Ақпараттану — ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиетін, сондай-ақ ақпаратты жинақтау, сақтау, іздеу, қайта өңдеу, түрлендіру, таратумен және оны адам қызметінің әртүрлі саласында пайдалануға байланысты мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ақпаратты жинастыру, өңдеу және тарату мәселелері адам баласының даму тарихының барлық сатысында көкейкесті мәселелердің бірі болып келді. Жазу мен кітап басу ойлап табылғаннан кейін ақпаратты жинастыру мен таратудың жаңа технологиясы жасалды. 20 ғасырдың басында Бельгия ғалымы П.Отле ғылыми құжаттарды жинақтау, өңдеу, сақтау, іздеу мен таратудың кешенін біріктіруді ұсынды. Дегенмен, олардың ақпаратты өңдеу саласына тікелей қатысы болмады. Кейбір жеке өңдеу операцияларын механикаландыру ешқандай Ақпараттануға елеулі өзгеріс енгізе алмады. Электронды есептеу машинасының пайда болуы бұл жағдайды түбірімен өзгертті.
Ақпарат және ақпартты іздеу тәсілдері.
Ақпараттану — ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиетін, сондайақ ақпаратты
жинақтау, сақтау, іздеу, қайта өңдеу, түрлендіру, таратумен және оны адам қызметінің әртүрлі
саласында пайдалануға байланысты мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ақпаратты
жинастыру, өңдеу және тарату мәселелері адам баласының даму тарихының барлық сатысында
көкейкесті мәселелердің бірі болып келді. Жазу мен кітап басу ойлап табылғаннан кейін
ақпаратты жинастыру мен таратудың жаңа технологиясы жасалды. 20 ғасырдың басында
Бельгия ғалымы П.Отле ғылыми құжаттарды жинақтау, өңдеу, сақтау, іздеу мен таратудың
кешенін біріктіруді ұсынды. Дегенмен, олардың ақпаратты өңдеу саласына тікелей қатысы
болмады. Кейбір жеке өңдеу операцияларын механикаландыру ешқандай Ақпараттануға елеулі
өзгеріс енгізе алмады. Электронды есептеу машинасының пайда болуы бұл жағдайды түбірімен
өзгертті. ЭЕМды жеке есептерді шығаруға пайдаланудан кешенді автоматтандыруға
пайдалануға көшу жаңа, негізгі қадам болды. КСРОда Ақпараттану дербес пән ретінде 50
жылдардың басында қалыптасты. Ал Ақпараттану Қазақстанда 1957 жылы басталды. Сол
жылы Қазақстан Мемлекеттік жоспарлау комитетінің жанынан ғылымитехнологиялық ақпарат
және техника, экономика ғылымизерттеу институты ашылды. Ондағы зерттеулердің негізгі
бағыттары:
ғылымитехнологиялық ақпарат мәселелерін зерттеу, ақпараттық қызмет көрсету
әдістерін
дамытып жетілдіру, автоматты түрде ақпаратты жинау, өңдеу, іздеу, сақтау, тасымалдау.
1991 жылы Қазақстан ҒАның Ақпараттану мен басқару институты ашылды. Оның
лабораторияларында іргелі зерттеулер “Ақпараттың, басқарудың және ақпараттық жүйелерді
жасаудың теориялық мәселелері” және Республикалық ғылымитехнологилық
бағдарлама саласында “ҚР халық шаруашылығын ақпараттандыру” бағдарламалары бойынша
жүргізіліп келеді. Ақпаратты іздеу осы институтта қарастырылған іргелі мәселелердің бірі
болды.
Ақпаратты іздеу – құрылымдалмаған құжаттық ақпаратты іздеу процесі және оны іздеу
туралы ғылым. Ақпараттық іздеу терминін 1948 жылы алғаш рет докторлық диссертациясында
Кельвин Мур енгізген. Аталған термин 1950 жылдан жарияланып, қолданылып келеді.
Алдымен автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесі немесе ақпараттықіздеу жүйесі
ғылыми әдебиетте ақпараттық төңкерісті басқару үшін қолданылды. Бірқатар университеттер
және кітапханалар ақпараттық іздеу жүйесін кітапты, журналды және басқа құжаттарды алды
қаматамасыз ету үшін пайдаланды. Ақпараттық іздеу жүйесінің кеңінен таралуы Интернет
желісінің пайда болуымен тығыз байланысты болды. Орыс тілді пайдаланушыларда Google,
Яндекс және Рамблер іздеу жүйелері пайдаланылады.
Ақпаратты іздеу процес ретінде. Ақпаратты іздеу ретінде құжаттар жиынында (мәтінінде)
барлық көрсетілген тақырыпқа арналған, алдынала қойылған шартты қанағаттандыратын жәнеқажетті фактілерді, мәліметтерді қамтитын процесс түсіндіріледі. Іздеу процесі жеке тұлғаға
қажетті ақпараттарды өңдеу мен беру, жинақтау мен операциялар тізбегін қамтиды. Жалпы
жағдайда ақпаратты іздеу төрт кезеңнен тұрады:
ақпараттық қажеттілікті анықтау және ақпараттық сұранысты қалыптастыру;
мүмкін болатын ақпараттық массивтер жиынтығын анықтау;
ерекшеленген ақпараттық массивтерден ақпаратты іріктеу;
алынған ақпаратпен танысу және іздеу нәтижесін бағалау.
Ақпаратты іздеу түрлері. Ақпаратты іздеу түрлері бірнешеге бөлінеді. Атап айтқанда,
толық мәтіндік іздеу, метаберілгендер бойынша іздеу, суреттерді іздеу және т.б. Оларға жеке
жеке тоқталайық.
Толық мәтіндік іздеу – құжаттың барлық құрамынан іздеу. Мысалы, толық мәтіндік іздеу –
кез келген интернетіздеуші,
Алдымен
толықмәтіндік ізденіс іздеуді тездету үшін алдынала құрылымдалған индекстерді
пайдаланады. Толықмәтіндік іздеу индекстері үшін кеңінен таралған технология
инвертирленген индекстер болып табылады.
мысалы www.yandex.ru,
www.google.com.
Метаберілгендер бойында іздеу – бұл жүйе қолдайтын құжаттың қандай да бір атрибуты
бойынша ізденіс, құжаттың атауы, жасалу күні, өлшемі, авторы және т.б. Мысалы реквизит
бойынша іздеу – файлдық жүйеде іздеу диалогы (мысалы MS Windows). Суреттерді іздеу –
суреттің мазмұны бойынша іздеу. Іздеу жүйесі фотографияның мазмұнын таниды
(пайдаланушымен енгізлген және URL бейнесі қосылған). Іздеу нәтижесінде пайдаланушы оған
ұқсас суреттер алады. Осылай Polar Rose, Picollator және т.б. іздеу жүйелері жұмыс істейді.
Ақпаратты іздеу әдістері қолданылуына қарай бірнешеге бөлінеді. Атап айтқанда:адрестік
іздеу, семантикалық іздеу, құжаттық іздеу, фактографиялық іздеу.
Адрестік іздеу сұраныста көрсетілген нақты белгілері бойынша құжаттарды іздеу процесі.
Оны жүзеге асыру үшін, келесі шарттар қажет:
құжаттың нақты адресінің болуы;
есте сақтау құрылғысында немесе жүйенің сақтау орнында құжаттардың орналасу ретін
қамтамасыз ету.
Құжаттардың адрестері вебсерверлердің және веббеттер және библиграфиялық жазбалар
элементтерінің адресі және сақтау орнында құжаттарды сақтау адрестері болуы мүмкін.
Семантикалық іздеу құжаттарды олардың мазмұны бойынша іздеу процесі.
Шарты:
құжаттардың және сұраныстардың мазмұнын табиғи тілден ақпараттықіздену тіліне
аудару;
құжаттар мен сұраныстарды іздеуді құрастыру;
іздеудің қосымша шарты көрсетілген сипаттамасын құру.
Құжаттық іздеу сақтау орнында ақпараттықіздеу жүйесінің алғашқы құжаттары немесе
пайдаланушының сұранысына сәйкесінше екінші құжаттардың мәліметтер қоры.
Құжаттық іздеудің екі түрі бар:
1. Кітапханалық, бірінші құжаттарды сақтауға бағытталған.
2. Библиографиялық, библиографиялық жазба түрінде көрсетілген, құжаттар
туралы мәліметтерді табуға бағытталған.
Фактографиялық іздеу. Ақпараттық сұранысқа сәйкес фактілерді іздеу процесі.
Фактографиялық мәліметтерге құжаттардан алынған, алғашқы сонымен қатар екінші және
пайда болу өзегінен алынған мәліметтер жатады.
Екі түрі ерекшеленеді:
1.Құжаттықфактографиялық, құжаттан мәтіндік фрагменттерді іздеумен
түсіндіріледі.
2.Фактологиялық (фактілерді сипаттау), табылған фактографиялық логикалық
ақпаратты қайта өңдеу жолымен іздеу процесінде жаңа фактографиялық сипаттамаларды
құруға ұсынады.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
Министрлігі
№57.И.В.Панфилов атындағы жалпы орта мектеп
коммуналдық мекемесі
Тақырып: Ақпарат және ақпартты іздеу тәсілдері
Қабылдады:Нуртаев Ғ.
Орындады:Толаметов А.Қарамұрт-2016 жыл