"Қызан" спорт кешенінің ашылу салтанатына құрылған бағдарлама
Оценка 4.7

"Қызан" спорт кешенінің ашылу салтанатына құрылған бағдарлама

Оценка 4.7
Культурные мероприятия
docx
воспитательная работа +1
Взрослым
20.07.2018
"Қызан"  спорт кешенінің   ашылу салтанатына  құрылған  бағдарлама
Маңғыстау облысы, Маңғыстау аудан, Қызан ауылында "ауыл азаматтарының ат салысуымен "Қызан" спорт кешені бой көтерді. сол ашылу салтанатына орай Жангелдин атындағы орта мектеп ұстаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырылд.ы. Бұл облыс көлемңнде үлкен той болып атылып өткен болатын . көптеген өлеңдер айтылды.концерттік бағдарлама
спортзал.docx
1­бет                                     Ауылым –алтын  бесігім. 1­жүргізуші:  Орынтай Ассалаумағалейкум,  ардақты  ағайын! 2­жүргізуші:  Аяужан Қайырлы кеш,  құрметті  қонақтар! 1­жүргізуші:  Орынтай Тал бесігім – нарқы  биік,  құзы – ардан, Бірлік – күші, сан ағыспен жүзе алған. Мәртебелі  Маңғыстаудан  бір  шырай, Бір  жылулық  таралады  Қызаннан. 2­жүрг:Аяужан Жасампаз  жұрт  көрген  дүние жарығын, Туған  ел  деп  жырлайды  ақын  әлі күн. Топырағына  тартқан  ұл мен қызыңда Шетсіз­шексіз  махаббат  бар  саған деген,  ауылым! 1­жүрг:Орынтай «Туған   жер     өзің   дегенде,  кетеді     жүрек   елжіреп».   Бар   қазақтың     түп  қазығы саналатын  өскен орда – әр  қазақтың  мәңгілік  жүрегінде. 2­жүрг: Аяужан Өзіндік     салт­дәстүрімен,   өнеге­ибасын   танбаған ауыл – мәңгілік елдің  ен байлығы. 1­жүрг: Орынтай ҚР­ның   Президенті     Н.Ә.Назарбаевтың   Болашаққа   бағдар:     рухани     жаңғыру «Туған жерге  тағзым»  бағдарламасының  негізінде,  киелі  түбегімізде  атқарылып жатқан  оңды  істер жетерлік. 2­жүрг: Аяужан Соның  айғағы  – ауылымызда  «Қызан»  спорт  кешені  бой  көтерді. Туған жерге деген  бұл тарту – ауыл  азаматтарының  ауылға деген   сүйіспеншілігінен  туған дүние. 1­жүрг:Орынтай Сонымен     қатар,   Маңғыстау   ауданының       90   жылдық   мерейтойына     орай Жангелдин орта   мектебінің   ұстаздар   ұжымы   дайындаған   «Ауылым – алтын бесігім»   атты   концерттік  бағдарламамызға  қош келдіңіздер! 2­жүрг: Қош келдіңіздер!!!   жоғалтпай,   берекелі     тіршілігінен 1­жүрг: Орынтай Түлеп  ұшқан  мектебімнің  түлегі, Туған жер  деп, ел деп соққан  жүрегі. Ауыл жайлы,  тұсаукесер жаңа әнді, Ұлдарының  Қосжан  айтып  береді. 2­бет 2­жүрг:Аяужан №1.  Сахна шымылдығын  ашу үшін   Жалғасов  Қосжанды  тұсауын  кескелі отырған «Қос ауыл»   әнімен ортаға   шақырамыз! Әні мен   сөзін   жазған ауылымыздың перзенті, жыршы әрі дара   ақын   Қами Молдаев!   Қабыл алыңыздар! 1­жүргізуші:  Орынтай Күндіз  көкте  күнің  күліп  тұрады, Ал түніңді  айың  шамын жағады. Әрбір  жерде  жылт­жылт етіп  жұлдыздар Кезек­кезек  жақұт  шамын  жағады. 2­жүрг.:  Аяужан Аспаныңда құстар  ұшып самғайды, Самғаса  да  қанаттары талмайды. Жер  бетінде « ТОй болып  жатыр» деп Қанаттылар сүйіншілеп  сайрайды. 1­жүрг: Орынтай №2. Сахна    төріне    «Әриайдай»    әнімен  ағылшын    тілі пәнінің    мұғалімі Молдаева  Гүлдерайды  шақырамыз!  Қабыл алыңыздар!!! 2­жүрг: Аяужан Бұл жырым  енді өзіңе шашу  болсын. Мәртебең  ауылым  асыл болсын. Өзіңнен  түлеп ұшқан  перзенттерің Әрқашан  бір өзіңе  тіреу  болсын! №3. Мектебіміздің   ұстаздары Оспанова Толқын   мен Жаманбаева   Гүлбар ауылдан түлеп ұшқан  түлектердің  туған  жері үшін  атқарған  игі  істерін мақтанышпен жырға қосты. Ендеше, сол жырды  оқу үшін  сахнаға  алғашқы әскери   дайындық пәнінің   мұғалімі   Аттлаев Орынтайды,   тарих   пәнінің мұғалімі                                   Арайды, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің   мұғалімі Өмірханова   Гүлмираны, Бастауыш   сынып   мұғалімі   Мұсаева Гүлзаданы және  физика пәнінің  мұғалімі  Есболғанова  Іңкәрды  шақырамыз!!! Қабыл алыңыздар! 3­бет 2­жүрг: Аяужан Адам  қанша туған  жерін  сүйеді, Жүрегіне  барлық  сырын  түйеді. Саған деген махаббатым тым  асқақ Қайран ауыл,  қасиетті, киелі! 1­жүрг: Орынтай        №4.    Ендігі кезекті  ұстаздар  ұжымынан  құралған  «ШҰҒЫЛА»  би ансамблін   «Қазақ   биі     «Қара   жорғамен»   сахна   төріне   шақырамыз! Қошеметтеп,  қарсы алыңыздар!!! 2­жүрг: Аяужан Ауылымда  тойдың таңы атыпты, Ақ жаулықты аналар  шашу  шашыпты. Тойға тіккен  бас  бәйгеге  үміткер, Сәйгүлігін  жарысқа  әкеп қосыпты.  1­жүрг: Орынтай №5.   Сахнада   Дене     тәрбиесі   пәнінің     мұғалімі   Аманқұлов     Сәулеттің орындауында  «БӘЙГЕ» әні.  Қабыл алыңыздар!!! 1­жүрг:  Орынтай  Жаңара  бер,  жасай бер Маңғыстау! Не замандар  өтсе дағы  бұлағай. Көк түріктің туы қалды құламай. Маңғыстауым – тұнып тұрған тарихым. Ашық аспан астындағы  мұражай. №6.Сабыр   Адайдың       «Маңғыстау»   өлеңі.     Оқитын     бастауыш     сынып мұғалімі  Оңғарбаева  Аяужан.  Қабыл алыңыздар!!! 1­жүрг: Орынтай Маңғыстау мекен Мың қыстауынан  құралған Үстірті терең, теңізіңменен  бойлаған. Тауында  киік,  қарақұйрықтар  секеңдеп, Жағаңда балық,  шағалалар  ойнаған. №7.Сахнаға   «Жез киік»   әнімен   бастауыш сынып   мұғалімі   Архабаева Гүлханды  шақырамыз. Қошеметтеп, қарсы алыңыздар!!! 4­бет 1­жүрг: Орынтай  Қыранды  өлкем, жыр әнді өлкем Маңғыстау. Сазды әуен қосып  домбыра шертем Маңғыстау. Керуен  жолда  төсінде жатқан не қилы, Бабалардың  әжімді  жүзі секілді. 2­жүрг: Аяужан Күмбірлеп  күй естілсе домбырадан, Құйылар  шәрбат  сезім  құлдыраған. Шымырлап  шыққан үні шанағынан  Елітер  бойыңызды  балбыраған. №8.   Күй   «Келіншек»   домбырашылар ансамблі. Қабыл алыңыздар!    Сахнада     мектеп     ұстаздарынан     құралған 1­жүрг: Орынтай  Кенеттен  бар  төңірек тынып  қалды, Тербелмей  алтыбақан  тұрып қалды. 2­жүрг: Аяужан Тып­тыныш  маужыраған  мезгілде осы Ауылда    әсем әндер шарықтады.  1­жүрг: Орынтай №9.«Халық  әндерінен  попури». 2­жүрг:Аяужан  Орындайтындар  мектебіміздің  психологтары                                Арай  мен Нұрсәуле.  Қол соғып,  қошеметтеп  қарсы алайық!!! 1­жүрг: Орынтай Қарашы мынау  кең байтақ  жақтан  далама, Осыдан  артық  жұмақ  жоқ ешбір адамға. 2­жүрг: Аяужан Қазағым менің! Айбынды  менің дана елім, Тарихтан  білем  бабамның асқан ерлігін. №10. Ендігі  кезекте орындалар ән  «Қазақтай ел қайда» .   Орындайтын   мек                                                         Лариса. Қабыл алыңыздар!!! 5­бет. 1­жүрг. Орынтай Бұл  әніміз шарықтар асу  болсын. Мерейің  Маңғыстауым тасу болсын. Отауы  Қызанымның  келешегі Бір  емес, бірнеше мың  ғасыр болсын!!! 2­жүрг:  Аяужан №11.Сахна   төріне   қазақ   ұлттық   аспаптарының сүйемелдеуімен   «Халық әндерінен     попури»   .     Орындайтындар     мектеп     ұстаздарынан     құралған «ЖЕЗТАҢДАЙ»   әншілер     ансамблі!!!   Қол   соғып,   қошеметтеп,   Қарсы алыңыздар!!! 1­жүрг: Орынтай: Ғажабыңа  жетпейді  баға  сірә, Ақтау! Ақтау!  Маңғыстау  даласында Ақпандағы  «Аққуды  көруге кел Ақтаудағы  теңіздің  жағасына. 2­жүрг: Аяужан: Ақ  қанаты аппақ  қардай  үлпілдек, Аққу  қонды көк теңізге  бір күн кеп. Бұл  ғаламат  кімнен  қалған із еді? Мойындарын толғап­толғап жүзеді. №12.Ақиық   поэмасынан  сахналық қойылым.  Қабыл алыңыздар!!!   ақын     Мұқағали   Мақатаевтың   «Аққулар   ұйықтағанда» 1­жүрг: Орынтай Мерекеміз  мерекеге  жалғассын. Мерекеміз  ойдан қырға ассын. Арайлап атқан  таңдарыңыз Береке  мен  мерекеге ұлассын. №13.«Мереке»  әнімен                                                      Меруертті    ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар!!! 6­бет 2­жүрг:Аяужан Ата  мекен жерінде Мерейі елдің өседі. Қасиетті Маңғыстау Ғашықтардың  мекені. Шынайы  сезім  туғызар Осындай дала  деседі. 1­жүрг:  Орынтай        №14.     Аманқұлов  Сәулет пен Молдаева  Гүлдерайды  «Болайық  бірге» әнімен  сахна  төріне  шақырамыз. Қабыл алыңыздар!!! 2­жүрг: Аяужан №15. Ендігі кезекті  ұйғыр халқының  ұлттық  биімен  мектеп ұстаздарынан құралған   «ШҰҒЫЛА» би ансамблін   қол соғып, қошеметтеп, сахна төріне шақырамыз!!! 1­жүрг:Орынтай Тарихына  көз  жібермес тұңғиық Қызанымның  мәртебесі  тым биік. Ата­баба ерлігі мен жырлары Ұрпағына  үлгі болар  нұр құйып.  №16.Ұстаздар  ұжымынан  құралған «Келіншектер»  ансамблін    «Сәулем­ай және «Белеске»  әндерімен сахна төріне   шақырамыз. Қабыл алыңыздар! 2­жүрг: Аяужан: Туған жерге  жете  ала ма ғаламда? Туған жерім аман болсын әмәнда. Табиғаты  таңқалатын  әдемі, Емге шипа  беретұғын  адамға. №17.Сахнаға  дене тәрбиесі  пәнінің  мұғалімі  Тіленбаев Жарас пен бастауыш сынып мұғалімі   Архабаева   Гүлханды     «ӘДЕМІ»   әнімен   шақырамыз.! Қабыл алыңыздар!!! 1­жүрг: Орынтай №18.«Саржайлау»  әнімен                       Арайды  ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар!!! 7­бет 2­жүрг: Аяужан Тарихың бар  мен ойларға батырған. Мен – шағала, сен­көк теңіз  шақырған. Бабалардың  көзін  көрген  киелі. Маңғыстауым,  айналайын атыңнан!!! №19.   Ұшады     Маңғыстаудан     шағалалар»     Орындайтындар     Бастауыш сыгып  мұғалімі  Ермағанбетова  Сәуле  және ағылшын  тілі пәнінің  мұғалім Тегісбаева  Гүлсара. Қошеметтеп,  қарсы алаыңыздар!!! 1,­жүрг: Көк ту көкте мәңгі бақи тербелсін. 2­жүрг: Қуаныш күш бойымызды кернесін. 1­жүрг: Ауылымызда дүбірлі той  тарқамай, 1,2­жүрг: Әр күніміз  игі іспен  өзгерсін!!! Осымен     Жангелдин орта   мектебінің ұстаздар ұжымы дайындаған   «Ауылым – алтын     бесігім»   атты     концерттік     бағдарламамыз     аяқталды.     Көңіл   қойып тыңдағандарыңызға  көп­көп рахмет!!!  №18. 2­жүрг: Аяужан Өрлетіп алып  ұшып жігерімді. Барады шаттық кернеп жүрегімді. Өзіңнен  түлеп ұшқан перзентіңмін. Табамын туған жерден тірегімді. Маңғыстау – мерейім, Мерейлі сөз  терейін. Күн аптаған ерніңе  Қарлығаш  жыр  қанатымен  Бір  тамшы су  себейін                                            Ауылым ­ мақтанышым Орынтай Уа, жамағат,  қош келдің! Киелі  Қызан ауылына. Жандары жайсаң  жайдарлы, Қонақжай жомарт  қауымға! Арай Ақтылы қойын айдаған, Нар мая, бие байлаған. Қымыз  бен  шұбат сапырып, Бәйгеге  тұлпар  сайлаған. Гулмира Ақсақалдары зиялы, Ортаға салған ақылын. Азаматтары ауылдың Сыйлаған жаттай  жақынын. Гүлзада Аналарымыз  ардақты, Жаманға ұл­қыз қимаған. Келіндеріміз  ізетті, Салт­дәстүрін  сыйлаған. Іңкәр Қызаным­  туған  ауылым, Сырымды солай ақтарам. Өзіңдей асқақ  еліммен, Қайда жүрсемде  мақтанам. Орынтай Ауданға толды  тоқсан  жыл, Рухани жаңғырдық. Болашағы  үшін  балдардың  Спорт кешенін салдырдық. Қолдады  бүкіл ауылым, Қолдады  ауыл жастары. Бірлікпенен осылай   Үлкен  бір  істі  бастады. Игілікті  істің басында  Сартбектей  жігіт табылды. Елі  үшін  туған ер екен, Жастар да тыңдап, бағынды. Қайтпас,  қайсар, табанды, Азамат  екен сабырлы. Нәтижесінде осындай Спорт  кешені салынды. Ауылдан  шыққан  Бейнеубек, «Қызанның шаңын кештім»­ деп. Демеу берді  аянбай Деніңіз сау болсын тек! Елден ұшқан  қырандар, Сұңғат пенен Самат бар. Қолдан келген  көмегін Аямады  ұландар. Жолдыбайұлы  Оңғар мен Мизамбайұлы Нүрпейіс Көрші ауылды  түлегі Жігіттер екен кең пейіл. Әрқашанда осындай Елдің  ұлы  болыңдар! Биік өскен  шынардай  Асуға  қол созыңдар! Қолыңнан келсе жақсылық, Қызаным сенің мерейің. Жат жерде  сұлтан  болғанша  Ұлтан  боп  сенде  өлейін. ГҮЛЗАДА Ұлы отан соғысының  ардагері, Бүгінгі ұрпақ  үшін  ердің  ері! Телбаев  Тілембай ата бар осында Соғыстың  жәдігердей жалғыз  көзі. Паш еткен  бүкіл  әлемге, Танытып  Адай Жылқысын. Бұғабай ағам – атбегі, Үйреткен баптың  үрдісін. Кикбоксинг  шебері, Сайынов  Жұбан – ұлдарың. Шәкірттері  әлемнің  Барлық  елін шарлады. Бауыржан,  Досан, Өнербек, Желбіретті туды көк. Шерхан, Абыл, Бекболат, Сержан, Ринат, Жантілек. Ақындарым бар айбарлы, Атыла шапқан арландай. Нұрлан, Фархад, Еділім, Теңдесі жоқ тарландай. АРАЙ Эльмира мен Алмас та, Қызанның  ұшқан  түлегі. Венера мен Ақсындар, Ауылды  ойлап  жүреді. Сәулебаев  Мараттың  Естен кетпес жыр  әні. «Қос шағаласы» айналып, Аспанда  қалқып жүр әлі. Адай қызын  жырлаған Шынар біздің гүл еді. Тілекберген Селбаев Қызанда өскен ұл еді. Медицина  докторы Әзірбай білгір  дәрігер. Бегендік – хирург білікті, Ауылды  ойлап,  қамын жер. ГҮЛМИРА Ортасында  ауылдың Мектебім – білім  ошағы. Өзіңнен   ұшқан  түлекке, Қашанда ашық  құшағы. Мектебім – алтын  бесігім, Біліммен ашқан есігін. Мақтанышпен айтамыз, Бердіқожаның  есімін. Өз ісінің  маманы, Жаста болса  шыңдалған. Атқа  мінер азамат. Көрінер  талай  шыңдардан. Ауылымның  мақтаны, Тәп­тәттілер  жайдарман. Республикалық  деңгейде Көрінді  теледидардан. ІҢКӘР Дәл  ортадан  көрдің бе? Мәдениет сарайды. Балабақша, емхана, Халыққа  қызмет  жасайды. Бас  дәрігер  Азанбек ағай хас маман, Қандай ауру  келсе де  еш  саспаған. Өте қатал, бірбеткейлеу болғанмен, Байқасаңыз  негізінде жақсы адам. Ауылымыздың  әкімі Сүлейменов  Қонай бар. Жерімізге  осындай Қош  келдің,  ағай­апайлар!                     БАРЛЫҒЫ  ХОРМЕН Татулықтың  кемесін, Алға тартып келесің. Алтын бесік  ауылым, Тәңірім өзі  демесін!!! 29.04.2018.  Оспанова Толқын                      Жаманбаева  Гүлбар

"Қызан" спорт кешенінің ашылу салтанатына құрылған бағдарлама

"Қызан"  спорт кешенінің   ашылу салтанатына  құрылған  бағдарлама

"Қызан" спорт кешенінің ашылу салтанатына құрылған бағдарлама

"Қызан"  спорт кешенінің   ашылу салтанатына  құрылған  бағдарлама

"Қызан" спорт кешенінің ашылу салтанатына құрылған бағдарлама

"Қызан"  спорт кешенінің   ашылу салтанатына  құрылған  бағдарлама

"Қызан" спорт кешенінің ашылу салтанатына құрылған бағдарлама

"Қызан"  спорт кешенінің   ашылу салтанатына  құрылған  бағдарлама

"Қызан" спорт кешенінің ашылу салтанатына құрылған бағдарлама

"Қызан"  спорт кешенінің   ашылу салтанатына  құрылған  бағдарлама

"Қызан" спорт кешенінің ашылу салтанатына құрылған бағдарлама

"Қызан"  спорт кешенінің   ашылу салтанатына  құрылған  бағдарлама

"Қызан" спорт кешенінің ашылу салтанатына құрылған бағдарлама

"Қызан"  спорт кешенінің   ашылу салтанатына  құрылған  бағдарлама

"Қызан" спорт кешенінің ашылу салтанатына құрылған бағдарлама

"Қызан"  спорт кешенінің   ашылу салтанатына  құрылған  бағдарлама

"Қызан" спорт кешенінің ашылу салтанатына құрылған бағдарлама

"Қызан"  спорт кешенінің   ашылу салтанатына  құрылған  бағдарлама

"Қызан" спорт кешенінің ашылу салтанатына құрылған бағдарлама

"Қызан"  спорт кешенінің   ашылу салтанатына  құрылған  бағдарлама

"Қызан" спорт кешенінің ашылу салтанатына құрылған бағдарлама

"Қызан"  спорт кешенінің   ашылу салтанатына  құрылған  бағдарлама

"Қызан" спорт кешенінің ашылу салтанатына құрылған бағдарлама

"Қызан"  спорт кешенінің   ашылу салтанатына  құрылған  бағдарлама

"Қызан" спорт кешенінің ашылу салтанатына құрылған бағдарлама

"Қызан"  спорт кешенінің   ашылу салтанатына  құрылған  бағдарлама

"Қызан" спорт кешенінің ашылу салтанатына құрылған бағдарлама

"Қызан"  спорт кешенінің   ашылу салтанатына  құрылған  бағдарлама
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.07.2018