Сабақтың мақсаты: балаларға 12-ші сәуір ғарышкерлер күні туралы түсінік беру, айналаны қоршаған орта жайында білімдерін кеңейту, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ғарыш, самғаған, жер серігі.
Барысы:
I. Негізгі бөлім:
Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі күннің сабағы 12-сәуір ғарышкерлер күніне арналады. Әңгімемізді бастамас бұрын, мен сендермен мамандықтар жайында әңгімелескім келеді. Балалар, айтыңдаршы, сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
( балалардың жауабы ).Сабақтың мақсаты: балаларға 12-ші сәуір ғарышкерлер күні туралы түсінік беру, айналаны қоршаған орта жайында білімдерін кеңейту, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ғарыш, самғаған, жер серігі.
Барысы:
I. Негізгі бөлім:
Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі күннің сабағы 12-сәуір ғарышкерлер күніне арналады. Әңгімемізді бастамас бұрын, мен сендермен мамандықтар жайында әңгімелескім келеді. Балалар, айтыңдаршы, сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
( балалардың жауабы ).
Тақырыптық сабақ ғарыш.docx
Тақырыптық сабақ: "Ғажайып ғарыш әлемі"
Сабақтың мақсаты: балаларға 12ші сәуір ғарышкерлер күні туралы түсінік беру, айналаны
қоршаған орта жайында білімдерін кеңейту, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ғарыш, самғаған, жер серігі.
Барысы:
I. Негізгі бөлім:
Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі күннің сабағы 12сәуір ғарышкерлер күніне арналады.
Әңгімемізді бастамас бұрын, мен сендермен мамандықтар жайында әңгімелескім келеді. Балалар,
айтыңдаршы, сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
( балалардың жауабы ).
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Мұғалім, дәрігер, құрылысшы, жүргізуші, өрт сөндіруші, дүкенші, шаштараз
тағы басқа көп мамандар бар екен. Әр бір мамандық адамзатқа өте қажет екен.
Мысалы: дәрігер адамдарды емдейді, мұғалім – балаларды оқытады, жүргізуші – көліктер жүргізеді,
өрт сөндіруші – өрт сөндіреді. Міне балалар, әр бір мамандық қажет екен.
Ал бүгін біз сендермен тағы бір маман түрімен танысамыз – бұл ғарышкер. Балалар 1961 жылы 12 сәуірде
тұнғыш ғарышқа адам ұшты. Бұл адам Кеңес одағының азаматы Юрий Гагарин болатын. Содан бері 12 –
сәуір Ғарышкерлер күні мерекесі болып аталып келеді. Ю. Гагарин тұнғыш рет ғарышқа жол
салған, сол күннен бері 51 жыл уақыт өтті. Осы жарты ғасыр ішінде ғарышта әртүрлі елден жүздеген
ғарышкерлер болып, көптеген зерттеу жұмыстарын атқарды. Солардың ішінде біздің Қазақстан еліміздің
батырлары да бар. Ол ғарышқа ұшқан тұнғыш қазақ Тоқтар Әубәкіров ағаларың. Ол ғарышқа бір емес, үш
рет ұшқан Талғат Мұсабаев ағаларың. Биыл Тоқтар ағамыздың да ғарышқа ұшқанына 21 жыл толады.
Ендеше осы біздің Қазақстан елінің азаматтарын Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевты әрқашан
мақтан етіп жоғары бағалауымыз керек.
Бүгін біздің балаларымыз, осы ғарышкерлерге арнап тақпақтарын айтып бермекші:
1бала.
Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шаламын,
Мен ғарышкер боламын!
2бала
Таңдай үлкен талабым,
Мен бармақтай баламын.
Көктің жүзін барлаймын,
Мен ғарышкер боламын!
3бала
Сапарға енді ғажап тым,
Тоқтар тартты алысқа.
Туған ұлы Қазақтың, Тұнғыш ұшты ғарышқа!
Тәрбиеші: Балалар, мына суретке назар аударыңдаршы, бұл суретте біздің Қазақстан
Республикасының тұнғыш ғарышкерлері – Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев, тұнғыш ғарышқа
ұшып ғарыш саласында қызмет жасады. Балалар, ғарышкер болуды армандайтын бала жоқ шығар? Ал ол
үшін білімді, зерек, күш – қайраты мол азамат болып өсулерің керек. Өйткені, ғарышқа кез келген адамды
ұшыра бермейді. Сол үшін оқуларыңды жақсы оқып, тәртіптерін жақсы болып Тоқтар ағаларың, Талғат
ағаларың сияқты Қазақстанның бетке ұстар азаматтары болуларыңа тілектеспін.
4бала
Тоқтар менен Талғат,
Ғарышқа ұшты самғап.
Ел мерейін өсірді,
Көк пен жерді жалғап.
5бала
Қанаттылар мекені,
Қазақ жері, Байқоңыр.
Қай жер саған жетеді,
Ғажап жерім, Байқоңыр!
Тәрбиеші: Ал енді балалар, мен сендерді әрі ойын, әрі сергіту сәті ретінде ойын ойнауға шақырамын.
Ойынның аты: " Ұшты – ұшты "
Мақсаты: балалардың ақыл – ойын дамыту, сабаққа қызығушылықтарын дамыту, қимыл – қозғалыстарын
жетілдіру.
6бала
Тоқтар – тұнғыш ғарышкер,
Арман қуып жасынан.
Көктен көзін алмаған,
Ұшқыш болды жас ұлан,
Аспанда еркін самғаған.
7бала
Сырын ашып ғарыштың,
Туған елдің бағына.
Құшағына даламның,
Ораламын тағы да!
Тәрбиеші: Ал, балалар енді кәзір мен сендерді өздерінің қолдарыңмен салған көрме көруге шақырамын.
Көрменің аты: " Ғажайып ғарыш әлемі! ".
Сабақты қорытындылау: Сабаққа жақсы қатысқан балаларды белгілеу. Мақтау арқылы көңіл күйлерін
көтеру. «Құлыншақ балалар бақшасы» Тақырыптық сабақ:
"Ғажайып ғарыш
әлемі"
Дайындаған:Бірімжанова Мейрамгүл Зиядақызы
"Ғажайып ғарыш әлемі"
"Ғажайып ғарыш әлемі"
"Ғажайып ғарыш әлемі"
"Ғажайып ғарыш әлемі"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.