Библиотечный план

  • Библиография
  • docx
  • 09.01.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Кітапханалыө жоспарда мектеп сабақтарынан тыс оқушыларға 5-8 сынып аралығыныда еңбексүйгіштікке үйрету.Сабақ жоспары Кітап – арабша жазба, түрікше дәптер. Кітаптың қалыптасып, даму тарихы жазу өнерінің шығуымен және қажетті материалдардың табылуымен тығыз байланысты. Кітапты ежелгі заманда Мысырда, Шығыс елдерінде көрсетіп тамашаған дұрыс деп8-9 класса
Иконка файла материала Библиотека.docx
Сабақ жоспары    Сабақтың тақырыбы:  Кітап және кітапхана Мақсаты: Кітап және кітапханалық терминдермен, кітапхана ережесімен  таныстыру. Формуляр, кітап формуляры, оқу залы, абонемент сөздеріне  түсінік беру. Сабақтың әдіс – тәсілі: Әңгіме Көрнекіліктер: оқырман  формуляры, кітап формуляры және кітаптар. І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен амандасу б) оқушыларды түгендеу ІІ. Негізгі бөлім:  Библиотека – «библио» кітап, «тека» сақтау бұл  кітаптарды сақтайтын орын.  Кітапхана баспа туындыларымен басқа да құжаттарды  қоғамдық  пайдалануды ұйымдастыратын мәдени – ағарту және ақпарат мекемесі. Кітапхана оқырманы – белгіленген құжатта ресми жазба негізінде кітапхананы пайдаланатын орын. Абонемент – кітапхана қызметін пайдаланатын оқырман немесе мекеме .  Белгілі бір мерзімге кітапханадан тыс пайдалану үшін баспа туындылары мен  басқа да құжаттарды беруді көздейтін  оқырмандарға жеке ұжымдық қызмет  көрсету нысанасы. Оқу залы – өз негізінде баспа және басқа да құжаттар қызметін көрсетуге  арналған арнаулы жарақталған бөлме. Оқырман формуляры – берілген және қайтарылған баспа туындылары мен  басқа да құжаттар туралы мәліметтерді қамтып, әдебиет беру мен оқуды  талдаудың, есеп құжатының қызметін атқарады. Кітап формуляры – кітап туралы негізгі мәліметтер( авторы, кітаптың  тақырыбы, бағасы, шифрі, инвентарлық нөмірі) жазылған арнаулы карточка. Оны берілген кітаптарды тіркеу және оның кітапханаға дер кезінде  қайтарылуын бақылау үшін қолданылады.  Кітап қалташасы – әр кітаптың формулярын салып қою үшін мұқабасының  ішкі бетіне жапсырылып жасалады. Кітап қалташасына баспа шығармасының  инвентарлық нөмірі жазылады. Кітап қалташасы сонымен қатар  кітаптың  қайтару мерзімі листогі қызметін де атқарады.ІІІ Сабақты бекіту:  1. Кітап туралы мақал – мәтел , нақыл сөздер білесіңдер ме? 2. Ережені қайталайық. Оқырман кітапханада өзін қалай ұстау керек.