Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Сабақ: Математика 2 В бөлім «Сандарды қосу және азайту»
|
|
|||||||
28.11. 2016 |
Мұғалімнің аты-жөні:
|
|||||||
Сынып: 1А |
Қатысқан оқушылар: Қатыспағаны: |
|||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) |
СО1.5.Ондықтан аттау арқылы бір таңбалы сандарды қосу және азайту;
|
|||||||
Сабақ мақсаты |
Ондықтан аттау арқылы бір таңбалы сандарды қосып, азайтады. Сан түзуін қолдана отырып, 20-көлеміндегі сандардың қосындысын және айырмасын жазады.Математикалық терминдерді қолданады. |
|||||||
Жетістік критерийлері:
|
Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді: 20 саны көлемінде тура және кері санай алады; қосу мен азайтуға байланысты өрнектер құра және шығара алады;
|
|||||||
Тілдік мақсаттар
|
Математикалық таңбалар мен сандар атауларын, қосынды мен айырманың компоненттерін пайдаланады. |
|||||||
Құндылықтарды дарыту |
Еңбек және шығармашылық |
|||||||
Пәнаралық байланыстар |
АКТ Дене шынықтыру Дүниетану |
|||||||
Алдыңғы меңгерілген білім: |
100-ге дейін санауды, сандар атауларын, толық ондықтарды біледі, артық/кем, ұзын/қысқа ұғымдарын, жұп және тақ сандарды біледі. |
|||||||
Сабақ барысы |
||||||||
Белгіленген уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Дерек көздер
|
||||||
Сабақтың басы
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: Кел, жаныма тұр, сыныптас. Өз алақаныңды маған аш. Міне, менің қолым бос, Жылуыма жылу қос. /оқушылар бір-бірін қолдарынан ұстап, жылулық сыйлайды/
(Ұ) Санамақ айту «Бармақтар» отбасы санамағын аудиоматериалды қолдану арқылы хомен әндетіа айту.
(Т) Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында ребус шешуді ұсыну. -Балалар, мына суретті жұмбақты шешсек сабақтың тақырыбы шығады. Әр топқа суретті жұмбақ беріледі.Оқушылар топта бірігіп отырып, жұмбақтың шешуін ақылдасып отырып, жауабын айтады.
Сабақтың тақырыбы: Ондықтан аттау арқылы қосу және азайту. -Қалай ойлайсыңдар, бүгін біз нені үйрену керекпіз? /оқушылардың жауаптарын тақтаға жазу/ -Балалар, 10-нан кейінгі толық ондық қайсы? -Ендеше 20-ға дейінгі сандарды есімізге түсіріп, санап шығайық. /балалар 20-ға дейін өсу және кему ретімен санайды, жұп және тақ сандарды атайды/ |
Интерактивті тақтада өлең
Бармақтар отбасы _ Казахская семья пальчиков _ Finger Family in Kazakh
Суретті жұмбақ |
||||||
Сабақтың ортасы
|
(Ұ)10-нан аттау арқылы қосу мен азайтуды қайталау үшін тәжірибелер жүргізу. -Балалар,10-тан аттау арқылы қосу және азайтуды қалай орындау керек екенін есімізге түсіріп алайық. -Біздің сыныпта бүгін неше оқушы бар? -19 оқушы болу үшін не істеу керек?Қосу амалын қолданып, 19 санын шығарып алайық. /Оқушылардың мүмкін болатын жауаптары: 12 қыз +7 ұл; әр топтағы бала санын қосу:4+4+4+4+3; 7 ұлға 12 қызды қосу, ол үшін 7 ұлға 3 қызды қосып, 10-ға дейін толықтырамыз, содан кейін 10 -ға қалған 9 қызды қосамыз/ (Ж) «Өз жұбыңды тап» ойыны -Балалар, қазір біз сендермен ойын ойнаймыз.Бұл ойын барысында сендер өз жұптарыңды табу керексіңдер. Ойынның барысы: Оқушылардың жартысына мысалдар жазылған карточкалар беріледі.Ал қалған жартысына мысалдардың жауабы жазылған карточкалар беріледі.Жұптар бір-бірін іздеп жүріп, табу керек. -Балалар, енді осы карточкалар бойынша екі топқа бөліне қойыңдар.Қалай бөлінесіңдер өздерің біліңдер. /оқушылар екі топқа бөлінеді/ -Балалар, сендер қалай бөліндіңдер?Қандай екі топқа бөліндіңдер? /айырмалар және қосындылар/ -Ендеше қосынды мен айырманың компонеттерін есімізге түсірейік. /оқушылар қосынды мен айырманың компоненттерін атайды/ -Балалар, сандарды қосу және азайту үшін нені қолдануға болады?/сан түзуін, ойыншықтарды, сызғышты, қарындаштарды, бұршақты, есеп таяқшаларын,т.б./ (Ө) Санды түзудің көмегімен амалдарды орындап, қателерді тап.Қате мысалдың жанына «+» белгісін қой.
Сергіту сәті: Алақанды соғайық, Бір отырып, бір-тұрып біз демалып қалайық Иілеміз оңға бір, иілеміз солға бір Шыр айналып тұрамыз Орнымызды табамыз.
(Ө)Дәптермен жұмыс 97-98-беттер бойынша жұмыс жүргізіп, тапсырмаларды орындау. |
Қима сандар мен мысалдар жазылған карточкалар
Қосынды мен айырманың компоненттері жазылған А4 парақтары
Сандар жазылған карточкалар
Сан түзулері мен карточкалар
Жұмыс дәптерлері |
||||||
Сабақтың соңы
|
-Не істедік? -Не түсіндік? Пайыздық көрсеткіштер арқылы өздеріңді бағалаңдар. |
Пайыздық көрсеткіштер |
||||||
Қосымша ақпарат. |
||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Оқушылардың критерийлер бойынша қосынды мен айырмаларды жазып, есептеу дағдыларын бағалаймын. |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
||||||
Қабілеті жоғарылау оқушылар өрнектерді тез құра алады . Қосынды мен айырманың мәндерін еркін есептей алады. |
Пайыздық көрсеткіштер арқылы өздерін бағалау |
· Дене шынықтыру · Сергіту сәті |
||||||
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.