«Аман болсын— Аяулы-Анашым!» ертенгилик
Оценка 5

«Аман болсын— Аяулы-Анашым!» ертенгилик

Оценка 5
Мероприятия
docx
воспитательная работа
Детсад
03.04.2017
«Аман болсын— Аяулы-Анашым!» ертенгилик
Сәлеметсіздер ме, құрметті асыл Аналар, қыз - қызғалдақтар, қонақтар, ақжаулықты әжелер, қадірлі ұстаздар! Қымбатты балалар Міне, біздің ең тамаша жыл мезгілі көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, анамызға, әжелерімізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді. Мейрамдарыңызбен қымбатты аналар, 8 наурыз мерекесі құтты болсын. Енді құттықтайды сіздерді «Қарлығаш» тобының балалары- дей келе, бүгінгі «Аман болсын— Аяулы-Анашым!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
8-наурыз етеңгілік 2017ж.docx

                                    8-наурыз ертеңгілік

Алишер:
Құрметті асыл аналар!!!
Айдын:: Бүгінгі күн ерекше болмақ.

Ерлан:Еркелігімізді кешіре білген.

Тема:Мәпелеп өсірген аяулы аналар.

Айдос:Бүгінгі балалалық сезіміміз сіздер үшін.

Нуриман: Сәбилеріңіз сіздер үшін де ерекше күн болмақ.

Әлімхан:Бүгінгі күн аяулы аналар сіздерге арналады

Рамазан:- Біздің асыл аналарымыз  барлық қиындық атаулыға төзімді.
Досбол:- Бүгінгі балалық сезіміміз, әсем әніміз, көңілді күйіміз, демалыс кешіміз.
Барлығы: Сіздерге арналады.
Тәрбиеші:
Бұл күнді тойлап жатыр барша халық.
Әйелдер күні бүгін халықаралық
Жарыққа бізді әкелген аналарды.
Бүгінгі мерекемен құттықтайық.
Ұйытқысы жанұяның берекеміз
Аналар құтты болсын мерекеңіз
Әрқашан аналарымыз аман болсын
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз

(Үнтаспадан баяу әдемі бір әуен естіліп тұрады.)
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, құрметті асыл Аналар, қыз - қызғалдақтар, қонақтар, ақжаулықты әжелер, қадірлі ұстаздар! Қымбатты балалар
Міне, біздің ең тамаша жыл мезгілі көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, анамызға, әжелерімізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді. Мейрамдарыңызбен қымбатты аналар, 8 наурыз мерекесі құтты болсын.
Енді құттықтайды сіздерді «Қарлығаш» тобының балалары- дей келе, бүгінгі «Аман болсын— Аяулы-Анашым!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Тәрбиеші:
Ана деген – жарық жұлдыз шырағың,
Ана деген – қайнар ыстық бұлағың.
Ана деген – өмірдегі қамқорың,
Ана деген – сүйенерің, жан құрбым, - деп кезекте балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарына береміз.
Тақпақтар: Алтынай,Досбол,Рамазан,Анель.

Ән: « Құттықтаймын мама мейрамыңызбен!»
Тәрбиеші:
Қар, мұз еріп,
Су көбейіп,
Сай - салада ағады,
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Жер гүл шашақ тағады.
Балалар айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: (көктемде)
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, көптен күткен мезгіліміз көктем де келді, сағынған!
(Көктем билеп келеді)
Көктем: (Ару)
Наурыз айы көктеммін,
Күлімдеп күмбез көкте күн.
Жайқалған жасыл жапанға,
Жылулық нұрын төккенмін.
Сәлеметсіңдерме, балалар, апайлар, аналар! Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймын! Менімен бірге жылулық пен әсемдікте келді, сендерге деген сыйлығым бар. (гүлдерін көрсетеді)
Тәрбиеші: Рахмет, Көктем ханшасы! Енді бізбен бірге бол, төрге шық!
Саған арнап,көктем туралы тақпақтар және әндер айтып береміз.
Тақпақтар: Айдын, Нуриман.Ерлан

Ән: «Көктем»                                                                                                       Тәрбиеші:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ, - дей отыра, кезекті ұл-қыздарымыздың әдемі биіне арнаймыз.
БИ: «Ха-фа-на-на»
Тәрбиеші:
Ойын: «Аналарымызға мерекелік стол» ұлдарымызбен ойын.
Тәрбиеші: Рахмет сіздерге, балалар!
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар қандай керемет ойын болды. Рахмет ұлдар сендерге де мереке құтты болсын.                                                                                                  Ана деп жыр жырласақ,Ана деп ән айтсақ, Аналардың анасы ақ жаулықты әжелерімізді де құрметтейміз.Қазіргі айтылытын ән тақпақтарымызды ақ жаулықты әжелер сіздер үшін                                                                         Тақпақтар: Дильназ, Айдос, Әлімхан.

Ән:«Әжеме»                                                                                                              Мың бұралып би билеп,Ән де салып береміз.Осылайша шаттықпен,
Біздер өсіп келеміз, - деп ортаға  ұлдарымыздың биіне кезек береміз.
Би: «Шляпа»
Ойын: Іздер.

Жүргізуші: Рақмет құрметті аналар,мерекемізді ары қарай жалғастырсақ,кезекті тақпақтарға береміз;                                                                                                                                 Тақпақ:    Алишер,Тема,  Нуриман.                                                                                                                     

Би: «Орамал».

Тәрбиеші: Ойын: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Әртүрлі сұрақтар жасырылады, аналар «А» әрпінен басталатын сөзбен жауап берулері керек.
(ойын ойналады)
1. Сіздің есіміңіз?
2. Балаңызды қалай еркелетесіз?
3. Сіз жұмыс жасап отырсыз, ал балаңыз маза бермей жатыр, не деп айқайлайсыз?
4. Жақсы көретін мерекеңіз?
5. Сүйіп ішетін тағамыңыз?
6. Қандай санды ұнатасыз?
7. Жақсы көретін әніңіз қандай?

8. Ойлаған арманыңыз?

9.   

10.Бүгінгі мерекеге тілегіңіз?                                                                              

Жүргізуші: Жарайсыңдар аналарыңызды сыйлаңдар, ешуақытта аналарыңызды ренжітпеңдер. Жылы ана құшағында гүлдей құлпырып бақытты өмір сүріңдер. Ендігі кезекте балаларымыздың аналарына арналған тақпақтарына кезек берейік.                                                                                        
Ән: «Ақ мамам»                                                                                                             Би: «Моряктар»
Тәрбиеші: Ана деген – асыл жандар болаттай
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды тоналтпай.
Аналар, қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға, - дей отырып, ардақты аналарды, апаларды, бүлдіршіндеріміз мерекелік биге шақырады.
Міне, құрметті абзал жанды аналар, әжелер. Сіздерді тағы көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып. Бүлдіршіндердің Аман болсын— Аяулы-Анашым!» атты ертеңгілігі осымен аяқталды . Көңіл қойып тыңдағындарыңызға рақмет.

 

 

 

 

 


 

Алишер: Құрметті асыл аналар!!!

Алишер: Құрметті асыл аналар!!!

Жапырақ ашып, Жер гүл шашақ тағады

Жапырақ ашып, Жер гүл шашақ тағады

Тәрбиеші: Ойын: «Сөз тапқанға қолқа жо қ» Әртүрлі сұрақтар жасырылады, аналар «А» әрпінен басталатын сөзбен жауап берулері керек

Тәрбиеші: Ойын: «Сөз тапқанға қолқа жо қ» Әртүрлі сұрақтар жасырылады, аналар «А» әрпінен басталатын сөзбен жауап берулері керек
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.04.2017