Математика, 5 сынып
Сабақтан тыс іс-шара тақырыбы: 500 кімге бұйырады?
Сабақтың мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Жай бөлшектер» тарауын қайталау.
Көрнекілігі: тапсырмалар, слайдтар.
I-кезең. Сыныпқа «Жай бөлшектер» тарауына байланысты ауызша сұрақтар қойылады. Жылдам, дұрыс жауап берген 5 оқушы таңдалып алынады. Соңынан женімпаз анықталады
500 кімге бұйырады.docx
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер орта мектебі
Садуақасова Құлпынай Мұхамеджанқызыжоғары санатты математика пәнінің
мұғалімі.
Математика, 5 сынып
Сабақтан тыс ісшара тақырыбы: 500 кімге бұйырады?
Сабақтың мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
мақсатында «Жай бөлшектер» тарауын қайталау.
Көрнекілігі: тапсырмалар, слайдтар.
Iкезең. Сыныпқа «Жай бөлшектер» тарауына байланысты ауызша сұрақтар
қойылады. Жылдам, дұрыс жауап берген 5 оқушы таңдалып алынады.
Сұрақтар:
1. Үлес дегеніміз не?
2. Жай бөлшектің бөлімі нені көрсетеді, алымы нені көрсетеді?
3. Бөлшектің негізгі қасиетін тұжырымда?
4. Бөлшекті қысқарту дегеніміз не?
5. Қандай бөлшектер қысқартылмайтын бөлшек деп аталады?
6. Қандай бөлшек дұрыс бөлшек және бұрыс бөлшек, аралас сан
деп аталады?
7. Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге қалай келтіреді?
8. Бөлшектер қалай қосылады?
9. Бөлшек терді қалай азайтады?
10.Бөлшектер қалай көбейтіледі?
11. Қандай сандар өзара кері сандар деп айтылады?
12. Бөлшектерді қалай бөледі?
13. Санның бөлігін қалай табады?
14. Бөлігі бойынша санды қалай табады?
15. Жай бөлшектерді қалай салыстырады?
IIкезең. Тапсырмаларды орындау:
6+2 3
1.4 5
8=¿
2 . 3−2
5 =¿
2
∙6 1
3 . 3
5
4. 2 ÷1 4
5. 3 1
3
÷2=¿
4=¿
5=¿ IIIкезең. 3оқушы ойынға жолдама алады.
Ойынның шарты түсіндіріледі.
Алғашқы 5 сұрақ – 20 теңгеден 100 теңге«3»тік бағаға ие болады.
Келесі 5 сұрақ 30 теңгеден 150 теңге«4»тік бағаға ие болады.
Соңғы 5 сұрақ 50 теңгеден – 250 теңге«5»тік бағаға ие болады.
3жеңілдік:
1. Досына телефон шалу.
2. Залдың көмегі.
3. 50/50
Ойыншы өз еркімен кезкелген қиналған сұрағы кездессе тоұтата
алады да, осы сұраққа дейінгі жауап берген сұрақтар үшін алған
теңгесін алуға болады.
1ші қатысушы оқушы ойынға шақырылады. Ойынға тарту
мақсатында сұрақтар қойылады:
1. Математика пәні саған ұнайды ма?
2. Ойынға қандай мақсатпен келдің?
3. Бүгін саған кім жанкүйер болады?
Досына сұрақ: Ойынға қатысушы досыңа тілегің қандай?
Ойын жалғастырылады. Соңынан ұтқан теңгеге өзіне керек
заттарды «Математика» дүкенінен сатып алу мүмкіншілігін
алады.
Соңынан келген қонақтарға, қатысушыларға алғыс айтылады.
Сұрақтар слайдта.
500 кімге буйырады
500 кімге буйырады
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.