Сыныбы: 6 «Ә»
Күні:05.04.2017
Тәрбие сағатының тақырыбы: Зиянды сусындар
Мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтына, толеранттылыққ тәрбиелеу,
Еліміздің болашағы яғни жас ұрпақты зиянды сусындар сияқты қоғамның кері әсер ететін
құбылыстарынан нақты мәліметтер бере отырып, олардан бойын аулақтату.
Көрнекілігі: суреттер
Әдісі: сұрақжауап, жағдаяттар шешу, постер қорғау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
ІІ. Тренинг.
«Өзіңе ұнамды және ұнамсыз қасиеттерің» Тренингтің шарты бойынша оқушылар шеңбер
жасап тұрады, қолын шапалақтап өзінің бір ұнамды қасиетін айтады, кейін бір ұнамсыз
қасиетін айтады.( Мысалы: Арай ашық мінездімін, бірақ жалқаумын. т.с.с)
ІІІ. Суреттер арқылы оқушыларды үш топқа бөлу. Суреттердің ішінде тәтті тағамдар,
гүлдің суреттері, жанжануардың суреті және зиянды заттардың суреттері.
Оқушылар суреттерді таңдау барысында зиянды заттардан алшақтап, оны таңдамауға
тырысады.
Газдалған сусынның денсаулыққа зияны туралы бұған дейін де талай айтылған
болатын. Алайда бұл жолы ғалымдар тиянақты тәжірибе жүргізіп, адамның өмір сүру
ұзақтығын анықтайтын хромосомаларды зерттеуге бел буды. Бұл хромосома аймағын
теломер деп атайды. Оның ұзындығы адамның қалай тез қартайып бара жатқанын
көрсетеді. Сараптама барысында 5000 адамнан қан алынған. Олардың басым көпшілігінің
теломерлері қысқа болып, газдалған сусындарды көп тұтынатындығы анықталды. Газды
сусын тұтынған адамдар мен темекі тартатын адамдардың өмірінің ұзақтығы бірдей деген
болжам бар. Өйткені газды су тек қана ағза клеткаларын қартайтып қоймай, сонымен
қатар жүрек ауруларына, қатерлі ісікке, диабетке шалдықтырады. Сондықтан газдалған
сусындарды тұтынбай, оның орнына қарапайым қара су ішкендеріңіз абзал. Себебі оның
денсаулыққа пайдасы мол. Бүгінгі таңда шырындарға қосылатын химиялық қоспалар мен
мөлшерден тыс қант ағзамызға кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Сол себепті шырынды
өзіміз қолдан жасап немесе сенімді жерден ішкеніміз дұрыс. Ең бастысы тәтті суға
қызығып, өмірімізді өкінішке айналдырып алмайық, достар!
Оқушыларға арналған жаднама
Арнамысыңды биік ұста. Өз тағдырың өз қолыңда!
Өзіңе сен! Өзіне сенген адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.
Денсаулығың мықты болсын, спортпен айналыс.
Сен ел үшін керексің, өйткені сен болашақсың.
Жас жеткіншек, сен өзіңді өзің құметтеуге тиіссің!
Жаман әрекеттерден әрқашанда аулақ бол!
ҮІІІ. Түйін.
Бүгінгі сабақтан алған әсерім. Оқушыларды тыңдау.
Біз зиянды заттарға «ЖОҚ!» деп айтуға қорықпаймыз. (Хормен)
"Зиянды сусындар"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.