Қазымбет батыр
Оценка 5

Қазымбет батыр

Оценка 5
Презентации учебные
pptx
история +1
9 кл—11 кл +1
28.05.2018
Қазымбет батыр
Қазақтың ту ұстаушы батыры Қазымбет батыр жайлы презентация. Осы презентацияда сіздер Қазымбет батырдың қысқаша өмірбаяны мен ерліктерімен таныса аласыздар. Қазымбет батырдың суреттері көрсетілген. Өз өмірін құрбан етумен жоңғар-қазақ арасындағы ғасырлар бойғы соғыстың соңғы нүктесін қою барысында көз жұмған Қазымбет батыр бабамыз.
Қазымбет батыр слайд.pptx

Қазымбет батыр

Қазымбет батыр

Қазымбет батыр

Қазымбет батыр
Мазмұны I. Кіріспе бөлім II.Негізгі бөлім 1.Халқына рух берген Ер Қазымбет 2.Қазымбет батыр  жайлы  өлеңдер III.Қорытынды бөлім

Қазымбет батыр

Қазымбет батыр
Қазақ тарихында «Ту астында тулап өлген Қазымбет»  деген аңызға айналған  ерлігімен өшпес аты қалған  қазақ халқының  аса ірі батырларының бірі Қазымбет  Құттымбетұлы. Өмір сүру кезеңі бала шағынан бастап  жоңғар – қазақ арасындағы ондаған жылдарға дөп  келген. Оның туған жылы нақты белгісіз болса да,  шамамен 1685 – 90­шы жылдары дүниеге келген деп  топшылауға болады. Өйткені, оның жоңғар – қазақтың,  қырғыз – қазақ пен қытай – қазақ арасындағы  ұрыстарға қатысқан кезінде 67 – 69 жаста болған деген   деректер бар.

Қазымбет батыр

Қазымбет батыр
НАЙМАН­Белгібай­Сүйініш­Төлегетай­ Қытай­ҚАРАКЕРЕЙ­Байторы­Мейрам­ Байыс­МҰРЫН(Сарымырза)­Жолымбет­ Рақ­Құттымбет батыр­ҚАЗЫМБЕТ  батыр.Қазір ұрпақтары Аягөздің  Тарбағатайы мен Ақшәулісінде және  Ұржардың Тасбұлағында тұрады...

Қазымбет батыр

Қазымбет батыр

Қазымбет батыр

Қазымбет батыр
Қазымбет қазақ­қалмақ соғысының батыры. Қаракерей Қабанбай   мен атақты батыр би Боранбайдың сенімді сардарларының бірі.  Қазымбет Қабанбай қолының ту ұстаушысы болған. Хан батыры –  Дарабоз Қабанбай туралы жыр­дастанда: «…Ту астында тулап өлген  Қазымбет…» деп көрсетілуі соның айғағы. Дастанға жүгінсек, онда  ол: Сұрасаң арғы атамды бес байысты,  Бес  байыс жиналғанда жер қайысты. Қалмақтың алатайын қойдай талап,  Келгенде Өкпетіге олжа алысты. Атам аты Сармырза,Шешен мұрын, Жеті­ата Жолымбетке құйған нұрын.  Шерубай, Ертәукебай, Тана мырза, Қай қазақ сөз сөйлеген бұдан бұрын. Бергі атам Ер Қазымбет қайсар еді, Дұшпаны қарсы келген тайсап еді. Жілігін жау сындырған байлап алып, Қалмақты қара құрттай жайпап еді, – деп жырланады.

Қазымбет батыр

Қазымбет батыр
Қазымбет батыр Аягөз ауданы, Тарбағатай өңірінде  дүниеге келген. «Сәмеке ханның тұсында қалмақтың  Қалден­Церен ханы қазақ жеріне шабуыл жасағанда  17 жасар Қазымбет осы шайқасқа қатысып жекпе­ жекте қалмақтың Жолан деген батырын өлтіреді.  Жоңғар­қалмақ шайқастарына қатысып талай­талай  ерліктер көрсетеді. Батыр бабаның тек ту астында  тулап өлген соңғы ерлігі ғана үлгі емес, оның бала  кезінен жасаған батырлықтары қаншама ұрпаққа  үлгі­өнеге.

Қазымбет батыр

Қазымбет батыр
Қазымбет батыр 52 жыл бойы ат  үстінде жүріп ел қорғапты. Қазақ  жерін жаудан азат ету жолындағы  соңғы ұрыста 69 жасында қазақ  жасағының туын жықпай, ту  түбінде мерт болған.

Қазымбет батыр

Қазымбет батыр

Қазымбет батыр

Қазымбет батыр
Ер қадірін асқақ тұтқан әрі әйелдің  жүрек жұтқаны болған соң да: «Бұдан  туған ұрпағым кем, қор болмас», деген  оймен бабамыз Таңшебермен неке  қидырады. Сонымен Таңшебер анамыз отыздан  асқаннан соң Келдібек, Жаулыбай,  Майлыбай атты үш ұл сүйдіреді.

Қазымбет батыр

Қазымбет батыр
Ә.Садуақасовтың «Қабанбай батыр» кітабының  найман шежіресі бөлігінде. Мұрыннан тізе берсең маңғазы көп, Бай, батыр, игі бағлан, сарбазы көп. Бойында Ақшәулінің өлген екен, Қазақтың туын жықпай ер Қазымбет.   Қапысыз ажал келсе кім өлмеген, Шыңқожа, Шөңкейді де шідерлеген. Қос жебе өндіршектен қадалса да, Қазымбет тудың сабын жібермеген,­деген жолдар бар.

Қазымбет батыр

Қазымбет батыр

Қазымбет батыр

Қазымбет батыр
Несіпбек Айтовтың «Ту» деп аталатын  шағын дастанының өзі бүгінгі көк туымыздың  қасиетін керемет дәріптей келе, кешегі Ер  Қазымбеттің жықпай, ұстап қалған туымен  ұштастырады. «Төбеңнен елдік нұрын тұрған құйып, Өмірде еш нәрсе жоқ тудан биік» деген  эпиграфпен басталатын дастанда  Қазымбеттің соңғы ерлігі жырланған

Қазымбет батыр

Қазымбет батыр
Елдік пен ерлікті, бірлікті, көксеген Бұқар жырау  айтқандай: Қиядан қиқу төгілсе, Аттың басын тартпаған,   Қисапсыз қол көрінсе, Қорқып жаудан қайтпаған, – деп, ұрпағына үлгі  берер аруақты батыр ұлтының ата жауымен  айқаста елін кеудесімен қорғаған ер, өз өмірін  құрбан етумен жоңғар­қазақ арасындағы ғасырлар  бойғы соғыстың соңғы нүктесін қою барысында  көз жұмған Қазымбет батыр бабамыз.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
28.05.2018