Cабақ жоспары
Оценка 4.9

Cабақ жоспары

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
информатика
5 кл
14.02.2017
Cабақ жоспары
Публикация является частью публикации:
№12.docx
Сыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: Сілтеме: Мақсаты: Күтілетін нәтиже: дерек   Сабақтың түрі: Негізгі көздер: Әдіс –тәсілдер: Түйінді идеялар: Күні:   25.11.2014 жыл           Пәні: Информатика                          Нысандармен жұмыс істеу  Оқулық Информатика 5­сынып Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б. Қ.Әбенов. Информатикадан электронды оқулық 7­сынып  Windows нысандарымен жұмыс істеу, оларды бір орыннан екінші  орынға жылжыту дағдыларын қалыптастыру. Іздестіру, көшіру,  тасымалдау, жою, файлдар, бумалар, жарлықтар атауларын  өзгерту жұмыстарын сауатты орындаудың дағдыларын  қалыптастыру. Компьютер құрылғыларының атауын жүйелі  айтуға тәрбиелеу Оқушылар  іздестіру, көшіру, тасымалдау, жою, файлдар,  бумалар, жарлық атауларын өзгерту тәсілдерін; «алмастыру  буфері» түсінігін, себет қызметін толық біледі. Құжатты іздеу,  көшіру, жылжыту, файлдардың аттарын өзгерту, өшіру,  қапшықтар мен таңбашаларды, себетті тазалады үйренеді.  Қойылған талапқа байланысты ыңғайлы, оңай көшіруді,  жылжытуды файл, бума, жарлықтар атауын өзгерту, өшіруді  қалпына келтіруді үйренеді  Аралас сабақ Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, кесте, электронды  оқулық, интернет материалдары  Диалог, сыни тұрғыдан ойлау, талдау, қорыту           Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға  (файлдарға, бумаларға және жарлықтарға) көбіне мынадай  амалдар қолданылады:   көшіру (нысанның көшірмесі дискінің басқа жеріне  орналастырылады ) ;  орын алмастыру ( нысанның өзі дискінің басқа жеріне  орналастырылады );    атын алмастыру (нысанның атауы өзгереді).   жою;   Қатар тұрған аралас нысандарды ерекшееу арқылы белгілеп  алуға болады.  1. Топтың бірінші нысанын ерекшелейміз;  2. Shift пернесін басып тұрып, соңғы нысанды ерекшелейміз.  Нысандарды жылжыту / көшіру                    Тышқанмен жылжыту / көшіру. Егер екі бума бір ғана  дискіде орналасса, онда нысанды бумадан ­ бумаға тышқанмен  сүйреуге болады. Егер жылжыту кезінде Ctrl пернесін ұстап  тұрсақ, онда ерекшеленген нысандар көшірілетін болады. Бұл  жағдайда тышқан сілтемесінің қасында кішкентай «+» таңбасы  пайда болады.    Алмасу буфері           Windows – тің  алмасу буфері дегеніміз – компьютер  жедел жадының Windows нысандарын уақытша сақтауға болатын  арнайы аймағы. Алмасу буферінің көмегімен көшіру үшін  сендерге екі бұйрық: Көшіру және Кірістіру керек болады. Бұйрықтарды пернетақтадағы пернелерді басып тұрып орындау  керек:        Ctrl + С – көшіру;       Ctrl + Х – қиып алу;       Ctrl + V­ кірістіру.  Нысандарды жою және қайта қалпына келтіру             Жою амалы өте қауіпті. Нысанды дұрыс таңдамасаңдар  маңызды ақпаратты жойып алуларың мүмкін. Міне, осындай  себептермен байланысты нысандарды жою үшін Windows –те  арнайы құрал – Қоржын қарастырылған. Қоржын – барлық  жойылған нысандар орналасатын арнайы бума.            Нысандарды Қоржынға орналастырмай жою үшін  Shift  +Del  пернелер тіркесімдерін қолданады.  Net Control 2 бағдарламасының көмегімен өткен тақырып  бойынша оқушылардан  тест алу   ­ Жаңа буманы қалай құрамыз? ­ Жаңа буманың атын қалай өзгертеміз?  Анықтамаларды жазу. Оқулықта берілген тақырып бойынша  жұмыс жасау Түйін жазу Көшіру, кірістіру, орын ауыстыру батырмаларының бір­бірінен  айырмашылығы неде?  Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау 106 бет А, В, С  деңгейі Рефлексия. Бүгінгі сабақта не білдім? не үйрендім?  §12 Тест тапсырмасы   «Білу» кім? не?  қашан? қандай?  Қалай? Нені?  Қашан? Не істеді? «Түсіну» теориясы  Неге? Неліктен?  Себебі? Не үшін?  «Қолдану»  теориясы «Талдау» теориясы  1. Салыстыр 2. Айырмашылығы  неде?  3. Ұқсастығы  неде? «Жинақтау»  теориясы   (Қорытынды  шығар, анықтама  бер, мазмұнды  жүйеле, кесте,  сызба, ребус  түрінде) «Баға беру» (Сен  қалай ойлайсың?  Не істер едің?) Үйге тапсырма Сабақ №12 Пән аты : Информатика  Сынып : 5 Сабақтың тақырыбы : § 13 Ақпаратты іздеу, жазу және оқу  Сабақтың мақсаты : Windows қосымшасында ақпаратты сақтау, оқу, нысандарды іздеу  ережелерімен таныстыру.  Оқушылар білуі тиіс : ақпаратты сақтау ережесін , «Сохранить» және «Сохранить как»  командасынан өзге , жұмысты іздестіру алгоритм командасынан «Пуск – Поиск»  орындалуын.  Оқушылар үйренуі тиіс : нысандарды іздестіруді жүзеге асыруды, Windows стандарттық  программасында ақпаратты сақтауды, оқуды; «Сохранить» және «Сохранить как»  командасын пайдаланып, ыңғайлы тәсілдерді пайдалануды.  Сабақтың барысы І Ұйымдастыру кезеңі  ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою  ІІІ Үй тапсырмасын тексеру  § 12 бойынша тест алу  IV Білімі өзектендіру  Сұрақтар:  1. Жұмыс үстелінде қандай нысан орналасқан ?  2. Бас мәзірді не үшін пайдаланамыз ?  3. Экранның шектелген аумағы қалай аталады ?  4. Программамен жұмысты аяқтауда қандай тәсілдерді білесіңдер ?  5. Программаны қалай іске қосамыз ?  V Жаңа тақырыпты түсіндіру  Нысанды бумадан жылдам іздеу         Ізделетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар  пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекешеленеді. Сол  пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді Сонымен, буманың атаулары осы  символдан басталатын барлық нысандар тексеріледі.            Сендер жылдам іздеуді тек ізделетін нысанның қандай бумада орналасқанын білетін  жағдайда ғана пайдалана аласыңдар. Ал егер олай болмаса, онда кеңейтілген іздеуді  қолдану керек.  Кеңейтілген іздеу        Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек.          Программа сендер көрсеткен атауы бар барлық нысандарды табады.         Сендердің сұраныстарың бойынша табылған файлдар терезенің жоғарғы бөлігінде  көрсетіледі. Таңдалған файлды тышқанмен шертсеңдер іске қосылады.  Ақпаратты жазу Windows –тің барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен оқудың қабылданған  жалпы ережелері бар.          Құрылған суретті немесе құжатты файлға бірінші рет сақтау үшін мына әрекеттерді  орындау керек :   Сақтау немесе Қалай сақтау бұйрығын таңдау ;  Терезеде сендердің файлдарың сақталатын бума көрсетіледі. Қажет болған жағдайда  басқа сақтайтын орынды таңдауға болады ;   Сақтау батырмасын басу.   Файлдың атын теру ;            Программамен жұмыс істегенде файлдарды жиі –жиі сақтап отыруларың керек. Егер  файл бұған дейін сақталған болса және атау берілген болса, онда сақтау жұмысы  жеңілдейді. Бұл жағдайда программа сақтау терезесін шығармайды және сендерден  файлдың атын сұрамайды. Сендер Сақтау бұйрығын таңдайсыңдар, экранда ештеңе  болмайды, бірақ файлдағы өзгертулер сақталады.               Кейде бұрын сақталған файлды басқа жаңа атаумен сақтау қажеттілігі туындайды.  Мәселен, сендер Ағаш файлынан ағаштың бейнесі салынған суретті ашыңдар делік. Оған  жануарлар мен басқа ағаштардың бейнесін қосып, жаңа суретті Орман деген атаумен  сақтағыларың келді делік. Онда сендерге Қалай сақтау бұйрығы керек болады. Бұл  бұйрық файлдың бұрын сақталғанына немесе сақталмағанына қарамастан сақтау терезесін  шығарады. Мұндай сақтаудан кейін сендердің дискілеріңе 2 файл: Ағаш және Орман деп  сақталады.  Ақпаратты оқу             Дискіде жазылған ақпаратты қажетті файлды іске қосу арқылы оқиды. Файл  атауының кеңейтілуі нәтижесінде Windows операциялық жүйесі файлды қандай  программаның көмегімен ашу керек екенін өзі анықтайды. Файлды қосымшаның өз  терезесінде де ашуға болады. Ол үшін Ашу бұйрығын орындау керек.  VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау  Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.  VІІ Қорытынды Оқушылардың тәжірибелік жұмысын бағалаймын.  1. Қажетті файлды бумадан қалай табуға болады ?  2. Дискідегі файлды қалай табуға болады ?  3. Ақпаратты компьютерге қалай сақтайды ?  4. Сақтау және Қалй сақтау бұйрықтарының айырмашылығы неде ?  5. Ақпаратты дискіден қалай оқимыз ?  6. Жүйелік бумаларда файл ізделе ма ?  VІІІ Үйге тапсырма  § 13 мазмұндау, тесте сұрақтарына жауап беру

Cабақ жоспары

Cабақ жоспары

Cабақ жоспары

Cабақ жоспары

Cабақ жоспары

Cабақ жоспары

Cабақ жоспары

Cабақ жоспары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.02.2017