Біз шымырмыз,күштімз
Оценка 4.6

Біз шымырмыз,күштімз

Оценка 4.6
docx
10.03.2020
Біз шымырмыз,күштімз
мм.docx

Тақырыбы: «Біз шымырмыз,күштімз!»

Мақсаты: Спорттық эстафеталық жарыстарға деген қызығушылығын арттыр, спортқа деген сүйіспеншілігін нығайту. Ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Балалардың жылдамдығын және ойынға деген белсенділігін арттыру. Балаларды шапшаң қимылдауға үйрету. 
Жарысқа қолданылатын көрнекі-құралдар: фитбол, гүлдер, кедергілер, гимнастикалық орындық, құм салынған дорбаша, тал, ленталар, тунель, текшелер 

Жарыстың барысы 
Жүргізуші: Спорт деген азанда, 
Алады да тұрғызып, 
Еріншектік аз онда, 
Бастайды ойын бір қызық. 
Аяздада тоңбайсың, 
Ыстыққа да күймейсің, 
Сергектікті қолдайсың, 
Жалқаулықты сүймейсің, 
Бақыт сенен қашпайды, 
Өнер білген пайдалы, 
Спорт соның айғағы дей тұрып, ересек топ балалар арасында өткелі жатқан «Спортты біз сүйеміз, үлкен болып өсеміз» атты жарысқа қош келдіңіздер! 
Жарысымызды бастамас бұрын әділ-қазылармен таныстырып өтейін: 

1. 
2. 
3. 

Жүргізуші: Уа халқым, назар аудар денсаулыққа, 
Өмірде бақыттысың, денің сауда. 
«Денсаулық терең бақыт» деген сөзді 
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да, 
Денің сауда күштісің бұл әлемде, 
Денің сауда сұлусың жер бетінде 
Сол мықты денсаулықтың арқасында 
Жетерсің әлі талай бақыттарға,-дей келе ортаға: 

1. «Жалын» тобын шақырамыз. 

 2. «Сұңқар» тобын шақырамыз. 

Гимн орындалады. 

Топ басшыларымен таныстырып өтейін: 
«Жалын» тобының басшысы------ 
«Сұңқар» тобының басшысы------- 
Жарысымыз 5-кезеңнен тұрады: 
1. Топты таныстыру. 
2. «Фитболмен секіріп гүл жинау» ойыны. 
3. «Гимнастикалық орындық үстінде зырғанау» ойыны. 
4. «Кім жылдам» ойыны. 
5. «Текшеден құрастыр» ойыны. 
Жарысымызды бастамас бұрын жаттығу жасайық. (жалаушамен жаттығу) 

Ендеше жарысымызды бастайық. Топтарға сәттілік тілейміз! 

1.Топты таныстыру Ортаға 
«Жалын» тобын шақырамыз 
«Көк бөрідей, жүректі қайраттымыз, 
Жігерлі де, білімді, айбаттымыз.» 

«Сұңқар» тобын шақырамыз. 
«Сұңқардан қалықтаймыз, 
Ізденуден жалықпаймыз.» 

2.«Фитболмен секіріп гүл жинау» ойыны. 
Барысы: Бірінші бала фитболмен мәреге дейін секіреді, және гимнастикалық орындықта жатқан гүлді қолмен ұстамай тістеп алады. Солай тобына фитболмен секіріп кейін келеді. 

3.«Гимнастикалық орындық үстінде зырғанау» ойыны. 
Барысы: гимнастикалық орындық үстінен сырғанап, мәреде жатқан құм салынған дорбашаны алады. Басына қойып тепе-теңдік сақтап гимнастикалық орындықтың үстімен жүріп келеді. Солай ойын жалғасады 

4.«Кім жылдам» ойыны. 
Барысы: аяққа ботинка киіп кедергілер арасынан тез жүріп, ортада жатқан ленталар дан әр топ өзіне тиесілі түсті лентаны ағашқа байлай керек. Тіке бағытта командасына барып, келесі балаға жалғайды. 
5.«Текшеден құрастыр» ойыны. 
Барысы: бірінші бала тунель арасынан өтеді. Сосын қолына бокс қолғабын киіп текшелердің ішінен әр топ өзінің түсін жинап сызылган қағаз бетіне текшелерді жинайды. 
Сөз кезегі әділ-қазылар мүшесіне беріледі.

Жеңімпаз топтарды анықтап, диплом беріледі. 

Қорытынды Балалар барлығың белсенді қатыстыңдар сендерге көп рахмет! Келесі сайыста кездескенше аман-сау болайық. 


 

Тақырыбы: « Біз шымырмыз,күштімз!»

Тақырыбы: « Біз шымырмыз,күштімз!»

Жалын» тобын шақырамыз. 2

Жалын» тобын шақырамыз. 2

Кім жылдам» ойыны. Барысы: аяққа ботинка киіп кедергілер арасынан тез жүріп, ортада жатқан ленталар дан әр топ өзіне тиесілі түсті лентаны ағашқа байлай керек

Кім жылдам» ойыны. Барысы: аяққа ботинка киіп кедергілер арасынан тез жүріп, ортада жатқан ленталар дан әр топ өзіне тиесілі түсті лентаны ағашқа байлай керек
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.03.2020