Коучингке рефлексиялық есеп. Хамзаева Б.М.
Мeктeп aбыpойын өсiрудeгi мaңызды мәceлeлeрдiң бiрi талантты және дарынды
оқушыларды оқыту болғaндықтaн, коучингкe «Зияткерлік тапсырмалар дайындау арқылы
талантты және дарынды оқушылардың әлеуетін дамыту» тақырыбын таңдадым.
Мақсаты :мұғалімдерді талантты және дарынды оқушылар үшін күрделі тапсырмаларды
түзуге арналған тәсілдермен таныстыру.
Коучингке жас мамандар , тәлімгерлер, мектеп әкімшілігі және де пән мұғалімдері
қатысты.
Алдымен, коучингті бастамас бұрын «Синхронды қозғалыс» атты сергіту сәті
ұйымдастырылды.Түрлітүсті қағазға жазылған атаулар бойынша мұғалімдер 3 топқа
бөлінді. Психологиялық ахуал туғызу үшін «Бос ыдысты толтыр» тренингі
өткізілді.Тренингтің соңы толық ыдыс өміріміз, мәнді де сәнді болуына, тіпті бүгінгі
коучинг сессиямыздың да сәтті өтуіне тілекші болсын деп қорытыланды.
Тақырыпқа ену үшін «Кинометафора» әдісі арқылы бейнеролик көрсеттім.Коучингке
қатысушылар бейнеролик көру барысында коучингтің талантты және дарынды балалар
туралы екенін анықтады. Сонан соң әр топ «Ассоциация» әдісі бойынша «талант, дарын»
деген ұғымды қалай түсінесіз?, дарынды, талантты оқушыны қалай дамытамыз? жобасын
постерде жасап қорғады.Бірінші топ мүшелері талантты деген ұғым туралы өздерінің
ойларын айтса, екінші топ дарынды деген сөздің мағынасын ашып көрсетті,ал үшінші топ
олардың қабілеттерін одан әрі дамыту үшін не істеу керек деген тақырыпта ой өрбітті.
Әріптестер топтарда жұмыс жасай отыра өздерін жаңа қырларынан танытып, тапсырманы
үлкен қызығушылықпен орындады. Сонымен бірге топ мүшелері арасында талқылау,
қорғау барысында көшбасшылық қабілеттерін таныту көрініс берді.
Топтар бірінбірі «5»ке үш шапалақ, «4»ке екі шапалақ, «3»ке бір шапалақ соғу арқылы
бағалады.
Ман 39 беттегі Макэлпейн мен Ридтің жасаған дарынды және талантты оқушылардың
мінезқұлықтарының пайдалы тізімін слайдтан көрсетіп алдым да әр топқа осы
сипаттамалар жазылған қиықшалар таратып бердім: «Оқу процесіндегі үздік оқушы»,
«Креативті дарынды оқушы», «Лидерлік дарынды оқушы». Бұл тапсырма барысында
мұғалімдер өздеріне берілген рольді сомдау арқылы өздерінің шығармашылықтарын
шыңдады.Бір топ мүшелері «Лидерлік дарынды оқушы» рольдік ойын кезінде лидер
оқушының бейнесін сомдап,яғни бұл көріністе сыныптасының ойлануына еш мүмкіндік
бермей үнемі өзі алда жүрсе, «Креативті дарынды оқушы» көрінісін бейнелеген топ
мүшелері : санның квадратын табудың ең тиімді жолын көрсетті. «Оқу процесіндегі үздік
оқушы» бейнесін: ү үлгерімі өте жақсы, з – зейінді , д – дарынды, і – ізденімпаз, к –
керемет деп келтіріп өз шығармашылықтарын шыңдады.Бұл тапсырманы орындау
барысында дарынды және талантты оқушылар кең өрісті қабілетке яғни,олардың кейбірі ғылым мен техника саласындағы ерекше қабілетін көрсете алса,кейбірі өнерде немесе
поэзияда, көшбасшылықта көрінетіндігін (МАН 39 бет) тұжырымдады. Тапсырма соңында
бірінбірі «Бас бармақ» әдісімен бағалады.
Зияткерлік тапсырмаларды әр пәнде қалай ұйымдастыру керек мақсатында қазақ тілі,
әдебиеттік оқу, математика пәндеріне байланысты әртүрлі тапсырма берілді. Әріптестерім
бұл тапсырмаларды қызығушылықпен орындай отырып, мұндай тапсырмалардың дарынды
және талантты оқушылардың ынтасын арттырып,әлеуетін дамытуына ықпал ететінін
тұжырымдады. Бұл зияткерлік тапсырмалардың қайсысының қаншалықты тиімді екенін әр
топ «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі бойынша бағалады.
Коучинг сессиясын қорытындылай келе , әріптестер «Тир» әдісі арқылы кері байланыс
жасады. Яғни,жасыл түс –түсіндім, көк түс –қиындықтар кездесті, қызыл түс түсінбедім.
Сабақта дарынды оқушылармен жұмыс жүргізуде зияткерлік тапсырмаларды дайындау,
қолдану арқылы нәтиже көретіндерін түсінді. Сабақта дарынды оқушыларға күрделі
тапсырмалар дайындауға түрткі болу керектігіне көз жеткізді. Тәліп сабақта зияткерлік
тапсырмаларды дайындаудың тиімділігіне, табыстылығына көз жеткізіп, тәжірибеге
қолдануды енгізеді. Әріптестер соңында ауызша пікірлерін білдіре келе ,«Кэмбридж»
тәсілімен оқытудың тиімділігін айтып, жаңа форматтағы оқуға бетбұрыс жасауды өзара
мақұлдасты. Алдағы уақытта да осындай маңызды,тиімді коучингтер өтіп тұрса деп
өтініштерін білдірді.
"Атамекен" курстық бағдарлама
"Атамекен" курстық бағдарлама
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.