«Аялайық,ардақтайық
аналарды.»
Музыка залы әсем безендірілген
Жүргізуші:
Қайырлы күн!Қымбатты аналар,ақ жаулықты
әжелер,әріптестер!
Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы
8-наурыз Аналар
мерекесімен
құттықтаймыз!Әрқашан дендеріңіз
сау,көңілдеріңіз
жайдарлы
бола берсін дейміз!
8-наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған
«Аялайық,ардақтайық ананы » атты мерекелік ертегілігімізді
бастауға рұқсат етіңіздер.
Әуенді вальспен әр бала жартылай шеңбер жасап тұрады.
Анасын таныстырып,анасына жақсы сөз айтады.
Слайд
Ақтоты:Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Орынбасар: Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
Мирас: Отпустили холода
К нам пришла весна – красна
И не даром праздник мамин
Из весенних самый ранний.
Ақторғын:Mother
is the dear rest
Of all the friends I know
She helps me work end
Helps me always
That’s why I love she so!
Мейрамбек: I love
mother, she loves us
We love daddy, he loves us
He loves us and so you see
We are a happy family
Айдын: Мереке құтты болсын аналарым!
Мәпелеп еркелеттің аяладың
Лебізіңе алғысты айта келе
Ән жырымды қабыл ал аналарым.
Хор:«Апатайым анашым»
Жүргізушуі: Баласы үшін анашым
Күндері аз ғой көз ілген
Ардақты ана қарызбын өзіңе
Жүрегіңнен күн мейрімі төгілген- дей отырып
аналарды ойынға шақырғым келеді.
Ойын:
Жүргізуші: Ақ қар еріп, су көбейіп
Сай салада ағады
Бүршік шашып
Жапырақ ашып
Гүл бәйшешек басады...
Мал маңырап, төл
жамырап,
Жайлау малға толады.
Айтыңдаршы
бөбектерім
Бұл қай кезде
болады?
Балалардың жауабы: Көктемде!
-Көктем мезгілінде табиғат құбылыстарында қандай
өзгешеліктер болады?
Балалардың жауабы:
Жарайсыңдар балалар!Ендеше «Қолшатыр» биін тамашалайық
Би: «Қолшатыр»
Сахналық көрініс:Әжесі
мен Бағлан
Беркімбай Ө: Әжемді мейрамымен
құттықтаймын,
Айтатын
ән,беретін гүлім дайын.
Әжетай
сені жақсы көремін деп,
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Самал: Любит наша бабушка с нами поиграть
Любить наши песенки с нами
распевать
Любить наша бабушка музыку и
смех
Ну, а пляшет бабушка просто
лучше всех
А давайте ребята про бабушку споем песенку
Ән: «Анама» Орындайтын :Мұқамбетәлі С
Өркен: Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз
үшін
Еркелеткен біздерді
Еркіндеткен біздерді
Анамызға
мың алғыс
Нұртілек: Ана –біздің күніміз!
Ананың біз - гүліміз!
Бізді, ана, қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Нұрдаулет: Адал
бол деп-балдырған
Әділдікке
баулыған
Жүрегінде
махаббат
Тілегің де
мархаббат
Анамызға мың алғыс
Сымбат: Сегізінші наурыз келді,
Шаттық сезім, ой келді.
Қуанышты күні
енді,
Құттықтаймыз
сіздерді.
Жанымызды жайнатқан,
Сіздер ғой аналар
Зор денсаулық, мол
бақыт
Тілейміз біз аналар.
Жүргізуші:
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!
-дей келе,балғын
бүлдіршіндеріңііздің тарту етер сыйларын азда
болса,көптей көріңіздер
Би: «Жүректен жүрекке» бидің
соңында балалар жүректерін аналарына сыйлайды.
(орнындарына келіп тұрады)
Жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ
қарындай,
Мейрімің күннің шуақ
шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан
ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы
қыздарымыздың құрметіне
Ән: «Менің Анам алтын» Орындайтын Ноғайбек А
Жүргізуші: Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын
жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің
қадамыңа – дей отырып бүгінгі
«Аялайық,ардақтайық ананы.» атты ертеңгілігіміз
аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты
болсын! Сау саламатта болыңыздар!
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.