Пәні |
Алгебра 8 сынып |
Мұғалімнің аты-жөні |
|
Оқулық |
А.Е.Әбілқасымова т.б |
Сабақ № , сабақ тақырыбы |
Теңсіздіктер жүйелерін шешу |
Оқу мақсаты (қысқаша) |
8.2.2.11құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен жиынтықтарды шешу |
Оқушының аты-жөні (оқушы толтырады) |
|
Іс-әрекет реті |
Ресурстар (мұғалім толтырады) |
Орындалуы (оқушы толтырады) |
Мағынаны таны |
Видео, интернет-ресурстарға, оқулық беттеріне сілтемелер 1. Теңсіздіктер жүйесіұғымын енгізу. Мұғалім оқушыларға теңсіздіктер жүйесіұғымын түсіндіреді.
Теңсіздіктер жүйесі: • Егер екі немесе одан да көп бірнеше теңсіздіктің ортақ шешімін табу керек болса, онда теңсіздіктер жүйесін шешу керек болғаны. Ал мұндағы берілген теңсіздіктер теңсіздіктер жүйесін құрайды. • Құрамындағы әрбір теңсіздікті тура санды теңсіздікке айналдыратын айнымалының мәндері теңсіздіктер жүйесінің шешімі болып табылады. Яғни, теңсіздіктер жүйесінің шешімі оның құрамындағы теңсіздіктердің шешімдерінің қиылысуы болып табылады. • Теңсіздіктер жүйесі фигуралы жақшаның көмегімен жазылады. • Теңсіздіктер жүйесінің шешімін табу үшін: 1) әрбір теңсіздікті бөлек шешу керек; 2) табылған шешімдердің қиылысуын табу керек Мұғалім оқушыларға жиындар теориясынан жиынның қиылысуын Эйлер-Венн диаграммасы арқылы көрсетеді. Слайд арқылы |
+ белгісімен танысқан ресурстарыңды белгіле |
Жауап бер |
Жаңа тақырып бойынша мұғалімнің сұрақтары - Квадрат теңсіздіктердің түбірлерін дұрыс таба аласың ба?; - Квадрат теңсіздікті қанағаттандыратын шешімді дұрыс табасың ба?; - Сан аралықтарын дұрыс қиылыстыра аласың ба?; Теңсіздіктер жүйесі жауабын дұрыс жазасың ба?
|
|
Орында |
Оқулықтағы тапсырмалар мен интербелсенді тесттердің сілтемелері №№№ |
|
Рефлексия |
Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады: • Бүгін мен білдім … • Маған қызықты болды … • Маған қиын болды … • Мен ... тапсырмаларын орындадым. Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.
|
+ немесе – белгілерін қой |
Мен енді ... білемін (бағалау критерийлеріне сәйкес) |
|
Мұғалімнен кері байланыс (ауызша кері байланыс немесе жазбаша ұсыныс) |
|
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.