"Бауырсақ" ертегісі.
Оценка 4.6

"Бауырсақ" ертегісі.

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
Детсад
06.04.2018
"Бауырсақ" ертегісі.
Мектепке дейінгі мекемеде ортаңғы топқа арналған ашық сабақ жоспары .Ашық сабақ пәнаралық сабақтан құралған. Балалардың еске түсіру, логикалық ойлау қабілеттерән дамыту мақсатында өткізілген сабақ. Сұрақтар, ойын тапсырмаларды балалар белесене қатысып орындайды.Өздерінің ойларын еркін жеткізе алады. Тәрбиешілерге көмек ретінде қолдануға ұсынылады.Балалардың жыл бойына жинаған білімдерін тексеру мақсатында өткізілген ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы Бауырсақ.docx
Сабақтың тақырыбы: «Бауырсақ ертегісі» Сабақтың мақсаты: Өтілген тақырыптарды саралап. ертегілерді еске  түсіру логикалық ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту.  Сабаққа  қызығушылақтарын  арттыру, Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту. Математика. Сурет, Көрнекілік: «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері сандар, таяқшалар, ақ  қағаз, бояаулар. Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі. Күндей жарқырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап, Судай мөлдір таза көңілмен  Бүгінгі күнімізді бастайық, Балалар маған қарап күлімдейміз, Бір­бірімізге жылулық мейірім силаймыз, Орнымызға отырып, Сабақты бастайық. 1 «Атадан қашты, ападан қашты» бұл ертегі не туралы? Балалар жауабы: «Бауырсақ» Тәрбиеші:  Ертеде бір ата мен әже болыпты, ата әжеге бауырсақ пісіруді  тапсырады.Осы кезде әже: «Егер сен маған жыл мезгілі жайлы айтсаң тәтті бауырсақ пісіремін» депті. Осы кезде атаның есіне жыл мезгілін есіне  түсіре алмай бізге келіп көмек сұрап отыр, Балалар атаға көмектесемізбе? Балалар қазір жылдың қай мезгілі?  Ай аттарын ретімен кім айтады? - - Аптаның қай күні? - Аптада неше күн бар? - Мамырда қанша мереке болды. Қандай мерекелерді тойладық? Балалар атаға көмектесіп, атаға әже бауырсақ пісіреді. Ыстық бауырсақты әже терезеге суытып қояды. Осы кезде ыстық бауырсақ домалап қаша  жөнеледі. «Атадан қаштым, ападан қаштым» алдынан қоян шығады. Исің  қандай тәтті?Атың кім? Бауырсақпын. Қоян: Мен сені жеймін! Баурсақ: Қоян сен мені жемеші мен саған өлең айтып беремін. Қоян: Ендеше менің тапсырмамды орындасаң мен сені жемеймін, 1 тапсырма: 0­ден 10­ға дейін сандарды ретімен орналастыр. 2 тапсырма: 0­ден 10­ға дейін тура және кері сана! 3 тапсырма:  Санамақ айту! Қоян баурсақты жібереді. Бауырсақ әндете жөнеледі. Алдынан қорбаңдап  аю шығады. Аюдың қолвндағы тапсырмасын орындау. Бауырсаққа балалар  көмектеседі. 1 тапсырма: көршісін тап: * 3 *, * 6 *, * 9 *, * 2 *. 2 тапсырма: Көңілді гимнастика. Қолымызды көтереміз, оң қолды төмен  түсіріңдер, сол қолды жоғары.  Оңға бұрылу, солға бұрылу.  3 тапсырма: Ауызша есептер шығару. Аулада екі бала ойнап жүр, оған  тағы екі бала қосылды. Неше бала болды? (Таяқшалармен санау)  4  тапсырма:  Екі пішінді пайдаланып үй құрастыру.( Ұжымдық жұмыс) Баурсақ аюдың тапсырмасын орындап балалар көмегімен әрі қарай әндете  барады. Осы кезде бауырсақтың алдынан аш касқыр шыға келеді. Тістерін ақситып  сен кімсің? Исің қандай тәтті?  мен сені жеймін! Бауырсақ:  Қасқыр сен мені жемеші мен саған өлең айтамын.  Қасқыр: Сенің өленіңнің қажеті жоқ. Сен оданда менің тапсырмама  көмектес. Менің қолымдағы мына суреттердің атын ата.  1 тапсырма: Салыстыру.  Суреттегі заттарды атап буынға бөлу. Сөзде неше буын екенін шапалақ  арқылы санау. Мысалы:  Бау­ыр­сақ                                Қас­ қыр                           3                                               2                   Бал – дыр ­ған                        Бал­ мүз –дақ                           3                                                 3 2 тапсырма: Сергіту сәті. Бауырсақ домалап әндетіп кете барады. Осы кезде алдынан қуланып қу  түлкі шығады. Түлкі бірден . Бауырсақ сенің даусың қандай әдемі! Сен  маған өзің туралы  және мен туралы бір ән айтып берші. Дос болайық.  Түлкі бауырсақ балалармен қосылып өлең айтады.  Балалар сабақ соңында бауырсақ кейіпкерлерін ақ қағаз бетіне түсіріп,  көрме ұйымдастырады. «Балдәурен»  шағын орталығы Баурсақ ертегісі (математикадан қорытынды сабақ)                                                                                                                                                      Тәрбиеші: Г.К.Шалова

"Бауырсақ" ертегісі.

"Бауырсақ" ертегісі.

"Бауырсақ" ертегісі.

"Бауырсақ" ертегісі.

"Бауырсақ" ертегісі.

"Бауырсақ" ертегісі.

"Бауырсақ" ертегісі.

"Бауырсақ" ертегісі.

"Бауырсақ" ертегісі.

"Бауырсақ" ертегісі.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.04.2018