"Айнымалылар"- 4 сынып АКТ
Оценка 4.7

"Айнымалылар"- 4 сынып АКТ

Оценка 4.7
docx
29.11.2020
"Айнымалылар"- 4 сынып АКТ
Жоспар_АЙНЫМАЛЫЛАР.docx

Информатика пәні бойынша 4-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

I тоқсан

Сабақтың нөмірі: _________

Сабақтың тақырыбы: АЙНЫМАЛЫЛАР.

Мақсаты (оқушыға бағытталған): айнымалыларды қолдану.

1. Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).

Scratch программасы деген не?

Scratch(Скретч)- анимациялық ертегілер, ойындар мен модельдерді құрастыруға арналғанжаңа программалау ортасы. Scratch-те программалар графикалық блоктардан тұрады. Блоктар 10-түрлі топтамаға бөлінген. Әр блок әртүрлі команданы орындайды. Блоктар топтасы суретші палитрасына ұқсас болғандықтан, блоктар палитрасы деп аталады.

Айнымалылар деген не?

Айнымалы –компьютердің уақытша жадында қандай да бір мәнді сақтайтын орын.

Айнымалы- Scratch-те белгілі бір ақпаратты сақтайтын ұяшық.

Айнымалыларды ойын жобаларын жасғанда ұпай сандарын санау барысында, есептеулерде, дұрыс, бұрыс жауаптарды көрсету мақсатында қолдана аламыз. Айнымалыларды құрып, жұмыс жасау үшін Деректер блогын қолданамыз.

 

Айнымалы жасау батырмасын басқанда терезе ашылады, оның ішіне айнымалы атауын жазу керек. Бір емес, бірнеше айнымалыны да құруға болады.

Айнымалылар блогы және олардың атқаратын қызметі келесі кестеде берілген:

1.     Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру).

Арман-Пв кітабы (6-бет),

2.     Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес).

1. Сұрақтарға жауап берейік

     1. Айнымалылар дегеніміз не?

     2. Айнымалыларды қандай блок арқылы құрамыз?

2. Кітапта 10-бетте Үйде орындайық тапсырмасын орындаңыздар

Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.


 

Информатика пәні бойынша 4 - сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

Информатика пәні бойынша 4 - сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

Арман-Пв кітабы (6-бет), 1.

Арман-Пв кітабы (6-бет), 1.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020