Мақсаты: Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: «Жігіт сұлтаны-2017 !»тақырыбы,мақал-мәтелдер, байқауға қажетті құрал-жабдықтар, интерактивті тақта және т.б.
Ұйымдастыру кезеңі. Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.
1- жүргізуші:- Құрметті ата- аналар, ұстаздар,оқушылар!Қадірлі қонақтар!Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны-2017 !» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.Мақсаты: Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: «Жігіт сұлтаны-2017 !»тақырыбы,мақал-мәтелдер, байқауға қажетті құрал-жабдықтар, интерактивті тақта және т.б.
Ұйымдастыру кезеңі. Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.
1- жүргізуші:- Құрметті ата- аналар, ұстаздар,оқушылар!Қадірлі қонақтар!Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны-2017 !» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.
Жігіт сұлтаны-2017!.docx
Мақсаты: Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен
таныстыру.Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре
білер ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: «Жігіт сұлтаны2017 !»тақырыбы,мақалмәтелдер, байқауға қажетті құрал
жабдықтар, интерактивті тақта және т.б.
Ұйымдастыру кезеңі. Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.
1 жүргізуші: Құрметті ата аналар, ұстаздар,оқушылар!Қадірлі қонақтар!Бүгін бізде «Жігіт
сұлтаны2017 !» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.
2 жүргізуші:
Нағыз кәусар жігітті,Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,Анықтайтын кез келді!
1жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ.Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ,Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны2017 !»байқауына қатысушы
сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар!
2жүргізуші:
«Жігіт сұлтаны2017 !» байқауының қатысушы сайыпқырандардың ақылпарасаты мен өнеріне,
қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1жүргізуші:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, дей отырып,
«Нағыз қазақ жігіті» байқауын әдемі бір әнмен бастасақ дейміз.
Қыздардың орындауында «Ән сал сарбаз» әні. Қабыл алыңыздар!
2жүргізуші
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.Кімдер зерек, кім жылдам,
Талатттарын табайық! деп, сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін:
І.Бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.
ІІ.Бөлім «Сегіз қырлы,бір сырлы...» өнер сайысы.
ІІІ.Бөлім «Көркіне ақылы сай» салтдәстүрге байланысты сайыс
ІҮ.Бөлім « Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» қолөнер сайысы
Ү. Бөлім. «Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар» сұрақ –жауап сайысы
ҮІ. Бөлім «Атадан ұлағат, анадан ғибрат» қамшы өру, асық ату сайысы
ҮІІ. Бөлім« Ақылына күші сай» спорттық сайыс
1жүргізуші:
Ақыл – көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді деп, «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру сайысын бастайық. Сымбат: «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші, ер жігітке айтылар сын көп,
қойылар талап жоғары.Халықтық дәстүрлі тәрбиеде осы баға – «Жігіт сыны» деп
аталады.Азаматқа жүктелер міндет тұрғысынан ер жігіттің қандай болуы керектігі туралы
халықтық таламға сай ұлттық түсініктерде былайша бейнеленеді:
Анеля: «Еңсегендей бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы, қыр мұрынды,
қияқ мұртты, кең иықты, апай төсті, жуан білекті, қынай белді, қапсағай денелі, от ауызды, шешен
тілді, темір саусақты, жау жүректі».
2жүргізуші:«Тегімді менің сұрасаң...» атты бөлім бойынша сайыскерлеріміздің бағасын
сұраймыз.
1жүргізуші:
Парасатты ер жігіт,Ақылымен әр іс біледі.
Өнерің барда жігіттер,Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып,
«Бәрекелді!» деп шіркінге, дей отырып, сайысымыздың «Сегіз қырлы,бір сырлы...» бөлімін
бастаймыз.
2жүргізуші: Бұл бөлімде сайыскерлеріміз қазақтың дәстүрлі әнін, биін, күйін орындайды.
1жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй деп Абай атамыз айтқандай, кезекті өнерлілерге берелік.( Қыздардың
орындауында түрік биі)
2жүргізуші:Ей, ер жігіт,ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт.Атыңа ерік бер, жігіт
Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың «Ақылына күші сай» деп аталатын
бөлімін бастаймыз.Бұл бөлімін жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында өткізіледі. Мусаева
Ақботаның орындауында «Елесті» әнін қабыл алыңыздар.
2жүргізуші:
Береке де осында, Мереке де осында.
Болып жатыр, тойдуман.Қырандардың қосында.
1 жүргізуші:
Асқақтаған ән дайын,Күмбірлеген күй дайын.
Ал қанекей, қырандар!Босқа қарап тұрмаңдар,
Бастап жігіт өнерін, алыстарға самғаңдар!
2жүргізуші:
Ей жігіттер!Сендерге артар міндет көп.
Көтер биік атасалтын құрметтеп
Ақтай білсең атабаба үмітін
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.
1 –жүргізуші: Жиналдық ,бұл тойға бәріміз де.
Үлкен – кіші, жасымыз, кәріміз де.
Енді ортаны ашайық,Ән мен күйді шалқытып
Інжу – маржан шашайық!Жиналған халық таңқалсын,
Өнерден күмбез жасайық.
Енді бүгінгі мерекеміздің «Айым бекен ай» деп аталатын әнмен екінші бөлімін тамашалауға
шақырамыз.
1 – жүргізуші: Көгере бер, көркейе бер, өсе бер, Өмір жолы еңбекпенен шешілер.
Шыңға шығар шынар болып шынайы,
Кездеспесін ешқашан да кесірлер.
2 – жүргізуші: Барына риза болсын көрермендер
Үйреттік білмегенін.Осымен бұл қызықты тәмамдасақ
Тағы да үйретерміз аман болсақ.
1жүргізуші:
Жылдар – жылдар тарихтың мол беттері,
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі,
Көңіліңді шат сезімге баурайды,
Халқымыздың бүгінгі мен өткені.
(Тарихи тұлғалар, ескі ұғымдар туралы сұрақтарға жауап беру)
Сұрақтар: Асықтар арқылы жауап береді.
1асық. Қазақ халқының тарихында қандай хандар, батырлар, билер, шешендер өткен?
Хандар: Абылай. Әбілхайыр, Тәуке, Жәңгір, т. б.
Батырлар: Сыпатай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Кенесары, Есет, Қайдауыл, Көтібар, т. б.
Шешендер: Жиренше, Бөлтірік, т. б.
Билер: Қаз дауысты Қазыбек, Төле би, Әйтеке би т. б.
2асық. Үш ұғым туралы сұрақтар.
1. Үш жүз: Ұлы, Орта, Кіші.
2. Үш арсыз: ұйқы, тамақ, күлкі.
3. Үш даусыз: мінез, кәрілік, ажал.
3асық. Жеті атаны талдап беру.
Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
4асық. Халқымыздың төрт арысы кімдер?
1. Міржақып Дулатов 2. Шәкәрім Құдайбердіұлы
3. Ахмет Байтұрсынұлы 4. Мағжан Жұмабайұлы.
5асық. Бес асыл мен бес дұшпанды ата.
Бес дұшпан мыналар: Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.
Бес асыл мыналар: Талап, еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау.
6асық. Жұмбақ.
Алыста бір қара түр көресің бе?
Жаны жоқ қимылдауға денесінде.
Сүйегі ішіндегі бақша – бақша,
Бар екен жалғыз көзі төбесінде.
7асық. Ұлттық ойындардың түрлерін атап шық.Ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи, сақина
салу т.б.
8асық. Жұмбақ.
Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,
Теңселіп тербеледі адам соқса.
Шешен тіл сөзге жүйрік болғанымен
Не пайда үндемейді адам жоқта.
Жүргізуші: «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп халқымыз айтпақшы, кешіміздің соңында
біздің қыран жігіттеріміз өздерінің жеті аталарын атап,дастарханымызға бата берсін.
1жүргізуші Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, атааналар! Өздеріңізбен бірге қызықтап,
өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне
тірелер болсақ, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың
жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
2жүргізуші:
Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті.Бұл олардың
ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана.Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа
нұр жаусын дейміз! 6сынып оқушыларының орындауында хор «Қазақ жігіттеріне»
1жүргізуші:
Өркендерің өссін, мейірлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!
Жеңімпаздарды марапаттау.
"Жігіт сұлтаны - 2017!" байқауы
"Жігіт сұлтаны - 2017!" байқауы
"Жігіт сұлтаны - 2017!" байқауы
"Жігіт сұлтаны - 2017!" байқауы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.