Библиотечный план
Оценка 4.8

Библиотечный план

Оценка 4.8
Библиография
docx
библиотека
7 кл
09.01.2018
Библиотечный план
Кітапханалыө жоспарда мектеп сабақтарынан тыс оқушыларға 5-8 сынып аралығыныда еңбексүйгіштікке үйрету.Сабақ жоспары Кітап – арабша жазба, түрікше дәптер. Кітаптың қалыптасып, даму тарихы жазу өнерінің шығуымен және қажетті материалдардың табылуымен тығыз байланысты. Кітапты ежелгі заманда Мысырда, Шығыс елдерінде көрсетіп тамашаған дұрыс депБиблиотечный план
Библиотека.docx
Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы:   Балалар газет – журналдарына шолу. Мақсаты: оқушыларды баспасөз басылымдарының шығу тарихымен, басылым түрлерімен, журнал, газет құрылымымен таныстыру.  Сабақтың әдіс – тәсілі: әңгіме, сұрақ – жауап.  І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен амандасу б) оқушыларды түгендеу ІІ. Негізгі бөлім:  Әлемдегі  жаңалықтар қызықтырмайтын адам жоқ шығар. Біреулерді саясат, ал біреулерді ғылым мен техника, біреулерге өнер саласындағы жаңалықтар, кейбіреуіне адам өмірі мен табиғат тылысымы қызықты.   Осының барлығын балалар сіздер баспасөз беттерінен, яғни  газет – журналдардан табасыздар.   Газет пен журналдың айырмашылығы газет үлкен бетке, мұқабасыз, газеттік қағазға   шығады.   Газеттің   тағы   бір   ерекшелігі   әлемде   болып   жатқан жаңалықтарды оқырмға тез жеткізу. Ең маңызды жаңалықтар бірінші бетінде жарияланады.    Ал, журналдың негізгі мақсаты жаңалықтарды тез жеткізу емес, мақаланың маңыздылығы. Журналдың іші рубрикаларға бөлінеді. Рубрикалар нөмірден нөмірге   бір   тақырыпта   немесе   бір   мәселеге   байланысты   материалдар жарияланып тұрады.     Журнал ­  газет мерзімді басылымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының бір түрі. Журанл – газетті мекемлер, қоғамдық және шығармашылық ұйымдар, ғылыми қоғамдар, академиялар, университеттер, жеке меншік иелері шығара алады.      Журнал – газеттер мазмұны жағынан қоғамдық­ саяси, әдеби – көркем, спорттық,   сатириалық,әылыми­көпшілік,   ғылыми   ақпараттық,   өндірістік техникалық т.б. болып, оқырмандарға қарай бұқаралық және оқырмандардың белгілі   бір   категориясына   (балаларға,   жасөспірімдерге)   аранлған   болып бөлінеді.    Дүние жүзіндегі тұңғыш журнал Францияда 1665 ж 5 қаңтарда «Журнал де Саван» деген атпен жарық көрді. Орыс тіліндегі тұңғыш журнал «Месячные исторические, генеологические и географические примечание в Ведомостях» (1708 ­ 42). Қазақ тіліндегі алғашқы журнал «Айқап» 1911­15 жылдары аралығында оның 88 саны жарық көрді. Газеттердің   арғы   тегі   ежелгі   Шығыс   қалаларныда   көпшілік   орындарға ілінетін хан жарлықтары, сарай ақпарлары, жарнамалық мағлұматтан бастау алады. 16 ғ­да  Венецияда «жаңалық жазушылар орталығы» құрылған.  Олар арнаулы ақпараттарын     «газет»   деп   аталатын   тиынға   сатып,   қор   жинаған.   1631   ж. француз М. Ренодо «La qassetet» мерзімді басылымын  шығаруға байланысты «газет» термині осы заманғы мағынасында кең қолданыла бастады.     Қазақ тіліндегі тұңғыш басылым «Түркістан улғаятының газеті». Газет  шығу мерзіміне орай күнделікті, апталық, сондай­ақ аймақтық принцип бойынша орталық (республикалық), облыстық,   қалалық, аудандық газеттерге сараланады. Біздің  елімізде балаларға арналған журналдар мен газеттер бар.  Оның көбін кітапханалар алып көп жылдар бойы сақтайды. Журналдар аттарымен ғана ерекшеленбейді,   әдеби­көркем   журнал   бұнда   әңгімелер   мен   тақпақтар, повестер,   аттары   елге   танымал   және   әлі   ешкімге   аса   танымал   емес   ақын­ жазушылар     шығармалары   жарияланады.   Танымдық   және   ғылыми   және арнаулы журналдар бар. Ал балалар енді біз мектеп кітапханасында бар журналдардың беттеріне сапар шегеміз.       «Балдырған» ­ бүлдіршіндер мен сәбилерге арналған журнал. 1958 жылдың шілдесінен ай сайын қазақ тілінде шығады.  Журнал өз оқырмандарын балалар жазушыларымен, суретшілерімен және олардың жұмыстарымен таныстырады. Балдырған бетінен жас ақындардың  өлеңдерімен, ертегілерімен, мерекелерге арналған   тақпақтарымен,   балалар   шығармашылығынан   сурет   көрмесі рубрикасымен танысасыздар.      «Айгөлек» ­ республикалық балалар журналы 2000 жылдың қазан айынан шығады.          «Балбұлақ» ай сайын шығатын республикалық балалар журналы 2001 жылдан  шыға бастады.           «Мөлдір   бұлақ»   ­   жас   зиялыларға   арналған   танымдық   журнал,   2002 жылдың ақпан айынан ай сайын шығады.       «Алақай, балақай» балаларға арналған республикалық танымдық журнал 2005 жылдан бастап ай сайын шығады.       «Ұлан» газеті балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық газет 1930 жылдың 14 наурызынан, аптасына бір рет шығады.     ІІІ Сабақты бекіту: Қандай газет журанлдарға жазылдыңыздар, ол сендерге  несімен ұнайды.

Библиотечный план

Библиотечный план

Библиотечный план

Библиотечный план
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.01.2018