Жаз -2016
Оценка 5

Жаз -2016

Оценка 5
Мероприятия
doc
воспитательная работа
Взрослым
29.03.2017
Жаз -2016
«Ертегілер әлемі» сауықтыру лагерінде алдымен, жетім балалар, ата-ананың қарауынсыз қалғандар мүгедектер, аз қамтылған отбасынан шыққан балалар, сонымен қатар даярлық топтың балалары мен 1-5 сынып оқушылары қабылданды. Мектепішілік лагерьде -120 оқушы, оның ішінде аз қамтылған отбасы-84 бала, жетім- 4 бала, жалға алушының қаражатынан – 4 бала, демеушінің қаражатынан- 5 бала, ата-ана қаражатынан- 13 бала. Профилдік лагерьде- 118оқушы, оның ішінде Экология - 12 бала, Патриот-15 бала, Білімпаз -12 бала, Спорт -22 бала, Гарция -12, Болашақ-12 бала, оған қосса Кэкюшункай- 20 бала Тілдік лагерь - 60 бала. ТОС-20 бала.
жаз-2016 СОШ №33.doc
Павлодар қаласының №33 жалпы  орта білім беру мектебі  ЖАЗ ­2016 І аусым «Ертегілер әлемі»  жазғы лагерьдегі балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыруын және жұмыспен қамтуын ұйымдастыру жөнінде қорытынды есеп «Ертегілер әлемі»  жазғы лагерьдегі балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыруын және жұмыспен қамтуын ұйымдастыру жөнінде қорытынды есеп                            Балалық шақ ­ әрбір адамның ең шуақты, бақытты кезеңі. Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан ата­аналар мен педагогтар оларды дені сау, өміршең, сауатты азамат етіп тәрбиелеуге бар күшімізді жұмсаймыз.  Бағдарламаның мақсаты: Жазғы мезгілде оқушылардың демалысы мен денсаулықтарын жақсартуды ұйымдастыру. Мектеп жанындағы лагерьдің мақсаты: педагогикалық ұжым, ата­аналар қоғамдастығы, оқушылар,   мектептен   тыс   ұйымдардың   өзара   қарым­   қатынасын   орната   отырып,  оқушылардың   жазғы   демалысын   өткізуі   үшін   қажетті   әдістемелік,   ұйымдастырушылық, ақпараттық жағдайларды қамтамасыз ету. Әркім өз денсаулығына түсінушілікпен қарауы және оларды   табиғат сақтау   іс­ әрекетіне тарту үшін дене сауықтыру жүйесін жасау.  Баланың   тұлғасын   дамыту,   дене,   психикалық   және   эмоционалдық   денсаулығын   бекіту, Қазақстан Республикасы азаматының ең жақсы қасиеттеріне тәрбиелеу болып табылады. Бағдарламаның міндеттері        ­уақытша ұжымдағы балалардың денсаулығын қалпына келтіру жүйесін жасау; ­ойын,   танымдық   және   еңбек   әрекеттері   арқылы   балалардың   дене   және   рухани әрекеттерінің арасындағы айырмашылықты азайту; ­оқушыларда қарым­қатынас дағдысы мен толеранттықты қалыптастыру; ­оқушылар санасында адамгершілік және мәдени құндылықтарды бекіту; ­оларда салауатты өмір салты дағдыларын бекіту, денсаулығын нығайту; ­балаларды   шығармашылық   әрекет   түрлеріне   тарту,   шығармашылық   ойлауды дамыту; ­мектеп пен отбасы арасындағы байланысты дамыту және нығайту. «Ертегілер   әлемі»     сауықтыру   лагерінде   алдымен,   жетім   балалар,   ата­ананың қарауынсыз   қалғандар   мүгедектер,   аз   қамтылған   отбасынан   шыққан   балалар,   сонымен қатар  даярлық  топтың  балалары  мен  1­5 сынып  оқушылары  қабылданды.  Мектепішілік лагерьде  ­120  оқушы,  оның  ішінде   аз  қамтылған   отбасы­84  бала,  жетім­  4  бала,   жалға алушының қаражатынан – 4 бала, демеушінің қаражатынан­ 5 бала, ата­ана қаражатынан­ 13 бала. Профилдік лагерьде­ 118оқушы, оның ішінде  Экология ­ 12 бала, Патриот­15 бала, Білімпаз ­12 бала, Спорт ­22 бала, Гарция ­12, Болашақ­12 бала, оған қосса Кэкюшункай­ 20 бала  Тілдік лагерь ­ 60 бала. ТОС­20 бала. Жазғы   ауысымды   өткізу   қажеттігі   жазғы   жағдайда   оқу   үрдісін жалғастыру,   оқушылардың   денсаулығын   бекіту,   балаларды   жазғы   уақытта іспен қамту мәселесі секілді жайлардан туындап отыр. Лагерь бағдарламасы балалардың  қызығушылығы   мен   психологиялық   жас   ерекшеліктерін   есепке ала отырып жасалды.  Осындай   мақсатты   көздеген   «Ертегілер   әлемі»    жаз   уақытында   балаларды демалыспен қамтуға байланысты «Ертегілер еліне саяхат» лагерінде көптеген іс­шаралар   ұйымдастырылды.   «Ертегілер   еліне   саяхат»   сахналық   қойылым лагері,   «Спортпен   достас»   спорттық   лагері,   «Халықтар   достығының фестиваль»  лагері,     «Көңілді   күн»  лагері,    «Шоу   Каракули»   лагері,  «ХХІ ғасыр   көшбасшысы»,   «Мың   бұралған   бишілер»,   «Жұлдызды   сәт»   лагері, «Ағылшын клубы» үйірмесі, «Көңілді қарындаш » үйірмесі бағдарламаларын іске   асырып   отыр.  Әр   сынып   оқушылары   жаз   бойы   өздерінің   қалаған үйірмелеріне барып, өз уақыттарын әрі тиімді, әрі қызықты  өткізіп жатыр. 6­06.2016 ж. ­ 11.06.2016 ж. №33 жалпы орта білім беретін мектебі, «Салауатты өмір  салтын ұстан!» ұранымен «Денсаулық фестивалі ­ 2016» фестивалі өткізілді. Фестивальдің  салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып, мектеп директоры – Н.М. Батесова денсаулық күні мерекесімен оқушыларды және мектеп ұжымын  құттықтады. Музыка әуенімен таңертенгілік жаттығуды жасатты. Иманахметов К.А. Үш  мектеп қосылып орталық алаңында  флэшмоб биледі. 1­4 сынып оқушылар арасында  «Қызықты жарыс» сайысы, «Флэшмоб», Семинар «Фестиваля здоровья», «Бүлдіршін  денсаулығы» балауса балаларға арналған, «Әкем, шешем және мен – спорттық отбасы»  өтті. Барлық жеңімпаздар мадақтау қағаздарымен марапатталды.                    Лагерьдегі   балғындар   күн   сайын   таңертеңгілік   жаттығулар   музыка әуенімен жасады Топ жетекшілері демалушыларды спорттық жаттығулар мен ойындар арқылы тынықтырды.   Лагерь   жоспары   бойынша   қаланың   көрікті   жерлері   және мұражайлармен   таныстырылды   және     жеткіншектер   балаларға   арналған кинофильмдер, мультфильмдер, спектакльдерді де тамашалай алды.    Сондай­ақ, мұндағы оқушылар күнделікті дәруменді тағамдармен түстенді. «Балалар   әлемі»   сауықтыру   орындарына   барып,   көптеген   қызыққа   батты. Сондағы   жануарларды   қызықтап,   оларды   өз   қолдарымен   қоректендірді. Денені шынықтыру үшін  хауызға барды.     Лагерьдегі қызықты шаралардың бірі – танымдық­интеллектуалдық ойындар. Сондықтан   кейбір   тәрбиешілер   жазғы   лагерьдегі   оқушыларды   қызықтыра білді.      Жазғы демалыстың алғашқы күнінен­ақ саптық ұранды, лагерь әнін айту күнделікті әдетке айналды.    Отанды   тану   ­   туған   жерді   танудан   басталады,   сондықтан   Ленин   кентінің маңындағы табиғат аясына шығу туған табиғатқа деген қызығушылықтарын, қамқорлықтарын   оятса,   күн   сайын   көркейіп   келе   жатқан   Павлодар қаласындағы мұражайға, тәуелсіздік саябағына, кітапханаға бару балалардың танымдық   ерекшеліктерін   дамытып   қана   қоймай,   көңілдеріне   мақтаныш сезімдерін ұялатты.      Рәміздер күніне орай, ««Әлемге танылған, Тәуелсіз Қазақстан! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» тақырыбында 4 маусым күні бір әнұранды   уақытта   орындау   ұйымдастырылды.   Онда   Рәміздер   туралы бейнеролик көрсетілді.Соңында балаларға викториналық сұрақтар қойылды, бір қуантарлығы­оқушылар сұрақтарға толық, дұрыс жауаптар берді. Жаяу Мұса   атындағы   Мәдениет   үйінде   Рәміздер   күніне   арналып,   концерттік бағдарлама   ұйымдастырылды,   балалар   өз   өнерлерін   ортаға   салды.              Жазғы каникул балалардың жылдың бос уақытының айтарлықтай бөлігін алатындықтан , ал сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау   және   өз   қабілеттерінің   еркін   дамуы   үшін   қажеттіліктерін   жүзеге асыратын   кезең.   «Ертегілер   әлемі»   жазғы   сауықтыру   лагері   осы   мақсатқа жұмыс істеді. «Күшті, алғыр, қырағы ойындар бізді дамытады» деп мектеп психологы Өміржанова   Гүлсағира   Мұратқызы   балалардың   ойлау   қабілеттеріне байланысты   психологиялық   зертеулер   жүргізген   болса,   музыка   пәнінің мұғалімі Ортақова Гүлнәз Қалқаманқызы балалардың өз ұлтын сүю және өз халқы   үшін   аянбай   еңбек   ету,   ұлттық   мүддені   қорғау,   қайда   жүрсе   де   өз ұлтының   баласы   екендігін   ұмытпай,   сонымен   қатар   басқа   ұлт   өкілдеріне құрметпен қарап. Осындай асыл сезімдерді балалар бойына дарыту үшін ел мен жер, туған Отан және ұлтымыз туралы аңыз – әңгімелер оқып, талдатып, әндер мен өлең – жырлар жаттатып, орындатып өте үлкен ықпал етті. Мектеп медбикесі   Тнеева   Роза   Сакенқызы   «Өзіңе   зиян   келтірмей,   күнмен   қалай  достасуға   болады?»  деп  балаларды   тазалыққа,  күн   астында   көп  жүрмеуге, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.            №33 жалпы орта білім беру мектебі «Балалардың бос уақытын қамту және   шығармашылық   орталығымен»   бірлесе   жұмыс   істеді.   Көптеген сайыстарға қатысып, белсенділік танытып орындарға ие болып отырды.   Балалардың бос уақытын қамту  және шығармашылық орталығы  «КЕРЕМЕТ» қалалық жазғы жоба бойынша «Квест игра» турында  белсенді қатысқаны үшін.   Балалардың бос уақытын қамту  және шығармашылық орталығы  «КЕРЕМЕТ» қалалық жазғы жоба бойынша «Шумландия» турында 1  орынға ие болды.   Балалардың бос уақытын қамту  және шығармашылық орталығы  «ДосSTAP» қалалық жазғы ойын фестивалінде 1,2,3 орындарға ие  болды.  Павлодар қаласының прокуратурасымен «Баққытты балалық шақ­ тұрақты келешек» акциясы бойынша  қала прокуратурасының жүлдесіне өткізлген жарыста 1 орын алған үшін Ержан Айбар, Ғибрат  Ағланбек, Тілеуқабыл Қуандық марапатталды.   Маусымның   22   жұлдызында   «Ертегілер   әлемі»   жазғы   демалыс   лагерінің бірінші   кезеңінің   салтанатты   жабылуы   болды.Оқушылар   өз   әсерлерінен бөлісті. Балалар  15  күн  ішінде  жақсы көңіл­күймен, зор қызығушылықпен, ұйымдасқан   түрде   ауысымды   аяқтады.   Аусымның   жабылу   салтанатында балалар   10   күн   ішіндегі   өздерінің   көңіл­күйлерімен   бөлісіп,   ән   айтып,   би билеп, белсенді қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды және сыйлықтар берілді.     «Ертегілер   әлемі»     жанындағы   жазғы   лагерь   әрқашан   балалардың   жазғы демалысын   ұмытылмастай   етіп   іске   асыруға   бар   күш­жігерін   салған тәрбиешілер.     Жаздағы   жақсы   демалыс   ­   жыл   бойына   қажетті   күш   –қуат. Мектеп жанындағы «Ертегілер әлемі» лагерінде   балалардың еркін тынығуы үшін барлық жағдай жасалды. Мұнда балалар тегін және ақылы тамақтанды. Мектеп жанындағы сауықтыру  лагерінде талай қызықтар болды.  Балалардың демалыстары көңілді өтті! Павлодар қаласы №33 жалпы орта  білім беру мектебінің лагерь басшысы:  Олжаева Мырзагүл Олжаевна

Жаз -2016

Жаз -2016

Жаз -2016

Жаз -2016

Жаз -2016

Жаз -2016

Жаз -2016

Жаз -2016

Жаз -2016

Жаз -2016

Жаз -2016

Жаз -2016

Жаз -2016

Жаз -2016

Жаз -2016

Жаз -2016
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.03.2017