Ару қыздар – алаулап от кешкендер
(әдеби-музыкалық композиция)
Мақсаты: Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқының қосқан үлесін, Қазақстандық жауынгерлердің майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өткендігін, Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмағандығын айта отырып, қазақтың ару қыздарының да ерен ерлік көрсеткендігін түсіндіру. Отанын, халқын, елін, жерін сүйе алатын патриот тәрбиелеу, аға-апаларының ерлігі мен есімін ұмытпай мақтан тұтуға үйрету.
Көрнекілігі: «Отан-ана шақырады» плакаты, Мәншүк пен Әлиянің суреті, слайд, видеофильм, «Ұлы Отан соғысы» плакаты.
Кеш видеофильм көрумен басталады. Әрі қарай кеш барысында «Священная война» және «Ана туралы баллада» өлеңдерінің аудиотаспасы кезек ойнап тұрады. Интерактивті тақтадан «Ару қыздар-алаулап от кешкендер» слайды жүріп тұрады.
Қатысушылар: Жүргізуші - 1
Оқырмандар - 4
Әскери киім киген қыздар - 8
Ақ шашты ана!
Саптан шықпай нық басып келесің бе?
Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер...
Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,
Ару қыздар – алаулап от кешкендер.
ХХ ғасырдың ең ауыр да қорқынышты соғысында әйел жауынгер болды. Олар аурулардың жарасын таңды, көпірлерді бұзды, «тіл» әкелді. Жаратылысынан жаны нәзік, жолы жіңішке, жүректері сезіммен сырға толы осынау жандар халқымыздың басына түскен ауыр кезеңдерденағыз қажыр-қайрат иелері екендерін айдай әлемге тағы бір рет таныта білді. Қазақ жеріне соғыс отының шарпуы тиген жоқ. Бірақ сол кездегі ұлан байтақ еліміздің шетіне жау тиіп жатқанда қазақстандықтар да тайлы тұяғы қалмай атқа қонғанын бәріміз де білеміз. Солардың 40 пайызы ерлермен тізе қосып жауға қарсы шығуға бекем буып, өз беттерімен өтініш беріп, соғыс майданына бет алған қазақтың үріп ауызға салғандай жас қыздары болғанын естен шығармауға тиіспіз. Оларды соғыс өрті ерте есейтті. Кеше ғана қызылды-жасылды киініп, гүлдей құлпырған балауса бойжеткендер енді әскер киімін киініп, қару асынып, тілі, діні бөлек жаумен шайқасқа шықты. Оқ пен отқа орана жүріп ерліктің небір ерен үлгілерін көрсетті. Бұлар ананың ақ сүтін ақтаған халқымыздың адал перзенттері, еліміздің мақтанышы, көгімізде шолпан жұлдыздай жарқыраған әйел қауымының ар-намысы, биік мұнарасы. Отан!... Жау!... Олар қорқақтар сияқты түнде басқыншылықпен бейбіт халыққа шабуыл жасады. Бұл 1941 жылдың 22 маусымы еді...
1- Оқырман: Кең дала-туған анамыз,
Қарындас, сүйген жарымыз...
Әйелге бәрін балаймыз
Ұнатса нені жанымыз.
Тарих-ана атанды,
Ана деп жүрміз Отанды...
Жүргізуші: Иә, кешегі он сегіз бен жиырманың арасындағы, күні кеше қос тұлымы желбіреп, ертеңгі болашаққа аппақ арман, балауса үмітпен күлімдей қараған жас қыздар нәзік аяғын сыздатқан солдат етігін киіп, гүл құшуға жаралған сүйрік саусақтары ауыр автоматты көтеріп, майдан өтіне бара жатты.
2-Оқырман: Тыңда дүние, тыңда ұл, қыз
Тыңдаңдар, барлық әлем, тыңда!
Өмірге осы біздер жауаптымыз,
Ұрпақтың алдында.
Нұрлы күн, жайнаған замана!
Ұқсайсың ақ жарқын анаға.
Қорғаймыз сені бір тұтас ел боп,
Сен үшін садаға, соғысқа жол жоқ!
Жүргізуші: Елге қатер төнді. Ел үстіне найзағай, қара бұлт қабағы түйілуде. Бейбіт халықтың денесі жаралы. Жараң қанша болса, кегің сонша өлшеусіз. Көп зұлымдық, көп қорлық ел ішіне тас шемендей қатып, ел жүрегін ыза кернеуде.
3-Оқырман: 1941 жыл ақпандатқан,
Сыртта аяз.
Аулымызды ақ қар жапқан
Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін,
Алапат аспан, жерді аттандатқан.
Жүргізуші: Жеңіс күніне жетер жол жеңіл болмады. Соғыстың әрбір күні – қан мен өлім, қайғы мен мұңға толы болды.
4-Оқырман: Аттан, деді,
Ол ертең аттанады
Аттанады еңбектің ақ табаны:
Күрегінің орнына қару алып,
Жауынгердің рөлін атқарады.
Ол ертең аттанады
Жарты Ай тұр шар аспанда тозған таға,
Үскірік үрлей ме әлде қозғалта ма?
Әжем жүр туған жердің топырағын,
Тұмар ғып тігіп жатыр бөз қалтаға.
Жүргізуші: Фашистер Еуропаның барлығын дерлік жаулап бағындырып алды. Олардың қуатты зеңбірек, ұшақ және танктері мыңдап саналатын. Басқыншылар жолдарында кездескен қарт пен әйелді, бойжеткен мен бейкүнә сәбиді аяусыз атты, дарға асты, қорлады. Фашистер өздерінің Кеңес еліне барар жолдарын осылай салды. Өздерінің жеңіске жететініне сенді. Бірақ, олар есептерінен оңбай жаңылды.
1-Оқырман: «Апа! Қалай, қуаттысыз ба? Жағдайыңыз жақсы болар? Менің денім сау. Көңілім хош. Апа! Сіз майданға шығарып саларда маған:«Балам, қоян жүрек қорқақ болмай, батыр бол, бар жігер, бар күшіңді сүйікті Отаныңды, халқыңды қорғауға жұмса, үйге абыроймен қайт» демеп пе едіңіз? Бұл сіздің бүкіл ел атынан тапсырған аналық тапсырмаңыз еді ғой. Мен ана тапсырмасын абыроймен орындаудамын»
Жүргізуші: Бұл майданнан жазған жауынгердің хаты. Ол мыңдаған Отанын қорғаған солдат сияқты майдан шебінде қайтыс болған.
2-Оқырман: «Адам өлтіру әйел адамның үлесі емес» - деген екен соғысқа қатысқан бір майдангер әйел. Ал екіншісі Рейхстаг қабырғасына: «Мен Берлинге адам өлтіру үшін емес, соғысты өлтіру үшін келдім» - деп жазған екен.
Жүргізуші: Соғыс жылдарында майданның әртүрлі шебінде 800 мыңнан аса әйел адамзаты болған екен. Адамзат тарихында осыншама әйел адамының соғысқа қатысуы бұрын болмаған. Сонымен 41-жылдары соғысқа аттанған аруларымыз қандай еді? (Сахнаға бірінен кейін бірі ақырындап 8 қыз шығады). Ленинград қаласын әуе шабуылынан қорғаған зенит зеңбірегі расчетінің командирі Әкима Ақжолаева соғысты былай деп еске алады.
1-Әскери қыз: Майданға жету, қалайда жаумен бетпе-бет келіп, кек алу-біздің бар ой-арманымыз болатын. Әлі күнге жүрегімнің түкпірінде сақтап келген бір сырым бар. Ешкімге айтқан емеспін. Есіл-дертім ұшқыш болу еді. Біраз қиындықтардан кейін Хабаровск маңындағы самолет механиктерін дайындайтын курсты бітіріп, сонда қызмет еттім. Батысқа қанша сұрансам да жібермеді. Ауылға аз күнге демалысқа келіп, енді қайтар жолда бір қулық істегім келді. Құжаты жоқ адамды майданға алдыңғы шепке бірден жібереді дегенді естіп жүретінмін. Новосібір қаласына жақындағанда құжаттарымды құрттым да, қалаға келген соң, әскери комендатураға барып, құжаттарымның жоқ екенін айтып, енді майданға жіберулерін сұрадым. Сол бойымен Ленинград қаласынан бірақ шықтым. Өтірік айтып, біреулерді алдағанымды осы кезге дейін бір адамға айтуға ұялам. Бірақ бәрі сол майданға жетсем деген адал ниеттен шыққан еді.
Жүргізуші: Осы шындықтың өзі қазақ қыздарының нәзік жанды, ұяң, биязылығымен қатар патриоттық сезім, батыл жүректі жандар екенін дәлелдейтіндей.
2-Әскери қыз: Мен о баста дәрігер болуға талпынып едім. Бірақ ол мақсатымды соғыс орындатпады. Өз тілегіммен майданға келдім. Ал штабта қағаз жазып отырғанда не бітіремін. Небір жайсаң азаматтар жауды жайпап, өздері де қыршын кетіп жатқанда менің жаным солардан артық па еді? Соғыс сұрапылының бәріне төзгім келді. Бас сауғалауға арым бармайды. Тек кейде ауырып қаламын ба деп қорқамын. Мен өзімді-өзім мүлде өзгертіп, кейбір қатал командирлерге ұқсағым да келеді. Өзім басқаратын пулемет расчетында жақсы да , нашарлау да адамдар бар. Олардың бәріне бірдей мен жақсы көрінгім келмейді. Тәуір істерін жақтап, мақтап, нашарларын жөнге салсам-командирлік міндеттің орындалғаны ғой деп ойлаймын.
Жүргізуші: Бұл қазақ халқының қаһарман қызы Мәншүктің майданның алдыңғы шебінен тілшілерге берген алғашқы сұхбаты еді.
3-Оқырман: Абайлады сонда Мәншүк жан-жағын.
Көрді өзінің жапа-жалғыз қалғанын
Көзге жанар, көкірекке кек толып
Қинады қимай серік-саңлағын
Қара көзі жарқ етті тек танадай
Төңкерілді ашылып бір қарамай
Пулеметте ойнап тұрған он саусақ
Қалды қатып бір серпуге жарамай.
Жүргізуші: 1943 жылы қазан айының 7-сі күні Невель қаласының маңында орналасқан Изочка темір жол стансасын басып алу ұрысы болды. Осы ұрыста жанқиярлықпен соғысып, пулеметпен көптеген фашистердің көзін жойды. Бірақ өкініштісі сол шайқаста өзі де ерлікпен қаза тапты. Сол жылдары Мәншүктің қарулас жолдастары анасына былай деп хат жолдапты:
1-Оқырман: «Аға сержант М.Мәметова жолдас өмірінің соңғы минутына дейін фашистік жауыздарды аямай жойды. Мәметова жолдас жаудың боратып атқан оғына, сондай-ақ өзінің жаралануына қарамастан жауды үздіксіз атқылап, шабуылға шыққан бөлімдердің тоқтаусыз алға басуын қамтамасыз етіп отырды. Шексіз батырлығымен жауынгерлерде жаңа жігер тудырып, оларға фашистерді құртуда бар күштерін жұмсауға дем берді. М.Мәметованы мәңгі есте қалдыруды көздеп, Невель қалалық Советі атқару комитетінің бірінші мәжілісінде қаланың бұрынғы Приамурская көшесін пулеметші қазақ қызы М,Мәметованың, ал Торфяной переулогін Мәншүк есімімен атауға шешім қабылданды. Мәншүктің қарулас жолдастары 1943 жыл, 25 қазан.
Біраздан кейін М,Мәметоваға Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді.
3-Әскери қыз: Қазір мен жол үстіндемін, алдыңғы күні аттанғанбыз, бүгін көздеген жерге жетіп қалармыз деп ойлаймын. Бірақ бұл аса анық емес. Қайда бет алғанымды өзің де түсінесің ғой деп ойлаймын. Бірақ сенен бұл жөнінде қынжылмауды өтінемін, неге десең мектепте әлде де болса біраз уақыт оқуға қалдырса да өзім сұранып аттандым. Өміріме өкінішім жоқ. Бірақ жүректі билеген бір қалтқы ой бар: жоқ, ол өзім туралы емес, сенімен, сәбилермен, жеңешеммен, жалпы туыстарыммен кездесе алмағаным. Қазір алдыңғы шепте тұрмыз. Хатты окопта отырып жазудамыз. Айнала ну ағаш. Немістермен бетпе-бет кездесіп тұрамыз. Менің басымда каска, белімде граната, ал қолымда винтовка бар.
Жүргізуші: Иә, бұл ержүрек Әлияның туыстарына жазған хаты еді. 1944 жылы 14 қаңтарда Казачиха деревнясы үшін кескілескен ұрыста алған ауыр жара Әлияның өмірін қиып түсті.
4-Оқырман: Бұл 1944 жылдың қаңтары еді. Сол бір кескілескен шайқаста тірі қалса, Әлия бес айдан соң 19 жасқа толар еді. Оның қысқа өмірінің екі жарым
Жылы қан майданда, от кешумен өтті. Бірақ бұл жалын боп лаулап, құйрықты жұлдыздай жарқырап өткен, кейінгі іні-сіңілілеріне мәңгілік өнеге болып қалған өмір. Ол қаһармандық дастанын жазып үлгерді. Ару Әлия, қаһарман Әлия бізге «Отаным, елім» деп соққан жүрегін мирас етіп қалдырды.
1-Оқырман: Жан емес пе, махаббат пен бақыт үшін жаралған,
Гүл емес пе жаңа ғана тіршіліктен нәр алған!?
Күйер ме екен от-жалынға жапырағындай жас талдың
Әлияның жүрегінде өркен жайған бар арман!
(С.Бәйтерековтің «Әлия» әні орындалады)
2-Оқырман: Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік
Жерге бақыт, елге бақыт тіледік
Отан-ана отқа күйіп жатқанда
Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік
Жүргізуші: Төрт жылғы қанды топалаңда жарты Еуропада іздерін қалдырып, туған топырағына аман-есен оралған батыр апаларымыз арасында тұңғыш әскери ұшқыш Доспанова Хиуаз да бар еді.
4-Әскери қыз: Ең бірінші әскери тапсырманы Краснадонда алып, жаудың күші мен техникасын жоюға біз аспанға түнде көтерілдік. Айналаның бәрі тастай қараңғы. Құлақ түбінен уілдеген желдің ызыңы ғана естіледі. Ұшағымыз ауада қалқып келе жатқандай, анда-санда тербеліп қояды. Тек сонау төменде айқыш-ұйқыш атылған оқтардың, жерге түскен бомбалардың жарқылы көрініп қалады. Осылай айналаны бағдарлап ұшып келе жатқанымызда, кенет айналаның бәрі анық көрінді. Сөйтсек, жау әскрлері өз шептеріне өткен біздерді байқап қалып, жүздеген прожекторларын жаққан екен. Сол-ақ екен айналаның бәрі астаң-кестең болды да кетті. Командирімнің «таста, таста» деген бұйрығына қарамай нысананың дәл келуін күтіп, оңтайлы сәтті күтіп тістене түсудемін. Осылай әбден бағдарлап бомбаны тастап-тастап жібердім. Сонымен бұл түні біздер тапсырманы ойдағыдай орындап аэродромға қайттық.
Жүргізуші: Ең алғашқы аспандағы айқасы осылай басталған Хиуаз апа Берлинге дейінгі ұзақ жолында 300-ден астам рет аспанға көтеріліп, екі рет жаралы болыпты.
5-Әскери қыз: Әне-міне дегенше жеңісті асыға күтетін күнге де жеттік. Күннен-күнге соғыстың аяқталуын күттік. Жеңіс күнін қуанышпен қызу атап өттік. Пулемет лентасында, ұшақ бортында, наганда бірде-бір оқ қалған жоқ. Жеңіс құрметіне аспанға атып, салют бердік. Үйге қайтар алдында Берлинге барып келуге келістік. Уақыт бар. Сөйтіп, 1945 жылдың 2 маусымы күні машинаға мініп, Берлинді аралап қайтуға аттандық. Рейхстагты аралап жүргенде бір топ неміс әйелдерін кезіктірдім. Олар маған таңырқана қарап: -Оу, офицер азиейшин!-деді. Мынау азиялық офицер деулерінен мені сөз етіп тұрғанын сезіп, тәкаппар күймен түсінік бердім. Жай ғана азейшин емес, Қазақстанның офицері екенімді айттым.
3-Оқырман: Ырзамыз барлық ісіңе
Періште қара көздерім
От пенен судың ішінен
Бізді алып шыққан өздерің
Қызықтың бәрін құрбан ғып
Біз үшін күйіп-жандыңдар
Бізді ойлап жүріп, жылдардың
Өткенін білмей қалдыңдар
Жүргізуші: Пулеметші, ефрейтор София Шияпованың естелігін тыңдап көрелік.
6-Әскери қыз: Будапешт үшін сұрапыл ұрыс жүріп жатқан. Біз бекінген үйге қарай бір ротадай неміс солдаттары келе жатты. Мен пулеметтен оқ жаудырдым. Бұл жағдайды күтпеген немістер сасқалақтап қалды. Осы кезде жауынгерлер келіп, селоны жаудан тазартты. Бұл ерлігім үшін мен «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталдым.
4-Оқырман: Айқасқа барам өліммен
Қайтемін жалғыз бас қамын
Бұрымымды төгілген
Туған жер, саған тастадым
Өзіңде қалсын бұрымым
Хош боп тұр, байтақ қырларым
Кесіліп қалған қызығым
Айта алмай кеткен сырларым!
7-Әскери қыз: Анталаған ажал. Жаңбырша жауған оқ. Соғыс 1418 күнге созылды. Жүздеген жауынгер жарақат алды, мерт болды. Нәзік жанды қыздар бораған оқтың астында жүгіріп жүріп жарасын таңды. Жарақат алғандарды арқалап тылға тапсырды. Кіп-кішкентай қазақ қызы қорқуды білмейтін не деген жүректі жан деп жауынгерлердің бәрі таңданды. Анталаған ажал екінші рет төнді. Жаудың күші бізден анағұрлым басым болды. Біз өте аз едік, небәрі 60-ақ жауынгер, 2 зенитшіміз. Пулеметшінің бірі оққа ұшты. Пулемет иесіз қалды. Қазақ қызы пулеметті алды да, төніп келген жауға оқ жаудыра бастады. Құзғындар көп шығынға ұшырады. Қайтадан қаша бастады.
3-Оқырман: Оқ тиіп сержантқа да, оған дағы
Жаралап екеуін де кетті тағы
Алайда, ер жүректі қазақ қызы
Қобалжып қаймықпады, сынып сағы
Ілезде жараларын тағы таңып
Ілгері жылжыды қыз арқаланып
Тастамай командирді алып шықты
Қансырап шаршаса да арып-талып
Жүргізуші: Автоматты алға кезеп, сұр пилотка, сұр гимнастерка киген, от ішінде, оқ астында немістерді жусатып салғаны үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медаліне ұсынылған да қазақтың қайсар қыздары еді.
8-Әскери қыз: Көп ұзамай-ақ ұшақпен ұшып жүріп, жау жағының маңызды объектілерін суретке түсіруге тәп-тәуір машықтанып алдық. Кәдімгі барлаушылардың қатарына қосылдық. Жау тылына жиі-жиі шығып, белгілі объектілерін суретке түсіретін болдық. Соның нәтижесінде дайын болған фотопленкалар тиісті орындарға жіберіліп, сол арқылы біздің әскерлердің алдағы іс-қимылдарының жоспары жасалып жататын. Әрине, мұндай барлау сапарларының бәрі сәтті бола бермейтін. Кезекті барлаудан қайтып келе жатқан ұшақты фашистер байқап қалып, оқ жаудыра бастайтын. Сөйтіп, қоршаудан сытылып шыға бермек болғанда, жау жағы оқты қарша борататын. Бір кезде лаулап жана бастаған ұшақ қою түтін будақтатып зуылдай жөнелетін.
Жүргізуші: Бұл көмірлі қарағандыдан түлеп ұшқан санаулы қазақ қыздарының бірі – барлаушы Рахила Ералинаның жауынгерлік өмірінің бір ғана ұмытылмас сәті.
2-Оқырман: Ызалы қайрат кернеген
Жалынды жігер тербеген
Тербеген сайын өрлеген
Қарсыласып майданда
Қарулы қолын сермеген
Қайратты ана аттанды
Жауға қарсы ашынып
Жауға құрал асынып
Жау үстінен асырып
Оқ жаудырып, дөп тастап
Беттескенді қашырып
Айбатты ана аттанды
1-Оқырман: Сағынышты қам көңілмен ұласып,
Күз аспаны бірде күңгірт, бірде ашық,
Қыршын қазақ отыр окоп ішінде,
Ән серігі – домбырамен сырласып
Сағынғаны Сарыарқаның өлкесі,
Сағынғаны Алатаудың өркеші,
Сағынғаны Ақжайықтың толқыны
Сағынғаны кербез сұлу еркесі.
4-Оқырман: Жеңем деген ел сөзі
Тұрды ажалдан жоғары
Өмір, адам жұлдызы
Тұрды ажалдан жоғары
Жеңіс туы қырмызы
Тұрды ажалдан жоғары
Отан,ұрпақ,болашақ
Тұрды ажалдан жоғары
Өмір нұры жарқырап
Тұрды ажалдан жоғары
Жүргізуші: Соғыс аяқталды. Соғыстан аман қайтқан жауынгер қыздардың өмірлері әрқалай өрбіді. Әрине, сұм соғыс салған жан жарасымен қатар әртүрлі жарақаттары бейбіт өмірге араласып кетуге көп кедергі болды.
(Қыздардың бәрі ортаға шығады)
1-қыз: Соғыс олардың көбін ең негізгі бақыт – ана болу бақытынан айырды. Мені анам майданға шығарып салып, егіліп, бір кішкене түйіншек беріп тұрып, «бұл түйіншектің орауын ең ауыр, қиналған сәтіңде ашарсың» деп еді. Сондағы анамның маған бергені – туған жерімнің бір уыс топырағы екен.
2-қыз: Мені майданнан оралған соң дәрігерлер оқу оқуыма тыйым салды. Өйткені сұм соғыстан алған жарақатым денсаулығыма қауіпті еді.
3-қыз: Мен «соғыс» деген сөзден жиіркенемін. Өйткені, соғыстан тірі қайтсам да, ол менің өмірге деген құштарлығымды өзімен алып кетті. Әлі күнге дейін соғыстың сұмдық көріністері көз алдымнан кетпейді.
4-қыз: Мен соғыстан кейін де түсімде барлауға барып жүрдім. Бір күні автоматым іске келмей қалады, екінші күні фашистер бізді қоршауға ала бастайды. Ояна келе қорыққаннан дірілдеп жатқанымды байқаймын.
5-қыз: Мен соғыстан келгенде 20 жасар бойжеткен болатынмын. Бірақ өзімді құрбыларымның ортасында егде тартқан адамдай сезінуші едім. Құрбыларым көңіл көтеріп, өмірге қуанып жатқанда мені өзгеше ой басатын да тұратын.
6-қыз: Біз соғыстың от-жалынынан өттік, өліммен бетпе-бет кездестік, адамзат қасіретін, нелер сұмдықты көрдік. Қорлық көріп, әбден әлсіреген кеңес адамдарының неміс тұтқынынан босағанын көрдік. Соғыстың алғашқы айында құлдыққа түскен жігіт пен қыздардың үйлеріне қаусап қайтқанын көрдік, не көрмедік! Бұл ендігәрі қайталанбауы тиіс!
7-қыз: Мен майданға аттанатын күні дүкенге барып қант-кәмпитті толтырып алдым. Сосын жолдорбама ең әдемі көйлегімді, туфлиімді салдым. Өйткені мен соғыстың тез бітетініне сенімді едім.
8-қыз: Мен келешек ұрпаққа ешқашан соғыс дегенді көрмесін деп тілеймін. Қыздарымыз қолына қару емес, әрқашанда гүл ұстасын.
(Жақсыгелді Сейіловтің «Ана туралы баллада» әні орындалады)
2-Оқырман: Сарғая күткен ұлы күн
Шұғыласы бүгін жарқ етті
Бағына талай миллионның
Баянды жеңіс күн жетті.
Жүргізуші: Соғыс және Ана. Бұл екі сөздің мағынасы мүлдем қарама-қайшы. Уақыт алға жылжыған сайын кешегі өрім жас, бүгінгі самайларын ақ шала бастаған аналардың ел басына күн туған сын шақта қайыспай күрескен қажыр-қайратының мән-маңызы тереңдей түсуде. Олар отты күндердің тауқыметін ұрпақтары ешқашан көрмесін деп тілейді. Ұлы Жеңіс – барша халықтың жеңісі. Сондықтан да кешегі жауынгер, бүгінгі ата-әжелеріміздің жеңіске жетер жолда тындырған ұлан-ғайыр істері біздің жадымызда мәңгі сақталатын дастандай жалғаса береді. «Бейбіт күн тілегі» әні орындалады. (Шараға
Қатысушылар түгел ортаға шығып, көрермендерге тағзым етеді).Документ
Ару қыздар жоспар.doc
Омарова Гульшат Амангельдиновна
№18 жалпы білім беретін орта мектеп
Тарих пәні мұғалімі
Қарағанды қаласы
Ару қыздар – алаулап от кешкендер
(әдебимузыкалық композиция)
Мақсаты: Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап,
жеңіске жету ісіне қазақ халқының қосқан үлесін, Қазақстандық жауынгерлердің майдан
жолдарында жеңіс туын көтеріп өткендігін, Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің
қандастарымыз қатыспаған бірдебір үлкен шайқас болмағандығын айта отырып, қазақтың
ару қыздарының да ерен ерлік көрсеткендігін түсіндіру. Отанын, халқын, елін, жерін сүйе
алатын патриот тәрбиелеу, ағаапаларының ерлігі мен есімін ұмытпай мақтан тұтуға
үйрету.
Көрнекілігі: «Отанана шақырады» плакаты, Мәншүк пен Әлиянің суреті, слайд,
видеофильм, «Ұлы Отан соғысы» плакаты.
Кеш видеофильм көрумен басталады. Әрі қарай кеш барысында «Священная
война» және «Ана туралы баллада» өлеңдерінің аудиотаспасы кезек ойнап тұрады.
Интерактивті тақтадан «Ару қыздаралаулап от кешкендер» слайды жүріп
тұрады.
Қатысушылар: Жүргізуші 1
Оқырмандар 4
Әскери киім киген қыздар 8
Ақ шашты ана!
Саптан шықпай нық басып келесің бе?
Сыздап тұрау әлі күн оқ тескен жер...
Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,
Ару қыздар – алаулап от кешкендер.
ХХ ғасырдың ең ауыр да қорқынышты соғысында әйел жауынгер болды. Олар
аурулардың жарасын таңды, көпірлерді бұзды, «тіл» әкелді. Жаратылысынан жаны нәзік,
жолы жіңішке, жүректері сезіммен сырға толы осынау жандар халқымыздың басына түскен
ауыр кезеңдерденағыз қажырқайрат иелері екендерін айдай әлемге тағы бір рет таныта
білді. Қазақ жеріне соғыс отының шарпуы тиген жоқ. Бірақ сол кездегі ұлан байтақ
еліміздің шетіне жау тиіп жатқанда қазақстандықтар да тайлы тұяғы қалмай атқа қонғанын
бәріміз де білеміз. Солардың 40 пайызы ерлермен тізе қосып жауға қарсы шығуға бекем
буып, өз беттерімен өтініш беріп, соғыс майданына бет алған қазақтың үріп ауызға
салғандай жас қыздары болғанын естен шығармауға тиіспіз. Оларды соғыс өрті ерте
есейтті. Кеше ғана қызылдыжасылды киініп, гүлдей құлпырған балауса бойжеткендер енді
әскер киімін киініп, қару асынып, тілі, діні бөлек жаумен шайқасқа шықты. Оқ пен отқа
орана жүріп ерліктің небір ерен үлгілерін көрсетті. Бұлар ананың ақ сүтін ақтаған
халқымыздың адал перзенттері, еліміздің мақтанышы, көгімізде шолпан жұлдыздай
жарқыраған әйел қауымының арнамысы, биік мұнарасы. Отан!... Жау!... Олар қорқақтар
сияқты түнде басқыншылықпен бейбіт халыққа шабуыл жасады. Бұл 1941 жылдың 22
маусымы еді...
1 Оқырман: Кең далатуған анамыз, Қарындас, сүйген жарымыз...
Әйелге бәрін балаймыз
Ұнатса нені жанымыз.
Тарихана атанды,
Ана деп жүрміз Отанды...
Жүргізуші: Иә, кешегі он сегіз бен жиырманың арасындағы, күні кеше қос тұлымы
желбіреп, ертеңгі болашаққа аппақ арман, балауса үмітпен күлімдей қараған жас қыздар
нәзік аяғын сыздатқан солдат етігін киіп, гүл құшуға жаралған сүйрік саусақтары ауыр
автоматты көтеріп, майдан өтіне бара жатты.
2Оқырман: Тыңда дүние, тыңда ұл, қыз
Тыңдаңдар, барлық әлем, тыңда!
Өмірге осы біздер жауаптымыз,
Ұрпақтың алдында.
Нұрлы күн, жайнаған замана!
Ұқсайсың ақ жарқын анаға.
Қорғаймыз сені бір тұтас ел боп,
Сен үшін садаға, соғысқа жол жоқ!
Жүргізуші: Елге қатер төнді. Ел үстіне найзағай, қара бұлт қабағы түйілуде. Бейбіт
халықтың денесі жаралы. Жараң қанша болса, кегің сонша өлшеусіз. Көп зұлымдық, көп
қорлық ел ішіне тас шемендей қатып, ел жүрегін ыза кернеуде.
3Оқырман: 1941 жыл ақпандатқан,
Сыртта аяз.
Аулымызды ақ қар жапқан
Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін,
Алапат аспан, жерді аттандатқан.
Жүргізуші: Жеңіс күніне жетер жол жеңіл болмады. Соғыстың әрбір күні – қан мен өлім,
қайғы мен мұңға толы болды.
4Оқырман: Аттан, деді,
Ол ертең аттанады
Аттанады еңбектің ақ табаны:
Күрегінің орнына қару алып,
Жауынгердің рөлін атқарады.
Ол ертең аттанады
Жарты Ай тұр шар аспанда тозған таға,
Үскірік үрлей ме әлде қозғалта ма?
Әжем жүр туған жердің топырағын,
Тұмар ғып тігіп жатыр бөз қалтаға.
Жүргізуші: Фашистер Еуропаның барлығын дерлік жаулап бағындырып алды. Олардың
қуатты зеңбірек, ұшақ және танктері мыңдап саналатын. Басқыншылар жолдарында
кездескен қарт пен әйелді, бойжеткен мен бейкүнә сәбиді аяусыз атты, дарға асты,
қорлады. Фашистер өздерінің Кеңес еліне барар жолдарын осылай салды. Өздерінің жеңіске
жететініне сенді. Бірақ, олар есептерінен оңбай жаңылды.
1Оқырман: «Апа! Қалай, қуаттысыз ба? Жағдайыңыз жақсы болар? Менің денім сау.
Көңілім хош. Апа! Сіз майданға шығарып саларда маған:«Балам, қоян жүрек қорқақ
болмай, батыр бол, бар жігер, бар күшіңді сүйікті Отаныңды, халқыңды қорғауға жұмса,
үйге абыроймен қайт» демеп пе едіңіз? Бұл сіздің бүкіл ел атынан тапсырған аналық
тапсырмаңыз еді ғой. Мен ана тапсырмасын абыроймен орындаудамын»
Жүргізуші: Бұл майданнан жазған жауынгердің хаты. Ол мыңдаған Отанын қорғаған
солдат сияқты майдан шебінде қайтыс болған. 2Оқырман: «Адам өлтіру әйел адамның үлесі емес» деген екен соғысқа қатысқан бір
майдангер әйел. Ал екіншісі Рейхстаг қабырғасына: «Мен Берлинге адам өлтіру үшін емес,
соғысты өлтіру үшін келдім» деп жазған екен.
Жүргізуші: Соғыс жылдарында майданның әртүрлі шебінде 800 мыңнан аса әйел адамзаты
болған екен. Адамзат тарихында осыншама әйел адамының соғысқа қатысуы бұрын
болмаған. Сонымен 41жылдары соғысқа аттанған аруларымыз қандай еді? (Сахнаға
бірінен кейін бірі ақырындап 8 қыз шығады). Ленинград қаласын әуе шабуылынан
қорғаған зенит зеңбірегі расчетінің командирі Әкима Ақжолаева соғысты былай деп еске
алады.
1Әскери қыз: Майданға жету, қалайда жаумен бетпебет келіп, кек алубіздің бар ой
арманымыз болатын. Әлі күнге жүрегімнің түкпірінде сақтап келген бір сырым бар.
Ешкімге айтқан емеспін. Есілдертім ұшқыш болу еді. Біраз қиындықтардан кейін
Хабаровск маңындағы самолет механиктерін дайындайтын курсты бітіріп, сонда қызмет
еттім. Батысқа қанша сұрансам да жібермеді. Ауылға аз күнге демалысқа келіп, енді
қайтар жолда бір қулық істегім келді. Құжаты жоқ адамды майданға алдыңғы шепке бірден
жібереді дегенді естіп жүретінмін. Новосібір қаласына жақындағанда құжаттарымды
құрттым да, қалаға келген соң, әскери комендатураға барып, құжаттарымның жоқ екенін
айтып, енді майданға жіберулерін сұрадым. Сол бойымен Ленинград қаласынан бірақ
шықтым. Өтірік айтып, біреулерді алдағанымды осы кезге дейін бір адамға айтуға ұялам.
Бірақ бәрі сол майданға жетсем деген адал ниеттен шыққан еді.
Жүргізуші: Осы шындықтың өзі қазақ қыздарының нәзік жанды, ұяң, биязылығымен қатар
патриоттық сезім, батыл жүректі жандар екенін дәлелдейтіндей.
2Әскери қыз: Мен о баста дәрігер болуға талпынып едім. Бірақ ол мақсатымды соғыс
орындатпады. Өз тілегіммен майданға келдім. Ал штабта қағаз жазып отырғанда не
бітіремін. Небір жайсаң азаматтар жауды жайпап, өздері де қыршын кетіп жатқанда менің
жаным солардан артық па еді? Соғыс сұрапылының бәріне төзгім келді. Бас сауғалауға
арым бармайды. Тек кейде ауырып қаламын ба деп қорқамын. Мен өзімдіөзім мүлде
өзгертіп, кейбір қатал командирлерге ұқсағым да келеді. Өзім басқаратын пулемет
расчетында жақсы да , нашарлау да адамдар бар. Олардың бәріне бірдей мен жақсы
көрінгім келмейді. Тәуір істерін жақтап, мақтап, нашарларын жөнге салсамкомандирлік
міндеттің орындалғаны ғой деп ойлаймын.
Жүргізуші: Бұл қазақ халқының қаһарман қызы Мәншүктің майданның алдыңғы шебінен
тілшілерге берген алғашқы сұхбаты еді.
3Оқырман: Абайлады сонда Мәншүк жанжағын.
Көрді өзінің жапажалғыз қалғанын
Көзге жанар, көкірекке кек толып
Қинады қимай серіксаңлағын
Қара көзі жарқ етті тек танадай
Төңкерілді ашылып бір қарамай
Пулеметте ойнап тұрған он саусақ
Қалды қатып бір серпуге жарамай.
Жүргізуші: 1943 жылы қазан айының 7сі күні Невель қаласының маңында орналасқан
Изочка темір жол стансасын басып алу ұрысы болды. Осы ұрыста жанқиярлықпен соғысып,
пулеметпен көптеген фашистердің көзін жойды. Бірақ өкініштісі сол шайқаста өзі де
ерлікпен қаза тапты. Сол жылдары Мәншүктің қарулас жолдастары анасына былай деп хат
жолдапты:
1Оқырман: «Аға сержант М.Мәметова жолдас өмірінің соңғы минутына дейін фашистік
жауыздарды аямай жойды. Мәметова жолдас жаудың боратып атқан оғына, сондайақ
өзінің жаралануына қарамастан жауды үздіксіз атқылап, шабуылға шыққан бөлімдердің
тоқтаусыз алға басуын қамтамасыз етіп отырды. Шексіз батырлығымен жауынгерлерде жаңа жігер тудырып, оларға фашистерді құртуда бар күштерін жұмсауға дем берді.
М.Мәметованы мәңгі есте қалдыруды көздеп, Невель қалалық Советі атқару комитетінің
бірінші мәжілісінде қаланың бұрынғы Приамурская көшесін пулеметші қазақ қызы
М,Мәметованың, ал Торфяной переулогін Мәншүк есімімен атауға шешім қабылданды.
Мәншүктің қарулас жолдастары 1943 жыл, 25 қазан.
Біраздан кейін М,Мәметоваға Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді.
3Әскери қыз: Қазір мен жол үстіндемін, алдыңғы күні аттанғанбыз, бүгін көздеген жерге
жетіп қалармыз деп ойлаймын. Бірақ бұл аса анық емес. Қайда бет алғанымды өзің де
түсінесің ғой деп ойлаймын. Бірақ сенен бұл жөнінде қынжылмауды өтінемін, неге десең
мектепте әлде де болса біраз уақыт оқуға қалдырса да өзім сұранып аттандым. Өміріме
өкінішім жоқ. Бірақ жүректі билеген бір қалтқы ой бар: жоқ, ол өзім туралы емес, сенімен,
сәбилермен, жеңешеммен, жалпы туыстарыммен кездесе алмағаным. Қазір алдыңғы шепте
тұрмыз. Хатты окопта отырып жазудамыз. Айнала ну ағаш. Немістермен бетпебет кездесіп
тұрамыз. Менің басымда каска, белімде граната, ал қолымда винтовка бар.
Жүргізуші: Иә, бұл ержүрек Әлияның туыстарына жазған хаты еді. 1944 жылы 14
қаңтарда Казачиха деревнясы үшін кескілескен ұрыста алған ауыр жара Әлияның өмірін
қиып түсті.
4Оқырман: Бұл 1944 жылдың қаңтары еді. Сол бір кескілескен шайқаста тірі қалса, Әлия бес
айдан соң 19 жасқа толар еді. Оның қысқа өмірінің екі жарым
Жылы қан майданда, от кешумен өтті. Бірақ бұл жалын боп лаулап, құйрықты жұлдыздай
жарқырап өткен, кейінгі інісіңілілеріне мәңгілік өнеге болып қалған өмір. Ол қаһармандық
дастанын жазып үлгерді. Ару Әлия, қаһарман Әлия бізге «Отаным, елім» деп соққан жүрегін
мирас етіп қалдырды.
1Оқырман: Жан емес пе, махаббат пен бақыт үшін жаралған,
Гүл емес пе жаңа ғана тіршіліктен нәр алған!?
Күйер ме екен отжалынға жапырағындай жас талдың
Әлияның жүрегінде өркен жайған бар арман!
(С.Бәйтерековтің «Әлия» әні орындалады)
2Оқырман: Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік
Жерге бақыт, елге бақыт тіледік
Отанана отқа күйіп жатқанда
Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік
Жүргізуші: Төрт жылғы қанды топалаңда жарты Еуропада іздерін қалдырып, туған
топырағына аманесен оралған батыр апаларымыз арасында тұңғыш әскери ұшқыш Доспанова
Хиуаз да бар еді.
4Әскери қыз: Ең бірінші әскери тапсырманы Краснадонда алып, жаудың күші мен
техникасын жоюға біз аспанға түнде көтерілдік. Айналаның бәрі тастай қараңғы. Құлақ
түбінен уілдеген желдің ызыңы ғана естіледі. Ұшағымыз ауада қалқып келе жатқандай, анда
санда тербеліп қояды. Тек сонау төменде айқышұйқыш атылған оқтардың, жерге түскен
бомбалардың жарқылы көрініп қалады. Осылай айналаны бағдарлап ұшып келе жатқанымызда,
кенет айналаның бәрі анық көрінді. Сөйтсек, жау әскрлері өз шептеріне өткен біздерді байқап
қалып, жүздеген прожекторларын жаққан екен. Солақ екен айналаның бәрі астаңкестең
болды да кетті. Командирімнің «таста, таста» деген бұйрығына қарамай нысананың дәл келуін
күтіп, оңтайлы сәтті күтіп тістене түсудемін. Осылай әбден бағдарлап бомбаны тастаптастап
жібердім. Сонымен бұл түні біздер тапсырманы ойдағыдай орындап аэродромға қайттық.
Жүргізуші: Ең алғашқы аспандағы айқасы осылай басталған Хиуаз апа Берлинге дейінгі ұзақ
жолында 300ден астам рет аспанға көтеріліп, екі рет жаралы болыпты.
5Әскери қыз: Әнеміне дегенше жеңісті асыға күтетін күнге де жеттік. Күнненкүнге
соғыстың аяқталуын күттік. Жеңіс күнін қуанышпен қызу атап өттік. Пулемет лентасында,
ұшақ бортында, наганда бірдебір оқ қалған жоқ. Жеңіс құрметіне аспанға атып, салют бердік.
Үйге қайтар алдында Берлинге барып келуге келістік. Уақыт бар. Сөйтіп, 1945 жылдың 2 маусымы күні машинаға мініп, Берлинді аралап қайтуға аттандық. Рейхстагты аралап
жүргенде бір топ неміс әйелдерін кезіктірдім. Олар маған таңырқана қарап: Оу, офицер
азиейшин!деді. Мынау азиялық офицер деулерінен мені сөз етіп тұрғанын сезіп, тәкаппар
күймен түсінік бердім. Жай ғана азейшин емес, Қазақстанның офицері екенімді айттым.
3Оқырман: Ырзамыз барлық ісіңе
Періште қара көздерім
От пенен судың ішінен
Бізді алып шыққан өздерің
Қызықтың бәрін құрбан ғып
Біз үшін күйіпжандыңдар
Бізді ойлап жүріп, жылдардың
Өткенін білмей қалдыңдар
Жүргізуші: Пулеметші, ефрейтор София Шияпованың естелігін тыңдап көрелік.
6Әскери қыз: Будапешт үшін сұрапыл ұрыс жүріп жатқан. Біз бекінген үйге қарай бір
ротадай неміс солдаттары келе жатты. Мен пулеметтен оқ жаудырдым. Бұл жағдайды
күтпеген немістер сасқалақтап қалды. Осы кезде жауынгерлер келіп, селоны жаудан тазартты.
Бұл ерлігім үшін мен «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталдым.
4Оқырман: Айқасқа барам өліммен
Қайтемін жалғыз бас қамын
Бұрымымды төгілген
Туған жер, саған тастадым
Өзіңде қалсын бұрымым
Хош боп тұр, байтақ қырларым
Кесіліп қалған қызығым
Айта алмай кеткен сырларым!
7Әскери қыз: Анталаған ажал. Жаңбырша жауған оқ. Соғыс 1418 күнге созылды. Жүздеген
жауынгер жарақат алды, мерт болды. Нәзік жанды қыздар бораған оқтың астында жүгіріп
жүріп жарасын таңды. Жарақат алғандарды арқалап тылға тапсырды. Кіпкішкентай қазақ
қызы қорқуды білмейтін не деген жүректі жан деп жауынгерлердің бәрі таңданды. Анталаған
ажал екінші рет төнді. Жаудың күші бізден анағұрлым басым болды. Біз өте аз едік, небәрі 60
ақ жауынгер, 2 зенитшіміз. Пулеметшінің бірі оққа ұшты. Пулемет иесіз қалды. Қазақ қызы
пулеметті алды да, төніп келген жауға оқ жаудыра бастады. Құзғындар көп шығынға ұшырады.
Қайтадан қаша бастады.
3Оқырман: Оқ тиіп сержантқа да, оған дағы
Жаралап екеуін де кетті тағы
Алайда, ер жүректі қазақ қызы
Қобалжып қаймықпады, сынып сағы
Ілезде жараларын тағы таңып
Ілгері жылжыды қыз арқаланып
Тастамай командирді алып шықты
Қансырап шаршаса да арыпталып
Жүргізуші: Автоматты алға кезеп, сұр пилотка, сұр гимнастерка киген, от ішінде, оқ астында
немістерді жусатып салғаны үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медаліне ұсынылған да қазақтың
қайсар қыздары еді.
8Әскери қыз: Көп ұзамайақ ұшақпен ұшып жүріп, жау жағының маңызды объектілерін
суретке түсіруге тәптәуір машықтанып алдық. Кәдімгі барлаушылардың қатарына қосылдық.
Жау тылына жиіжиі шығып, белгілі объектілерін суретке түсіретін болдық. Соның
нәтижесінде дайын болған фотопленкалар тиісті орындарға жіберіліп, сол арқылы біздің
әскерлердің алдағы ісқимылдарының жоспары жасалып жататын. Әрине, мұндай барлау
сапарларының бәрі сәтті бола бермейтін. Кезекті барлаудан қайтып келе жатқан ұшақты
фашистер байқап қалып, оқ жаудыра бастайтын. Сөйтіп, қоршаудан сытылып шыға бермек болғанда, жау жағы оқты қарша борататын. Бір кезде лаулап жана бастаған ұшақ қою түтін
будақтатып зуылдай жөнелетін.
Жүргізуші: Бұл көмірлі қарағандыдан түлеп ұшқан санаулы қазақ қыздарының бірі –
барлаушы Рахила Ералинаның жауынгерлік өмірінің бір ғана ұмытылмас сәті.
2Оқырман: Ызалы қайрат кернеген
Жалынды жігер тербеген
Тербеген сайын өрлеген
Қарсыласып майданда
Қарулы қолын сермеген
Қайратты ана аттанды
Жауға қарсы ашынып
Жауға құрал асынып
Жау үстінен асырып
Оқ жаудырып, дөп тастап
Беттескенді қашырып
Айбатты ана аттанды
1Оқырман: Сағынышты қам көңілмен ұласып,
Күз аспаны бірде күңгірт, бірде ашық,
Қыршын қазақ отыр окоп ішінде,
Ән серігі – домбырамен сырласып
Сағынғаны Сарыарқаның өлкесі,
Сағынғаны Алатаудың өркеші,
Сағынғаны Ақжайықтың толқыны
Сағынғаны кербез сұлу еркесі.
4Оқырман: Жеңем деген ел сөзі
Тұрды ажалдан жоғары
Өмір, адам жұлдызы
Тұрды ажалдан жоғары
Жеңіс туы қырмызы
Тұрды ажалдан жоғары
Отан,ұрпақ,болашақ
Тұрды ажалдан жоғары
Өмір нұры жарқырап
Тұрды ажалдан жоғары
Жүргізуші: Соғыс аяқталды. Соғыстан аман қайтқан жауынгер қыздардың өмірлері
әрқалай өрбіді. Әрине, сұм соғыс салған жан жарасымен қатар әртүрлі жарақаттары бейбіт
өмірге араласып кетуге көп кедергі болды.
(Қыздардың бәрі ортаға шығады)
1қыз: Соғыс олардың көбін ең негізгі бақыт – ана болу бақытынан айырды. Мені анам
майданға шығарып салып, егіліп, бір кішкене түйіншек беріп тұрып, «бұл түйіншектің
орауын ең ауыр, қиналған сәтіңде ашарсың» деп еді. Сондағы анамның маған бергені –
туған жерімнің бір уыс топырағы екен.
2қыз: Мені майданнан оралған соң дәрігерлер оқу оқуыма тыйым салды. Өйткені сұм
соғыстан алған жарақатым денсаулығыма қауіпті еді.
3қыз: Мен «соғыс» деген сөзден жиіркенемін. Өйткені, соғыстан тірі қайтсам да, ол менің
өмірге деген құштарлығымды өзімен алып кетті. Әлі күнге дейін соғыстың сұмдық
көріністері көз алдымнан кетпейді.
4қыз: Мен соғыстан кейін де түсімде барлауға барып жүрдім. Бір күні автоматым іске
келмей қалады, екінші күні фашистер бізді қоршауға ала бастайды. Ояна келе қорыққаннан
дірілдеп жатқанымды байқаймын. 5қыз: Мен соғыстан келгенде 20 жасар бойжеткен болатынмын. Бірақ өзімді
құрбыларымның ортасында егде тартқан адамдай сезінуші едім. Құрбыларым көңіл
көтеріп, өмірге қуанып жатқанда мені өзгеше ой басатын да тұратын.
6қыз: Біз соғыстың отжалынынан өттік, өліммен бетпебет кездестік, адамзат қасіретін,
нелер сұмдықты көрдік. Қорлық көріп, әбден әлсіреген кеңес адамдарының неміс
тұтқынынан босағанын көрдік. Соғыстың алғашқы айында құлдыққа түскен жігіт пен
қыздардың үйлеріне қаусап қайтқанын көрдік, не көрмедік! Бұл ендігәрі қайталанбауы
тиіс!
7қыз: Мен майданға аттанатын күні дүкенге барып қанткәмпитті толтырып алдым. Сосын
жолдорбама ең әдемі көйлегімді, туфлиімді салдым. Өйткені мен соғыстың тез бітетініне
сенімді едім.
8қыз: Мен келешек ұрпаққа ешқашан соғыс дегенді көрмесін деп тілеймін. Қыздарымыз
қолына қару емес, әрқашанда гүл ұстасын.
(Жақсыгелді Сейіловтің «Ана туралы баллада» әні орындалады)
2Оқырман: Сарғая күткен ұлы күн
Шұғыласы бүгін жарқ етті
Бағына талай миллионның
Баянды жеңіс күн жетті.
Жүргізуші: Соғыс және Ана. Бұл екі сөздің мағынасы мүлдем қарамақайшы. Уақыт алға
жылжыған сайын кешегі өрім жас, бүгінгі самайларын ақ шала бастаған аналардың ел
басына күн туған сын шақта қайыспай күрескен қажырқайратының мәнмаңызы тереңдей
түсуде. Олар отты күндердің тауқыметін ұрпақтары ешқашан көрмесін деп тілейді. Ұлы
Жеңіс – барша халықтың жеңісі. Сондықтан да кешегі жауынгер, бүгінгі атаәжелеріміздің
жеңіске жетер жолда тындырған ұланғайыр істері біздің жадымызда мәңгі сақталатын
дастандай жалғаса береді. «Бейбіт күн тілегі» әні орындалады. (Шараға
Қатысушылар түгел ортаға шығып, көрермендерге тағзым етеді).
Ару қыздар – алаулап от кешкендер
Ару қыздар – алаулап от кешкендер
Ару қыздар – алаулап от кешкендер
Ару қыздар – алаулап от кешкендер
Ару қыздар – алаулап от кешкендер
Ару қыздар – алаулап от кешкендер
Ару қыздар – алаулап от кешкендер
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.