9 сынып_Зертханалық жұмыс_3_Сабақ жоспары

  • docx
  • 01.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 9 сынып_Зертханалық жұмыс_3_Сабақ жоспары.docx

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

«Тербелістермен толқындар»

 

Мектеп:

Күні:

 

Мұғалімнің аты-жөні:   

Сынып:9

 

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№ 3-зертханалық жұмыс. "Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.5.8 математикалық маятник периодының формуласынан еркін түсу үдеуін анықтау;

9.2.5.9 период квадратының маятник ұзындығына тәуелділік графигін тұрғызу және талдау;

9.1.3.1 алған нәтижені түсіндіру және қорытынды жасау

Сабақ

мақсаттары

Оқушылардың барлығы:Тербелмелі қозғалысты біледі және түсінеді;

Көптеген оқушылар:математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін тәжірибе жүзінде анықтайды. Барлық есептеулерді жүргізіп, қателіктердде анықтайды және қорытынды жасайды.

Кейбіреуі: Зертханалық жұмысты жақсарту жолдарын ұсынады

Бағалау критерийері

Білу және түсіну:

Зертханалық жұмысты қалай орындау керектігін біледі және түсінеді.

Қолдану: Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласынан еркін түсу үдеуінің формуласын қорытады. Есептеулерді дұрыс жүргізеді.

Зерттеу дағдылары және талдау:

Зерттеу тәжірибелерін жүргізе алады, зертханалық жұмыста алынған/есептелген мәндер мен еркін түсу үдеуінің нақты мәнін салыстырады, егер алған мәндері өте жуық болып шықса, немесе нақты мән мен есептелген мәннің арасында алшақтық бар болса, неліктен олай болғандығына талдау жасайды.

Тәжірибе жасау арқылы мәліметтер алады: қозғалыс және уақыт мәндері

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

тербеліс,ығысу,амплитуда,тербеліс периоды, тербеліс жиілігі,циклдік жиілік, фаза

Тербелмелі  қозғалыс

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Ығысу

Смещение

displacement

 Тербелмелі қозғалыс

Колебательное движение

Oscillation / oscillatory motion

Қарапайым гармониялық тербелмелі қозғалыс

Простые гармонические колебания

Simple harmonic motion (SHM)

Өшетін тербелістер

Затухающие колебания

dampedoscillations

Өшпейтін тербелістер

Незатухающие колебания

continuousoscillations

Математикалық маятник

Математический маятник

Simple pendulum

Серіппелі маятник

Пружинный маятник

Springpendulum

Физикалық маятник

Физический маятник

Compound pendulum

Тербелетін дене координатасы

Координата колеблющегося тела

Coordinate ofthe oscillating body

Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалар

Величины, характеризующие колебательное движение

The quantitiescharacterizing theoscillatory motion

әткеншек

качели

swing

Тербеліс периоды

Период колебаний

periodofoscillation

Тербеліс жиілігі

Частота колебаний

oscillationfrequency

Циклдік  жиілігі

Циклическая  частота колебаний

Angularfrequencyofoscillation

Меншікті  циклдік жиілігі

Собственная циклическая  частота колебаний

Encyclicoscillationfrequency

Тербеліс фазасы

Фаза колебаний

oscillationphase

Тербеліс амплитуласы

Амплитуда колебаний

amplitudeofoscillation

Тепе-теңдік қалпы

Состояние равновесия

stateofequilibrium

Құндылықтарды

дарыту

Сабақ бойында оқушыларда қалыптасады бір-бірін сыйлау, ашықтық,мектеп мүлкін құрметтеу және бірігіп жұмыс жасай алу.

Пәнаралық

байланыстар

Математика пәнімен байланыс есептер және формулалар қорытып шығару.

АКТ қолдану дағдылары

http://bilimland.kz/kk/home#lesson=10822  - сайтпен жұмыс істеу арқылы ИКТ дағдыларының жетілдірілуі

Бастапқы білім

 

9 сынып физика курсынан – күштер және шеңбер бойымен қозғалыс тақырыптары.

 

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

 

Ресурстар

 

1-2

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Сабақ мақсатын анықтау.

 

3-7

 

 

Оқушыларды жұптарға бөліп, жұптарға зертхана құралдарын таратып беру, техника қауіпсіздігінің ережелерімен таныстыру.

Зертханалық жұмысты орындауды бастамастан бұрын өткен материалды еске түсіріп, теорияны қайталау мақсатында оұушыларға сұрақтар қойып, әр сұраққа оқушылар нақты жауап берулері тиіс.

Сұрақтар:

1.      Математикалық маятниктің формуласы қалай жазылады?

2.      Математикалық маятникті қайда қолданады? (Геологияда, кен іздеуде. Еркін түсу үдеуінің мәні кестелік мәнінен үлкен болған жерлердде ферромагниттік қазбалы байлықтар немесе темір рудасының кені болуы мүмкін)

3.      Математикалық маятниктің периоды қандай шамаларға тәуелді? (маятниктің қзындығы / жіптің ұзындығы мен еркін түсу үдеуіне)

4.      Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласынан еркін түсу үдеуінің формуласын қорытып шығарыңыздар (осы және қалған сұрақтардың жауабы төмендегі теориялық мәліметтердің ішінде)

5.      Абсолют қателікті қалай анықтайды?

6.      Салыстырмалы қателікті қалай анықтайды?

7.      Зертханалық жұмысты орындап болған соң қорытындыны қалай жазады, қорытынды жазу үшін неменеге сүйену керек, нені негізге алу керек? (презентацияда қорытынды жазудың 1-2 нұсқа үлгілері келтірілді)

Техника қауіпсіздігінің ережелерінен осы жұмысқа қажетті  үзінді

8- 35

 

Зертханалық жұмыс: «Математикалық маятниктің көмегімен дененің еркін түсу үдеуін анықтау»

Мақсаты: Математикалық маятниктің қасиеттерін зерттей отырып дененің еркін түсу үдеуінтәжірибе жүзінде анықтау.

 

 

Теориялық бөлім

Математикалық маятник тербеліс периодының формуласын қорытып шығарайық.

 

Есепті жеңілдету үшін маятникті бір жазықтықта тербелтпей, жүк шеңбер бойымен қозғалатындай етіп, оны конус сызуға мәжбүр етеміз (конустық маятник).

Маятниктің   айналу            периоды         оның   тербеліс периодынатең           болады.  Тайн.=Ттер=Т.

Конустық маятниктің айналу периоды шеңбер бойымен қозғалыстың жылдамдығының формуласынан алынады:

Ал маятник вертикаль күйінен шамалы ғана (аз бұрышқа) ауытқитын болса, амплитуда аз болғанда, қорытқы күш шеңбердің ВС радиусы бойымен бағытталады деп есептеуге болады. Бұл жағдайда қорытқы күш центрге тартқыш күшке тең ():

ОВС және ВDE үшбұрыштарының ұқсастығынан: ВЕ:ВD = СВ:ОС немесе Ғ:mg = R:l, бұдан

Ғ күшінің осы екі өрнегін теңестіре отырып алатынымыз:

Осыны Т периодтың өрнегіне қойып, мынаны аламыз:

 

 

Математикалық маятниктің периоды түбір астындағы еркін түсу үдеуіне кері пропорционал. Осы жерден еркін түсу үдеуін есептейтін формуланы қорытып шығарамыз:

 

Гипотеза/ болжам: (бұл пункт міндетті емес) Егер жіптің үйкеліс күшін және ауаның кедергі күштерін ескермесек, математикалық маятниктің көмегімен анықталатын еркін түсу үдеуінің мәні 9.8м/с2 -қа тең немесе жуық болуы мүмкін.

Жұмыс барысы:

1.Тұрғыны парта шетіне орнатып, оған металл шар ілінген жіпті еденнен 3-5см жоғары тұратындай ілу

2.Маятникті тепе-теңдік күйінен 5-8см-ге ауытқытып, тербелтіп жіберу

3. Жіптің ұзындығын алдын-ала өлшеу. Маятниктің толық 40 тербеліс жасауға кеткен уақытты өлшеу.

4.Тәжірибені қайталап, уақыттың орташа мәнін алу. Сол уақыттың орташа мәні бойынша орташа периодты есептеу:  Торт=tорт/N  

5. формуласы бойынша еркін түсу үдеуінің орташа мәнін есептеу.                                             

6.Барлық өлшеулерді кестеге енгізіп, қателікті анықтап, қорытындылау.

 

N

t,с

tорт

Tорт, с

gорт, м/с2

1

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

Қателіктердіанықтау:

 

Абсолюттіқателік:

 

 

Салыстырмалықателік:

 

Қорытынды жазу.

Зертханалық жұмысты орындауға қажетті құрал-жабдықтар: қысқышы мен сақинасы бар тұрғы, жіп, сызғыш немесе өлшеуіш лента, секунд өлшегіш, металл шар, магнит.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

36-38

Зертханалық жұмысты қорытындылау:

Оқушылар зертханалық жұмысты орындап болып, қорытындыларын жасайды. Әр жұптан 1 сөйлемнен тыңдап, барлық қорытындылардан жалпы бір қорытынды жасау.

Презентациямен мұғалім ұсынған қорытындыны көрсетуге де болады.

39-40

Рефлексия. Бағалау.

Төмендегі сөздермен бастап, 1-2 сөйлеммен өз іс-әрекеттеріңді  бағалаңдар.

Кестеде 1 ғана бағанды толтырыңдар (таңдау бойынша)

 

1

2

3

Мен бүгін үйрендім….

Маған қызықты болды  (немесе жоқ), себебі …

Жұмыс уақытында қиындықтар болды, себебі…

 

Үй жұмысы: Өткен материалды қайталап оқу. Кейбір математикадан қателесіп отырған оқушыларға формуладан формуланы қорытып шығаруды үйренуге көптеген тапсырмалар беру.

Кесте жазылған таратпа парақшалар

Жалпы баға

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

 

Сабақты жақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңілбөлуқажет?

 


 

Скачано с www.znanio.ru