Байланыс кабельдері
Оценка 5

Байланыс кабельдері

Оценка 5
docx
09.10.2023
Байланыс кабельдері
Байланыс кабели.docx

Кабель (голл. kabel – канат, сым арқан) — қорғаныш қаптамасы бар бітеу қабыққа салынған оқшауланған өткізгіш немесе өткізгіштер тобы.

Кабель электр энергиясын және сигналдарды қашықтыққа жеткізу үшін пайдаланылады. Кабель арналу мақсатына орай күш кабелі (электр энергиясын тасымалдайтын), байланыс кабелі (сигналдарды тасымалдайтын), радиожиіліктік кабель (жоғары жиіліктік) болып бөлінеді. Кабельдің құралымы оны тарту (су және жер астында, ауада, зиянды ортада, т.б.) және пайдалану ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып жасалады. Мысалы, Атлант мұхиты арқылы Еуропа мен Солтүстік Америка арасындағы алғашқы кабельді байланыс – күшейткіштері бар монтаждалған герметикалық коаксиал кабель жәрдемімен жүзеге асырылды (ұызндығы 4000 км).

Күш кабелі талсымдарының көлденең қимасы тасымалданатын электр қуатының шамасына сәйкес 10 – 150 мм2 болады. Кез келген кабельге тән ортақ элементтер: ток өткізетін талсымдар, оқшаулама және сыртын қаптайтын қаптама. Ток өткізетін талсымдар алюминийден немесе мыстан жасалады. Пайдалану мақсатына орай кабель бір сымды немесе көп сымды болады. Кабель оқшауламасы диэлектрик материалдардан жасалады, олар ток өткізетін талсымдарды бір-бірінен және қаптамадан бөліп тұрады. Көп талсымды кабельге жұмыр пішін беру үшін арнаулы құрсаулық оқшауламамен (1-суретте) қапталады. кабельдің цилиндр формалы қаптамасы оқшауланған ток өткізетін талсымдарды ылғал мен химиялық заттар әсерінен қорғайды. Әдетте, қорғасын не алюминийден жасалынған қаптама қолданылады. Пластмасса оқшауламасы бар кабельдердің қаптамасы әр түрлі поливинилхлоридтерден, ал резина оқшауламасы бар кабельде – резинадан жасалады. Қаптаманы мех. зақымнан, тоттанудан қорғау үшін қорғауыш жамылғымен (бронмен) орайды. Бронды қабат ретінде қалыңд. 0,3 – 0,8 мм болат лента пайдаланылады. Кабель керу күшінің әсеріне шыдау үшін сыртына диам. 1,4 – 6 мм мырышталған болат сым оралады. Жоғары кернеулі күш кабелі тармағының ортасы қуыс болады, ол арнайы минералдық маймен толтырылады (2-сурет). Жоғары қысымды Кабельдің оқшауланған тармақтары 15 – 20 ат. қысымдағы маймен толтырылған болат құбырға орналастырылады. Қазақстанда кабель өнімдерін жасаумен “Қазэнергокабель” акционерлік қоғамы шұғылданады (1999). Оның өндірістік қуаты жылына АВВГ, ВВГ күштік кабельін өндіру – 850 км; АКВВГ, КВВГ балқымалық кабельін өндіру – 600 км; АПВ, АППВ қондырғылау кабельін өндіру – 2800 км; А, АС жалаңаш сым өндіру – 500 тн; МФ, МТ-2 троллей сымын өндіру – 200 тн.

 

Түрлері

Пайдаланылатын физикалық ортаға байланысты кабельдердің екі тобы қарастырылады.

жалпақ кабельдер (eсілген жұптар және коаксиал кабельдер, сәуле шығаратын кабельдер құрайды)

Оларда электр сигналы металл, көбінесе мыс арқылы беріледі.

Бұлардың ең арзаны — жалпақ кабельдер, оның бірнеше өткізгіштері бір жолға қатар салына береді. Алайда жалпақ кабельдердің сигнал тарату жылдамдығы төмен өрі олар электромагниттік бөгеуілдерден қорғалмаған.

         Бұл кабельдер қысқа құрастырулар кезінде кеңінен пайдаланылады. Есілген жұптар жалпақ кабельдерден гөрі қымбаттау. Бірақ олар электромагниттік бөгеуілдерден жақсы қорғалған. Есілген жұптар, негізінен, абоненттік арналарды жасағанда пайдаланылады. Коаксиал кабельдері ең қымбат кабельдердің бірі. Олар сигналдарды үлкен жылдамдықпен таратады әрі бөгеуілдерден жақсы қорғалған. Коаксиал кабельдер кең жолақты арналарды жасағанда жиі пайдаланылады.

жарықты таратуға арналған (олардың негізін электромагниттік богеуілдерден барынша жақсы қорғалған сәулежолдар құрайды)

         Оптикалық кабельдер коаксиал кабельдерден қымбат, бірақ оптикалық арналардың сигнал тарату жылдамдығы үлкен. Жерге кабель төсеу процесі көп еңбекті қажет етеді. Бұл, әсіресе, әр түрлі құбырлармен және электр кабельдерімен толтырылған қала көшелерінде байқалады. Сол себепті мұнда кабель төсеу үшін жоғары вольттық электр тарату жолдарының бағаналары, трамвай мен троллейбустардың электр сымдарының бекіткіштері, метро туннельдері, темір жолдар, өзендер, арналар, т.б. кеңінен қолданылады.

Кабель муфталары

         Кабель муфталары (Кабельные муфты) — кабель сымдарын, талшықтарын, тізбектерін сапалы жалғап және қорғағыш қабықтарын жабдықтап, жалпы алғанда, кабельдің жалғанған жеріндегі көрсеткіштерін қамтамасыз етуге арналған

Кабель бокстері

Кабель бокстері (Кабельные боксы). Шеткі станцияларға келетін кабель құрылғыларын қосу үшін кабель бокстері пайдаланылады. Жергілікті байланыс кабельдерінің сыйымдылығы 10х2-нан 100х2-ге шейін болады. Боксқа келген кабель талшықтары бокстың бет жағына орналасқан он тізбекке (20 талшыққа) арналған плинттерге жалғанады. Бір бокстағы плинттер саны 1-ден 10-ға дейін болады. Қалааралық кабельдердің бокстарының сыйымдылығы аз. Олар 4x4 немесе 7x4 кабельдерін монтаждауға арналған

         Кабельді байланыс жолы (Кабельная линия связи). Симметриялы немесе коаксиалды тізбектер бір-бірінен оқшауланып, бірнеше тізбектер белгілі бір тәртіппен біріктіріліп, металдан немесе пластмассадан жасалған түтікше түрінде жасалған қабықшаның ішіне орналастырылады. Мұндай қабықша тізбектерді сыртқы ауа, су және басқа табиғи құбылыстардан қорғау үшін қолданылады. Осындай қабықшаларды қорғасыннан, алюминийден және пластмассадан жасайды. Әртүрлі механикалық әсерлерден қорғау үшін қабықшаға орналасқан тізбектердің сырты қорғағыш қабатпен қапталады. Жер астында, су астында, шахталарда, канализацияда орналасуына байланысты қорғағыш қабат әртүрлі болады (оқшауланған, зиянды әсердерден қорғағыштар т.б.). Оқшаулағыш материалдардың түріне, тізбектердің орналасу тәртібіне байланысты кабельдер төменгі жиілікті және жоғары жиілікті болып бөлінеді

Коаксиал кабельбайланыс желілерінде сигналдар таратуға арналған диэлектрлік оқшаулағышы бар ішкі және экран түріндегі сыртқы өткізгіштерден тұратын кабель. Полимерлік қорғаныш қабығымен қапталған.

Коаксиалды кабель изоляциямен қапталған кабельдің ортасында орналасқан қатты жез сымнан тұрады. Ұсақ жез сетка сияқты безендірілген цилиндрлік изоляциямен қапталған. Ол сыртқы изоляциялық қапташаман қапталған кабель . Коаксиалды кабельдің арнайы экрандалған типі кабельге жоғарғы жіберу жолын қамтамасыз етеді. Қазіргі кездегі кабельді 1ГГц жіберу жолы бар. Коаксиалды кабель телефон жүйесінде қолданған, бірақ қазіргі күнде осы оптоталшықты кабельдермен алмастырылған. Бірақта коаксиалды кабельді телевидения жүйесінде және кейбір аумақтық жүйелерде кең ауқымда қолданылады

         Кабельді байланыс жолы (Кабельная линия связи). Симметриялы немесе коаксиалды тізбектер бір-бірінен оқшауланып, бірнеше тізбектер белгілі бір тәртіппен біріктіріліп, металдан немесе пластмассадан жасалған түтікше түрінде жасалған қабықшаның ішіне орналастырылады. Мұндай қабықша тізбектерді сыртқы ауа, су және басқа табиғи құбылыстардан қорғау үшін қолданылады. Осындай қабықшаларды қорғасыннан, алюминийден және пластмассадан жасайды. Әртүрлі механикалық әсерлерден қорғау үшін қабықшаға орналасқан тізбектердің сырты қорғағыш қабатпен қапталады. Жер астында, су астында, шахталарда, канализацияда орналасуына байланысты қорғағыш қабат әртүрлі болады (оқшауланған, зиянды әсердерден қорғағыштар т.б.). Оқшаулағыш материалдардың түріне, тізбектердің орналасу тәртібіне байланысты кабельдер төменгі жиілікті және жоғары жиілікті болып бөлінеді

         Кабельді теледидар, Кабельдік теледидаржоғары жиілікті кабель бойымен берілген теледидар сигналын тікелей ұжымдық антеннаға қосу арқылы теледидар тарату жүйесі. Кейбір жағдайда (негізінен, коммерциялық мақсатта) кабелдік телелдидар хабарлары кодталып, оларды телевизорда қабылдау үшін канал иесі ұсынатын декодтаушы құрылғы қолданылады. Қазақстандағы ең ірі К. т. операторы – "Алма TV" компаниясы. Ол Алматы,  

қамтиды, 50 телеарна бағдарламаларын көрсетеді

Байланыс кабелі (Кабель связи) — әр түрлі жиіліктегі электрлік не оптикалық сигналдардың көмегімен ақпаратты (телеграмманы, телефон, телеграф, теледидар және радио хабарларын, түрлі деректерді, телемеханикалық сигналдарды, т.б.) жеткізуге арналған кабель. Ол құралымы бойынша: симметриялық, коаксиалды және талшықты-оптикалық Байланыс кабелі; жеткізілетін токтың жиілігіне қарай төменгі жиілікті және жоғары жиілікті Байланыс кабелі; қолданылу аясына қарай алысқашықтықтық

Байланыс кабелі (қалааралық) және жергілікті Байланыс кабелі (қалалық, ауылдық, т.б.); кабель тарту тәсіліне сәйкес жер асты, су асты және аспалы (ауалық) Байланыс кабельдері, т.б. болып ажыратылады.

Электрлік Байланыс кабелінің ток өткізгіш өзекшелері, әдетте, мыстан, оқшаулағышы қағаздан не полимерден, ал қабықшасы қорғасыннан не алюминийден жасалады. Талшықты-оптикалық Байланыс кабелі қорғағыш қабықша (фторпластан, поливинилхлоридтен, т.б. жасалған) ішіне орналасқан жарық өткізгіш талшықтардан құралады. Қазір көбіне талшықты-оптикалық Байланыс кабелі жиі қолданылады, себебі ол басқаларына қарағанда арзанға түседі, әрі онымен берілетін сигналдың сапасы төмендемейді.

        


 

Скачано с www.znanio.ru

Кабель (голл. kabel – канат, сым арқан) — қорғаныш қаптамасы бар бітеу қабыққа салынған оқшауланған өткізгіш немесе өткізгіштер тобы

Кабель (голл. kabel – канат, сым арқан) — қорғаныш қаптамасы бар бітеу қабыққа салынған оқшауланған өткізгіш немесе өткізгіштер тобы

Оптикалық кабельдер коаксиал кабельдерден қымбат , бірақ оптикалық арналардың сигнал тарату жылдамдығы үлкен

Оптикалық кабельдер коаксиал кабельдерден қымбат , бірақ оптикалық арналардың сигнал тарату жылдамдығы үлкен

Бірақта коаксиалды кабельді телевидения жүйесінде және кейбір аумақтық жүйелерде кең ауқымда қолданылады

Бірақта коаксиалды кабельді телевидения жүйесінде және кейбір аумақтық жүйелерде кең ауқымда қолданылады
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.10.2023