«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтетін «1желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне» арналған салтанатты тізіліс

  • docx
  • 29.11.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Жас Ұлан ұйымына қабылдау мерекеліс іс-шарасы жоспары.docx

  

Өскемен қаласы әкімдігінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» коммуналды мемлекеттік мекемесінде  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтетін  «1желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне» арналған салтанатты тізіліс

Мақсаты: бүгінгі жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, нңбекқұмар, білімге құштар,өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын,өршіл, қайсар етіп тәрбиелеу.Дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қастерлейтін рухани жан дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: Жас ұрпақты «Жас Ұлан» ұйымына қабылдай отыра,өз елінің мақтанышы болар, білімге құштар, бәсекеге қабілетті қоғамда бейімделе алатын,креативті ойлайтын  жас ұрпақты қалыптастыру.

1 жүргізуші : Қайырлы күн,Құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар, қымбатты достар!  Бүгін біздің мектебімізде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтетін

« Еліміздің Тұңғыш Президенті күніне» арналған   мерекелік тізіліске қош келдіңіздер!!!

1 оқушы     Қазақстаным-Отаным менің , жайнаған,

                      Туған жерім, бас иемін мен саған  .

                     Өзіңде өсіп, ер жетіп мен келемін,

                     Мақтан етіп, ер жетіп мен келемін.

2 оқушы  Ең бірінші бақытым-Халқым менің,

                   Соған берем ойымның алтын кенін.

                   Ол да болса, мен бармын, қор болмаймын,

                   Қымбаттырақ   алтыннан нарқым менің.

3 оқушы  Күн шуағы өзіңнен нұр береді,

                  Туған жерім сол нұрмен түрленеді,

                  Кең байтақ  Егеменді туған жерім,    

                  Елбасының еңбегімен  гүлденеді.

4 оқушы  Отан деген –әр адамның жүрегі, 

                  Отан ел де, жер де, су да кіреді.

                  Отанымды бар әлемге пащ еткен,

                   Елбасымыз-мақтанышы, тірегі.

Айым:  Мектеп түзел, тік тұр! Әр сыныптың топ басшылары! Бүгін Қазақстан Республикасының  тұңғыш  Президенті күніне орай Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымына  5 сыныптарды  қабылдау салтанатты жиынына топтардың дайындықтары туралы рапорт тапсыруға дайындал!

Әр сыныптың топ басшылары :

     Топ түзел, тік тұр!

     Біздің топ:

     Біздің ұран:

     Рапорт: Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына .................. дайын. Баяндап тұрған....................

Айым: Мектеп түзел! тік тұр! Біз............

Оқушылар: «Жас Ұлан»

Айым: Ұранымыз

Оқушылар: «Қазақстан-Нұрсұлтан-Жас Ұлан» 3 рет.

АӘД пәні мұғалімі: Мектеп түзел! Тік тұр! Мемлекет туы енгізілсін!

Мемлекеттік әнұран                  

1 жүргізуші:: Құрметті достар! 1 желтоқсан –Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні. Қазақстан халқының тойы, мемлекетіміздің мерейлі мерекесі. 

2 жүргізуші: алғашқы құттықтау сөз мектеп директорына беріледі.                             Ән : 2Г «Қазақстаным»

 1 жүргізуші: «Жас ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады. 

1 жүргізуші: Біз Отанның Ұланы,

                     Жер қайысқан қалың қол.

Тәуелсіз ел ұланы,

Ант беруге дайын бол!

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің  АНТЫ  (1А, 1Б, 1В,1Г  сынып  оқушысы)

Мен, ________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға; Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге; Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге; Ата-анамды қадірлеуге; Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;  Білімге табандылықпен  ұмтылуға;  Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;  «Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай орындауға ант етемін.

                АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!         

ӘН: «Тек алға!»

1 жүргізуші:

 Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

2 жүргізуші: Н. Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып, жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түкпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
1 жүргізуші: «Жас Ұландар» қатарына салатантты қабылдау рәсімі жабық деп жариялаймын.Жас Ұландар мектебіміздің, еліміздің мақтанышы болыңыздар,әрқашан үлгі өнеге көрсетіп, тек алда жүріңіздер.

1 жүргізуші: Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей!  «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті. 

 

Келесі кездескенше қош-сау болыңыздар!

 

 

 

 

                                                                                                                                                                                     

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru