9 cынып информатика пәні мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары пайдалануға болады. Қауіпсіз техникасы ережесі туралы сабақ жоспары. Күнтізбелік жоспар бойынша бірінші сабақ . Информатика пәні мұғалімдеріне сабаққа қолдануға өте ынғайлы барлығы толық түсінікті жазылған анық шрифпен 14 қолдануға рұқсат. жақсы материал
САБАҚ ЖОСПАРЫ
«Бекітемін»
________________
Оқу
ісінің меңгерушісі
«___________» ________20 ж
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В», 9 «Г»
Сабақтың тақырыбы Бірөлшемді және екіөлшемді жиым
элементтерімен жұмыс
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларды бірөлшемді және екіөлшемді жиымдарға
есептер шығаруға, программа құруға үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың пргарамма құру барысында логкалық
ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасын тексеру
3. Компьютермен жұмыс
4. Сабақты бекіту
5.Үйге тапсырма
Өткен материалдарды қайталау сұрақтары
Жиым дегеніміз не?
Екі индексті жиым қалай аталады?
Бірөлшемді және екіөлшемді жиым математика тілінде қалай аталады?
A[ I,j ] жиым элементтері қалай сипатталады?
Жиымды қалай сипаттаймыз?
Жиым элементтерінің орны қалай анықталады?
Бірөлшемді және көпөлшемді жиымдардың айырмашылықтары қандай?
Компьютермен жұмысДеңгейлік тапсырмалар
1 деңгей
№1. Бірөлшемді A{1,2,3,4,5,6,7,8,9,10} жиым элементтерінің арифметикалық
ортасын табатын программа құру керек.
№2. Бірөлшемді A{2,-3,5,-8,2} жиым элементтерінің оң және теріс
элементтерін қосындысын табатын программа құру керек.
№3. Бірөлшемді В жиымы берілген,оң элементтерін 0-ге,теріс 1-ге
айналдыратын программа құру керек.
2 деңгей
№1. C[m,n] матрицасының әр жолының элементтерін қосындысын табатын
прогармма құру керек.
№2. B[k,n] екіөлшемді жиым берілген.Осы жиымның бірінші жолын бірінші
бағанмен орнын алмастыратын программа құру керек.
№3. R[m,m] екіөлшемді жиымның бас диогоналы және одан төмен жатқан
элементтерінің қосындысын табатын программа құру керек.
3 деңгей
№1. C[m,n] екіөлшемді жиымындағы әр жолдың элементтерінің ең үлкенін
табу программасын жаз.
№2. M[m,n] екіөлшемді жиымдағы жұп сандардың ең кішісінтабу
программасын жаз
Үйге тапсырма: Бірөлшемді және екі өлшемді жиым элементтерімен
жұмыс