Библиографиялық шолу
Оценка 4.6

Библиографиялық шолу

Оценка 4.6
Библиография
docx
библиотека
9 кл
09.01.2018
Библиографиялық шолу
Кітапханаға оқушылардың қызығушылығын арттыру. 9 сынып оқушыларына арнап дөңгелек үстел тақырыптарын өткізіп, адамгершілік пен достыққа арнап жол ашу. Мектегі үлкен жіне кіші сынып оқушыларына осы үйренгендерін айтып біліп, көрсету. Өмір қауіпсіздігі және кітапханадағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, кітапты күтіп ұстап үйрену.Библиография
Библиографиялық шолу.docx
Азамат. Қаламгер. Қаһарман. Библиографиялық шолу (9­11 сынып) Мақсаты: Оқушыларды халқымыздың каһарман ұлы Б.Момышұлының өмірі  мен шығармашылығымен таныстыру, ерлікке, елжандылыққа тәрбиелеу.    Батыр шықты қазақ деген қауымнан, Қорықпайтын боран менен дауылдан. Францияда туылса, болар еді Бонапарт, Қазақстанда туылып, Болып қалған Бауыржан!      2010 жыл 9 май Ұлы Жеңіске 65 жыл.  Ұлы Отан Соғысына Қазақстаннан 1­   миллион   700   мыңнан   астам   жауынгер   қатысты.   Әңгіме   арқауы   Халық батыры, жауынгер жазушы Бауыржан Момышұлы туралы болмақ.        Б. Момышұлы (1910­1982) 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы аудан, Көлбастау ауылында туған.   Кеңес Одағының Батыры. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1976).       Шымкенттегі   жеті   жылдық   интернатты   бітірген   (1928)   соң,   бастауыш мектеп   мұғалімі,   ауатком   хатшысы,   милиция   бастығы   болды.   1932   жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Қызметін өтеп қайтқан соң, Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істейді. 1936 жылы Ленинград финанс академиясы   жанындағы   курсты   бітіріп,   Қызыл   Армия   қатарына   қайта алынады, взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі, ал 1941 жылы   Қазақ   әскери   комиссариатының     нұсқаушысы.   Ұлы   Отан   соғысы бастылысымен   316   атқыштар   (кейіннен   8­гвардия)   дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады. Мәскеу   түбіндегі   ұрыстарға   қатысты.   Панфилов   атындағы   8­гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болды, соғыстың соңғы жылдары (1944­ 1945) осы дивизияны басқарады.       Ұлы   Отан   соғысы   кезінде   ұрыс   жүргізудегі   әскери   шеберлігімен,   тапырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен көзге түсті, қаһармандық даңқы   аңызға   айналды.   1952   жылы   Кеңес   Армиясының   бас   Штабының жанындағы   Жоғары   әскери   академияны   бітірді.   1956   жылға   дейін   әскери академияда сабақ берді. Кейін полковник атағымен отставкаға шықты.          Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, 1­ дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл   жұлдыз,   медальдармен марапатталған.  1982 жылы дүниеден өтті.        1990 жылы Батыр атамыздың ұлы Бақытжанға   Н.Ә. Назарбаев «Алтын жұлдыз» тапсырды. Шығармашылығына тоқталсақ:   «Құрмет   Белгісі»   ордендерімен, Б.   Момышұлы   қазақ   әдебиетіндегі   поэзия,   проза,   драматургия   жанрларын әскери тақырыппен толықтырды. Б. Момышұлының шығармаларында адам әлемін, ондағы адалдық пен  әділеттік секілді биік қасиет өлшемдері әр қырынан танылып, маңыз ­ мәні  арта түседі. Шығармалары: «Наша семья» 1974, «Офицердің күнделігі»1952,  «Москва үшін шайқас» 1959 т.б қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген.  1. Момышұлы, Б Ұшқан ұя. 1­том.­ Алматы.: Өнер, 2008.­ 248 бет. («Наша семья» деген атпен алғаш орыс тілінде жазылған) – автордың өмір кезеңдерін, балалық шағынан сыр шертер,  ата­бабалары мен бауыр – туыстың қарым   –   қатынастырын,   адами   байланыстарын,   Отанға,   ел   жерге   деген көзқарастарын,   уақыт   тынысымен   байланыста   көрсетеді.   Сондай­ақ,   бұл шығарма  қазақтың «қонақ күту кәдесі», «қыз ұзату», «көкпар тарту» т.б салт дәстүрлерін тілге тиек етеді.  Үзінді оқу. 2. Момышұлы, Б  Москва үшін шайқас. 3­том.­ Алматы.: Өнер, 2008.­368  бет.         Ұлы Отан соғысының сұрапыл сәттерін, неміс ­ фашист басқыншыларының үстем   де   өктем,   опасыздық   әрекет   қимылдарын,   қиын   қыстау   кезеңдегі майдандас   жауынгерлердің   елдік   пен   ерлікке   толы   тағдырын   көркемдеген. Бұл кітап ел мен жер, Отан қорғаудың рухани шежіресі.  Үзінді оқу.  3. Момышұлы Б Қанмен жазылған кітап Алматы Қазақстан 1991 .­400 бет.       Кітап авторы әңгіме –дәрістің мақсат мұратын, жұмыс жоспарын жүйелі баяндап,   Отан   қорғаудың   маңыз   –   мәнін,   елдік­ерліктің   сыр­сипатын, соғыстың теориялық, практикалық жай­жапсарын кең көлемде әңгімелейді. Алты   күн   бойы   орыс   тілінде   оқыған   лекцияның   стенограммасы   батыр қолбасшының   архивінде   жарты   ғасыр   сақталып   келді.   1991   жылы   жарық көреді   және   бұл   шығармадан     соғыс   жылдарында   Б.   Момышұлының     Қ. Сәтбаевқа,   А.   Бекке,   М.   Әуезовке,   академик   А.М.   Панкратоваға   жазған хаттарымен таныса аласыңдар. Үзінді оқу. Ақындығы туралы. Б. Момышұлына мектептегі ұстазы  Тәңірберген Отарбаев «... сенен ақындық иісі шығады» деген екен. Ақындық өнер, ол тумыстан бастау алады. Ал дарын –   талант   еңбек   арқылы   кең   өріс   алса,   бұл   да   Б.   Момышұлы шығармашылығынан тыс емес. «Ана тілін ардақта», «Арман жер», «Достыма», «Толғау», «Солдат әні» сынды әр алуан тақырыптағы өлең мұралары арқылы айқын көз жеткіземіз. «Осылай болғым келеді» өлеңін оқу. Б. Момышұлына арнап жазылған ақындар шығармашылығына тоқталу Ғали Орманов, Әбділда Тәжібаев, Қасым Аманжолов, Мұқағали Мақатаев. Б. Момышұлы туралы жазған жазушылардың еңбектері: 1. Қалдыбаев, М Ұмытылмас кездесулер.­ Алматы.: Қазақстан,1989.­176  бет. 2. Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер. Құраст. Мырзахметұлы М  2­бас. – Алматы.: Білім, 2007.­208 бет. 3. Каһарман Бауыржан Момышұлы. Фотоальбом.­ Алматы.: Өнер, 2008.­ 191 бет 4. Нұршайықов Ә Ақиқат пен аңыз: Роман­диалог.­Алматы.: Жазушы,  2009.­464 бет.  Қазақтың   каһарман   ұлы   Б.   Момышұлының   ерлік   пен   өрліктен   өрілген өмірінен сыр шертілген. Батырдың балалық шағынан бастап майдан шебінде тар жол тайғақ кешкен, қиян­кескі ұрыс даласындағы жау шебінің ұрымтал тұсын   дәл   тапқан   тапқырлығын   жазушы   батырдың   баяндауымен   сырласа отырып жазып алған. Диалог әңгіменің ұзын­ырғасы он бір тараудан  тұрады.  Үзінді оқу.      Б. Момышұлының қай суретіне қарасаң да, оның көз жанарының оттай өткір, бет әлпеті сұсты, маңдайы кең, қайратты екенін байқайсың. Әр бір уақытын есептеп жүреді. Жас кезінде кітапты көп оқыған, үлкендерді сыйлаған, білімділердің сөзін құлақ қойып тыңдаған. Өз ұлты мен оның тілін, дәстүрін жанындай сүйген. Әрқашанда Отан үшін жанын қиюға дайын тұрған. Игерген өнерлері көп. Құралайды көзге атқан мерген. Турникке тартылу және басқа спорт түрлерінен де озық жетістіктерге жеткен. Ат  құлағында   ойнайтын   шабандоздығымен   және  атбегілігімен  аты   шыққан. Мәскеу түбіндегі шайқастағы атақты ақбоз аты туралы аңыз әңгім көп. Әсіресе, қарамағындағы жауынгерлерді  соғысқа тәрбиелеуде өте озық нәтиже көрсеткен.   Нағыз   каһармандарды   тәрбиелеген   және   жауынгерлерінің «Батька», «Ақсақал» дегендей қошеметіне ие болған. кітабы әлемге тараған жазушы, ақын. Шығармаларын орыс және қазақ тілінде жазған. Көпшілікке белгісіздеу өнері – суретшілігі. Бильярд ойынының шебері.  Сөзге шешен және тапқыр.  Бүгін сіздермен аты аңызға, сөздері  нақылға айналған Б. Момышұлының өмір жолдарымен,   ел   үшін   жасаған   ерлігімен,   шығармашылығымен,   қанатты сөздерімен таныстық. Есімімен  көшелер, ескерткіштер қойылып, мұражайлар ашылды. Біз де осы батыр атамыз секілді Отанымызды сүйіп, елжанды азамат болып өсейік.

Библиографиялық шолу

Библиографиялық шолу

Библиографиялық шолу

Библиографиялық шолу

Библиографиялық шолу

Библиографиялық шолу

Библиографиялық шолу

Библиографиялық шолу
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.01.2018