Бейімбет Майлин - қысқа әңгіме шебері.
Оценка 5

Бейімбет Майлин - қысқа әңгіме шебері.

Оценка 5
docx
05.02.2020
Бейімбет  Майлин - қысқа әңгіме шебері.
Едресова Жадра Муратовна.docx

Едресова Жадра Муратовна

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім

бөлімінің №6 орта мектебі»ММ

Б. Майлин - қысқа әңгіме шебері.

«Бейімбет Майлин–әрі теңдесі жоқ әңгімеші

ретінде де,әрі прозадағысүйікті

шығармаларды жасаушы ретінде де

біздің тұңғыш зергер прозашымыз».

                                                                                                                                                  Ғ.Мүсірепов

«Әдеби шығарма – нұрлы дүниенің сырлы бөлігі». Ол өмірдің өзі секілді күрделі, бұрланы көп, қия – қалтарысы мол шытырман шындық. Байыптап қарасақ дүниенің бүтін бір бөлігін күллі тамыр – теренімен қопарып алып, ажарлы  әрі асыл өнер туындысына айналдыру, оның мазмұны мен пішініне жан тебірентер өнерпаздық қасиет  дарыту  - тек тарлан таланттың  ғана қолынан келетін іс», - деген З.Қабдоллов пікірінде терең ой, көп мағына жатыр. Сәтті шыққан әңгіме немесе шығарма  - бір ғана жазушының жетістігі емес, ол бүкіл әдебиет көлеміндегі кесек құбылыс. Ал енді таза әңгіме жайына көшсек. Адам тағдырын әр қырынан алып көрсетуге де көркем әңгіменің икемі толық жетеді. Оның өзіндік қасиеттерін меңгеріп, сарқа пайдаланса, шағын әңгіме шеңберіне шалқар идеялық-мазмұн сыйғызуға болады. Көлемді роман, повестерге қарағанда, әңгіме өз оқырманын тез табады. Сондықтан бар идея, толғандыратын әлеуметтік проблема, айшықты эстетиканы барлық халыққа жеткізуге мүмкіншілігі орасан зор. Әрі жеңіл, әрі бір демді оқылады да, өз әсерін жылдам тигізеді. Әдеби жанрдың қайсысының да өмір қажеттілігінен туатынын дәлелдей келе, В.Г.Белинский: «Былайша айтқанда, драмаға арқау бола қоймайтын, романға тапшылық ететін, бірақ ғасырлар бойы бастан кешіріп болмастай жәйттерді қас қағым сәттің өзіне шоғырластыратын терең мәнді уақиғалар, жағдайлар болады. Әңгіме осындай құбылыстарды алады да, өзінің тар шеңберіне сыйғызып жібереді.» – деген болатын. Мұнан әрине романды жоққа шығармаймыз. Демек, әңгіме заман сипатына, оқырман талабына лайық, аса қажетті жанрдың бірі, сондықтан оның өміршеңдігі арта түспек. Осы тұрғыдан қазақ әңгіме, новелласының үздік шебері Б.Майлин өз шығармаларында халық өмірінің көркем шежіресін жасап кетті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол – көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.Осындай тарлан талант, кесек құбылыс, шұрайлы шығарма туғызушы, ерекше өнер иесі – Бейімбет Майлин. Ол әдебиеттің поэзия,проза,драматургия саласында бірдей қaжырлы  да жемісті еңбек етіп, көркемдік жағынан мол, тәрбиелік мәні зор мұра қалдырды. Майлиннің бізге үлкен өнеге болатын көркемдік қасиеті — қарапайымдылығы. Онда өзі бастаған жас әдебиетке тән әшекейге, бірден бетке ұратын арзан әсерге құмарлық жоқ.  Бейімбет Майлиннің бірқатар туындылары әйел теңдігі тақырыбына арналған. «Раушан – коммунист», «Берeн», «Күлтай болыс» және тағы басқа әңгімелеріндe қaзaқ қызының тағдыры мен жағдайы туралы,әйелдің отбасындағы,өмірдегі орны мен рөлі жайында жазды. Жазушының әңгімелері  мол: «Ұлбосын», «Сары ала тон», «Сот алдында», «Әліштің пырағы», «Қызыл әскердің үйі», «Таңба», «Қара шелек», «Кенес ағасы Қамила», «Арыстанбайдың Мұқышы», «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры», «Биғайшаның хаты», «Қалекеңнің үйінде», «Көктеректің бауырында», «Колхоз қорасында», «Охрана бастығы», «Сары май», «Бейсекеңнің үйінде». Жазушы бұл туындыларында тақырыпты дараламай көп қырлы өмірдің басқа салаларына да ықпал жасарлық жаңа қадам түрінде суреттейді.  «Раушан – коммунист» әңгімесінде  кедей шаруаның әйелі Раушанның өсу жолы,оның күйеуі Бекеннің ескіліктің шырмауынан шыға алмай адасуы өте дәлелді суреттелген. «Күлтай болыс» әңгімeсінде бұрын отбасы, ошақ басынан шығамын деп ойламаған Күлтайдың болыс болып сайлануы,оның әуелде жасқанып,кейін төселе келе мәселені әділ шeшeтін қызметкер болып шығуы әңгімеленеді.Б.Майлин – ірі бaйларды тәркілeу,кедей шаруаны ұжымдастыру шаралары кезінде тарихи оқиғаның ізін суытпай,оларды көркем шығармаға арқау ете білген жазушы. «Ұлболсын», «Сот алдында», «Дайрабайдың көк сиыры» туындылары осыған дәлел. «Сары ала тон» әңгімесінде тәркілеухабарын естіген  байдың үйінің қасіретті халі  суреттелсе, «Арыстанбайдың Мұқышы» әңгімесінде ұжымдастырудың алғашқы жылдарындағы жалған белсенділердің образы беріледі. Ал «Күлпаш» әңгімесі – ел басына түскен  ашаршылықтың шындығын көрсeткен шығармалардың бірі.Онда аштық алдындағы дәрменсіздік,ұлы мен күйеуінің аштықтан аман қалуы үшін Күлпаштың ойда жоқ әрекетке баруы,яғни басқа ерге шығуы әңгімеленеді. «Жазушы өз шығармашылығында қораштыққа басқан жоқ. Қарапайым халықтың өміріндегі, ойындағы, қиялындағы құпия күйде қалып келген мол көркемділікті ашты.  Оның көркемдігі замана көркемділігімен нәрленді сөз көркемділікке қазына болып қосылып байытты» , - дейді Темірлан Нұртазин.Майлин – шыншыл суреткер. Ол өмірде болғанды, болуға лайықтыны әңгімелеріне арқау етеді. Әңгімелері  тікелей өмірді жанды көрінісімен көз алдыңа әкелгендей болады.  Көркем тәсілдердің қолданылуына байланысты жазушы әңгімелерінің көркемдік, стильдік өзгешелігі келіп шығады. Жазушы кейіпкерлердің, оқиғалардың тереңдігін қайшылықтарын ашқанда оны жадағай қалпында бермей, перделеп «қызым, саған айтам, келінім сен тыңда» деген нақтылау жобасымен суреттеуге бейім.Бейімбеттің әңгімeлері қазақ тарихының бейнелікөріністері іспеттес.Біз оның шығармаларын оқи отырып,жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақтың басынан  өткен оқиғалардың куәсі болғандай әсер аламыз. Өйткені Бейімбет адам кескінін де , заман келбетін де ғажайып көркемдік күшпен танытып кеткен.Майлиннің шеберлігі жөнінде Сәбит Мұқанов былай деген: «Оның стилінде ашық түсінік,ойлаулы сөз, дәлдік ұғым бар».Менің ойымша, Бейімбет Майлин әрі қысқа,әрі нұсқа туындылары арқылы қазақ ауылының өткен ғасырдың басындағы көркем шежіресін жасауымен ғана емес,әдеби шеберліктің мектебін ашып,шынайы таза үлгісін көрсеткен классик- суреткер ретінде, шынайы қазақ халқының өміріндегі мәселелерді көтеріп,керемет тілмен жеткізген әңгіменің хас шебері.Бейімбет Майлин туындылары осындай көркем өнердің  баға жетпес  меруерт – маржандарының  қатарынан орын алып, талай ұрпаққа тағылым беріп, суреткердің өзі  мәңгілік құнды асыл сөздерінің арқасында біртума дарын ретінде халық жүрегінде мәңгілік сақталатынына ешбір күмән жоқ.

 

         Қорыта келгенде,әдебиет – ар – иман, инабат құралы.  Бейімбет Майлин қаламынан туған шығармалар қазiр де өзектiлiгiн жоймай, бүгiнгi күн мәселелерiне жауап бере алады. Өйткенi, оның шығармаларының тамыры тереңде, халық  тағдырымен бiте қайнасып жатыр. Қаламгер қандай мәселенi көтерсе де арқауында шындық жатыр. Бейімбет шығармашылығын зерттеушілердің бірі Тоқтар Бейісқұлов қаламгердің  бұл шеберлігінің сыры туралы өзінше ой қорытып: «Әдетте нағыз қаламгер көп жүргенді, елді, жерді аралағанды, өмірді өз көзімен көруді қалайды, барлап, зерттеп ой қорытады. Сондықтан да ол үнемі өмірден өз кейіпкерін іздейді. Жүрген жолында, болған жерінде әрқилы тағдырлы адамдармен кездесіп, олардың мінез-құлқын, іс-әрекетін, тұрмысын бақылап, жүрек түкпіріне түйеді», - дей келе негізгі себеп – жазушылық пен журналистікті ұштастыруда деп түйіндейді. Бейімбет Майлин әңгіме жанрын ерекше  әрлеп,классикалық биікке көтерген нағыз қаламгер шебері.Қаламгердің шығармалары қазақ әдебиетінің барлық саласын байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі жасайды және мектеп бағдарламасында жазушының шығармаларын оқыту арқылы оқушылардың қазақ әдебиетінің проза саласына деген сүйіспеншіліктері арта түседі. Қаламгердің мазмұны терең, көркемдігі кестелі, ойы ұшқыр туындылары талай  ұрпақтың рухани азығына айналып, сан алуан зерттеулердің нысаны болып, өз мәнділігін мәңгілік жоймайтынына,  талай оқырманның көкірек  көзіне ой салып, көңілінен шыға береріне,  сөз өнерінің қиын да  күрделі жолына түскен өнер адамдарының бағыт алар темірқазығы  боларына сеніміміз мол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

1. Қабдолов З. Сөз өнері А., «Қазақ университеті», 1992- 352 б.

2. Наурызбаев Б. Қазақ прозасындағы Б.Майлиннің прозасы А., 1967-255 б.

3. Омаров І. Бейімбет хақында бірер сөз. 1988- 397 б.

4. Би аға. (Бейімбет Майлин туралы естеліктер), Құраст.Бейісқұлов Т, А.,1991- 304 б

 

                                 


 

Едресова Жадра Муратовна қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №6 орта мектебі»ММ

Едресова Жадра Муратовна қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №6 орта мектебі»ММ

Осындай тарлан талант, кесек құбылыс, шұрайлы шығарма туғызушы, ерекше өнер иесі –

Осындай тарлан талант, кесек құбылыс, шұрайлы шығарма туғызушы, ерекше өнер иесі –

Көркем тәсілдердің қолданылуына байланысты жазушы әңгімелерінің көркемдік, стильдік өзгешелігі келіп шығады

Көркем тәсілдердің қолданылуына байланысты жазушы әңгімелерінің көркемдік, стильдік өзгешелігі келіп шығады

З. Сөз өнері А., «Қазақ университеті», 1992- 352 б

З. Сөз өнері А., «Қазақ университеті», 1992- 352 б
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.02.2020