Қысқа мерзімді жоспар (1)
Оценка 4.6

Қысқа мерзімді жоспар (1)

Оценка 4.6
docx
14.05.2020
Қысқа мерзімді жоспар (1)
қысқа мерзімді жоспар (1).docx

Қысқа мерзімді жоспар

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

 9.4. Тізбектер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мәтінді есептерді шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 9.4.2.2

 геометриялық және арифметикалық прогрессияларға байланысты

 мәтінді есептерді шығару;

 

Сабақ мақсаттары

·         Барлық оқушылар арифметикалық прогрессияларға байланысты мәтінді есептерді шығаруды үйренеді.  

 Бағалау критерийлері

Ø   математикалық модельді құрайды;

Ø  арифметикалық прогрессияға байланысты мәтінді есептерді шығарады;

Ø  жауапты бағалайды және таңдайды;

Тілдік  мақсаттар

Оқушылар:

Сандық тізбекті тапсырманың шарттарын түсінеді және ауызша сипаттайды және заңдылықтарды қалай жалғастыратынын анықтай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Тізбек, сандық тізбек, аралық, мүшесі /элемент, алдыңғы мүшесі/элемент, келесі мүшесі /элемент

Заңдылық, заңдылықты жалғастыру.

Қосу,азайту , көбейту, бөлу.

Кемімелі, өспелі

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-          тізбектің n-мүшесінің формуласын  … түрде беруге болады;

-          тізбектің келесі элементі болады;

-          прогрессияның ... мүшесін табу үшін ... ;

-          тізбек кемімелі/өспелі болып табылады, себебі ;

-          прогрессияның алғашқы ... мүшесінің қосындысын табу үшін ... ;

-          саны арифметикалық прогрессияның мүшесі болып табылады, себебі ...

-          тізбектің рекуренттік тәсілмен берілуі

 Құндылықтарды   дарыту  

 Жұппен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.

Жаһандық азаматтылыққа

тәрбиелеу

Халықаралық әртүрлі дереккөздерінен алынған тапсырмаларды салыстыру арқылы тақырыптың  жан-жақтылығын түсіну.

Пәнаралық байланыстар

 Қазақ тілі, биология

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті құралдарды қолдану, интернет ресурстар

Бастапқы білім

 

Барлық төрт операцияны, дәрежені және кері функцияны пайдалана отырып есептеу қабілеті. Тапсырманы шешу барысында контексті талқылау, қатысу және оқу қабілеті.

Қатар - ғылымда кеңінен қолданылатын математикалық моделдеудегі маңызды ұғым, мысалы, биологиядағы бактерияның өсуін модельдеу үшін.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  

 

Ресурстар

Сабақтың басы

               3 мин

               5 мин

  1. Оқушылармен амандасу
  2. Тақырыпты, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.
  3. Өткен білімді қайталау.

Алғашқы бес мүшесі бойынша тізбектің – ші мүшесінің мүмкін формулаларының бірін жазыңыз.

(a)

(b)

2.  арифметикалық прогрессия берілген. екені белгілі болса,   табыңыз.

3.  сандары арифметикалық  прогрессияның тізбектей алынған мүшелері болатындай  -тің мәндерін табыңыз.

4.Арифметикалық прогрессияның тізбектелген төрт мүшесі болатындай (-8) және (-35) сандар арасына екі санды қойыңыз. Осы прогрессияның айырмасын табыңыз.

Арифметикалық прогрессия біздің айналамызда!

 

https://multiurok.ru/index.php/files/zadachi-na-ghieomietrichieskuiu-proghriessiiu.html

Сабақтың ортасы 

                   10 мин

        

                  

 

         

 

 

               

 

            

              

              

                 10 мин

 

         

         

 

 

 

 

 

 

             10 мин

 

 

 

 

 

 

4. Есептер шығару.

 Топпен жұмыс.

 1топ:

Бірінші күні 100 га пішен, ал әрбір келесі күні  алдыңғы күнге қарағанда 3 га  артық  шабылды. 19 күн ішінде қанша гектар пішен шабылғанын табыңдар?

2 топ:

Құдыққа бірінші темірбетонды сақинаны дайындап және қойып бергені үшін  100 тг төленді, ал әрбір келесі сақинаға  алдыңғысына  қарағанда  20 тг артық төленді. Орташа есеппен бір сақинаны орнату 220 тг болды. Қанша сақина қойылған?

3 топ:

Жалпы біліктегі бес тегершіктің диаметрлері арифметикалық прогрессияны құрайды.  Егер бірінші мен үшіншінің қосындысы 268 мм, ал  екінші мен
 төртіншінің қосындысы  316 мм  құрайтын болса, онда  тегершіктердің диаметрлерін табыңдар.

5.Деңгейлік тапсырмалар.

А. Көпбұрыштың бір бұрышы 1000 тең, әрбір келесі бұрышы алдыңғысынан 100 артық. Бұл қандай көпбұрыш?

В. Еркін құлайтын дене бірінші секундта 4,9 м, ал әрбір келесі секундта алдыңғысына қарағанда 9,8 м артық өтеді. Ол жиырма бірінші секундта, 21 секундта қандай қашықтық өтеді?

С. Науқас келесі схема бойынша дәрі қабылдайды: емделу курсын 5 тамшыдан бастап, әр күн сайын қабылдау дозасын 5 тамшыға артық қабылдап отыруы керек. 40 тамшыға жеткенде, үш күн 40 тамшыдан ішуі керек, содан кейін әр күн сайын дозасын 5 тамшыға азайта отырып 5 тамшыға жеткенше ішуі керек. Егер бір флаконда 20 мл (200 тамшы) болса, емделуші қанша флакон дәрі сатып алуы керек?

6. Жеке жұмыс.

1.Туристер 140 км өзен арқылы жүріп өтеміз деп жоспарлаған. Егер бірінші күні 5 км, ал әрбір келесі күні алдыңғы күнге қарағанда 2 км артық жүретін болса, онда туристер қанша күн саяхатта болады? 2.Саптық орманның бөренелерін сақтау кезінде оларды 1-суретте көрсетілгендей етіп орналастырады.  Егер оның табанына 10 бөрене қойылса, бір қатар етіп қалағанда қанша бөрене бар?

3.Сырлаушылар бригадасы күн сайын бояу нормасын бірдей метрге көбейте отырып, ұзындығы 630 метр дуалды бояйды. Бірінші және соңғы күнді қосқанда бригада 140 метр дуалды бояғаны белгілі. Сырлаушылар бригадасы барлық қоршауды қанша күн бояғанын анықтаңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

7. Үй тапсырмасы

А деңгейі 

Жемістер саябағының пішіні дұрыс үшбұрышты. Бірінші қатарда 1 тал, екіншісінде 2 тал, 3-шісінде 3 тал  т.с.с.,  n-ші қатарда  n тал. Осындай саябақта

105 тал болуы мүмкін бе?

В деңгейі

Фермердің көп жылқысы бар. Олардың әрқайсысының  құны әртүрлі: ең нашар деген жылқы - 4 бақыр алтын тұрса, «ең» жақсы сайгүліктің құны - 55 бақыр алтын, және әрбір келесі жылқының құны алғашқысынан

3 бақыр алтынға артып отырады. Осы фермердің жылқыларының саны нешеу?

8. Рефлексия.

 

 

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ бойы жеке жұмыс жасайды.

Фронтальды жұмыста оқушыларға базалық деңгей беріледі. Есептер шығару барысында  жеке-дара оқыту ұйымдастырылады.

Мұғалім қабілеті жоғары және төмен оқушыларға  көмек көрсетеді, ал орта деңгейдегі оқушылар  қабілеті жоғары оқушылардың өзара көмегі арқылы ілгері жылжи бастайды.

Жеке жұмыста өзін-өзі, топтық жұмыста бірін-бірі  бағалау түрлері қолданылады. Сабақта оқушылардың теориялық материалды меңгеруі фронтальды презентациямен жұмыс істеу арқылы жасалады.

Сабақ басында оқушылар кабинеттегі тәртіп ережелерімен , қауіпсіздік техникасымен таныстырылады.  

 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

 

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru

Тізбектер Мектеп:

Тізбектер Мектеп:

Бастапқы білім Барлық төрт операцияны, дәрежені және кері функцияны пайдалана отырып есептеу қабілеті

Бастапқы білім Барлық төрт операцияны, дәрежені және кері функцияны пайдалана отырып есептеу қабілеті

Есептер шығару. Топпен жұмыс

Есептер шығару. Топпен жұмыс

Оқушылар сабақ бойы жеке жұмыс жасайды

Оқушылар сабақ бойы жеке жұмыс жасайды
Скачать файл