Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Әдептілік – әдемілік»
Сабақтың мақсаты: Әдептілікке, әдемілікке тәрбиелеу.Адамгершіл қасиеттерді бойына дарыту.Үлкенді, кішіге сыйлай білуге, көмек көрсете білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Үнтаспа, плакаттар, нақыл сөздер, суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Кіріспе.
Әдепті болу әр баланың міндеті.
Әр балада мұны жақсы біледі.
Сәлем беру әдептілік белгісі.
Ал, енді, балалар , баршағыңызға иіліп сәлем береді, дей келе бүгінгі «Әдептілік – әдемілік» атты тәрбие сабағымызды бастаймыз.
Ал, балалар, тағы қалай сәлемдесуге болады?
Армысыздар – деп жүргізушілер айтады.
Сәлеметсіз бе – деп балалар айтады.
Асаламалейком – деп ерлер айтады.
Қайырлы таң – деп таң айтқанда айтады.
Қайырлы күн –деп күн шыққанда айтады.
Қайырлы кеш – деп кеш батқанда айтады.
Амансың ба – деп әжелер айтады.
Сәлем –деп достар айтады.
Көрініс: Әже мен бала.
Автор: Бір ұзын көшеде қарт әже үлкен сөмкесін көтере алмай шаршап келе жатады. Сол кезде жанына бір бала өтіп бара жатады.
Әже: Балам қайда бара жатырсың?- деп сұрады, сол кезде бала тұрып.
Бала (әдепсіз) : Осы көше бойындағы ең соңғы үйге барамын – деді.
ашық сабақ әдепті бала-арлы бала.docx
Сабақтың тақырыбы: «Әдептілік – әдемілік»
Тәрбие сағаты
Сабақтың мақсаты: Әдептілікке, әдемілікке тәрбиелеу.Адамгершіл қасиеттерді бойына
дарыту.Үлкенді, кішіге сыйлай білуге, көмек көрсете білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Үнтаспа, плакаттар, нақыл сөздер, суреттер.
Сабақтың барысы:
Әдепті болу әр баланың міндеті.
Әр балада мұны жақсы біледі.
Сәлем беру әдептілік белгісі.
1.Кіріспе.
Ал, енді, балалар , баршағыңызға иіліп сәлем береді, дей келе бүгінгі «Әдептілік –
әдемілік» атты тәрбие сабағымызды бастаймыз.
Ал, балалар, тағы қалай сәлемдесуге болады?
Армысыздар – деп жүргізушілер айтады.
Сәлеметсіз бе – деп балалар айтады.
Асаламалейком – деп ерлер айтады.
Қайырлы таң – деп таң айтқанда айтады.
Қайырлы күн –деп күн шыққанда айтады.
Қайырлы кеш – деп кеш батқанда айтады.
Амансың ба – деп әжелер айтады.
Сәлем –деп достар айтады.
Көрініс: Әже мен бала.
Автор: Бір ұзын көшеде қарт әже үлкен сөмкесін көтере алмай шаршап келе жатады. Сол
кезде жанына бір бала өтіп бара жатады.
Әже: Балам қайда бара жатырсың? деп сұрады, сол кезде бала тұрып.
Бала (әдепсіз) : Осы көше бойындағы ең соңғы үйге барамын – деді.
Әже: Балам, мен де сол жақа барамын маған сөмкемді көтерісіп жіберші, деді, шаршап
келе жатқан әже. Бала (әдепсіз): Жоқ, әже, мен асығып бара жатырмын, деп кете береді.Ал әже болса
қалып, өзі ақырындап келе жатады. Сонда артынан тағы бір бала келе жатып айтады.
Бала (әдепті) : Сәлеметсіз бе? Әже қайда барасыз, сөмкеңізді беріңіз көмектесейін,
шаршаған боларсыз, деп бала әженің сөмкесін көтеріп үйіне жеткізіп салады.Сонда әже
балаға батасын беріп, шығарып салады.
Әженің батасы:
Балам аңсаған арманына жет.
Атаананың сыйлы ұлы бол.
Достарының алды бол,
Қайда барсаң жолын болсын.
Биік таудың шыңына жете бер, деп, әже батасын берді.
Бала (әдепті): Сау болыңыз! –деп, үйіне кетеді.
Тәрбиеші:Ал осы көріністе қай бала әдепті, қай бала әдепсіз деп ойлайсыңдар. Сол
түсінгендерінді өлең шумақтарымен жеткізейік.
1.Мариям: Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқаны ұста сол қолмен.
3.Ерасыл: Салма аузына инені
Үзбе жұлып түймені.
Ашуланбай бекерге
Жауап бергін ойланып.
4.Асанәлі: Құр бекерге қылтима,
Болмашыға бұртима
Мақсат қоймай алдына
Қыдырып құр, қанғыма.
5.Айнаш: Атаананың тілегі,
Адам болып өскені.
Адамдықтын тірегі,
Адал болып өскені.
6.Думан: Әдептілік дегенін,
Әрқашанда керегі.
Әсемпаздық дегенін,
Әуре сарсан әлегін.
Тәрбиеші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Ән шашу: «Айналайын» атты әнді Алиева Айнұрдан қабыл алыңыздар.
Ал енді, балалар, «Кім қандай?» ойынын ойнайық.Қазір мен төбеге шарларды
лақтырамын, ал сендер сол шарларды ұстап алуларын тиіс.Әр шарда кімнің қандай
екені жазылып тұрады. Балалар, сендерге ойын ұнады ма? Қане,әдептілік туралы тағы кім не айтады.
1.Дамир: Мен айбат баламын,
Айтқан тілді аламын.
2.Ердәулет: Мен жылауды білмеймін,
Қазақ тілінде сөйлеймін.
3.Амир: Мен бұзық бала болмаймын
Бастық болуды ойлаймын.
4.Камила: Мен ақылды баламын,
Айтқан тілді аламын.
5.Аяжан: Мен әнші боламын
Ерте өсіп толамын.
Тәрбиеші: Халқымызда мынадай мақалдар бар:
«Сыйлап үлкен кісіні, аялаған кішіні».
«Ана алдындақұрмет,
Ата алдында – қызмет».
«Анаңа ауыр сөз айтпа» – деп, бүгінгі тәрбие сабағымызды жабық деп
жариялаймыз.Келесі кездескенше, сау болыңыздар.
«Әдептілік – әдемілік»
«Әдептілік – әдемілік»
«Әдептілік – әдемілік»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.