Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Балапаның қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да - Ана. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді
разработка на8 марта.docx
Ән: Ана туралы жыр
1 – бастаушы
Құрметті аналар, қыздар, 8 наурыз аналар мерекесіне арналған
ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Ана десем, алғыс алам халқымнан
Ана десем, теңіз болам шалқыған.
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын.
2бастаушы
Біз ғана емес
Қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар, қасиетті аналар.
Ардақты аналар мерекелеріңіз құтты болсын!
Отбасыларыңызға құт береке, бірлік, деңдеріңізге саулық тілейміз.
1 Бастаушы
Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді.
Ол Ана. Балапаның қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай
бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да Ана. Ана деген
сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана
отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын,
сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді
2. Бастаушы
Ана тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың
тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде
анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел
бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып
өскен. Ана барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді,
жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің
нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды.
1бастаушы Ана ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді. Ана бір
қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен,
анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде
бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет
иесі Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз
басымызды иеміз.
Тақпақтар:
Ойын: «Сөз тапқанға қолқа жоқ».
Ойын шарты: әртүрлі сұрақтар жасырылады, аналар «А» әрпінен
басталатын сөзбен жауап беруі керек. (Ойын ойналады).
1. Сіздің есіміңіз?
2. Балаңызды қалай еркелетесіз?
3. Сіз жұмыс жасап жатырсыз, балаңыз маза бермей жатыр, не деп
айқайлайсыз?
4. Жақсы көретін мерекеңіз?
5. Сүйіп ішетін тамағыңыз?
6. Қандай санды ұнатасыз?
7. Жақсы көретін әніңіз қандай?
Күй: Еркесылқым Азат
Ойын: «Аялы алақан».
Ойын шарты: 2 3 ананың көзі байланады, өз балаларын тауып алу керек.
Балалардың орны ауыстырылады
Күй: Айсара
Мәнерлеп оқу сайысының жүлдегерлері:
Шегендық Арсен, Қажмұрат Аружан
Мұғалім: Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.
Аналар, қалқып бақыт аралында, Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамдарыңызға – дей отырып, ардақты аналар,
әжелер мейрамдарыңыз құтты болсын! Міне, құрметті абзал жандар,
сіздерді тағы да көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып,
дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық тілейміз. Мерекеден мерекеге
аман жете берейік. Әрқашан аман болайық! Шаңырақтарыңыз сәби
күлкісіне толы болсын! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Сау
саламатта болыңыздар!
Ән: Анашым
Аяулы анашым
Аяулы анашым
Аяулы анашым
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.