"Буква Р р"
Оценка 4.8

"Буква Р р"

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
русский язык +1
Взрослым
23.06.2019
"Буква  Р р"
Сауат ашу. Сабақтың тақырыбы: «Р р» дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: • Р дыбысы мен оның әріп таңбасы туралы түсінік беру. Кеспе әріптерден сөз құрап, буынға бөліп оқуға жаттықтыру. • Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, қызығушылығын, белсенділігін дамыту, көркем жазуға баулу. • Жаттығуларды орындату арқылы қол моторикасын дамыту. • Балаларды әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаздыру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: әліппе, суреттер, текшелер, кеспе әріптер, ермексаз, тақтаға ілетін құралдар, бор. I апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы) Психологиялық дайындық. Мен бәрін жасай аламын! Бүгінгі күн тамаша! Мен өзімді жақсы сезінудемін! Менің көңіл күйім керемет! Мен сабаққа дайынмын! Мен өзіме сенімдімін! -Жарайсыңдар, балалар! Өткенді қайталау. Балалар, сендер өткен сабақта Ғ ғ дыбысымен таныстыңдар. «Ғ» дыбысынан келетін қандай сөздерді білесіңдер? «Ғ» дыбысы дауысты ма дауыссыз ба? дыбысы ортасында келетін сөздер айтайықшы? «Ғ» дыбысы басыңда келетін сөздер айтайықшы? «Ғ»дан басталатын қандай адамның аттарын білесіңдер?. Сендер үй жұмысына жақсы дайындалған екенсіңдер. II. Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу. Жататын жері үйшік Бұл жануар ........ (күшік) Күшік суретіне байланысты түсіндірме жұмысы жүргізіледі. - Күшік қайтеді? (күшік ырылдайды) - Ендеше, бәріміз хормен айтайық. - ыр, ыр, ыр - Созып айтуға келе ме? - Жоқ -Олай болса балалар «Р р» дыбысы дауысты дыбысқа жата ма, дауыссыз дыбысқа жата ма? -Дауысты, дауыссыз дыбыс екенін қалай ажыратамыз. -Ең алдымен дыбыс дегеніміз не? -Әріп дегеніміз не? -Ендеше барлығымыз хормен айтып «Р р» дыбысының қандай дыбыс екенін анықтайықшы. - Р-Р-Р (хормен айтқызу) Р – қандай дыбыс деп ойлайсыңдар? Р– дауыссыз дыбыс (б әрпін көк үйшікке салу). -Дұрыс айтасыңдар балалар, «Р р» дыбысы дауыссыз дыбыс, кедергіге ұшырап барып шығып тұр. (оқушылардан жеке-жеке сұрау) -Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі біздің сабағымызда Р р әрпімен танысамыз. Р әрпін жазуды үйренейік. Ол бас әріп және кіші әріпке бөлінеді. Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, Ғ әрпін жазамыз. (Баспа және жазбаша түрлерін жазып көрсету) Р р - дауыссыз дыбыс. Р р дыбысын көк дөңгелек текшемен белгілейміз. -Жарайсыңдар, балалар! IV. Сергіту сәті: Біз жаздық, біз жаздық, Қолымыз шаршады. Ақырын демалып Қайтадан жазамыз. II апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Р-ра, ра,ара. Араларды қара ра а ра та ра тар ар па ға а ға та ға нар ар на ара тар арпа ар тара нар арна ар Ара- бұл құрал. Суретін көрсету. Кімнің үйінде ара бар? Кім арам мен жұмыс жасап көрді? • Ара сөзін буынға бөлейікші? • Р дыбысы қайда тұр? • Ортасында Ара- бұл жәндік. Ол бал жинайды. Ара баққан адамдар араның балын дүкендерге апарады. Тара – балалар суретке барайықшы? Кімді көріп тұрмыз. Ол не істеді? -тарады. Таға- мынау таға. (суретін көрсету) Арпа- мынау арпа. Ол егістікте өседі. Арпадан біз нан аламыз. Арпаны көргендерің бар ма? Арпа сөзінде неше буын бар? Р р дыбысы қайда орналасқан? Нар- мынау нар. Ол түйенің бір түрі. Тар – суретке қарау. - Мынау қандай бөлме? (кең) - Ал мынау қандай бөлме? (тар) Арна- арна дегеніміз өзендердің арнасын айтады. Суретпен көрсету. -Жарайсыңдар балалар! IY.Сергіту сәті. «Сиқырлы таяқша» ойыны. Шарты: « Р р » әрпінен басталатын сөздер айтып, балалар бір-біріне сиқырлы таяқшаны береді. Ол бір сөз айтып,келесі балаға береді. Ойын осы ретпен жалғаса береді. Дәптермен жұмыс. - Енді барлығың тақтаға назар аударыңдыр. Балалар мынау Р дыбысының баспа түрі ал мынау жазба түрі. Жазба түрдегі үлкен Р дыбысы 2 элементтен тұрады. Ал енді мен жазып көрсетемін ал сендер мұқият қарап отырыңдар. Көмекші жолдың жоғарғы жағынан бір нүкте аламыз. Сол нүктемен жұмыс жолының төменгі сызығына дейін көлбеу сызық сызамыз. Жұмыс жолының төменгі сызығына жеткенде солға қарай имек жасаймыз. Енді бас киімін жасаймыз яғни 2 элементін жазамыз. Барлығымыз с әрпін білемізғой иә. Сол С с әрпі сияқты бірақ төсенге қарап тұрады. Көмекші жолдың ортасынан түкте алып жоғарыға қарай жарты дөңгелек сызамыз да, көмекші жолдың ортасына дейін сызамыз.Міне балалар Р р әрпінің жазбаша түрі. Ал енді барлығымыз ауада жазып көрейік. Қолымызға қаламдарымызды аламыз. 3саусақпен ұстаймыз. Сұқ саусағымыз қаламның үстінгі жағында,бас бармақпен сол жағынан, ал ортанғы саусақпен оң жағынан ұстап жазуға кірісеміз. Көмекші жолдың жоғарғы жағынан бір нүкте аламыз. Сол нүктемен жұмыс жолының төменгі сызығына дейін көлбеу сызық сызамыз. Жұмыс жолының төменгі сызығына жеткенде солға қарай имек жасаймыз. Енді бас киімін жасаймыз яғни 2 элементін жазамыз. Барлығымыз с әрпін білемізғой иә. Сол С с әрпі сияқты бірақ төсенге қарап тұрады. Көмекші жолдың ортасынан түкте алып жоғарыға қарай жарты дөңгелек сызамыз да, көмекші жолдың ортасына дейін сызамыз. III апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). - Балалар бұл не? Ара -Ара сөзінде неше дыбыс бар? -Сандық сөзінде 3 дыбыс бар. -Неше дауысты дыбыс бар? - 2 дауысты дыбыс бар. Дауысты дыбыстарды атаңдаршы? ( а-а) -Қандай әріп түсіп қалыпты. (Р) Дәптерімізге жазамыз. Жарайсыңдар балалар. Бұл не балалар? (шар) -Шар сөзінде Р дыбысы нешінші тұр. Түсіп қалған әріпті жазамыз. -Бұл не балалар? (Ара) Қандай әріп түсіп қалған? (Р р) Дәптерімізге жазамыз. Бұл не балалар? ( Радио) Р дыбысы нешінші тұр? Түсіп қалған әріпті жазамыз. -Жарайсыңдар, балалар. Ара Р р дыбысын таңбалауды бізбен бірге үйреніп алды. Сендерге рахмет айтып жатыр. Бағдаршам жасыл көзін жағып, Араның жүруіне рұқсат береді. Ара біздің мектебімізге таяп қалды. Міне көптен күткен қонағымыз да келіп жетті. - Балаларға балдың суретін тарату. - Әр балдың артында сөздер берілген. Сол сөздердің астында торкөздерді текшелермен бояу. IY.Сергіту сәті. IY апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару,оқу құралдарын жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Жұмбақ шешу: Атам сүйіп тыңдайды, Әкем сүйіп тыңдайды Отбасы болып жиналып, Ән мен жырды тыңдайды (Радио) Тапсырма: дәптердегі сызықтарға қарап Р р әріпін үзік сызықтар арқылы сызып үйрену. Р-р-р-р-р қолдары жаттықтырғанша жазып үйрену. Ойын: «Сөз ойла – тез ойла» Ойын: "Р р" дыбысын тап. АӘБИҒШЗТНКҒ V. Бекіту. «Р»-ға тілің келе ме? Қырларды құр- деші. Жайылып жүр - деші, Біреуді қарауыл, Қарайлап тұр-деші. Ал енді өзің-ақ Р-р-р-р, -деші. (Б.Тәжімбетов) «Сөз ойла, тез ойла» ойыны Р-радио, раушан, райхан. Ғ – ғалым, ғарыш, ғылым. П – пияз, парта, парақ. Т – таға, тал, тарақ. Н – нан, нар, науа. А – ата, аққу, апа VI. Қорытынды. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау. -Жарайсыңдар, балалар. Сендер барлық тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар. -ара бізге ризашылығын көрсетіп тұр. -Ал, сонымен, балалар бүгін біз қандай дыбыспен таныстық? -Р р дыбысы мен әрпі. -Иә. Дұрыс айтасыңдар. -Р дыбысы қандай дыбыс? -Балалар, бүгін барлығын белсенді қатыстыңдар. -Сол үшін Ара сендерге сыйлық береді. -Үйге тапсырма: Р дыбысына байланысты кітапта берілген бағандағы сөздерді оқу. VII. Бағалау. Балаларды жеке-жеке мадақтау.
Сауат аш1.docx
Сауат  ашу. Сабақтың тақырыбы:  «Р  р» дыбысы  мен  әрпі. Сабақтың  мақсаты:   Р  дыбысы мен оның  әріп  таңбасы  туралы  түсінік  беру. Кеспе әріптерден  сөз   құрап, буынға бөліп оқуға  жаттықтыру.   Ойлау, есте сақтау қабілеттерін  дамыту, сөздік қорларын молайту,  қызығушылығын, белсенділігін дамыту, көркем  жазуға баулу.   Жаттығуларды орындату арқылы қол моторикасын дамыту.  Балаларды  әдептілікке,  ұқыптылыққа  тәрбиелеу.  Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаздыру, сұрақ­жауап, топпен  жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: әліппе, суреттер, текшелер, кеспе  әріптер, ермексаз, тақтаға   ілетін құралдар, бор.  I  апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың  зейінін  сабаққа  аудару,  оқу   құралдарын  жинақтау,  ой  қозғау (көрнекіліктер  арқылы)  Психологиялық  дайындық.  Мен  бәрін  жасай  аламын!                                                     Бүгінгі  күн  тамаша!                                                     Мен  өзімді  жақсы  сезінудемін!                                                     Менің  көңіл  күйім  керемет!                                                     Мен  сабаққа  дайынмын!                                                     Мен  өзіме  сенімдімін! ­Жарайсыңдар, балалар!  Өткенді  қайталау. Балалар, сендер өткен сабақта Ғ ғ дыбысымен  таныстыңдар. «Ғ» дыбысынан келетін қандай сөздерді білесіңдер? «Ғ» дыбысы дауысты ма дауыссыз ба? дыбысы ортасында келетін сөздер айтайықшы? «Ғ» дыбысы басыңда келетін сөздер айтайықшы? «Ғ»дан басталатын қандай адамның аттарын білесіңдер?. Сендер үй жұмысына жақсы  дайындалған екенсіңдер. II.  Жаңа  сабақ.    Жұмбақ  шешу.    Жататын жері үйшік                                                                 Бұл жануар ........                                                                                         (күшік) Күшік суретіне байланысты түсіндірме жұмысы жүргізіледі. ­ Күшік қайтеді? (күшік ырылдайды) ­ Ендеше, бәріміз хормен айтайық. ­ ыр, ыр, ыр ­ Созып айтуға келе ме? ­ Жоқ ­Олай болса балалар «Р р» дыбысы дауысты дыбысқа жата ма, дауыссыз дыбысқа жата ма? ­Дауысты, дауыссыз дыбыс екенін қалай ажыратамыз. ­Ең алдымен дыбыс дегеніміз не? ­Әріп дегеніміз не? ­Ендеше барлығымыз хормен айтып «Р р» дыбысының қандай дыбыс екенін анықтайықшы. ­ Р­Р­Р (хормен айтқызу) Р – қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?  Р– дауыссыз дыбыс (б әрпін көк үйшікке салу). ­Дұрыс айтасыңдар балалар, «Р р» дыбысы дауыссыз дыбыс, кедергіге ұшырап барып  шығып тұр. (оқушылардан жеке­жеке сұрау) ­Жарайсыңдар  балалар! Бүгінгі  біздің  сабағымызда  Р р   әрпімен  танысамыз.  Р  әрпін  жазуды  үйренейік. Ол  бас  әріп  және  кіші  әріпке  бөлінеді.  Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге  қарап, үзік сызықтарды қосып,  Ғ әрпін   жазамыз. (Баспа  және  жазбаша  түрлерін  жазып  көрсету)  Р р ­ дауыссыз дыбыс. Р р  дыбысын көк  дөңгелек  текшемен  белгілейміз.  ­Жарайсыңдар, балалар! IV. Сергіту  сәті:  Біз жаздық, біз жаздық,                                  Қолымыз шаршады.                                   Ақырын демалып                                  Қайтадан жазамыз. II апта Сабақтың  барысы:  I. Ұйымдастыру  кезеңі:  Балалардың  зейінін  сабаққа  аудару, оқу құралдарын  жинақтау, ой  қозғау (көрнекіліктер  арқылы). Р­ра, ра,ара.  Араларды  қара ра а ра та ра тар ар па ға а ға та ға нар ар на ара тар арпа ар тара нар арна ар Ара­ бұл құрал. Суретін көрсету. Кімнің үйінде ара бар? Кім арам мен жұмыс жасап көрді?  Ара сөзін буынға бөлейікші?   Ортасында Р дыбысы қайда тұр? Ара­ бұл жәндік. Ол бал жинайды. Ара  баққан  адамдар  араның  балын   дүкендерге апарады. Тара – балалар суретке барайықшы? Кімді көріп тұрмыз. Ол не істеді? ­тарады. Таға­ мынау таға. (суретін көрсету) Арпа­ мынау арпа. Ол егістікте өседі. Арпадан біз нан аламыз. Арпаны көргендерің бар ма? Арпа сөзінде неше буын бар? Р р дыбысы қайда орналасқан? Нар­ мынау нар. Ол түйенің бір түрі. Тар – суретке қарау. ­ Мынау қандай бөлме? (кең) ­ Ал мынау қандай бөлме?  (тар) Арна­ арна дегеніміз өзендердің арнасын айтады. Суретпен көрсету. ­Жарайсыңдар балалар!  IY.Сергіту сәті. «Сиқырлы  таяқша» ойыны.  Шарты: «  Р р »  әрпінен басталатын сөздер айтып,  балалар бір­біріне сиқырлы таяқшаны береді. Ол бір сөз айтып,келесі балаға береді. Ойын  осы ретпен жалғаса береді. Дәптермен жұмыс. ­ Енді барлығың тақтаға назар аударыңдыр. Балалар мынау Р дыбысының баспа түрі ал  мынау жазба түрі. Жазба түрдегі үлкен Р дыбысы  2 элементтен тұрады. Ал енді мен жазып  көрсетемін ал сендер мұқият қарап отырыңдар.   Көмекші жолдың жоғарғы жағынан бір нүкте аламыз. Сол нүктемен жұмыс жолының  төменгі сызығына дейін көлбеу сызық сызамыз. Жұмыс жолының төменгі сызығына  жеткенде солға қарай имек жасаймыз. Енді бас киімін жасаймыз яғни 2 элементін жазамыз.  Барлығымыз с әрпін білемізғой иә. Сол  С с әрпі сияқты бірақ төсенге қарап тұрады.  Көмекші жолдың ортасынан түкте алып жоғарыға қарай жарты дөңгелек сызамыз да,  көмекші жолдың ортасына дейін сызамыз.Міне балалар Р р әрпінің жазбаша түрі. Ал енді  барлығымыз ауада жазып көрейік. Қолымызға қаламдарымызды аламыз. 3саусақпен  ұстаймыз. Сұқ саусағымыз қаламның үстінгі жағында,бас бармақпен сол жағынан, ал  ортанғы саусақпен оң жағынан ұстап жазуға кірісеміз. Көмекші жолдың жоғарғы жағынан  бір нүкте аламыз. Сол нүктемен жұмыс жолының төменгі сызығына дейін көлбеу сызық  сызамыз. Жұмыс жолының төменгі сызығына жеткенде солға қарай имек жасаймыз. Енді  бас киімін жасаймыз яғни 2 элементін жазамыз. Барлығымыз с әрпін білемізғой иә. Сол С с  әрпі сияқты бірақ төсенге қарап тұрады. Көмекші жолдың ортасынан түкте алып жоғарыға  қарай жарты дөңгелек сызамыз да, көмекші жолдың ортасына дейін сызамыз. III  апта Сабақтың  барысы:  I. Ұйымдастыру   кезеңі:  Балалардың  зейінін  сабаққа  аудару,  оқу құралдарын  жинақтау, ой  қозғау (көрнекіліктер  арқылы). ­ Балалар бұл не? Ара ­Ара сөзінде неше дыбыс бар? ­Сандық сөзінде 3 дыбыс бар. ­Неше дауысты дыбыс бар? ­ 2 дауысты дыбыс бар. Дауысты дыбыстарды атаңдаршы? ( а­а) ­Қандай әріп түсіп қалыпты. (Р) Дәптерімізге жазамыз. Жарайсыңдар балалар. Бұл не балалар? (шар) ­Шар сөзінде Р дыбысы  нешінші  тұр. Түсіп қалған әріпті жазамыз. ­Бұл не балалар? (Ара) Қандай әріп түсіп қалған? (Р р) Дәптерімізге жазамыз. Бұл не балалар? ( Радио) Р дыбысы нешінші тұр? Түсіп қалған әріпті жазамыз. ­Жарайсыңдар, балалар. Ара Р р дыбысын таңбалауды бізбен бірге үйреніп алды. Сендерге  рахмет айтып жатыр. Бағдаршам  жасыл  көзін  жағып, Араның  жүруіне  рұқсат  береді. Ара біздің  мектебімізге таяп  қалды. Міне  көптен  күткен  қонағымыз да келіп жетті. ­ Балаларға балдың суретін тарату. ­ Әр балдың артында сөздер берілген. Сол сөздердің астында торкөздерді текшелермен  бояу. IY.Сергіту сәті. IY  апта Сабақтың  барысы: I. Ұйымдастыру  кезеңі:  Балалардың  зейінін  сабаққа  аудару,оқу  құралдарын  жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер  арқылы). Жұмбақ  шешу: Атам сүйіп тыңдайды, Әкем сүйіп тыңдайды Отбасы болып жиналып, Ән мен жырды тыңдайды    (Радио) Тапсырма: дәптердегі   сызықтарға  қарап   Р р  әріпін  үзік  сызықтар  арқылы   сызып   үйрену.   Р­р­р­р­р  қолдары  жаттықтырғанша  жазып  үйрену. Ойын: «Сөз  ойла – тез  ойла» Ойын: "Р р" дыбысын тап.  АӘБИҒШЗТНКҒ  V.  Бекіту. «Р»­ға тілің келе ме? Қырларды құр­ деші. Жайылып жүр ­ деші, Біреуді қарауыл, Қарайлап тұр­деші. Ал енді өзің­ақ Р­р­р­р, ­деші. (Б.Тәжімбетов) «Сөз ойла, тез ойла» ойыны Р­радио, раушан, райхан. Ғ – ғалым, ғарыш, ғылым. П – пияз, парта, парақ. Т – таға, тал,  тарақ. Н – нан, нар, науа. А – ата, аққу, апа VI. Қорытынды. Сұрақ­жауап  арқылы  тақырыпты  қорытындылау.      ­Жарайсыңдар, балалар. Сендер барлық тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар. ­ара бізге ризашылығын көрсетіп тұр. ­Ал, сонымен, балалар бүгін біз қандай дыбыспен таныстық? ­Р р дыбысы мен әрпі. ­Иә. Дұрыс айтасыңдар. ­Р дыбысы қандай дыбыс? ­Балалар, бүгін барлығын белсенді қатыстыңдар. ­Сол үшін Ара сендерге сыйлық береді. ­Үйге тапсырма: Р дыбысына байланысты кітапта берілген бағандағы сөздерді оқу. VII. Бағалау. Балаларды  жеке­жеке мадақтау.

"Буква Р р"

"Буква  Р р"

"Буква Р р"

"Буква  Р р"

"Буква Р р"

"Буква  Р р"

"Буква Р р"

"Буква  Р р"

"Буква Р р"

"Буква  Р р"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
23.06.2019