Абылайдың шын аты Әбілмансұр. Жошы ханнан тарайтын белгілі тұлғалардың шаңырағында 1711жылы дүниеге келген. Әкесі – Уәли. Он бір жасында әкесінен айрылады. Үйсін Төле бидің түйесін бағып жүріп Сабалақ деген ат алады.
1729 жылы жоңғарлармен болған шайқаста Сабалақтың аты шығып, алғаш көзге түседі. Бұл ұрыста 18 жасар Әбілмансұр қалмақтың батыры Шарышты жекпе-жекте жеңіп шығады. Қалмақтың қалың қолына «Абылайлап» ұрандап қарсы шабады. Қалмақтың қас батырын жеңген Әбілмансұрдың аты кең байтақ қазақ даласына тарап «Абылай» атанады.
Абылай хан Қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты, мықты да біртұтас мемлекетке айналдырды. Абылай хан билік құрған кезеңде мемлекет шекарасы одан әрі кеңейді. Қазақ халқының мерейі тасып, рухы көтерілді.Абылай сұлтанның ықпалы арта бастады.
1740 жылы Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан Ресейдің қоластына бодандыққа өткендігі жайлы грамотаға қол қойды. 1741-1742 жылдары Жлңғаар әскерлері Орта жүз бен Кіші жүз жеріне басып кіреді. 1746 жылға жейін Жоңғарияға тәуелді болады. Халықтан әр үй бас сайын алым-салық алып тұрған. 1746 жылы Жоңғарияда өкімет билігі үшін шиеленіскен күрес жүріп жатады. 1755 жылы башқұрттардың патша өкіметіне қарсы күресінде Абылай хан көмек көрсеткен. 1757 жылы Абылай қытай императорының қол астына өтеді. 1758 жылы Цин империясы Жаңғорияны талқандайды. Жаулап алынған территорияларға қытай бекіністерін салады. Патша өкіметі тарапынан Ертіс маңайында көшіп-қонуға шектеу жасайды. 1762 жылы Абылай хан патша үкіметіне екінші рет ант береді. 1771-1781 жылдары Абылай хан Түркістанда бүкіл Қазақ Ордасының ханы ретінде ақ киізге отырып, ресми түрде таққа отырады. 1781 жылы Абылай хан Түркістанда қайтыс болады. Оның денесі қасиетті Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде жерленген. Абылай хан қайтыс болғаннан кейін жүз жеке-жеке иеліктерге бөлініп кетеді. Абылайдың ұлы Уәлиді 1781 жылы хан етіп сайлайды.
Кейбір деректерге сүйенсек Абылай жоңғарлардан босаған соң Орта жүзге барып, Әбілмәмбет хан мен Барақ сұлтанның және ел ағаларының Жоңғар қалмақтарымен, Қалдан Серенмен арасындағы байланыстары жөнінде барлау жүргізіп қайтқан башқұрт Төкен Балтасевтің 1743 жылы 22 қыркүйектегі мәліметтерінде: “Жоңғар билушісі Қалдан Серен өз атынан Әбілмәмбет хан мен Барақ сұлтанға елші жіберіп, өзінде аманатта қалып отырған Әбілмәмбет ұлының орнына Барақ сұлтанның ұлын жіберуді талап етеді. Бұл жөнінде Әбілмәмбет хан мен Барақ сұлтан Қазыбек би және де басқа ел ағаларымен ақылдасқан. Бұдан бір ай өткен соң Абылай қасындағы басқа адамдармен Жоңғар тұтқынынан босап келген. Онымен бірге қалмақ елшілері де еріп келген. Сонымен Абылай сұлтан қайтып келгеннен кейін қазақтар жағы кеңес қылып, келесі көктемде Барақтың ұлы Шығай сұлтанды Қалдан Серенге апарып беріп, Әбілмәмбеттің ұлына айырбастайды. Қалдан Серенге сыйлық ретінде ақ қаршыға мен құмай тазы апарады. Абылай сұлтанды босатқан кезде Қалдан Серен Абылайдың өзіне: Әбілмәмбеттің ұлын аманатқа бере отырып, ал Барақ сұлтанның ұлын аманатқа берсеңдер, өз бодандықтарыңды бекіте түсесіңдер деген. Бұған қоса Қалдан Серен оларға “қазақ арасында өзін Шона батырмын деп жалған атпен жүрген Қарасақалды да бересіңдер” деген. Абылай мен Әбілмәмбеттің ұлын алып келген Малайсары бұл ұсынысты да қабыл алған, сонан соң қалмақ ханы оларды босатқан.Қалдан Сереннің Абылайды босатуының басты себебі Қазақ хандығын Ресейдің құрамына қостырмай оны өз жағына тартып жоңғарлар мен қазақтар арасында сенім қатынастарын орнатып қазақтардың жерін өз жеріне қосып алу еді.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.