Бастауышпен қоштасу мерекесі
Оценка 4.9

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Оценка 4.9
Работа в классе
doc
классное руководство
4 кл
28.03.2017
Бастауышпен қоштасу мерекесі
Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Бесіктегі баланың, Күлгенін көрген - бір мұрат. Алдына түсіп ананың. Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық! Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да Мұндай күй болған сірә қаншаңызда Қол соғып, қошеметтеп шақырайық 4- сыныптарды ортамызға!Жеңіс бастауыш мектебі. Базарбаева Айгүл Оразалықызы. Бастауыш сынып мұғалімі
Жана бастуыш сыныппе қоштасу,.doc
Бастауышпен қоштасу мерекесі Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын ,  бастауышта алған  білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу. 2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы  ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен  таныстыру,әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт – сапар  тілеу. 3.Білім берер ордасы­ мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге  деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы  болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып.  Кіріспе сөз: Мұғалім: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда . Мал озбас біле білсең білім озар, Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы ,  тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып  жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің   ұйымдастыруымен өткізілгелі  отырған « Қош бол, бастауыш»  мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер! Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер,  оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн.  Оның ерекшелігі  сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын  жүрексіне  аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта  оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен  қоштасқалы отыр.  Бесіктегі баланың, Күлгенін көрген ­ бір мұрат. Алдына түсіп ананың. Жүргенін көрген­ бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші  түлектерімізді ортаға шақырайық! Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да  Мұндай күй болған сірә қаншаңызда  Қол соғып, қошеметтеп шақырайық 4­ сыныптарды ортамызға! Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді. Вальс биімен шығады. 1­жүргізуші:Нұрсұлтан Армысыздар, мұғалімдер әз жандар!          Білім іздеп инемен құдық қазғандар,          Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,          Өмір деген үлкен жолда тарландар,          Бүгін міне қоштасады бастауышпен балбұлақ,          Әніменен жырына, тарландарым сал құлақ,          Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан.          Лаулап жансын болашағың шамшырақ. 2­жүргізуші: Айым           Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,          Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.          Алдарыңызда жауқазындай құлпырған,          Біз алаңсыз балғын шақты балалар.          Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,          Қыран құстай болашағын мәпелер.          Бүгін, міне бастауышпен қоштасады,          Азамат боп, кешегі сәби­еркелер. 1­2 жүргізуші қосылып бірге:          Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар! 2­жүргізуші: Айым Осыдан 4 жыл бұрын, бүгінгі кейіпкерлеріміз, біреуі анасымен,  біреуі әкесімен, енді біреуі ата­әжесімен қол ұстасып мектеп  табалдырығын аттап едік.  1­    жүргізуші: Нұрсұлтан Біз алғашқы күннен бастап ұстазымыз Айгүл апаймен таныстық,  партаға қалай отыру керектігін, басқа да мектеп ережелерін  үйрендік. 2­жүргізуші: Айым Қолдарына қалам ұстап, А әрпінен бастап, 42 әріпті  танып, 1­ден  100­ге дейінгі , 1000­ға дейінгі сандарды санай алатын дәрежеге  жеттік 1­жүргізуші: Нұрсұлтан Содан бергі 4­жыл ішінде талай білімді бойымызға сіңіріп үйрендік.  Бүгін міне, соның айғағы ретінде, бастауыш сыныппен және бізді  білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстазымыз Әдемі Сәлімқызымен   қоштасқалы отырмыз. 1: Бала шаққа болашақты  жырлатып, Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты . Күн нұрындай сәуле құйған көңілге, Армысыздар , ұстаздарым қымбатты! 2 : Армысыздар әжелер мен аналар Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар. Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп, Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар 4  Армысың сен , алтын ұя мектебім  Саған айтар жыр­ алғысым көп менің  Жүректерге жаққан білім шырағын , Мектебіме арналады бұл әнім! 2­жүргізуші: Айым  Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да,  әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын. 1­жүргізуші: Нұрсұлтан Олай болса алтын ұя мектебімізге арнап  «Мектебім» әнін шырқайық! Ән: 2­жүргізуші: Айым Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше  сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық   Мектеп деген білім кені , жыр кені, Мектеп деген ғылымның ең үлкені. Мектеп деген тәрбиеші адамға. Мектеп деген даналардың мекені.  Мектебім­ білім берер алтын ұям. Ер жетіп сенде сөзім, артты санам. Баулыған 4жыл бойы ата­ анамдай. Әрқашан қасиетті атың маған. Арада өтсе дағы дүркіреп жыл , Әр күні балалықтай бір жүрек бұл. Өзіңе борыштармын өмір бойы  Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.  7 Алмаз:Армысың сен алтын ұя мектебім, Саған айтар жыр алғысым көп менің. Жүректерге жаққан білім шырағын, Мақтан етем сені мәңгі мектебім Ұлылықты ардақ тұтар үнемі, Алтын ұя, ақ босаға киелі. Қанат қаққан білім алып өзіңнен, Күллі шәкірт саған басын иеді. Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық, Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. Сүйкімді сенің күміс қоңырауың, Тұрады құлағымда сыңғыр қағып. Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата­ анам, Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам. Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек. Тамырланып , сан тарапқа тараған. Мектебім­ сүйікті мектебім, Бауырыңда түлеймін , көктеймін. Сен – бұлақ, мен­ қайың бүр ашқан, Өзіңнен нәр алып көктедім. Мектеп – кеме , білім – теңіз, Барар жерге тез жетеміз. Төрт жыл алған білім нәрін , Азық етіп ер жетеміз. Ән :  1­жүргізуші Нұрсұлтан : « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден  балаға»,­деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам  ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42  әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз­  ұстаз екені бәрімізге мәлім.  Балалардың ұстазға арнаған ән  ­жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Айым? 2­жүргізуші Айым:Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға ,  жазуға үйреткен  мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің  жүрегі» ­ деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. 1­жүргізуші Нұрсұлтан: Дұрыс айтасың Айым,ғылым иесі  ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні  темір балқытқан  жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі­  бәрі ұстаздан білім  мен тәрбие алған. 2­жүргізуші Айым: Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз:  «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор  егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз! Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді, Бар асылын бізге жиып , мол береді. Қанатымен су себелеп асыл жан, Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді. Бір асылын бізге жиып мол береді. Қанатымен су себелеп асыл жан, Баласындай шын жүрекпен тең көреді. Өмір жолын бір өзіңнен бастадым, «А»әріпін алғаш сенен жаттадым Ұстаздарым естен кетпес мәңгілік, Мейіріммен жылы шуақ шашқаның.  Балғын шақта келіп едім, Бал қызыққа еніп едім. Тағдырымның билігін де, Сеніп сізге беріп едім. Жүзің жылы, құшағың кең, Сенен түлеп ұшқанмын мен. Өзің берген біліміңмен Биіктерге шығамын мен Болашақтың үлкен жолын, сізден сызып бастадық, Еркеліктің, жалқаулықтың, көп түрін біз тастадық. Жылы сөзбен қарсы алып, бізді баурап алдыңыз. Үйретем деп түрлі білім, біраз шаршап қалдыңыз. Түрлі­түрлі пәндерді де, оқитын болдық ер жетіп, Қателік болса жіберген, мінді өзіңнен іздеген, Игере алмай қиналсаң, біреуден көріп жүрмеген.  Толқып қорқып төрт жыл бұрын, Мектепке біз келгенбіз. Қоңырауды алғаш естіп, Сыныпқа біз енгенбіз. Бірінші сынып мұғалімі, Айгүла пайды көргенбіз. Жақсы оқып, тәрбиелі, Болуға серт бергенбіз. Тек үйреттің әділдікті , адалдықты, Жирендік , ажыраттық жамандықты. Жалғастырар ақ жолың сенің салған, Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты. Жарық күннен жылы жүзің елестер, Құлағымда өзің берген кеңестер. Жанарымда алыс тартқан қара жол,  Көз жұмсам да көре тұғын белестер. Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай , Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай? Мейірлене қарап қойып біздерге, Күн астынан сабақ беріп тұрғандай  Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,, Басталған ақ батаңнан жас талабым. Ұғындым ұлылықтың, даналықтың, Ұстаздың ұлағатынан басталарын. Ән Ұстазым  Мұғалім ұстазысың балалардың, Болашақ ғалымдардың , даналардың . Өмірде сенің алар орыныңа , Бірі де жеткізе алмас бағалардың.  Кеп­ кешегі жабырқау қайда қалған, Шықпаушы едік бір елі айналаңнан. Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе? Жан дүниесін баланың жаулап алған. Нұр құйған санасына зейіндінің. Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің. Дарыттың адамдықты шәкіртіңе, Дамыттың дарын отын бейімдінің. Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың, Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын. Сағына әркез суреттерді парақтап. Шәкірттерін жиі еске алатын. Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан , Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман. Жатталады жан жүректе есіміңіз, Адамның аяулы үні сияқтанған. Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз, Бейнеңіз жүректерде сақталады. Біз әлі биіктерден көрінеміз, Үміт пен сеніміңіз ақталады . Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,           Мың алғыс мына отты жүректерден! Ән:  1­жүргізуші : Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби ­балалар  сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған  едік. 2­жүргізуші : Енді міне  сауатымызды ашып, білім негізін қалаған  бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы  тұрмыз. 1­жүргізуші  Иә, міне сағымдай өте шыққан  4жыл ішінде біздің  ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды. 2­жүргізуші: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа ! Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз. Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз. Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде, Қайталап атымызды сұрасқанбыз.  Әр үйдің ерке өскен тентегі едік, Ақылға келе алмадық ерте көніп. Бойымыз бірте­ бірте үйренісіп.  Мектептің ережесін үйрендік  кеп.  Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым, «А»әрпін  алғаш сеннен бастадым. Ұстазым естен кетпес мәңгілікке, Мейіріммен жауырынымнан қаққаның. Бірдей біздің  ойымыз да , сырымыз, Бір мектептің ұлы менен қызымыз. Бірдей өстік оқуда да еңбекте, Күліп – ойнап біріміз бен біріміз. Би билеу Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма? Бастауышта айтылмаған сыр бар ма? Бастауышта алған білім, жырларым, Азық болар , мәңгі талай жылдарға.  Бастауышым­ бал бұлағым , Алдым сеннен балдың дәмін. Әріп танып, білім алып  Рахметімді жаудырамын. бастауышым­ балбұлағым Лаулап жанған шам шырағым. Өзің берген біліміңмен, Самғап ұшар тау қыраның. Өтті сенде қызық шағым, Бастауышым­ бал бұлағым. Қоштасар күн жетті міне, Қимастықпен қол бұлғаймын. Күй: 1­жүргізуші :Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда  өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия т б  пәндерге негіз болатын ана тілі, математика,дүниетану, орыс  тілі,пәндерін зер салып оқып үйрендік. Ана тілі:Анашымдай сыр шерткен, Ақыл­ білім үйреткен. Ана тілін оқыдық , Ерекше зор құрметпен. Ана тілін сүйеміз, Құрметпен бас иеміз. Ана тілмен қоштасамыз, Әдебиетпен достасамыз.  Математика Ойланып есеп шығартып, Төрт таңбаны білдірген. Ғылымдардың патшасы, Математика данасы Қазақ тілі: Қазақ тілі пәнінен, Білім алды балалар. Сөйлемді, сөз таптарын, Етістіктің шақтарын, Жалғаулар мен жұрнақтар. Ережесін жаттадым. 5­шіге барған соң, Балжан апай бағалар.  Дүниетану: Ой жіберсең бәріне , Дүниетану пәніне. Өмір сырын үйретер, Пәннің жақсы бәрі де. Жер байлығы көп екен, Игеруді қалайды. Осының бәрін білдірген , Дүниетану сабағы. 1­жүргізуші Біз нені сүйеміз?  Хормен Отанды, ата­ананы. Халқымызды, достарымызды. Табиғатты, алтын ұя мектебімізді сүйеміз. 2­жүргізуші:  Бізді болашаққа не бастайды? Хормен Ұстаздың көрсеткен жолы. Ата­ананың ақылы. Болашаққа деген сенім. 1­жүргізуші: Хормен Біз нені үйрендік? Оқуды, жазуды есеп шығаруды. Ән айтып, би билеуді үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды. Жерімізге, елімізге жақсылық жасауды Халқымыздың салт­дәстүрін, әдет­ғұрпын үйрендік. 1­2 жүргізуші: Біз кім боламыз? Хормен Адал азамат. Адал ару. Оқымысты ғалым. Елін сүйген ер. Нағыз адам боламыз. ӘН:  1­жүргізуші : Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды  асырып жүрген біздің ата­ анамыз. Қатарымыздың теңі болып ,  тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де  сол кісілердің  арқасы.  Ыстық­ ау кім­ кімге де әке деген, Суыққа шалындырмай, мәпелеген. Өмірдің соқпағымен өрге тартып, Алдымен адам бол деп жетелеген­ дегендей әкенің орны бөлек ау.   Әкешім тілеуімді тілеп жүрген, Аумайсың жарығы мол ашық күннен. Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін. Ақылды балаларың оны білген. 1­2жүргізуші Мына ән әкелерге арналады: ән: 2­жүргізуші :Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы  оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай  бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да  борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ  сүтін ақтай білгенге не жетсін! 1­жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың . Біз болашақта саналы да, ақылды   бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?   Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың, Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың. Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың, Мәпелеген баласын,аман болсын анашым! Кеудемнен сезім селі ақтарылсын, Болармын күні ертең­ ақ мақтанышың. Білім алып, тер төгем , еңбек етем, Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін! 1­2жүргізуші Аман болшы қашанда анажаным  Анашым ыстық маған алақаның  Келесі ән аналарға арналады Ән  1­2жүргізуші:  Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе  Біздерді ойлап  көңіліңіз жүдеді де, Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін, Сіздерге арнап айтатын тілегін де­ дей отырып сөз кезегін  ұстаздарымызға береміз! ән:Қош бол, бастауыш Ұстаз тілегі: Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне, Сенімдердің айналыңдар серперіне. Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін, Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе. Айналайын жап­ жарқын жүздеріңнен, Аластайтын жаныңды күз көңілден. Мен сендерге мәңгілік тілекшімін, Тілек тілеп тұратын іздеріңнен. Сөз кезегі мектеп директорына беріледі. Марапаттау рәсімі.

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі

Бастауышпен қоштасу мерекесі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
28.03.2017