Cабақ жоспары
Оценка 4.9

Cабақ жоспары

Оценка 4.9
Разработки уроков
doc
информатика
5 кл
14.02.2017
Cабақ жоспары
Публикация является частью публикации:
№13.doc
Сыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: Сілтеме: Мақсаты: Күтілетін нәтиже: дерек   Сабақтың түрі: Негізгі көздер: Әдіс –тәсілдер: Түйінді идеялар: Күні:   30.11.2016 жыл           Сабақ № 13 Ақпаратты іздеу, жазу және оқу Оқулық Информатика 5­сынып Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б. Қ.Әбенов. Информатикадан электронды оқулық 7­сынып Windows қосымшасында ақпаратты сақтау, оқу, нысандарды  іздеу ережелерімен таныстыру.  Іздестіру, көшіру, тасымалдау, жою, файлдар, бумалар,  жарлықтар атауларын өзгерту жұмыстарын сауатты орындаудың  дағдыларын қалыптастыру.  Компьютер құрылғыларының атауын жүйелі айтуға тәрбиелеу Ақпаратты сақтау ережесін , «Сохранить» және «Сохранить как»  командасынан өзге, жұмысты іздестіру алгоритм командасынан  «Пуск – Поиск» орындалуын.  Нысандарды іздестіруді жүзеге асыруды, Windows стандарттық  программасында ақпаратты сақтауды, оқуды; «Сохранить» және  «Сохранить как» командасын пайдаланып, ыңғайлы тәсілдерді  пайдалануды үйренеді. Аралас сабақ Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, кесте, электронды  оқулық, интернет материалдары  Диалог, сыни тұрғыдан ойлау, талдау, қорыту Нысанды бумадан жылдам іздеу         Ізделетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның  атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы  символмен басталатын ең жақын нысан ерекешеленеді. Сол  пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді  Сонымен, буманың атаулары осы символдан басталатын барлық  нысандар тексеріледі.            Сендер жылдам іздеуді тек ізделетін нысанның қандай  бумада орналасқанын білетін жағдайда ғана пайдалана  аласыңдар. Ал егер олай болмаса, онда кеңейтілген іздеуді  қолдану керек.  Кеңейтілген іздеу        Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу  терезесіне енгізу керек.          Программа сендер көрсеткен атауы бар барлық нысандарды  табады.         Сендердің сұраныстарың бойынша табылған файлдар  терезенің жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Таңдалған файлды  тышқанмен шертсеңдер іске қосылады.  Ақпаратты жазу        Windows ­тің барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен  оқудың қабылданған жалпы ережелері бар.          Құрылған суретті немесе құжатты файлға бірінші рет сақтау  үшін мына әрекеттерді орындау керек :   Сақтау немесе Қалай сақтау бұйрығын таңдау ;  Терезеде сендердің файлдарың сақталатын бума көрсетіледі.  Қажет болған жағдайда басқа сақтайтын орынды таңдауға болады;   Файлдың атын теру;   Сақтау батырмасын басу.           Программамен жұмыс істегенде файлдарды жиі –жиі сақтап отыруларың керек. Егер файл бұған дейін сақталған болса және  атау берілген болса, онда сақтау жұмысы жеңілдейді. Бұл  жағдайда программа сақтау терезесін шығармайды және  сендерден файлдың атын сұрамайды. Сендер Сақтау бұйрығын  таңдайсыңдар, экранда ештеңе болмайды, бірақ файлдағы  өзгертулер сақталады.               Кейде бұрын сақталған файлды басқа жаңа атаумен  сақтау қажеттілігі туындайды. Мәселен, сендер Ағаш файлынан  ағаштың бейнесі салынған суретті ашыңдар делік. Оған  жануарлар мен басқа ағаштардың бейнесін қосып, жаңа суретті  Орман деген атаумен сақтағыларың келді делік. Онда сендерге  Қалай сақтау бұйрығы керек болады. Бұл бұйрық файлдың  бұрын сақталғанына немесе сақталмағанына қарамастан сақтау  терезесін шығарады. Мұндай сақтаудан кейін сендердің  дискілеріңе 2 файл: Ағаш және Орман деп сақталады.  Ақпаратты оқу             Дискіде жазылған ақпаратты қажетті файлды іске қосу  арқылы оқиды. Файл атауының кеңейтілуі нәтижесінде Windows  операциялық жүйесі файлды қандай программаның көмегімен  ашу керек екенін өзі анықтайды. Файлды қосымшаның өз  терезесінде де ашуға болады. Ол үшін Ашу бұйрығын орындау  керек.   «Білу» кім? не?  қашан? қандай?  Қалай? Нені?  Қашан? Не істеді? Сұрақтар:  1. Жұмыс үстелінде қандай нысан орналасқан?  2. Бас мәзірді не үшін пайдаланамыз?  3. Экранның шектелген аумағы қалай аталады?  4. Программамен жұмысты аяқтауда қандай тәсілдерді  білесіңдер?  5. Программаны қалай іске қосамыз ?  «Түсіну» теориясы  Неге? Неліктен?  Себебі? Не үшін?  Жұпта, топта талқылауға сұрақтар 1. Ақпаратты іздеу командалары  2. Ақпаратты жазу командалары 3. Ақпаратты оқу командалары «Қолдану»  теориясы Анықтамаларды жазу. Оқулықта берілген тақырып бойынша  жұмыс жасау «Талдау» теориясы  1. Салыстыр 2. Айырмашылығы  неде?  3. Ұқсастығы неде? «Жинақтау»  теориясы   (Қорытынды  шығар, анықтама  бер, мазмұнды  жүйеле, кесте,  сызба, ребус  түрінде) «Баға беру» (Сен  қалай ойлайсың? Не істер едің?) Үйге тапсырма 1. Қажетті файлды бумадан қалай табуға болады?  2. Дискідегі файлды қалай табуға болады?  3. Ақпаратты компьютерге қалай сақтайды?  4. Сақтау және Қалай сақтау бұйрықтарының  айырмашылығы неде?  5. Ақпаратты дискіден қалай оқимыз?  6. Жүйелік бумаларда файл ізделе ме?  Компьютерде оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.  тәжірибелік жұмыс орындау 110 бет А, В, С деңгейі Сергіту сәті Рефлексия. Бүгінгі сабақта не білдім? не үйрендім?  § 13 мазмұндау, тесте сұрақтарына жауап беру

Cабақ жоспары

Cабақ жоспары

Cабақ жоспары

Cабақ жоспары

Cабақ жоспары

Cабақ жоспары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.02.2017