Гүл сағағы – жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмаса отырмалы гүлдер дейді(беде, қашқаргүл)
Гүл табаны(тұғыры) – гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері
Тостағанша көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі өзгеріске ұшырайды. Жемістер мен тұқымдарды желмен тарату үшін(бақбақта) үлпекке айналады. Кейбір өсімдіктерде бір –бірімен тұтасып, жемістің сыртын қорғайды және жануарлар арқылы таралуға бейімделген өсімдіктердің тостағаншалары ұшы иіліп, ілмешекке айналған
Үй тапсырмасы:
Өсімдіктің өсімді мүшелері
«5» алғың келсе
1. Ағзаның белгілі бір қызмет атқаратын бөлігі
2. Өсімдіктің жер асты мүшесі
3. Тамырдың түктер орналасқан бөлігі
4. Тамырдың тамыр бөліміне кірмейтін жері
5. Пластидтер нешеге бөлінеді?
6. Тамыр шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді?
7. Тамыр жүйесі дегеніміз не?
8. Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ
9. Өркеннің орталық тірек бөлімі
10. Сабақтың жапырақ өсетін жуандау жері
11. Өсімдіктің бүршік, жапырақ, гүл, жеміс, бекінетін бөлімі
12. Өсімдіктің вегетативті мүшелерін ата
13. Жапырақтың сабаққа бекінудің неше түрі бар
14. Сабақтың ішкі құрылысында қабықтан кейін орналасқан қабат
15. Қабық қандай қабаттардан тұрады
16. Сабақтың өсу бағытына қарай қалай бөлінеді?
17. Түрі өзгерген сабақтардың неше түрі бар
18. Тамырсабақ өркен бе, жеміс пе
19. Қабық пен сүректің арасында орналасады
20. Шырынды сабақты өсімдікке мысал келтір
21. Жай жапырақтың тақта саны
22. Жапырағы қатарласа жүйкеленетін өсімдік
23. Түрі өзгерген жерасты өркендерін ата
24. Пиязшықтың қысқарған сабағының екінші аты
а қ ы р ы б ы :
Г ү л д і ң қ ұ р ы л ы с ы
а қ т ы ң т
б
С а
Сабақтың мақсаты:
а) Өсімдіктің көбею мүшелерінің құрылысын, гүлдің
бөлімдерінің құрылысын, қызметін меңгерту және гүлдің
өсімдік көбеюінде алатын маңызын таныту.
ә) оқушылардың өсімдік мүшелері туралы білімін одан әрі
жетілдіру.
б) гүлдің өсімдік тіршілігінде маңызын таныта
отырып, аялау, қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірексызба, слайдтар,
Сабақтың типі: Білім мен дағдыны қалыптастыру.
Сабақ түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Ойқозғау, сұрақжауап, кесте
толтыру,мәтінмен жұмыс
Көрнекілік: слайд, интерактивті тақта, жапырақ түрлері, гүл.
ӨСІМДІК
МҮШЕЛЕРІ
Вегетативті
Тамыр
Өркен
Бүршік
Жапырақ
Сабақ
Генеративті
(жынысты)
Гүл
Жеміс
Тұқым
Гүл сағағы – жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы
сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмаса отырмалы гүлдер дейді(беде, қашқаргүл)
Гүл табаны(тұғыры) – гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы
жағындағы кеңейген жері
Тостағанша көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен
жапырақшалардан тұрады. Атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі өзгеріске
ұшырайды. Жемістер мен тұқымдарды желмен тарату үшін(бақбақта) үлпекке
айналады. Кейбір өсімдіктерде бір –бірімен тұтасып, жемістің сыртын қорғайды және
жануарлар арқылы таралуға бейімделген өсімдіктердің тостағаншалары ұшы иіліп,
ілмешекке айналған
Күлте – тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Күлте түбіндегі жіңішкерген
жерде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер орналасады. Күлтенің хош иісі, тәтті шірнесі,
ашық реңдері гүлді тозаңдандыратын бунақденелілерді еліктіреді
Аталық – гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі. Аталық – аталық жіпшесінен және
тозаңқаптан тұрады.Аталықтың жіңішкерген жері – жіпшесі. Тозаңқап бір –
бірімен байланысқан екі бөліктен құралған. Әр бөлігінде 2 – ден тозаң ұясы бар.
Тозаңқапта мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі, пісіп жетілген тозаңдары
сыртқа шашылады
тозаңқап
Аталық жіп
Аналық – гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасына
орналасады. Аналықтың ұшын ауыз, ортаңғы жіңішкерген жерін мойын, түп
жағындағы жуандаған жерін жатын дейді.
ГҮЛСЕРІК
ҚОС ГҮЛСЕРІК
ЖАЙ ГҮЛСЕРІК
Мағынаны тану
І топ
1. Өсімдіктердің көбею мүшелері.
2. Гүл бөлімдерінің құрылысы, қызметі.
ІІ топ
1. Жай гүлсерікті және қос гүлсерікті гүлдер
2. Аталық құрылысы, қызметі.
ІІІ топ
3. Аналықтың құрылысы, қызметі.
4. Дұрысгүл және бұрысгүлдер.
Бекіту сұрақтары
Біліміңді тексер
1. Гүлдің дәл ортасында орналасқан.
2. Тозаң ұясы бар.
3. Гүлсеріктің ішкі бөлігі.
4. Үлпекке айналған бөлігі.
5. Жәндіктер қоректенеді.
6. Шірне бөлетін бөлігі.
7. Жабысқақ сұйықтық бөледі.
8. Хош иіс шығаратын бөлігі.
9. Мойны бар.
ГС
ГТ
Т
К
А
Ж
Тест сұрақтары
• 1)Тостағанша жапырақшадан кейін орналасады.
А.Күлте
В.Гүл табан
С.Гүл сағағы
2)Гүл сағақ болмайтын гүл қалай аталады.
А. Отырмалы гүл
В.Тостағанша
С. Жай гүл
3)Жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен
жапырақшалардан тұрады.
А.гүл табаны
В.гүл сағагы
С.тостағанша
4)Өсімдіктің көбею мүшесі
А.Тамыр
В.Сабақ
С.Тұқым
5)Аналықтың ең негізгі бөлігі,бір және
көп ұялы
А.Аузы
В.Жатыны
С.Мойны
№ 12з\ж. Гүл құрылысын талдау
1. Гүл бөлімдерін тауып, пішініне, санына, реңдеріне көңіл аудару.
2.Табиғи гүлден гүл бөліктерінің орналасу тәртібімен танысу.
3. Гүл бөліктерінің жай немесе қос гүлсерікті екендігін ажырату.
4. Аталық пен аналықты жеке бөліп алып құрылысымен танысу, суретін
салып атын жазу.Оқулық суретімен салыстыру.
Қорытынды: Гүл құрылысымен толық танысып, оқулықтағы суретімен
салыстыра отырып, олардың орналасу ретінің бірдей екеніне
көз жеткіздік.
Бүгінгі сабақтан алған әсерім
Үйге тапсырма:
Гүл бөлімдерінің суретін салу
Гүл тақырыбына сөзжұмбақ, ребус
құрастыру