Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Папирустан дискетке дейін.
Мақсаты: Кітап, баспа, жазу тарихының шығуымен таныстыру
Сабақтың әдіс – тәсілі: Слайд
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу
б) оқушыларды түгендеу
ІІ. Негізгі бөлім:
Кітап – арабша жазба, түрікше дәптер. Кітаптың қалыптасып, даму тарихы
жазу өнерінің шығуымен және қажетті материалдардың табылуымен тығыз
байланысты. Кітапты ежелгі заманда Мысырда, Шығыс елдерінде, Грецияда,
Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазумен жазатын болған. Б.ғ.б.
25ға да ежелгі Мысырға қыш текшелердің орнына қамыс (папирус)
қолданыла бастады. Қамысқа жазылған кітаптар оқтауша түрінде
шиыршықталып оралған. Б.з.б. 7ғда қамысқа кітап жазу ісі Греция мен
Римде кең өріс алды. Антикалық мәдениет пен әлемге әйгілі ғылым
өкілдерінің туындылары қолжазба кітап ретінде көптеп тарады. Осыған
байланысты кітап көшіріп жазуға машықтанған көшірушілер мен қолжазбашы
көркемдеуші суретшілер шығады. Қамыстан жасалған оқтауша кітап онша
төзімді болмады. Б.з.б. 2ғда қамыстың орнына тері жарғақ (пергамент)
қолданыла бастады. Жарғақ кітапта әуелгі кезде орама оқтауша кітап түрінде
жасалды, кейін б.з.б. 1ғдан бастап түптелген парақта бүктеме кітап (кодекс)
дүниеге келді. Көне Рим мәдениеті мен ғылымның аса ірі өкілдерінің
туындылары жарғақ Кітаптарға жазылып таралды. Алайда көне замадағы
көптеген Кітаптардың түп нұсқасы жойылып, өшіп кеткен. 5 ғасырда
император Федосий тұсында Потоломей әулеті жинаған Александриядағы 100
мың томдық аса ірі кітапхана түгелдей өртеліп жіберілді. Шығыстағы әйгілі
авторлардың Хорезм жазуымен жазылған тамаша мұраларын араб
басқыншылары жойып жіберген. Отырар, Самарқан, Мерв (Мары).
105 ж. қарапайым Қытай шебері Цай Лунь қағазда ойлап тапты. Ескі
шүберектен жасалған Самарқанның сарғыш қағазы әлемге әйгілі болды. 13
ғасда қағаз жасау өнері Шығыстан батысқа тарай бастады. Тексті мазмұны
жағынан ерекшелеудің әр алуан тәсілдері табылып, түрліше әріптер, бас тақырыптар (рубрикалар) қолданыла бастады. Кітап мұқабалары алтын, күміс
металмен өрнектелінді.
Баспа, Кітап өнерінің тууы кітаптың дамуына кең жол ашты. Алғашқы баспа
(кислография) қалыбы 11 ғада пайда болды. 1045 ж. чин өнерпазы Би Шин
құймалы әріпті (литер) жасап шығарды.
Европада кітап баспа қалыбын 15 ғ. Ортасында неміс өнерпазы Иоганн
Гутенберг ойлап тапты. Ол баспа өнерінде жылжымалы құйма өаріпті тұңғыш
қолданды.
Русьте тұңғыш баспа кітап – «Апостоль» 1564 ж. Москвада Иван Феодоров
пен Петр Мстиславец басып шығарды. Дін иелері Феодоров баспаханасын
қиратып өзін қуғынға ұшыратқаннан кейін Россияда кітап бастыру ісі бір
ғасырға кенжелеп қалды. Тек, Петр І реформасынан кейін ғана кітап шығару
ісі шын мәнінде жолға қойылды.
Қазақ кітаптарының шығуы Қазақстанның Россияға қосылуына байланысты.
Бұған дейін қазақ халқының кітаптары көбінесе араб әріпімен жазылған,
қолжазба түрінде тарады.
«Оғызнама» 9 ғ., «Құтты білі» 11ғ., Махмұд Қашкаридің «Диуаны лұғат ал
түрік» 11ғ., Ахмед Яссауидің «Диуани Хикмет» 12ғ.. 1800 ж патша үкіметі
Россия халықтарының тілдерінде, оның ішінде қазақ (қырғыз) тілінде кітап
шығаруға рұқсат етілді. Осыған орай Қазан, Уфа, Орынбор, Ташкент, Семей,
Омбы қалаларында қазақша баспа кітаптарышыға бастады.
ІІІ Сабақты бекіту:
1. Бұрынғы заманда қағаз болған ба?
2. Қағазды кім ойлап тапқан?
3. Кітап басуды кім ойлап тапқан
Библиотечный план
Библиотечный план
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.