" Әдемі қыз көзіне жақын, әдепті қыз көңіліне жақын"
Оценка 4.8

" Әдемі қыз көзіне жақын, әдепті қыз көңіліне жақын"

Оценка 4.8
Документация
docx
воспитательная работа +1
Взрослым
15.04.2019
" Әдемі қыз көзіне жақын, әдепті қыз көңіліне жақын"
Мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым-қатынасқа тәрбиеленген қыздар ертең еңбек еткенде жақсы жақтарымен көпшілік құрметіне бөленері сөзсіз. Қыздардың бірі жаңа буырқанған бұлақтың бастауы болса, екіншілері ағысы қатты арналы өзен сияқты,бірі момын да жуас, енді бірі өткір де өжет. Бастауыш сыныптағы қыз бала ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және достарын сыйлауға, мектепте өзін-өзі ұстауға тәрбиеленсе, 5-8 сыныптар аралығындағы қыз балалар тәрбиесі алғашқы кезеңдегі тәрбиені жалғастырады. Қыздардың мінез тұрақтылығын қалыптастыра отырып, инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен мәдениеттілікке тәрбиелеу қажеттілігі тууда. 9-11 сыныптар арасындағы қыз баланы қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты, таза махаббатты түсінуге тәрбиелеу. Өнерге, мәдениетке, өткен тарихқа, отаншылдыққа өз көзқарастарын тәрбиелей отырып, отбасының алтын арқауы, негізі болуға үйрету. Мейіріділік пен қамқорлық қасиеттерін, ізгіліктерін қалыптастыру. Қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғаны олардың санасына жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеуіміз керек.
әдемі қыз көзіне жақын, әдепті қыз.docx
Тақырыбы: «Әдемі қыз – көзіңе жақын, әдепті қыз – көңіліңе жақын» «Тек қана ата­аналармен бірге жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында  мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.»  В.А.Сухомлинский. Мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым­қатынасқа тәрбиеленген  қыздар ертең еңбек еткенде жақсы жақтарымен көпшілік құрметіне бөленері  сөзсіз. Қыздардың бірі жаңа буырқанған бұлақтың бастауы болса, екіншілері  ағысы қатты арналы өзен сияқты,бірі момын да жуас, енді бірі өткір де өжет. Бастауыш сыныптағы қыз бала ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және достарын  сыйлауға, мектепте өзін­өзі ұстауға тәрбиеленсе, 5­8 сыныптар аралығындағы  қыз балалар тәрбиесі алғашқы кезеңдегі тәрбиені жалғастырады. Қыздардың  мінез тұрақтылығын қалыптастыра отырып, инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен  мәдениеттілікке тәрбиелеу қажеттілігі тууда. 9­11 сыныптар арасындағы қыз  баланы қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты, таза  махаббатты түсінуге тәрбиелеу. Өнерге, мәдениетке, өткен тарихқа,  отаншылдыққа өз көзқарастарын тәрбиелей отырып, отбасының алтын арқауы,  негізі болуға үйрету. Мейіріділік пен қамқорлық қасиеттерін, ізгіліктерін  қалыптастыру. Қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс­тіршілігі  барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғаны олардың санасына жасынан  құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып,  білікті, білімді, жан­жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеуіміз керек. Қыздар ережесі Қысқаша амандасу рәсімін орындау; Орынсыз еліктеп, әлем­жәлем киініп ерсіленбеу; Әдепсіздік пен азғындық жолға түспеу; Ойлы, ұстамдылық жолмен лайықты жар таңдау, алданбау; Спиртті ішімдіктер ішуден, темекі тартудан аулақ болу; Әйел адамға тән өнер түрлерінің барлығын, үй шаруасын меңгеруді  үйрену; Ұлдар мен ер азаматтар тәртібіне қыздар әдептілігінің зор ықпалы бар  екенін дұрыс түсіну; Үлкендердің алдын орғытып жолын кеспеу; Өтірік, өсек айтпау; Қыз бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ. Әрбір қалыңдық – болашақ ана. Ол өз өмірінің жалғасын, ертеңгі елді құрайтын  және соған ие болатын ұрпақты өмірге әкеледі. Қыз баланың өзінің сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы, салғырт қарауы да келіспейді. Бұл оның тәрбиесінің  жетімсіздігін, мәдениетінің төмендігін көрсетеді. Қазақ халқының әдет­ғұрып, салт­дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре  отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт –  берекесі екенін ұғындырып, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа,           мейіріділікке, төзімділікке, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары  ұстайтын қылықты қыз тәрбиелесек, онда нұр үстіне нұр болар еді. Біз ата­ананы пір тұтқан, тегімізді атадан, тілімізді анадан үйренген халықпыз.  «Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас», «Қыз ақылды  ескермес – ана үлгісін көрмесе, ұл жарылқап ас бермес – әке үлгісін көрмесе».  «Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз»деген қанатты сөздің өзі қыз бала  тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді. «Қызым үйде, қылығы түзде»  дейді екен бұрынғылар. Қыз баланың бойына асыл қасиеттерді дарыту тек  құлаққа құюмен, ақыл айтумен, не болмаса «Қызды қырық үйден тыюмен»  шектелмейді, мәселе қай кезде, қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып, үлгі­ өнеге көрсетуде. Ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойға сіңеді.  Қатты күлмеу, айқайлап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, ыдыс­аяқты  салдырлатпау, есікті теуіп ашпау, босағаны кермеу, ұсынған кесені төмен қарап  беру, үлкендерден жоғары отырмау тәрізді, тіпті қыз баланың отырысына,  жүрісіне, аяқ басқанына, киім киісіне, қимыл қозғалысына, дауыс ырғағына дейін мән берудің өзі қыз бала тәрбиесіне аса зор мән беріп, көңіл қоюдың  жауапкершілігін сездіреді. Қыз – ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз  келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы  үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді. «Ұлдың ұяты әкеге, қыздың  ұяты шешеге» деп қараған халқымызда ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер  өз қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеу әжелер мен аналардың ісі болып  саналған. Қыз баланың тәрбиесі ата –анаға да үлкен сын еді. Жүн түту, жіп иіру,  кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есу, көрпе көктеу т.б  өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып – ақ үйреткен. Осылай еңбекке  баулу арқылы отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін дамытып,  психологиялық жағынан даярлай бастаған.

" Әдемі қыз көзіне жақын, әдепті қыз көңіліне жақын"

" Әдемі қыз көзіне жақын, әдепті қыз көңіліне жақын"

" Әдемі қыз көзіне жақын, әдепті қыз көңіліне жақын"

" Әдемі қыз көзіне жақын, әдепті қыз көңіліне жақын"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.04.2019