Access-те кесте аралык байланыстар аркылы маліметтер корын куру
Оценка 4.9
Разработки уроков
doc
информатика
Взрослым
05.02.2017
"Access-те кесте аралық байланыстар арқылы мәліметтер қорын құру" тақырыбындағы ашық сабақтың әдістемелік жоспары. Бұнда кесте құру, олардың арасында алаңдар арқылы байланыс орнатып, мәліметтер қорына айналдыруға дейінгі мәліметтің барлығы жарияланған. Сабақ өте жоғары дәрежеде өтті! Көшіріп пайдаланып жатсаңыздар көп Рахмет! Сәттілік Сіздерге де!"Access-те кесте аралық байланыстар арқылы мәліметтер қорын құру" тақырыбындағы ашық сабақтың әдістемелік жоспары. Бұнда кесте құру, олардың арасында алаңдар арқылы байланыс орнатып, мәліметтер қорына айналдыруға дейінгі мәліметтің барлығы жарияланған. Сабақ өте жоғары дәрежеде өтті! Көшіріп пайдаланып жатсаңыздар көп Рахмет! Сәттілік Сіздерге де!
Access-те кесте аралык байланыстар аркылы мәліметтер корын куру.doc
Астана қаласы Білім басқармасы
М.Тынышпаев атындағы КазККА Ақмола колледжі
Келісілді Бекітемін
Әдістемелік кабинет меңгерушісі директордың оқуісі жөніндегі
С.Р.Абдрахманова орынбасары А.Ж.Ахметжанова
______________________ ______________________
«____»__________ 201_ж. «____»__________ 201_ж.
Ашық сабақтың әдістемелік жоспары
Пәні: Информатика және есептеу техника негіздері
Тақырыбы: Accessте кесте аралық байланыстар арқылы мәліметтер қорын құру
Тобы:
Дайындаған: Тайтолеуова А.А.
»
«Жалпы кәсіптік пәндер
пәндік циклдық әдістемелік
комиссиясында құпталды
ПЦӘК төрайымы Сәнкібаева А.Ж.
_________________
Әдіскер Шакирова Э.А.
_________________ Астана қ.
Пән аты: Информатика және есептеу техника негіздері
Сабықтың тақырыбы: Accessте кесте аралық байланыс құру арқылы мәліметтер қорын құру
Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ;
Сабақтың мақсаты: студенттерді мәліметтердің көпкестелі құрылымымен тыныстыру, кесте аралық
байланыс құру және сұраныстар жасау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Access мәліметтер қорына жазбаларды енгізу, кесте құру, оларды байланыстыру және сұраныс
жасау бойынша алған білімдерін бекіту;
Ақпараттық технологияларды қолдану қабілеттіліктерін дамыту;
Өздігінен іздену қабілеттілігін дамыту;
Берілген тапсырманы орындау бойынша жеке жауапкершілікті тәрбиелеу;
Теориялық білімдерін болашақ мамандықтары бойынша жұмыс орындарында, тәжірибеде
қолдану қабілеттіліктерін қалыптасыру.
Сабақтың логикалыққұрылымдық кестесі:
2 минут
Ұйымдстыру кезеңі;
10 минут
10 минут
3 минут
Студенттердің білімдерін
өзекетендіру, өткен сабақта берілген
тапсырманы тексеру;
10 минут
Жаңа тақырыпты
зерделеу;
Жаңа сабақты пысықтау;
Қатемен жұмыс істеу;
Сабақты
қорытындылау;
5 минут
2 минут
Үй тапсырмасын
беру Бағалау
3 минут
Барлығы
45 минут
Сабақтың жоспары:
1. Үй тапсырмасын тексеру;
2. Жаңы тақырып түсіндіру;
3. Тәжірибелік жұмыс орындау;
4. Қатемен жұмыс істеу.
Пән аралық байланыс:
технологиясы, ДК операциондық жүйесі және бағдарламалық қамтамасыздандырылуы, математика.
Көрнекі құралдар: проектор, экран, дербес компьютерлер, слайдтар, үлестірме қағаздар,
электрондық оқулық.
информатика, бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастыру
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру кезеңі (2мин.)
Студенттермен амандасу. Студенттерді түгендеу, екі топқа бөліп отырғызу және бүгінгі сабақтың
барысымен таныстыру. Екі топтың бірі бірыңғай қыздардан, екіншісі ұлдардан құралады. Әр топтың
өзінің капитаны, топ атауы және белгісі болады.
ІІ. Студенттердің білімдерін өзектілендіру, өткен сабақта берілген тапсырманы тексеру
(10мин)
Тексеру әдістері:
І. «Ия ма, жоқ па?» компьютерді құрастыру бойынша блиц – сұрастыру ойыны.
Ойынның шарты: Топтың дайындығын жалпы тексеру үшін Сіздердің алдарыңызға
«Компьютерді құрастыр!!!» ойыны беріледі. Мұнда тақтада көрсетілген компьютердің негізгі және
қосымша құрылғыларын жинастыру керек, белгілібір құралды таңдай отырып, оның астына
жасырынған сұраққа жауап беру арқылы алуға мүмкіндіктеріңіз бар. Егер екі команданың бірінде
қандай да бір құрылғы жеткіліксіз болса, бірбірінен ұпайға айрбастауға болады. Айырбастаудың
ұпаймен есептелетін құнын командалар өз ара келіседі. Алынғын әрбір құрылғы үшін топқа 1 ұпайдан
беріледі. Онда бастайық, қай топтың компьютері мықты болатынын байқайық?
1. Access MS Office пакетіне кіретін бағдарлама екендігіне сенсіз бе?
Жауап: Ия, Access бұл мәліметтер қорын құруға арналған MS Office пакетінің бағдарламасы.
2. Мәліметтер қорының ең негізгі объектісі форма болып табылатындығына сенесіз бе?
Жауап: Жоқ, мәліметтер қорының негізгі элементі кесте болып табылады.
Барлығы 45 минут 3. Мәліметтер қоры кесте, форма, сұраныс, есеп беру, шебер және конструктор сияқты
объектілерден тұратынына сенесіз бе?
Жауап: Жоқ, мұндағы кесте, форма, сұраныс, есеп беру ғана мәліметтер қорының объектілері. Ал
шебер мен конструктор осы объектілерді құру әдістері болып табылады.
4. Кесте сұраныс арқылы құрылатынына сенесіз бе?
Жауап: Жоқ, кесте мәліметтер қорының ең басты объектісі болғандықтан сұраныс кесте арқылы
құрылады.
5. Қолданушының талаптарына сәйкес деректерді шығаратын объект сұраныс екендігіне
сенесіз бе?
Жауап: Ия, сұраныс жасау арқылы қолданушы өзіне керекті ақпаратты ала алады.
6. Access бағдарламасымен мәліметтер қорын құру үшін MS Office пакетін орнату керек
дегенге сенесіз бе?
Жауап: Ия, себебі Access бұл мәліметтер қорын құруға арналған MS Office пакетінің бағдарламасы.
7. Access бағдарламасын ашудың бір ғана әдісі бар дегенге сенесіз бе?
Жауап: Жоқ, ашудың екі әдісі бар, бірі басты мәзір арқылы, екіншісі контекстік мәзір арқылы.
8. Access бағдарламасында кез келген объектіні құру үшін «Мәліметтер қорымен жұмыс
істеу» командасы қолданылатынына сенесіз бе?
Жауап: Жоқ, кез келген объектіні құру «Құру» менюі арқылы орындалады.
9. Егер мәліметтер қорына енгізілетін мәлімет ақша мөлшері түрінде болса ол сандық
типті болатынына сенесіз бе?
Жауап: Жоқ, ақша мөлшері енгізілсе, қаржылық типі беріледі.
10. Форма арқылы кестеге мәлімет енгізу кезінде кесте ашық тұрса, енгізілген мәлімет
кестеде болады дегенге сенесіз бе?
Жауап: Жоқ, кесте міндетті түрде жабық тұруы керек. Онда мәлімет біріншіден сақталады, одан
кейін бізге көрсетіледі.
11. Мәтіндік типті алаң 225 символды ғана қабылдай алады дегенге сенесіз бе?
Жауап. Ия, себебі 225 символдан артық мәліметті енгізу үшін МЕМО типі қолданылады.
12. Логикалық тип екі мәліметтің бірін ғана қылдайды дегенге сенесіз бе?
Жауап: Ия, жалған немесе ақиқат мәндерін.
ІІ. «Асықпай тездет» сынақ ойыны. Топтың дайындығын жекелеп тексеру үшін
Сіздердің алдарыңызға әрбіреулеріңізге бес түрлі жауабы бар бес сұрақтан беріледі. Қай топ
қағаздарын бірінші болып жинаса, сол топтың еншісіне 2 ұпай қосылады.
ІІІ. «Accessте кесте аралық байланыс құру арқылы мәліметтер қорын құру»
жаңа тақырыбын зерделеу
(жаңа тақырыпқа байланысты презентациямен бірге)
(10мин)
Access – те қалыпқа келтірілген жаңа реляциялық мәліметтер қорын құру жобалау нәтижесінде
алынған оның құрылымына байланысты орындалады. Реляциялық мәліметтер қорының құрылымы
кесте құрамы мен олардың өзара әрекеттесулерімен анықталады.
Екі кестенің арасындағы байланыс – байланыс орнатылғалы тұрған кесте алаңдарының
құрамындағы байланыс кілттері арқылы орындалады.
Мәліметтер қоры қалай құрылады? (сұрақ студенттерге қойылады)
Кестенің құрылымын жасаудан басталады
Алаңдардың құрамы анықталады және олардың сипаты беріледі;
Жазбалар кестеге енгізіледі.
Бүгін осы тақырып бойынша Сіз бен Біздер
Access бағдарламасының көмегімен өзара байланысты кестелер үшін мәліметтер схемасының
қалай анықталатынын және құрылатынын, кестелер арасында байланыстар қалай
орнатылатынын білетін боламыз. Қолданушы мәліметтер қорымен жұмыс істеуді ондағы кестелердің саны қанша болған
жағдайында да бастай алды немесе жоқ болса да. Мәліметтер қоры сатылап құрастырыла
алады және кез келген уақытта оны жаңа кестелермен толықтырып, олардың арасында
байланыс орната алады.
Реляциялық мәліметтер қорындағы әрбір кестенің уникалды (алғашқы) кілті болады, ал ол
кестедегі әрбір жазбаны анықтайды. Бұл керекті жазбаны тез тауып алуға және әр түрлі кестелерде
орналасқан мәліметтерді байланыстыруға мүмкіндік береді.
Алғашқы кілт ретінде Счетчик мәліметттер типті алаң беріле алады. Бұл жағдайда кестеге әр бір
жаңа жазба енгізген сайын осы алаңға автоматты түрде тізбекті түрде артатын (1 бірлікке) уникалды
бүтін сандар немесе кездейсоқ сандар енгізіледі. Осындай типті алаңды көрсетіп, оған алғашқы кілт
беру ең қарапайым әдіс болып табылады. Осындай алаңдардағы мәндерді өзгертуге немесе жоюға
болмайды.
Егер алғашқы кілт жаңа құрылған кестені сақтауға дейін берілмесе, онда Access алғашқы кілтті
құру қажеттілігі туралы сұрайды. Егер жауап «оң» болса, Access алғашқы кілтті Счетчик мәліметтер
типімен береді.
Көп жағдайда бүкіл мәліметтер қорын бір кестеде сақтау қолайсыз болатын жағдайлар
туындайды. «Бір өлеңді бірнеше әнші айта алады» дегендей, жадыны экономдау мақсатында, қажетсіз
ақпараттан тез құтыла алу мақсатында кесте аралық байланыстар қолданылады. Мысалы: «Әндер»
және «Әнші» деген кестелерді алайық. «Әндер» кестесін әндер атаулары, сөзі, әні, шыққан жылы деп
толтырайық. Ал «Әнші» кестесін тек қана бір алаң әнді айтушы әнші алаңына ғана толтырайық.
Енді Мәліметтер қорымен жұмыс істеу – Мәліметтер схемасы командасын орындаймыз.
Ашылған сұхбат терезеде араларына байланыс орнату қажетті кестелерді таңдаймыз. Орнатылған
кестелердің біреуінің алаңын екіншісіне ТСБ басып тұрып апарамыз. Мәліметтер схемасы терезесінде
байланыстың орнатылғанын көруге болады.
Енді осы мәліметтер қорынан 1983 жылы жазылған әндерге сұраныс жасайық. Ол үшін сұраныс
жасаудың екі әдісі бар: Құру меню жолынан
1 әдіс – сұрынысты шебердің көмегімен жасау;
2 әдіс – сұранысты конструктордың көмегімен жасау.
Сұранысты бірінші рет құрып тұрғандықтан шебердің
көмегіне жүгінген дұрыс.
Ашылған
сұхбат
терезесінен
сұраныстың
түрін таңдаймыз. Мысалы
қарапайым сұраныс.
ОК
басамыз. Келесі терезеден Кестелер атауларын және ондағы алаңдардың атауларын көрсетеміз. Сол жақ
баған бойынша тұрған алаң атауларының керектілерін оң жақ бағанға көшіреміз.
Сұранысты
жасау мақсатында,
өзгертуді таңдаймыз.
жекелеп
келесі
берілген бір шарт бойынша
терезеден Сұраныс макетін
Дайын батырмасын басамыз.
Шыққан терезеде кестелер арасында байланыс бар екендігін және сұраныс осы кестелер
арқылы жасалып жатқандығын көруімізге болады. Енді жоғарғыда айтып кеткендей 1983 жылы
шыққан әндер бойынша мәліметтер алайық. Ол үшін: кестедегі «Таңдау шарты» және «Шыққан жылы»
деген алаңдардың қиылысында орналасқан ұяшыққа «1983» деп жазып. Құралдар тақтасында
орналасқан «Орындау» батырмасын басамыз.
Шыққан сұраныс мынадай
Бүгінгі сабақ бойынша осы, түсінбегендеріңіз болса сұраңыздар. Студенттердің тарапынан
сұрақтар болса жауап беру. Енді бүгінгі сабақта алған білімдеріңізді бекіту үшін әдеттегідей
тәжірибелік жұмыс орындаймыз. Ары қарай тәжірибелік жұмысты орындау бойынша түсіндіру. IV. Жаңа сабақты пысықтау (10мин)
Жұмыс түрлері:
1. Сабақты бекіту мақсатында тәжірибелік жұмыс орындау;
Әр командаға тәжірибелік жұмысты орындау бойынша жекелеп нұсқау қағаздары таратылады.
Онда бүгінгі тақырып және тәжірибелік жұмысты орындау бойынша қысқаша ақпарат және орындау
керекті тапсырмалар көрсетіледі. Тәжірибелік жұмыс дәптерге мәндетті түрде түсіріледі. Тапсырма:
Алдыңғы сабақта топқа байланысты құрастырған кестелердің арасында сабақта түсіндірілген
әдіс бойынша байланыс орнатып, келесілерді орында:
1. 1994 жылғы студенттердің тізімі бойынша сұраныс жаса;
2. Сессияны «5» деген бағаға бітірген студенттер тізімі бойынша сұраныс жаса;
(Топтар тәжірибелік жұмыстарды орындайды).
3. Команда капитандары жұмыстарын қорғайды!
2. Қатемен жұмыс істеу (10мин)
Тәжірибелік жұмыс бойынша жіберілген немесе жіберілуі мүмкін қателерді дұрыстаудың
жолын түзеу бойынша слайдпен көрсетілген «Қатемен жұмыс істеу» ойынын жүргізу. Мұнда
қолданылатн әдіс блиц – сұрау, дұрысын тап! Онда студенттерге слайдпен жетектелген сұрақтар
қойылады, ал студенттер оған жауап беру арқылы қате берілген нұсқаны түзетеді. Студенттер оған
қол көтеру арқылы жауап береді. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен есептелінеді.
Қатемен жұмыс істеудің 1 – ші түрі «Дұрысын көрсет!»:
1. Алаңдар атауына байланысты олардың типтерін дұрыс орналастыр?
2. Егер белгілібір әнді сөзін жазған композитор бойынша іздейтін болсам, сұраныс терезесінің
қай жеріне жазам?
3. Кесте аралық байланысты орнату командасы қандай, оның дұрыстығын тексер? Қатемен жұмыс істеудің 2 – ші түрі «Керек емесін алып таста!»
1. Access бағдарламасын ашу үшін: Пуск – Все программы – Стандартные – Командная
строка MS Office – MS Access командасын орындаймыз.
2. Мәліметтер қорының кестесі есептер мен бағандардан, кесінділер мен жолдардан
тұрады, олардың бірін алаң, ал екіншісін жолдар деп атайды.
3. Форма – бұл кесте (ге) (ден) мәліметтерді енгізуге немесе шығаруға және
редактирлеуге арналған объект.
4. Кестенің көмегімен бүкіл мәліметтер қорынының барлық объектілерін құруға болады.
5. Есеп беру – бұл сканерлеуге және баспаға шығаруға арналған дайын арнайы
форматтаудан өткен, қолданушының талаптарын қанағаттандыратын дайын құжат.
V. Сабақты қорытындылау (3мин)
Міне осымен бүгінгі сабақ та аяғына жетті. Бүгінгі сабақ қызықты әрі танымды өтті деп
ойлаймын. Сабаққа деген дайындықтарыңызды байқадық. Барлығың бірдей атсалысып білімдеріңді
шыңдадыңдар деп сенемін.
Енді менде Сіздерге деген бір сұрақ бар. Ол «Кәсіби қызметтегі ақпараттық технологиялар»
деген сөз тіркесі қазіргі кезде жиі қолданылып жүр. Осындай «Мәліметтер қоры» деген сөз тіркесінің
мұндағы алатын орны қаншалықты маңызды деп ойлайсыздар және болашақ мамандықтарыңызға
септігі бар ма?» деген сұраққа қысқа да нұсқа жауап қайырып сабағымызды аяқтайық.
VІ. Үй тапсырмасын беру (2мин)
Конспект бойынша дайындалу, қайталау. Қосымша мәліметтер іздеу. Кесте және сұраныстар
арқылы форма және есеп беруді құру тақырыбына іздену. Кітапхана кітабы Орлов С.А. 7984 бет
VІІ. Бағалау (3мин)
Сабаққа белсенді қатысқан студенттерге бағаларын қою, белгілібір бағаны қою себебін
талқылау. Бағалау жүйесі мынадай:
Үй жұмысын тексерудің 1ші түрі бойынша ««Ия ма, жоқ па?» компьютерді құрастыру
бойынша блиц – сұрастыру ойынынан жинаған әрбір құрылғы 1 ұпай.
1ші түрі бойынша «Асықпай тездет» сынақ ойынында тапсырманы бірінші болып жинаған
топқа – 2 ұпай.
Жаңа тақырыпты пысықтау бойынша:
Тәжірибелік жұмысты орындау:
Тәжірибелік жұмысты дұрыс орындаса – 1 ұпай.
Тәжірибелік жұмысты дұрыс орындап, қорғаса – 2 ұпай.
Қатемен жұмыс істеу бойынша:
«Дұрысын көрсет!» 1 ші әдісі бойынша әр бір дұрыс жауап – 1 ұпай.
«Керек емесін алып таста!» 2 ші әдісі бойынша әр бір дұрыс жауап – 1 ұпай.
Оқытушы Тайтолеуова А.А. _____________
Access-те кесте аралык байланыстар аркылы маліметтер корын куру
Access-те кесте аралык байланыстар аркылы маліметтер корын куру
Access-те кесте аралык байланыстар аркылы маліметтер корын куру
Access-те кесте аралык байланыстар аркылы маліметтер корын куру
Access-те кесте аралык байланыстар аркылы маліметтер корын куру
Access-те кесте аралык байланыстар аркылы маліметтер корын куру
Access-те кесте аралык байланыстар аркылы маліметтер корын куру
Access-те кесте аралык байланыстар аркылы маліметтер корын куру
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.