Білім беру салалары: «Әлеумет» , «Шығармашылық», « Денсаулық»,
«Таным», «Коммуникация».
Бөлімдері: Сауат ашу және жазу, Сөйлеуді дамыту, Көркем әдебиет, ҚМТҚ, Қоршаған
орта, Аппликация.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Аралас
Тақырыбы: «Аспан әлеміне саяхат»
Мақсаты: : Барлық білім беру саласын қамту арқылы ,аспан әлемі туралы түсінік беру ,
балалардың сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін беркіту, үлкен-
кіші ұғымдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Ғажайып саяхат
арқылы балалар қиялдарын шыңдау. Баланың логикалық ойлау қабілетін
дамыту, тапқырлығын арттыру.
Әдіс-тәсілдері : Сұрақ-жауап,әңгімелеу,түсіндіру,көрсету,мадақтау.
Көрнекілігі: Аспан әлемі суреттер, планеталар,күн,ай,жұлдыздар,ғаршкерлер суреті.
Cөздік жұмыс: Скафандр, Меркурий, Шолпан , Жер, Марс, Юпитер, Сатурн,Уран, Нептун
Әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бізге көптеген қонақтар келіпті қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты,
Жарқырайды қаламыз
Жайнай түссін даламыз
Қайырлы таң қонақтар,
Қайырлы күн достарым!
/Балаларды отырғызу/
Шаттық шеңберін орындайды.
Қонақтармен амандасады.
- Сәлеметсіздер ме апайлар!
Іздену ұйымдастырушы - Балалар біз бүгін қызықты саяхатқа шығамыз. Айтыңдаршы біз қайда өмір сүреміз?
- Біз нені басып жүрміз?
-Ал жоғарыда біздің үстімізде не бар?
Дұрыс ,балалар,жарайсыңдар.
- Балалар, сендер түнгі аспанды көрдіңдер ме?
/ балаларға түнгі аспан фотосуреттерін экран арқылы көрсету/
Сендерге ұнай ма? Маған да ұнайды. Түнгі аспан әдемі, сиқырлы сияқты. Қалай ойлайсыңдар жұлдыз деген не? Олар неменеге ұқсайды? Дұрыс, балалар, біз жұлдыздарға қарағанда олар кішкентай ұсақ болып көрінеді. Өйткені олар өте биік жоғарыда орналасқан. Жарайсыңдар! Ал енді солардың арасында ең үлкен жұлдыз бар, ол қалай аталады?
Күн ол үлкен, жарқырап тұрған, ыстық шар. Ал ғарышта біз қандай заттарды кездестіруіміз мүмкін?
Спутниктер , кометалар, астероидтар мен метеориттер (суреттер көрсетіледі ).
Ал ғарышқа кімдер ұшады?
Дұрыс, ғарышкерлер.
Ең бірінші болып ғарышқа зерттеуге ұшқан ресейлік ғарышкер екен. Ол Ю. Гагарин Ал әйел адамдардан В. Терешкова, кейін Қазақстаннан да ғарышкерлер ұшты. Олар: Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев.
-Балалар біздер бүгінгі оқу іс – әрекетінде «ғарыш әлеміне саяхатқа» шығамыз, яғни ғарышкерлер боламыз.
- Ғарышқа бару үшін бізге не керек?
Зымыран бейнесі бейнелген макетке балаларды шақырады.
- Балалар, кәне, тексерейікші сендер ғарышқа ұшуға дайынсыңдар ма? Жарайсыңдар балалар, енді біз қазір шынығып алайық.
- Орнымызда тұрамыз, қолдарымызды созамыз. Мен санаған кезде алдымен оң жаққа қарай бұрылып, айналамыз, сосын сол жаққа қарай. Жарайсыңдар! Ал енді біз қазір сендермен ғарышқа ұшамыз. Ол үшін біз ғарышкерлер киетін киім киіп алуымыз керек: комбинизон, қолғап, ал басымызға скафандр. Скафандрды не үшін киеміз? Дұрыс демалу үшін, тоңбау үшін, қауіпсіздікті сақтау үшін. Ал енді әркім өз орнында орналасыңдар, белбеуімізді тағамыз. Дайынбыз ба? (монитордан зымыранның ұшуға дайындалып, ұшқан көрінісі көрсетіледі)
Ұшар кезде біз дұрыс дем алуымыз керек. Ол үшін қолымызды ішімізге қоямыз, ауаны мұрынмызбен жұтып, ауызымыздан шығарамыз. Ал енді ұшамыз.
(теледидардан зымыранның ұшуға дайындалып, ұшқан көрінісі көрсетіледі)
Ал міне керекті жерімізге де жеттік.
Аспан әлеміне сәйкестендіріп (жоғарыға аспан әлеміндегі платентта суреттерін ілу) тақыпрыпқа сай әзірлеу.
Жұмбақ:
Бір зат бар дүниеде құшағы кең
Ұшқан құс, жүрген аң бәріне тең
Адамзат, жан - жануар арасында
Мәңгілік өсіп - өніп өмір сүрген. (Жер )
Ғарышқа да келдік.
Міне балалар,күніннің айналысында элпис тәірізді орбиталар бойымен айналатын аспан денелері.Бірақ ғарышта күннің айналасында қаншама планеталар айналуда. « Күн жүйесі» деп аталатын сегіз планетаның күннен алшақтығы реті мынадай: Меркурий, Шолпан , Жер, Марс, Юпитер, Сатурн,Уран, Нептун.
Күнге жақын орналасқан Меркурий, Шолпан , Жер «ішкі планеталарға» жатады,ал Марс, Юпитер, Сатурн,Уран, Нептун олар «сыртқы планеталарға» жатады. Біздің алдымызда аспан әлемі және ғаламшарлар. Оларға жеке тоқталып таныстыру.
/Слайд көрсету арқылы/
Меркурий
Күнге ең жақын планета - Меркурий (қазакша аты - Болпан немесе Кіші Шолпан). Сондықтан да оны бақылау киын. Әйтсе де, соңғы радио- бақылаулардың мәліметтері бойынша, Меркурийдің өте баяу айналатыны анықталды, яғни бұл планетадағы тәулік шамамен жердегі 176 тәулікке тең. Бірақ ол Күнге жақын орналасқандыктан, оның орбитасы Жердікіне қарағанда кіші. Меркурий өлшемдері жағынан да, массасы жағынан да кішкене болғандыктан, ол өзінің айналасында атмосфераны ұстап тұра алмайды. Күнге жақындығы және елеулі атмосферасының болмауы салдарынан онда температураның күрт өзгеруі болып тұрады. Мысалы, күндіз температура +300°С-ка дейін жетсе, ал түнде шамамен -200°С болады. Атмосфера болмаған соң, онда бұлт та болмайды. Аспан кап-қара болып, жұлдыздар жарқырап, орасан зор Күн тәжі анық көрініп тұрады т.б.
Ғаламшарлардың біздерге даярлаған құпия тапсырмалары бар.
Балалар мына планеталарда тапсырмалар берілген екен,
1-тапсырма: жасырылған тапсырманы алайын, Меркурий сөзін буынға бөлейікші, одан кейінгі планеталарды буынға бөлу.
( барлық балалар бірге орындарында отырып орындайды)
2-тапсырма: (логикалық есептер
/ ауызша тапсырма/ )
1-; автотұрақта 8 дөңгелек көрініп тұр. Автотұрақта неше машина тұр деп ойлайсыңдар?
2- ; қолғапта неше саусақ бар ?
3- ; бір апртадан не күн бар ?
3-тапсырма: Ғарышкерлер туралы қандай тақпақ білесіңдер?
( ауызша тапсырма )
4-тапсырма:
Қауіпсіздік ережделерін есімізге түсірейік. ( қайшымен )
/ ауызша тапсырма/
5-тапсырма:
Балалар мында Дискілер берілген соған әдемі етіп моншақтарды,жұлдызшаларды желімдеп жапсырып әсемдейміз.
( барлық балалар орындарында отырып орындайды)
6-тапсырма: конвертте берілген суреттегі затты атап, оны әріптермен жазып көрсет.
( 3-4 бала тақтаға келіп орындайды.)
Сергіту сәті.
Музыка әуенімен ( теледидардаға роббатпен бірге қимылдар жасау)
Бізге ғаламшарда өте ұнады, бірақ, Жерге қайтатын уақыт та болды.
Олай болса зымыранға отырайық.
Міне, біз Жерге оралдық. Сіздерге ғарыш әлемі ұнады ма?
Біз сяхатымызды қорытындылайық. (барлық балаларға естелік сыйлықтар марапатталады).
Балалар мұқият тәрбиешіні тыңдайды,сұрақтарға жауап береді.
- Жерді басып жүрміз.
- Аспан бар.
- Ия,көрдік.
Балалар түнгі аспаан фотосуреттерімен экран арқылы танысады.
- Ия,бізге түнгі аспан ұнайды.
- Ең үлкен жұлдыз ол күн.
Балалар суреттерге назарларын аударады.
- Ғарышқа ғарышкерлер ұшады.
-
Ғарышкерлермен танысады.
Балалар «ғарыш әлеміне саяхатқа» шығады.
- Зымыран керек.
- Ия, дайынбыз.
Балалар шынығу жаттығуларын жасайды.
Балалар ғарышкерлер киетін киімдерін киеді.
Тыныс алу жаттығулар жасап зымырынмен ұшуға дайындалады.
Тәрбиеші жасырған жұмбақтың шешуін шешеді.
Ғарыш әлеміндегі көріністермен танысады.
Планеталармен танысады.
Слайд көру арқылы планеталармен жеке-жеке танысады.
Ғаламшарда берілген тапсырмаларды орындайды.
1-тапсырма бойынша: Сөздерді буынға бөледі:
2-тапсырма: бойынша логикалық есептерді шешеді.
3-тапсырма: бойынша балалар тақпақ айтады.
1-бала.
Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шаламын,
Мен ғарышкер боламын!
2-бала
Таңдай үлкен талабым,
Мен бармақтай баламын.
Көктің жүзін барлаймын,
Мен ғарышкер боламын!
3-бала
Сапарға енді ғажап тым,
Тоқтар тартты алысқа.
Туған ұлы Қазақтың,
Тұнғыш ұшты ғарышқа!
4-бала
Бет түзеймін алысқа,
Бағытымнан аумаймын!
Шетсіз- шексіз ғарышқа,
Зымыранмен ұшамын!
4-тапсырма бойынша:
Қауіпсіздік ережелерін айтады.
5-тапсырма бойынша:-балалар дискіні әдемілеп әшкейлейді.
6-тапсырма бойынша балалар әріптерді алып сөздер жазады.
Сергіту сәтін орындайды.
(Балалар зымыранға отырады)
- Ия ,ұнады.
Балалар сыйлықтармен марапатталады.
Рефлексивті
коррекциялаушы
Жарайсыңдар балалар! Сұрақтар қою.
- Ғарпышкерлер қайда ұшады екен?
- Аспан әлемінде нелер бар екен ?
- неше планета бар ?
Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сендерге ұнады ма?
Олай болса біздің оқу іс-әрекетіміз аяқталды.
Сау болыңыздар! Балалар сұрақтарға жауап береді.
- аспанда.
- ай,жұлдаздар,планеталар бар.
- 8 планета бар.
- Ия ,ұнады.
- Сау болыңыздар!
Күтілетін нәтиже: Аспан әлеміне саяхат»туралы меңгерулері, тапсырмалар арқылы білімдерін дамыту.
Білуі керек: Ғарышкерлердің өмірін,аспан әлемі туралы білуі керек;
Болуы керек: оқу іс – әректіне деген қызығушылығының болу керек;
Қолынан келуі керек: Берілген тапсырмаларды ұқыпты орындауы;Аспан әлемі туралы түсіік беру
Аспан алемине саяхат.docx
Білім беру салалары: «Әлеумет» , «Шығармашылық», « Денсаулық»,
«Таным», «Коммуникация».
Бөлімдері: Сауат ашу және жазу, Сөйлеуді дамыту, Көркем әдебиет, ҚМТҚ, Қоршаған
орта, Аппликация.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Аралас
Тақырыбы: «Аспан әлеміне саяхат»
Мақсаты: : Барлық білім беру саласын қамту арқылы ,аспан әлемі туралы түсінік беру ,
балалардың сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін беркіту, үлкен
кіші ұғымдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Ғажайып саяхат
арқылы балалар қиялдарын шыңдау. Баланың логикалық ойлау қабілетін
дамыту, тапқырлығын арттыру.
Әдістәсілдері : Сұрақжауап,әңгімелеу,түсіндіру,көрсету,мадақтау.
Көрнекілігі: Аспан әлемі суреттер, планеталар,күн,ай,жұлдыздар,ғаршкерлер суреті.
Cөздік жұмыс: Скафандр, Меркурий, Шолпан , Жер, Марс, Юпитер, Сатурн,Уран,
Нептун Әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Іздену
ұйымдастырушы
Күтілетін
нәтиже: Аспан
әлеміне
саяхат»туралы
меңгерулері,
тапсырмалар
арқылы
білімдерін
дамыту.
Балалар бүгін бізде ерекше күн.
Бізге көптеген қонақтар келіпті
қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты,
Жарқырайды қаламыз
Жайнай түссін даламыз
Қайырлы таң қонақтар,
Қайырлы күн достарым!
/Балаларды отырғызу/
Балалар біз бүгін қызықты
саяхатқа шығамыз. Айтыңдаршы
біз қайда өмір сүреміз?
Біз нені басып жүрміз?
Ал жоғарыда біздің үстімізде не
бар?
Дұрыс ,балалар,жарайсыңдар.
Балалар, сендер түнгі аспанды
көрдіңдер ме?
/ балаларға түнгі аспан
фотосуреттерін экран арқылы
көрсету/
Сендерге ұнай ма? Маған да
ұнайды. Түнгі аспан әдемі,
сиқырлы сияқты. Қалай
ойлайсыңдар жұлдыз деген не?
Олар неменеге ұқсайды? Дұрыс,
балалар, біз жұлдыздарға қарағанда
олар кішкентай ұсақ болып
көрінеді. Өйткені олар өте биік
жоғарыда орналасқан.
Жарайсыңдар! Ал енді солардың
арасында ең үлкен жұлдыз бар, ол
қалай аталады?
Күн ол үлкен, жарқырап тұрған,
ыстық шар. Ал ғарышта біз қандай
заттарды кездестіруіміз мүмкін?
Спутниктер , кометалар,
астероидтар мен метеориттер
(суреттер көрсетіледі ).
Ал ғарышқа кімдер ұшады?
Дұрыс, ғарышкерлер.
Ең бірінші болып ғарышқа
зерттеуге ұшқан ресейлік ғарышкер
екен. Ол Ю. Гагарин Ал әйел
адамдардан В. Терешкова, кейін
Қазақстаннан да ғарышкерлер
ұшты. Олар: Т. Әубәкіров, Т.
Мұсабаев.
Шаттық шеңберін
орындайды.
Қонақтармен амандасады.
Сәлеметсіздер ме
апайлар!
Балалар мұқият тәрбиешіні
тыңдайды,сұрақтарға жауап
береді.
Жерді басып
жүрміз.
Аспан бар.
Ия,көрдік.
Балалар түнгі аспаан
фотосуреттерімен экран
арқылы танысады.
Ия,бізге түнгі аспан
ұнайды.
Ең үлкен жұлдыз ол
күн.
Балалар суреттерге
назарларын аударады.
Ғарышқа
ғарышкерлер
ұшады.
Ғарышкерлермен танысады.
Балалар «ғарыш әлеміне
саяхатқа» шығады. Білуі керек: Ғарышкерлердің өмірін,аспан әлемі туралы білуі керек;
Болуы керек: оқу іс – әректіне деген қызығушылығының болу керек;
Қолынан келуі керек: Берілген тапсырмаларды ұқыпты орындауы;
"Аспан әлеміне саяхат"
"Аспан әлеміне саяхат"
"Аспан әлеміне саяхат"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.