонаттар көрсетілді, олардың арасында өнеркәсіптік тауарлар, қолөнер бұйымдары, машиналар, пайдалы қазбалары және тіпті өнер заттары көрсетілді. 1851 жылғы көрмені өнеркәсіптік революция тарихында маңызды, негізгі кезеңі деп атаған жөн. Британдық қолөнершілер одағына тиесілі мұндай көрмелерді өткізу идеясы жалғасын тапты, сондықтан олар тұрақты түрде өте бастады, жылдан-жылға күшейіп, анағұрлым орасан, ауқымды бола түсті. «EXPO» өткізу бойынша эстафетаны АҚШ, Испания, Италия, Франция, Жапония, Корея, Бельгия, Бразилия, Қытай сияқты және басқа елдер қабылдады. EXPO-2017 көрмесі – Қазақстанның Елордасы Нұр-Сұлтан қаласында 2017 жылдың 10 маусымынан бастап 10 қыркүйегіне дейін өтті. Оған 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысып, барлығы 3 млн. адам келді.
Астана төріндегі EXPO
Дескриптор:- мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап әзірлейді- мәтіндегі ақпаратты кестеге толтырады
2-тапсырма
«Концептуалдық кесте» әдісі арқылы сұрақтарға жауап жазу
EXPO нені білдіреді? | Ең алғашқы көрме қай жылы, қай жерде өтті? | Эстафетаны қай мемлекеттер жалғастырды? | 2017 жылы не болды? |
|
|
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.