“Береке басы – алтын күз”
Оценка 4.6

“Береке басы – алтын күз”

Оценка 4.6
Раздаточные материалы
docx
воспитательная работа
5 кл—6 кл
16.01.2017
“Береке басы – алтын күз”
Құрметті Ұстаздар мен тәрбиешілер және оқушылар! Бүгінгі 6 б сынып оқушылары дайындаған “Береке басы – алтын күз” атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Жүгізуші: Кездескен соң күзіммен Бұтағына үзілген, Ай жапырақ сары алтын. Айналаның бәрі алтын Балалар, бұл жылдың қай мезгілі? Балалар: Күз. Жүзгізуші: Күз айларын ата Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша Жүзгізуші: Әрбір авйдың есте қалатын мерекесі болады. Қыркүйек айында есте қалатын күн бар ма? Балалар: 1-ші қыркүйек “Білім күні’’ ,алғашқы қоңырау. 1-бала: Бірінші қыркүйек күнімен, Аңқыған жұпары гүлімен. Келіп ем, қарсы алды мектебім, Сүйкімді қоңырау үнімен. Сылдырла, сылдырла тағыда, Шақыра білімнің бағына. Қоңырау әсем саз, әдемі. Қоңырау сыңғыры асыға, Үн қиядан асуға. Білім ал, еңбек ет, жас ұлан, Өрле биік шың басына.“Береке басы – алтын күз” атты тарбие сагаты
райгүл апай.docx

                  Құрметті Ұстаздар мен тәрбиешілер және оқушылар!

Бүгінгі 6 б сынып оқушылары дайындаған “Береке басы – алтын күз” атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Жүгізуші:        Кездескен соң күзіммен

                         Бұтағына үзілген,

                         Ай жапырақ сары алтын.

                         Айналаның бәрі алтын

Балалар, бұл жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз.

Жүзгізуші: Күз айларын ата

Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша

Жүзгізуші: Әрбір авйдың есте қалатын мерекесі болады. Қыркүйек айында есте қалатын     күн бар ма?

Балалар: 1-ші қыркүйек “Білім күні’’ ,алғашқы қоңырау.

1-бала:            Бірінші  қыркүйек күнімен,

                          Аңқыған жұпары гүлімен.

                          Келіп ем, қарсы алды мектебім,

                         Сүйкімді қоңырау үнімен.

                         Сылдырла, сылдырла тағыда,

                         Шақыра білімнің бағына.

                         Қоңырау әсем саз, әдемі.

                         Қоңырау сыңғыры асыға,

                         Үн қиядан асуға.

                         Білім ал, еңбек ет, жас ұлан,

                         Өрле биік шың басына.

Жүргізуші:    Тағыда қандай мерекелерді білесіңдер?

Балалар: 22 қыркүйек-Тілдер мерекесі

Жүргізуші: Қазан айында ше?

Балалар:    Мұғалімдер күні

                    4 қазан-Атырау қаламыздың туған күні

                     25қазан- Республика күні

Жүргізуші: ұстаздарға арналған өлеңдер өте көп соның бірін кім оқып береді?

2-бала:     Жанымды менің жайнатып,

Баураған өзің мұғалім.

Өзіңмен бірге таң атып,

Өзі күліп шығар күн.

Шәкіртің өткен іздерде

Үмітің гүлдер мұғалім,

Білеміз ертең бізден де

Өмірдің талап сұрарын,

Сонда ардақты мұғалім,

Уәдемде берік тұрамын!

Қиынға берік шыдармын,

Қияға қалай шығармын.

(Дамирдың орындауында Ұстазым әнін қабыл алыңыздар!)

Жүргізуші: Біздің жерімізде қанша дәнді дақылдары өсіріледі?

Балалар: бидай, тары, күріш, жүгері, күнбағыс т.б.

Жүргізуші: Ал дәнді- дақылдарды өсірген адамды кім деп атайды?

Балалар: Диханшы

Жүргізуші: Туған табиғаттың тамаша бір көрінісі күз мезгілі. Айнала сұлуланып, түрлі түстерге боянып құлпыра түседі. Ағаштардың және басқа өсімдіктердің жапырақтары қызыл қоңыр, сары болып өзгереді. Ақын Қ.Шаңғытбаев ағамыз күздің осы көрінісін былай деп жырлаған екен:

                                     Алтын сары, қызыл көк...

                                    Алуан-алуан жапырақ,

                                    Күзгі бақта күлімдеп

                                    Күз тартады атырап.

 

(Бердібек)  Күз – жылдың 4 мезгілінің бірі. Бұл мезгілде жер шары өз орбитасының күнмен түннің күзгі теңелу нүктесінен күннің қысқы тоқырау нүктесіне дейінгі аралықта болады. Астрономиялық тұрғыдан күз тоқсан күнге созылады. Әдетте қыркүйек, қазан, қараша айлары. Күзде күн суытып көлдер мен өзендер тартылып, өсімдіктер қурайды, ағаштардың жапырағы түседі. Кү қысқара береді: Егін піседі, мал семіреді. Жыл құстары тізбектеліп, жылы өлкелерге ауып кетеді. Қазақстан жерінің күзгі сипаты бір келкі емес, солтүстік облыстарда егін піскенде, оңтүстік облыстар егіндерін жинап алады.

(Гүлнұр)

                                      Сары күз

Сары мыстан аумайтын сары күзім,

Сары даланың өткінші сәнімісің?

Жиып-теріп жактасың шашылғанды,

Өз ісіңе келгенде кәнігісің.

Артыла бер еселеп арбаларға,

Ырыс-құтты құя бер қамбаларға.

Ала жаздай тырбанып келген еді,

Момын елдің бақыты сол болар да.

Тарнатын күн туса ел егер де,

Несібеңді талшықтап келе бер де...

Жақсылығың болса да аямассың,

Жаманшылық дегенді көре бер ме?!

Жаманшылық!... Жанымыз сыздап әлі,

Жылына алмай келеміз мұздағалы.

Жомарт деген атың бар сары күзім,

Сенің жүзің неліктен сызданады?

Бабаларым жастанған мұзға басын,

Жүрегі нау-наладан сыздағасын.

Біз жолаушы пендеміз көңілі – мұң,

Сен деген соңғы бекет- күз боласың.

Сенің сұрың дерттінің наласында,

(Бір сұмдық жатады ылғи тап осында)

Сыздатып сыбызғымды шалайыншы,

Сар дала маған да бір қарасын да.

               Жүргізуші: Күз мезгілінде табиғат құбылысы жиі өзгереді. Оны ұлы данышпан, ақын Абай атамыз былай деп суреттеген екен:

            Сұр бұлт түсі қаптайды аспан,

            Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

            Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

            Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Ендігі кезекте

       Таза жаздай жайнаған

       Сары бояу айналам

       Енді сары бояумен

       Күз суретін салам мен-деп ақын атамыз М.Әлімбаев жырлағандай қоршаған ортаны біз көргендей бейнелей алатын тек қана суретші. Табиғат көрінісін бейнелейтін суретшілерді табиғат бейнелеуші суретші немесе пейзажист деп аталады.Табиғат көрінісін бейнелейтін суретшілерді табиғат бейнелеуші суретші немесе пейзажист деп аталады.

   

       

      «ойымды жалғастыр!»   ойыны

Ал енді біз сынып суретшілеріне кезек берсек,

Бұл ойын «ойымды жалғастыр» деп аталады.

Шарты: бір оқушы шығып ойынды бастап береді де, қалғандары жалғастырады. Бірінші шыққан оқушының ойын анықтау.

Жүргізуші: Күзде табиғат көрінісі жиі өзгереді, аспанды бұлт торлап, ағаш жапырақтары жерге түседі, жаңбыр жауады.құстар жылы жаққа қайтады, астықты жинаймыз, жеміс-жидек, көкөністер піседі. Дала сары түске боялады, сондықтан «Алтын күз» деп аталады.

                                     «көрініс»  

                     Жыл мезгілдер айтысы «көрініс                                                                                                                                   

Жүргізуші: балалар, сол сәтте күн шекені жайлап қыздырып тұрған. Ауыл маңындағы алты қанатты ақ үйлер қызылды-жасылды киінген адамдарға лыа толы. Себебі бүгін жыл мезгілдерінің айтысы.

 

              «осы кезде жыл мезгілдерінің киімін киген балалар ортаға шығады.

Дамир қыс: «ақ киімді, ақ сақалды, түрі суықтау бір қария орнынан бір қозғалып қойып» Адам баласына мен пайдалымын. Өйткені, қыста ауа тазарады, балалар шаңғы-шана теуіп, адамдар денелерін шынықтырады.

             Сәтке қарап тұрмайсың,

             Көңілді қыс қандай!

             Шаңғымен зырлайсың,

             Қанат бітіп ұшқандай.

Ақнұр Көктем: «сол кезде көктем шапанының өңірін қаусырып, бір тізерлеп ортаға таман жылжи түсіп, домбырасын қолына ұстап» Мен-табиғаттыңда, адамдардыңда той-думанымын. Көктемде табиғат көркейіп, күн жадырап, мал төлдеп, өріске шығады.сондықтан, мен адам баласына пайдалымын.

             Күн күлді, жылынды,

             Таулар жуынды.

             Ағаштар түледі,

             Көкте күн күледі.

             Барлық жан егісте,

             Жер кепті алақай,

             Ал кеттік, балақай!

       Гүлнұр  Жаз: «жаз күлімсіреп, төңірегіндегі гүлдерді бір иіскеп қойып» Көктем бауырым нанбасаң балалардан сұра. Жазда сабақ бітеді, күн жылынады. Балаар салқын сумен шомылып, рахаттанып демалады. Сондықтан адам баласына мен пайдалымын.

             Жазды ыстық сүйемін,

             Сайрандап жүремін.

             Суына шомылам,

             Күніне күйемін.

Дамир Қыс: Күз інішегім, сенде айтарыныңды айтып қал!

Бердібек Күз: (күз өңіріне жабысқан сап-сары жапырқтарды саусағымен біреуін шертіп түсіріп сары кірпіктерін бір қағып тастап) Балапанды күзде сана демей ме, Қыс аға! Сіздер таласпаңыздар, адам баласына мен пайдалымын. Мені адам баласы-«Алтын күз» дейді. Күзде мал семіреді, қырман дәнге толады, жеміс-жидек піседі.

             Берекесін сыйлауға,

             Өлкемізге күз келді.

             Жемістерін жинауға,

             Шақырады біздерді.

Жүргізуші: Адам баласына жылдың төрт мезгілі де пайдалы, бұл табиғи құбылыс, егер жыл бойы қыс немесе күз, көктем, жаз болса, табиғатта тіршілік болмаған болар еді. Қыссыз көктем, көктемсіз жаз, жазсыз күз болмайды.

 

Жүргізуші: Балалар, енді кезекті ойындар мен жұмбақтарға берейік.

                                  “Күз белгісі неде?” (Ойын)

                     

                  Күзде жапырақтар ...(сарғаяды)

                  Күзде күн ...(суып, жаңбыр жауады)

                  Күзде құстар...(жылы жаққа ұшады)

                  Күзде түн...(ұзарады) Күн ...(қысқарады)

                  Күзде мақта ...(теріледі)

                  Күзде мал...(семіреді)

                  Күзе жеміс-жидек...(піседі)

                  Күзде жазғы демалыс бітіп...(оқу басталады)

 

                                Оқушылар шығармашылығы

           (дайын анимацияны көрсету)

Жемістер: Алма, алмұрт, өрік, алша т.б.

Көкөніс: Қияр, сәбіз, қызылша, пияз т.б.

 

Ұйқасын тап:

             Көз алмай күнге алыс,

             Қарайды... (күнбағыс)

 

             Уылжыған албырт,

             Дәмі ғажап... (алмұрт)

 

            Бақта өскен сәні бар,

            Гүлі майда көрікті.

            Жемісі бар дәмі бал,

            Жақсы көрем...(өрікті)

 

            Көкте жарқылдап найзадай,

            Оты шашты шатынап... (найзағай)

 

             Өңеші кең таңдайын,

             Дәнге тосты...(комбайын)

                                                 

 

                                       Жұмбақтар:

           Тереземе ақ моншақ ұрып жатыр,

           Тиген бетте түк қалмай сынып жатыр. (Жаңбыр)

 Ешкімде жемейді,

Тәтті екен демейді.

Сарғайып піседі,

Үзіліп түседі.(Жапырақ)

                                                        Көктемде келіп, күзде кетеді,

                                                        Жаздай бауда әндетеді.(Жыл құстары)

Аспанға ұшар бу болып,

Жерге қайтар су болып. (бұлт )

                                                        Қуып едім,

                                                        Мойының бұрмады.

                                                        Ұстайын деп ем,

                                                        Қолға тұрмады. (Жел)

Аспанда бір нәрсе бар жымыңдайды,

Тау басына жүгіріп қылмыңдайды.

Жанына жан иесі жақын келсе,

Бақырып бас салуға тайынбайды. (Найзағай)

 

Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Тапқыр білімді екендеріңді көрсеттіңдер. Ал енді мақал-мәтел құрастырайық. Барлығың дайынсыңдар  ма?

       

 

Балалар: Дайынбыз!

Диханшы жерін мақтайды,

Балықшы... (көлін мақтайды)

 

Арпа бидай ас екен,

Алтын күміс...(тас екен)

 

Нөсер алдында...(найзағай ойнайды)

 

Күркіреген бұлттың... (жауыны аз)

 

Күздің беталысы...(көктемде белгілі).

 

                       «Білгенге маржан» айдары

 (Оқушылар Витаминдер олардың құрамы мен маңызы туралы айту)

Витаминдер (vita-өмір, amin-қажетті) – бұл организмнің тіршілігіне қажетті заттар. Витаминдер организмге қоректік заттармен бірге жеткізіледі.  Олар организмде өтетін барлық процестерге қатысады: организмнің қалыпты жағдайын қамтамасыз етеді, өсіп дамуы, қоршаған орта факторларының ықпалына тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

   Кейбір организмнің тіршілігіне қажетті витаминдердің түрлерін қарастырайық.

      А витамині – өсу витамині деп аталады, ол көзге пайдалы, теріге де әсері бар. Ол жетіспеген жағдайда адамның көру қабілеті нашарлайды, адам жұқпалы ауруларға жиі ұшырайды. А витамині сүт тағамдарында, жұмыртқа, бауыр, сәбіз, бұрыш, итмұрын, шие, асқабақ, сары өрік, жасыл жапырақты көкөністер болады.

    С витамині (аскорбин қышқылы) – организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді, жарақакттардың, күйгеннің жазылуын жеделдетеді. С витамині жас жемістер, көкөністер, аскөк (укроп), әшкөк, цитрустардың құрамында болады. Әсіресе итмұрын, ұшқат, лимон, қара бүлдірген, аскөк, көк пияз С витаминіне өте бай.

  В витамині. Витамин жүйке жүйесінің қызметін реттеуге қатысады, тері, шаш, тырнақтың сау болуына, адамның есте сақтау қабілетіне де әсер етеді. Организмге В витамині жетіспеген жағдайда қозғалу қызметі нашарлайды, бұлшық еттердің сіреспесі байқалады, жүйке жүйесінің аурулары қозады, қан аздық байқалады. В тобындағы витаминдер бауыр, қара құмық (гречка) және сұлы жармалары, ұрпақ ұн, кебек, балық, жұмыртқа, ірімшік, теңіз өнімдерінің құрамында көп болады.

  Д витамині сүйектердің дамуына және қанқаның қалыптасуы үшін қажет. Екі жасқа дейінгі балалар Д витамині жетіспеген жағдайда «рахит» ауруына шалдығады. Бұл ауру кезінде тірек-қимыл аппаратының дамуы бұзылады және ортаңғы жүйке жүйесі зақымданады. Д витамині адамның терісіне күн сәулесінің немесе жасанды ультракүлкін сәулелері әсерінен түзіледі. Ол балық майында және сүт өнімдерінде көп болады.

  Е витамині – организмде оттегін тасымалдауға қатысады, улы заттарды залалсыздандырады,көбею процесіне қатысады. Ол өсімдік майы, соя, қара құмық (гречка) жармасы, жұмыртқа, жаңғақтың құрамында кездеседі.

                  Тағамдық талшықтар – тағамның негізгі бөліктерінің бірі болып табылады, олар асқазан мен ішекте қоректік заттардың қозғалысын белсендіру үшін қажет. Олар улы заттарды байланыстырып сыртқа шығаруға қатысады. Тағамдық талшықтар тек  өсімдік тағамдарында ғана болады.

          Жүргізуші:       Алқаптан бидайды,

                                     Қоймаға ел жинайды.

                                     Тырнасы тізілген,

                                     Ұнатам күзді мен – деп Жеңіс Қашқынов ағаларың жырлағандай бәріміз де күзді ұнатамыз. Олай болса, балар осы жыл маусымның көз тоймас қызықтарын, әсемдігін көріп қана қоймай, тамаша көріністеріне қамқорлықпен қарап күз мезгілінің өзіндік ерекшелігін сүйе біліңдер.

 

Атамекен әнін орындайтындар Жігіттер квартеті. Қабыл алыңыздар!

 

Құрметті Ұстаздар мен тәрбиешілер және оқушылар!

Осымен бүгін 6 б сынып оқушылары дайындаған «Береке басы – алтын күз» атты тәрбие сағатын аяқтаймыз!

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Қош сау болыңыздар!


 

Бүгінгі 6 б сынып оқушылары дайындаған “Береке басы – алтын күз” атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Бүгінгі 6 б сынып оқушылары дайындаған “Береке басы – алтын күз” атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Туған табиғаттың тамаша бір көрінісі күз мезгілі

Жүргізуші: Туған табиғаттың тамаша бір көрінісі күз мезгілі

Таза жаздай жайнаған

Таза жаздай жайнаған

Дамир Қыс: Күз інішегім, сенде айтарыныңды айтып қал!

Дамир Қыс: Күз інішегім, сенде айтарыныңды айтып қал!

Жұмбақтар: Тереземе ақ моншақ ұрып жатыр,

Жұмбақтар: Тереземе ақ моншақ ұрып жатыр,

С витамині (аскорбин қышқылы) – организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді, жарақакттардың, күйгеннің жазылуын жеделдетеді

С витамині (аскорбин қышқылы) – организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді, жарақакттардың, күйгеннің жазылуын жеделдетеді
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.01.2017