Библиотечный план
Оценка 4.8

Библиотечный план

Оценка 4.8
Библиография
docx
библиотека
9 кл
09.01.2018
Библиотечный план
Кітапханалыө жоспарда мектеп сабақтарынан тыс оқушыларға 5-8 сынып аралығыныда еңбексүйгіштікке үйрету.Сабақ жоспары Кітап – арабша жазба, түрікше дәптер. Кітаптың қалыптасып, даму тарихы жазу өнерінің шығуымен және қажетті материалдардың табылуымен тығыз байланысты. Кітапты ежелгі заманда Мысырда, Шығыс елдерінде көрсетіп тамашаған дұрыс депБиблиотечный план
кітапханалық сабақтар.docx
Кітап ­ рухани қазына Интеллектуалды ойын Мақсаты: оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, өз ойын  еркін жеткізе білуге, білімділікке баулу. Сабақтың әдіс – тәсілі: қайталау,  жарыс сабақ І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен амандасу б) оқушыларды түгендеу ІІ. Негізгі бөлім:        Кітап – рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі,  оқу тәрбие құралы. Алғашқы кітап жазу құпиясын (кімдер білген?) тек  дінбасылар мен монахтар ғана білген.  Алғашқы кітап неден жасалынған (ағаштан). Біз кітаптың құрылымымен таныстық. 1. Суперқап, мұқаба ол не үшін қажет (кітапты қорғау үшін т.б) 2. Титулдық бет арқылы нені білуге болады (кітаптың мекен жайы  жазылған) 3. Алғы сөз нені білдіреді? 4. Кітаптың мазмұны дегеніміз не? 5. Кітапханада оқырман туралы мәліметті, оның қандай кітап алғанын  қайдан білеміз? 6. Абонемент, оқу залы дегенді қалай түсінесің? 7. Кітапхананың қай бөлімінде кітап үйге беріледі?  8. Кітапхананың неше түрі болады? 9. Кітап сөзі қайдан шыққан, қандай мағына береді? (араб сөзі, ал тұрікшк  дәптер, мерзімді басылым дегенді білдіреді) 10.Кітап, білім туралы мақал­мәтел білесің бе?  1. Білікті бірді жығар, Білімді мыңды жығар. 2. Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді. 3. Білім іздеген ­ өсер, Бүлік іздеген – өшер. 4. Өнер – ағып жатқан бұлақ, Ғылым – жанып тұрған шырақ. Жұмбақ шешу: Қабат – қабат қатталған, Асыл сөзбен апталған. Парағы бар сөйлейтін, Ол қазына өлмейтін.     Жаны жоқ болса да, Ақылы адам ісін істейді Бір нәрсе білмегенді білгізеді, Өзің тұрсаң қарап күлгізеді, Жалғанда әңгімесі сондай қызық Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді. Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық, Ашылар мезгілінде баурын жазып.  Ішінде толып жатқан қазынасы бар, Қорек қып пайдаланар тамам халық. Қабат ­ қабат қаптама, Ақылың болса аттама.  Бетін адам ашады, Білім нұрын шашады. Сөзі дана, үні жоқ, Сөйлемейді тілі жоқ. Қолыңа алсаң – шешен, Ақылы сақан көсем   Сұрақ­жауап 1. Еліміздегі Тіл мерекесі күнін қашан тойлаймыз? 2. Қазақстан Республикасының туының авторы кім? 3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері? 4. Қағазды ойлап тапқан ел? 5. Шығармадағы адамдардың көркем бейнесі қалай аталады  6. 7. Балаларға арналған қандай газет ­  журналдарды білесіңдер 8. Оқушының алғашқы кітабы 9. Балалар ақын жазушыларынан кімдерді білесің?  10.Адамдардың бір бірімен түсінісу құралы?  «Менің атым Қожа» кітабының авторы кім? ІІІ Сабақты бекіту:  «Білім – біздің шамшырағымыз, кітап – біздің ұстазымыз» деген сөзді қалай  түсінесіңдер? Кітап – ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап – бар білімнің, бар  ғаламның бастауы. Кітап – барлық замандада білім қазынасының ғажайып  қоймасы. Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы:  Кітапты қалай оқу керек Мақсаты: оқушыларды кітап оқу өнеріне баулу Сабақтың әдіс – тәсілі: Кітапты мәнерлеп оқу І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен амандасу б) оқушыларды түгендеу ІІ. Негізгі бөлім:       Кітап – рухани қазына, байлық өмір айнасы, тарих шежіресі, оқу – тәрбие  құралы.       Кітаппен достассаң көп білесің. Бірде ұялтса, бірде мақтайды, бірде әлем  сырын алдыңа жайып салады.      Кітап адамның ішкі дүниесіне, ой­өрісіне ықпал жасап, мұқтажын  қанағаттандыратын рухани азығы болып қала бермек. оқу анықта у Оқудың міндеттері меңге ру ойла у Жазы п алу бағала у ­ Кітапты оқығанда тыныштықты сақтау; ­ Кітап оқығандағы қалып; ­ Жарықтың дұрыс түсуі; ­ Оқыған мақаланың, әңгіменің, тақпақтың мазмұнын ұғу   және айта білу; ­ Дұрыс сұрақ қою; ­ Байыппен оқу, қайталап оқу; Оқыған кітабыңды сыныптастарыңмен, достарыңмен талқыла. ІІІ Сабақты бекіту: Үйде кітапты дауыстап оқисың ба? Оқыған кітаптарың ойларыңа қандай өзгерістер әкеледі? Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы:   Балалар газет – журналдарына шолу. Мақсаты: оқушыларды баспасөз басылымдарының шығу тарихымен, басылым түрлерімен, журнал, газет құрылымымен таныстыру.  Сабақтың әдіс – тәсілі: әңгіме, сұрақ – жауап.  І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен амандасу б) оқушыларды түгендеу ІІ. Негізгі бөлім:  Әлемдегі  жаңалықтар қызықтырмайтын адам жоқ шығар. Біреулерді саясат, ал біреулерді ғылым мен техника, біреулерге өнер саласындағы жаңалықтар, кейбіреуіне адам өмірі мен табиғат тылысымы қызықты.   Осының барлығын балалар сіздер баспасөз беттерінен, яғни  газет – журналдардан табасыздар.   Газет пен журналдың айырмашылығы газет үлкен бетке, мұқабасыз, газеттік қағазға   шығады.   Газеттің   тағы   бір   ерекшелігі   әлемде   болып   жатқан жаңалықтарды оқырмға тез жеткізу. Ең маңызды жаңалықтар бірінші бетінде жарияланады.    Ал, журналдың негізгі мақсаты жаңалықтарды тез жеткізу емес, мақаланың маңыздылығы. Журналдың іші рубрикаларға бөлінеді. Рубрикалар нөмірден нөмірге   бір   тақырыпта   немесе   бір   мәселеге   байланысты   материалдар жарияланып тұрады.     Журнал ­  газет мерзімді басылымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының бір түрі. Журанл – газетті мекемлер, қоғамдық және шығармашылық ұйымдар, ғылыми қоғамдар, академиялар, университеттер, жеке меншік иелері шығара алады.      Журнал – газеттер мазмұны жағынан қоғамдық­ саяси, әдеби – көркем, спорттық,   сатириалық,әылыми­көпшілік,   ғылыми   ақпараттық,   өндірістік техникалық т.б. болып, оқырмандарға қарай бұқаралық және оқырмандардың белгілі   бір   категориясына   (балаларға,   жасөспірімдерге)   аранлған   болып бөлінеді.    Дүние жүзіндегі тұңғыш журнал Францияда 1665 ж 5 қаңтарда «Журнал де Саван» деген атпен жарық көрді. Орыс тіліндегі тұңғыш журнал «Месячные исторические, генеологические и географические примечание в Ведомостях» (1708 ­ 42). Қазақ тіліндегі алғашқы журнал «Айқап» 1911­15 жылдары аралығында оның 88 саны жарық көрді.         Газеттердің   арғы   тегі   ежелгі   Шығыс   қалаларныда   көпшілік   орындарға ілінетін хан жарлықтары, сарай ақпарлары, жарнамалық мағлұматтан бастау алады. 16 ғ­да  Венецияда «жаңалық жазушылар орталығы» құрылған.  Олар арнаулы ақпараттарын     «газет»   деп   аталатын   тиынға   сатып,   қор   жинаған.   1631   ж. француз М. Ренодо «La qassetet» мерзімді басылымын  шығаруға байланысты «газет» термині осы заманғы мағынасында кең қолданыла бастады.     Қазақ тіліндегі тұңғыш басылым «Түркістан улғаятының газеті». Газет  шығу мерзіміне орай күнделікті, апталық, сондай­ақ аймақтық принцип бойынша орталық (республикалық), облыстық,   қалалық, аудандық газеттерге сараланады. Біздің  елімізде балаларға арналған журналдар мен газеттер бар.  Оның көбін кітапханалар алып көп жылдар бойы сақтайды. Журналдар аттарымен ғана ерекшеленбейді,   әдеби­көркем   журнал   бұнда   әңгімелер   мен   тақпақтар, повестер,   аттары   елге   танымал   және   әлі   ешкімге   аса   танымал   емес   ақын­ жазушылар     шығармалары   жарияланады.   Танымдық   және   ғылыми   және арнаулы журналдар бар. Ал балалар енді біз мектеп кітапханасында бар журналдардың беттеріне сапар шегеміз.       «Балдырған» ­ бүлдіршіндер мен сәбилерге арналған журнал. 1958 жылдың шілдесінен ай сайын қазақ тілінде шығады.  Журнал өз оқырмандарын балалар жазушыларымен, суретшілерімен және олардың жұмыстарымен таныстырады. Балдырған бетінен жас ақындардың  өлеңдерімен, ертегілерімен, мерекелерге арналған   тақпақтарымен,   балалар   шығармашылығынан   сурет   көрмесі рубрикасымен танысасыздар.      «Айгөлек» ­ республикалық балалар журналы 2000 жылдың қазан айынан шығады.          «Балбұлақ» ай сайын шығатын республикалық балалар журналы 2001 жылдан  шыға бастады.           «Мөлдір   бұлақ»   ­   жас   зиялыларға   арналған   танымдық   журнал,   2002 жылдың ақпан айынан ай сайын шығады.       «Алақай, балақай» балаларға арналған республикалық танымдық журнал 2005 жылдан бастап ай сайын шығады.       «Ұлан» газеті балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық газет 1930 жылдың 14 наурызынан, аптасына бір рет шығады. ІІІ Сабақты бекіту: Қандай газет журанлдарға жазылдыңыздар, ол сендерге  несімен ұнайды. Сабақ жоспары    Сабақтың тақырыбы:  Кітап және кітапхана Мақсаты: Кітап және кітапханалық терминдермен, кітапхана ережесімен  таныстыру. Формуляр, кітап формуляры, оқу залы, абонемент сөздеріне  түсінік беру. Сабақтың әдіс – тәсілі: Әңгіме Көрнекіліктер: оқырман  формуляры, кітап формуляры және кітаптар. І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен амандасу б) оқушыларды түгендеу ІІ. Негізгі бөлім:  Библиотека – «библио» кітап, «тека» сақтау бұл  кітаптарды сақтайтын орын.  Кітапхана баспа туындыларымен басқа да құжаттарды  қоғамдық  пайдалануды ұйымдастыратын мәдени – ағарту және ақпарат мекемесі. Кітапхана оқырманы – белгіленген құжатта ресми жазба негізінде кітапхананы пайдаланатын орын. Абонемент – кітапхана қызметін пайдаланатын оқырман немесе мекеме .  Белгілі бір мерзімге кітапханадан тыс пайдалану үшін баспа туындылары мен  басқа да құжаттарды беруді көздейтін  оқырмандарға жеке ұжымдық қызмет  көрсету нысанасы. Оқу залы – өз негізінде баспа және басқа да құжаттар қызметін көрсетуге  арналған арнаулы жарақталған бөлме. Оқырман формуляры – берілген және қайтарылған баспа туындылары мен  басқа да құжаттар туралы мәліметтерді қамтып, әдебиет беру мен оқуды  талдаудың, есеп құжатының қызметін атқарады. Кітап формуляры – кітап туралы негізгі мәліметтер( авторы, кітаптың  тақырыбы, бағасы, шифрі, инвентарлық нөмірі) жазылған арнаулы карточка. Оны берілген кітаптарды тіркеу және оның кітапханаға дер кезінде  қайтарылуын бақылау үшін қолданылады.  Кітап қалташасы – әр кітаптың формулярын салып қою үшін мұқабасының  ішкі бетіне жапсырылып жасалады. Кітап қалташасына баспа шығармасының  инвентарлық нөмірі жазылады. Кітап қалташасы сонымен қатар  кітаптың  қайтару мерзімі листогі қызметін де атқарады. ІІІ Сабақты бекіту:  1. Кітап туралы мақал – мәтел , нақыл сөздер білесіңдер ме? 2. Ережені қайталайық. Оқырман кітапханада өзін қалай ұстау керек. Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы:  Папирустан дискетке дейін.  Мақсаты:  Кітап, баспа, жазу тарихының шығуымен таныстыру  Сабақтың әдіс – тәсілі:  Слайд Көрнекіліктер:  интербелсенді тақта І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен амандасу б) оқушыларды түгендеу ІІ. Негізгі бөлім:   Кітап – арабша жазба, түрікше дәптер. Кітаптың қалыптасып, даму тарихы жазу   өнерінің   шығуымен   және   қажетті   материалдардың   табылуымен   тығыз байланысты. Кітапты ежелгі заманда Мысырда, Шығыс елдерінде, Грецияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазумен жазатын болған. Б.ғ.б. 25­ға   да     ежелгі   Мысырға   қыш   текшелердің   орнына   қамыс   (папирус) қолданыла   бастады.   Қамысқа   жазылған   кітаптар   оқтауша   түрінде шиыршықталып   оралған.   Б.з.б.   7­ғ­да   қамысқа   кітап   жазу   ісі   Греция   мен Римде   кең   өріс   алды.   Антикалық   мәдениет   пен   әлемге   әйгілі   ғылым өкілдерінің   туындылары   қолжазба   кітап   ретінде     көптеп   тарады.   Осыған байланысты кітап көшіріп жазуға  машықтанған көшірушілер мен қолжазбашы көркемдеуші суретшілер шығады. Қамыстан жасалған оқтауша   кітап онша төзімді   болмады.   Б.з.б.   2­ғ­да   қамыстың   орнына   тері   жарғақ     (пергамент) қолданыла бастады. Жарғақ кітапта әуелгі кезде орама оқтауша кітап түрінде жасалды, кейін б.з.б. 1­ғ­дан бастап түптелген парақта бүктеме кітап (кодекс) дүниеге   келді.   Көне   Рим   мәдениеті   мен   ғылымның   аса   ірі   өкілдерінің туындылары   жарғақ   Кітаптарға   жазылып   таралды.   Алайда   көне   замадағы көптеген   Кітаптардың   түп   нұсқасы   жойылып,   өшіп   кеткен.   5   ғасырда император Федосий тұсында Потоломей әулеті жинаған Александриядағы 100 мың томдық аса  ірі кітапхана түгелдей өртеліп жіберілді. Шығыстағы әйгілі авторлардың   Хорезм   жазуымен   жазылған   тамаша   мұраларын   араб басқыншылары жойып жіберген.  Отырар, Самарқан, Мерв (Мары).           105 ж. қарапайым Қытай шебері Цай Лунь қағазда ойлап тапты. Ескі шүберектен жасалған Самарқанның сарғыш қағазы әлемге әйгілі болды. 13 ғас­да қағаз жасау өнері Шығыстан батысқа тарай бастады. Тексті мазмұны жағынан   ерекшелеудің   әр   алуан   тәсілдері   табылып,   түрліше   әріптер,   бас тақырыптар (рубрикалар) қолданыла бастады. Кітап мұқабалары алтын, күміс металмен өрнектелінді.  Баспа, Кітап өнерінің тууы кітаптың дамуына кең жол ашты. Алғашқы баспа (кислография) қалыбы 11 ға­да пайда болды. 1045 ж. чин өнерпазы Би Шин құймалы әріпті (литер) жасап шығарды.         Европада кітап баспа қалыбын 15 ғ. Ортасында неміс өнерпазы Иоганн Гутенберг ойлап тапты. Ол баспа өнерінде жылжымалы құйма өаріпті тұңғыш қолданды.  Русьте тұңғыш баспа кітап – «Апостоль» 1564 ж. Москвада Иван Феодоров пен   Петр   Мстиславец   басып   шығарды.   Дін   иелері   Феодоров   баспаханасын қиратып   өзін   қуғынға   ұшыратқаннан   кейін   Россияда   кітап   бастыру   ісі   бір ғасырға кенжелеп қалды. Тек, Петр І реформасынан кейін ғана кітап шығару ісі шын мәнінде жолға қойылды.      Қазақ кітаптарының шығуы Қазақстанның Россияға қосылуына байланысты. Бұған   дейін   қазақ   халқының   кітаптары   көбінесе   араб   әріпімен   жазылған, қолжазба түрінде тарады.  «Оғызнама» 9 ғ., «Құтты білі» 11ғ., Махмұд Қашкаридің «Диуаны лұғат ал­ түрік» 11ғ., Ахмед Яссауидің «Диуани Хикмет» 12ғ.. 1800 ж патша үкіметі Россия халықтарының тілдерінде, оның ішінде қазақ (қырғыз) тілінде кітап шығаруға рұқсат етілді. Осыған орай  Қазан, Уфа, Орынбор, Ташкент, Семей, Омбы қалаларында қазақша баспа кітаптарышыға бастады.  ІІІ Сабақты бекіту:  1. Бұрынғы заманда қағаз болған ба? 2. Қағазды кім ойлап тапқан? 3. Кітап басуды кім ойлап тапқан

Библиотечный план

Библиотечный план

Библиотечный план

Библиотечный план

Библиотечный план

Библиотечный план

Библиотечный план

Библиотечный план

Библиотечный план

Библиотечный план

Библиотечный план

Библиотечный план

Библиотечный план

Библиотечный план

Библиотечный план

Библиотечный план

Библиотечный план

Библиотечный план
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.01.2018