1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;
1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;
1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау
Оқушылар ғарыш туралы қарапайым түсінік алады; астрономияның нені зерттейтінін біледі.
Барлық оқушылар: ғарыш туралы түсінік алады, шоқжұлдыздардың атауларымен танысады.
Оқушылардың көпшілігі: ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттайды;
Кейбір оқушылар: жекелеген ғарыштық денелерді атайды және сипаттайды.
Жекелеген ғарыштық денелерді атайды және сипаттайды.
Күн жүйесіндегі ғарыштық денелердің атауын жазады.
Астрономия туралы айтады.
жаратылыстану.docx
Пән: жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспарбөлімі:
Күні :
СЫНЫП: 1
Сабақ тақырыбы: Ғарыш
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына
сілтеме)
Сабақ мақсаты
Жетістік критерийлері
Тілдік мақсаттар
Құндылықтарды дарыту
Пәнаралық байланыстар
АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім
Сабақтың барысы:
Сабақтың
кезеңдері
Сабақтың
басы
Мектеп:
Мұғалімнің есімі:.
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;
1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу
аппараттарын сипаттау;
1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау
Оқушылар ғарыш туралы қарапайым түсінік алады; астрономияның
нені зерттейтінін біледі.
Жекелеген ғарыштық денелерді атайды және сипаттайды.
Күн жүйесіндегі ғарыштық денелердің атауын жазады.
Астрономия туралы айтады.
Пәндік сөздік қор және терминдер:
Қазақ
Ағылшын
астрономия астрономия astronomy
ғарыш
шоқжұлдыз
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:
Суретке қарап, ғарыштағы денелерді атап көр.
Ежелгі адамдар немен айналысқан деп ойлайсың?
Арнайы құралдардың көмегінсіз түнгі аспаннан нелерді көруге
болады?
Жаттығуларды орындау барысында қазақстандық патриотизм мен
азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу
space
constellation
Орыс
космос
созвездие
Дүниетану. Ерте замандағы адамдардың өмір салты. Көшпенділер.
Оқушылар интерактивті тақтадан аспан әлеміндегі өздеріне таныс
денелерді көрсетіп, атын атай алады
Оқушылар аспан денелері туралы өздерінің білімдеріне сүйенеді,
Жер пішіні туралы білімдерін пысықтайды
Сабақта жоспарланған ісәрекет
Ресурстар
«Шарлар» ойынын ойнау. Барлығы шеңбер құрып тұрады да,
көздерін жұмып, алға қарай жүреді. Соқтығысып қалған
адаммен құшақтасып тұра қалады. Бір – біріне сәттілік тілейді.
Шарға ұқсас заттарды атаңдар.
II. «Пікірлер қоржыны» әдісі бойынша өткен тақырыпты
пысықтау.
Біз дүниенің қай бөлігінде тұрамыз?
•Қазақстанды, оның көршілерін, мұхиттарды глобустан таба
аласыңдар ма?
•Жер планетасының пішіні қандай? •Қазақстан Қытаймен салыстырғанда алып жатқан жер көлемі
жағынан үлкен бе, әлде кіші ме?
•Қазақстан халқы қандай жерлерге саяхат жасаған?
•Сендер глобустан қандай жерлерді көрсете аласыңдар?
•Бұл жер өмір сүруге қолайлы ма?
Нақты, дәл жауап беріп, белсенділік танытқан оқушыға
смайлик беремін.
(Ұ) «Топтастыр»
Тақтадағы суреттерге қараңдар: Бұл суреттерді қандай
белгілері бойынша топтастыруға болады?
Интерактивті тақта,
жеке суреттер,
жұлдызды аспанның
суреттері
Сабақтың
ортасы
1.Өзектенд
iрy.
Мақсаты:
Өздерiнiң
бiлiмiн
қолдана
отырып,
жаңа
ұғымды
шығарy,
жетiстiккке
жетy
Бұлардың барлығы ұшуға бейімделген.
Қандай топтарға бөлуге болады?
Ертегі кейіпкерлері, тірі табиғат, әуе транспорты.
Әуе транспорты не үшін қажет?
Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен ОМ анықтап алайық.
Аспан әлемін тағы қалай атауға болады?
Кіріспе тапсырма. «Ғарышқа саяхат».
Ғарышты көз алдарыңа елестететіп көріңдер.
Суретке назар аударыңдар (интерактивті тақтадан) .
Анықтау:
— Сендердің елестеткендерің шындықпен сәйкес келді ме?
— Ғарышта не бар? (Ғарыш — бұл шексіз кеңістік, онда сан
алуан ғарыш денелері бар.)
Ерте заманда адамдар аспанда көрінетін жұлдыздарды аспан
күмбезіне қағылып тұрған шегелер деп есептеген.
Дескриптор: оқушылар ғарыш туралы жалпы түсінік алды. 2. Ойтүрткi.
Мақсаты:
«Жаңаны
ашyға»
байланысты
жаңа iс –
әрекетке
көшy
Ашық
сұрақтар
Мақсаты:
Жаңа
ұғымдарды
енгiзy, әр
түрлi
әрекеттер
арқылы есте
сақтаy.
Саралау
(Т) Ежелгі астрономия.
Оқушыларды шағын топтарға бөлу.
Мына суреттерге назар аударыңдар.
Ежелгі адамдар астрономиямен не үшін айналысты, олар нені
байқаулары мүмкін еді?
Олар немен айналысқан?
Қандай құралдарды қолданған?
Адамдардың негізгі ісәрекеті диқаншылық, аңшылық және
балық аулау болған. Көптеген халықтар, сонымен қатар
қазақтар да көшпенді өмір сүрді. Сондықтан олар
жұлдыздардың қозғалысын бағдарлап, жыл маусымдарының
ауысуын болжаған. Себебі оларға қай уақытта егін егіп, қай
уақытта жинап алу керектігін анықтау қажет болды. Сонымен
қатар кейбір елдерде өзендердің арнасынан шығу кезеңдерін
білу маңызды рөл атқарды. Оны алғашқы күнтізбелерден
байқауға болады.
Қазақтардың көшпенді өмірі бейнеленген суретке назар
аударыңдар.
Адамдар не үшін көшпенді өмір салтын ұстанды?
Жайылымдық жерді ауыстыру үшін және жыл мезгілінің
өзгеруімен байланысты көшпенділік салтын ұстанды.
Топтар бірін – бірі «Бағдаршам» арқылы бағалайды.
Дескриптор: астрономия туралы түсінік алды.
(Ж) Бақылау.
— Аспанда не көрінеді? (Ай, Күн, жұлдыздар.)
— Жұлдыздардың барлығы бірдей болып көріне ме? (Жарық
жұлдыздар, сонымен қатар күңгірттері де бар.)
Жұлдызды аспанның суретін көрсетіп, кейбір жұлдыздардың
бірбіріне жақын орналасқанына ерекше назар аудару.
Осындай жұлдыздар тобы шоқжұлдыз деп аталады. Қазіргі
адамдар олардың барлығын ерте заманда көрінгендей көре
алмайды. Жұлдыздардың бір бөлігі жоғалып, күңгірттеніп
кетті.
Сендер қай шоқжұлдыздарды білесіңдер?
Дескриптор: оқушылар білетін шоқжұлдыздар атауын атады,
есте сақтау үшін бірнеше рет қайталады.
Бірін – бірі «Бас бармақ» әдісімен бағалайды.
(Т) Зерттейік. Топтарда қабілеті жағынан деңгейлері әртүрлі
оқушылар болады.
Топ мүшелерінің міндеттерді бөліп алуын ұйымдастыру:
бір бөлігі шоқжұлдыздардың суреттерін салады;
келесі бөлігі шоқжұлдыздарды бірнеше сөзбен сипаттайды,
қалған оқушылар кітаптың мұқабасын әзірлейді; оқи алатын
оқушылар дереккөзді пайдаланып, шағын мәтіндерді оқиды. .
Тапсырманы орындап болған соң, әр топ өз жұмыстарын
сыныптың талқылауына ұсынады.
Интернет ресурстар
түрлі түсті қағаз,
картон, А4
форматты ақ парақ,
желім, түрлі түсті
қарындаштар,
шоқжұлдыздар
туралы аңыз
кітаптар қажет
болады.
«Сен білесің бе?» айдарынан
«Жұлдыздар
туралы аңыздар»
кітапшасы.
Интернет
ресурстар:
астрономия тарихы
туралы
бейнефильм.
Сәйкес
қимылдармен
көрсетеді.
Сәйкес келетін
суреттер тақтадан
көрсетіледі.
Сергіту
Қосымша
ақпарат
Зерттеу барысында сұрау:
— Не себепті осы шоқжұлдыз таңдап алынды?
— Ол несімен қызықты?
— Шоқжұлдыздарды ажырату не үшін қажет болды?
Жұлдыздар қандай заңдылықтарға бағынады?
Дескриптор: Әңгіме барысында оқушылар жұлдыздардың
белгілі тәртіппен орналасатыны, аспан денелерінің қозғалысы
соған байланысты болатыны туралы айтып берді.
Топтар жасаған жұмыстары бойынша «Екі жұлдыз, бір тілек»
әдісі бойынша баға береді.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолымызды созамыз.
Аяғымызды басайық,
Орнымызға отырайық.
Соз қолыңды оң жаққа,
Соз қолыңды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлданбай
Шеңбер жасап тұрғандай
Астрономия — жер бетіндегі ең ежелгі ғылым. Ол ғаламды,
аспан денелерін, олардың қозғалыс тарын, пайда болуы мен
дамуын зерттейді.
Ерте заманда адамдар жұлдызды аспанды бақылаған, олар
күн мен түннің және жыл мезгіл дерінің, Ай фазаларының
ауысуын байқаған. Ежелгі мысырлықтар аспанда жарық жұлдыз
Сириус пайда болғаннан кейін төртіншібесінші күні Ніл
өзенінің арнасынан асатынын білген. Ежелгі диқандар Күн
көкжиектен неғұрлым биік көтерілсе, соғұрлым жылы
болатынын, яғни жақын арада көктем келетінін анықтаған.
Бақылау нәтижесінде алғашқы күн тізбелер жасалған. Күн және
Ай күнтізбелері әр халықта әртүрлі болған. Олар әлі күнге
дейін қазіргі
ғалымдарды зерттеулеріндегі дәлдігімен таңғалды рып келеді.
Ғалам — уақытпен және кеңістікпен шектелмеген алуан
түрлі әлем. Ол — адамның санасынан тыс тіршілік ететін әлем.
Ғалам өте көп аспан денелерінен тұрады, олардың көпшілігінің
мөлшері Жерден бірнеше миллион есе үлкен.
Шоқжұлдыздар — шоғырланып түрлі мүсіндерді түзетін
жұлдыздардың тобы. Олардың көпшілігінің атаулары грек
аңыздарынан шыққан. Птолемейдің “Альмагестінде” аспан мен
шоқжұлдыздар жанжақты сипатталған. Бұл классикалық
сипаттама. Жылдар өте келе кейбірі ұмытылып, жаңадан пайда
болды, бос орындар толтырылды. 1930 жылы қазіргі
шоқжұлдыздардың тізімі жасалып, шекарасы бекітілді.
Дәптермен
жұмыс
Шоқжұлдызды құрастыр. Оқушылар “ғаламшар” сөзінің
әріптерін тауып алып, жұлдыздарды ретімен жалғастыра алады. ҚБ
тапсырмасы
Тапсырманы орындау нәтижесінде оқушыларда Жетіқарақшы
шоқжұлдызының бейнесі (ожау) пайда болады.
Оқу мақсаты: 1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар
мен ұшу аппараттарын сипаттау.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну
Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
• ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу
аппараттарын анықтайды.
• олар туралы әңгімелейді.
1тапсырма. Ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу
аппараттары туралы не білесіз? Берілген тірек сөздер мен
суреттерді пайдаланып,әңгімелеңіз.
ҚБ тапсырмалары
жазылған парақша
Сабақтың
соңы
Тірек сөздер: телескоп, жасанды жер серігі, зымыран, ғылым.
Дескриптор: Білім алушы
тірек сөздерді қолданып, суреттерді сипаттайды;
ұшу аппараттары мен құрылғыларының атауын біледі және
сипаттайды.
Бағалау: жазған жұмыстың дескрипторы бойынша кері
байланыс беру.
Ойын: «Ғарышқа саяхат».
Өздеріңді ойша ғарыштамыз деп елестетіңдер.
Айналадан не көріп тұрсыңдар?
Тапсырманы орындай отырып, оқушылар өздерінің ғарыш
туралы қиялдарының суретін салып бере алады. Оқушылардың
тақырыпты қаншалықты жақсы меңгергенін білу үшін:
Айналада ауа бар ма?
Шарлар ұша ала ма? — деген сұрақтарды қою.
Рефлексия «Әуе шарларына» сабақтағы көңіл – күйлерін
бейнелеп салады.
Егер сабақты жақсы түсіндім десе шарлы көк түске, кейбір
тұстарын түсінбедім десе – сары түске, ал өте қиын болды,
түсінбедім десе қызыл түске бояйды.
Саралау – оқушыларға көбірек
қолдау көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары
оқушыларға қандай тапсырмалар
қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды
меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Денсаулық және
қауіпсіздік
техникасының
сақталуы
Қабілеті жоғары оқушылар аспан
әлемі туралы көргендерін
Берілген тапсырмаларды орындауда
бірін – бірі бағалап, қолдау көрсетіп
Сергіту сәтін
жасату әңгімелеп бере алады. Берілген
аңыздарды оқып, көшбасшылық
жасайды.
отырады.
Ғарыш
Ғарыш
Ғарыш
Ғарыш
Ғарыш
Ғарыш
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.