Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Комбинаторика элементтері |
Мектеп: |
||||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||||||||||||||||
Сынып: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі |
Жаңа материалды игеру сабағы |
||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
9.3.1.3 қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру анықтамаларын білу; 9.3.1.4 қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын білу; |
||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
ü қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру анықтамаларын білу және ажырата алу; ü қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру формулаларын қорытып шығару және білу; |
||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері |
ü «Теру», «Орналастыру», «Алмастыру» ұғымдарын түсінеді ü Қайталанбайтын терулер санын есептеу формуласын біледі; ü Қайталанбайтын орналастырулар санын есептеу формуласын біледі; ü Қайталанбайтын алмастырулар санын есептеу формуласын біледі; ü Тапсырма шартынан орналастыруды, алмастыруды және теруді ажырата алады; |
||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
- шығарылатын есептер мәнмәтініндегі «орналастыру», «алмастыру»,«теру» ұғымдарының өзара айырмашылығын пәндік лексика мен терминологияны пайдаланып талқылайды; - есеп шешкенде және диалогта дәлелдер келтіреді; Пәнге тән лексика мен терминология: - комбинаторика; - комбинация; - тәсідер саны; - теру; -алмастыру; -орналастыру; - n элементтен r элементті таңдау; - тәртіп, реті; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - Сіз оларды … түрлі тәсілмен орналастыра аласыз, себебі … ; - Егер сізде х ... бар болса, онда сіз оларды ... түрлі тәсілмен орналастыра аласыз, себебі ... ; - Егер мен ... элементті белгілі бір ретпен орналастыратын болсам, онда ... мүмкін алмастыру пайда болады; - ... мүмкін оқиғадан ... элементті таңдаудың ... тәсілі бар. |
||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
- өмір бойы оқу, сыни ойлау: сабақтағы барлық тапсырмалар арқылы - жауапкершілік, сыйластық, ынтымақтастық: жұптық жұмыс арқылы - адалдық: өзара бағалау және өзін-өзі бағалау арқылы |
||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Күнделікті өмірмен байланыс |
||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
www.bilimland.kz сайты, калькулятор |
||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім |
Факториал ұғымы, комбинаториканың негізгі ережелері, логика. |
||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин
|
Сабақ басында оқушылар түрлі – түсті стикерлер таңдау арқылы жұптарға біріктіріледі. Оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін сабақтың тақырыбы, мақсаты жарияланады. |
Стикер Слайд 1-2 |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 мин
|
Мұғалім интербелсенді тақта арқылы www.bilimland.kz сайтынан (5 мин) - видео түсіндірмені көрсетеді (4-ші бет) - «Орналастыру» ұғымымен таныстырады. - Қайталанбайтын орналастыру санын анықтау формуласының қорытылып шығарылуын сыныппен талқылайды.
Келесі ұғыммен таныстыру үшін мұғалім (3 мин) - «n элементтен алынған n-нан құралған орналастырулар санын» қалай анықтауға болатынын сұрайды. - Сайттан «Алмастыру» ұғымының анықтамасын көрсетеді және формуласын талқылайды.
Жұптық жұмыс: (8 мин) - жұптар сайттағы №6 - №9 есептерді шығарады. - Жауаптарын сайт арқылы тексереді. - Қателер болса, түзейді. - Тапсырманы ерте аяқтаған оқушыларға қосымша тапсырмалар ұсынылады.
«Теру» ұғымымен танысу үшін (4 мин) - сайттағы келесі видео түсіндірмені талқылайды (5-бет) - анықтамасымен танысады - мұғалім тақтада формуласының қорытылуын көрсетеді. - мұғалім №10 және №11 есептерді тақтада жазып, талқылайды
Бекіту есептері: (Қалыптастырушы бағалау) (10 мин) - оқушылар дәптерлеріне төмендегідей кесте сызады:
- мұғалім әр оқушыға 9 есеп жазылған үлестірме таратады. - Оқушы есеп шартын оқып, оның «Орналастыру», «Алмастыру», «Теру» болатынын ажыратады және есептің нөмірін кестенің соңғы жолына сәйкесінше жазады. |
https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/algebra/kombinatorika-yqtimaldyqtar-teoriyasynyng-ehlementteri/lesson/ornalastyrular-almastyrular-zhane-teruler
Қосымша 1
Қосымша 2 |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 7 мин |
Сабақ соңында оқушылар жаңа тақырып бойынша өздерінің игерген білімдерін жүйелей отырып, ü «Теру», «Орналастыру», «Алмастыру» ұғымдарын түсінеді ü Қайталанбайтын терулер санын есептеу формуласын біледі; ü Қайталанбайтын орналастырулар санын есептеу формуласын біледі; ü Қайталанбайтын алмастырулар санын есептеу формуласын біледі; ü Тапсырма шартынан орналастыруды, алмастыруды және теруді ажырата алады; критерийлері бойынша өзін – өзі ауызша бағалайды. Оқушылардың бағалауы бойынша үй тапсырмасы беріледі: Берілген есептердің ішінен «Орналастыруларды», «Алмастыруларды» және «Терулерді» ажыратыңыз. |
Ә.Н.Шыныбеков, Алгебра 9, 913-919, 926-932 |
|||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||||||||||||||||
Саралау тапсырмалар орындауда, жұптық жұмыста белсенділігі төмен оқушыға жұбының қолдауы арқылы, сондай-ақ тапсырманы ерте аяқтаған оқушылар үшін қосымша тапсырмалар ұсыну арқылы жүзеге асады. |
Жұптар жұмыстарын дайын жауаптар арқылы тексеріп, қате болса, сайтта көрсетілген сілтемелер бойынша түзейді. Сабақ соңында өзін – өзі бағалау жүзеге асады. |
Сайттағы материалдарды 20 минут қолданып, әрі қарай парақтағы есептермен жұмыстану жоспарланды. |
|||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
|||||||||||||||||||||||
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.